8. Ғылыми – зерттеу жұмысы және жеке тапсырма орындалуы Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-тәжірибе барысында студенттер кафедра тарапынан бекітілген негізгі ғылыми – зерттеу жұмысы және жеке тапсырма тақырыптар төңірегінде жұмыс атқарады.
ҒЗЖ және ЖТ жұмыстарын орындау барысында олардың жүйелі түрде атқарылуын қадағалау топ жетекшілеріне тапсырылды. Мұнда атқарылатын жеке жұмыстар мазмұны жоспарланып, бекітілді және студент жұмыс мазмұны бойынша жасалған кестеге сәйкес кафедрада есеп беріп отырды. ҒЗЖ және ЖТ жұмыстарды орындаған студенттер кафедрада жұмыстарын баяндама жасап, қорғау, тіркеу іс-шараларын өткізді. Жалпы жеке тапсырма мазмұны тақырыптың теориялық және тәжірибелік мазмұнын ашу мен кіріспеге сай зерттеудің өзектілігі, зерттеудің мақсаты, зерттеудің міндеті, зерттеудің пәні, зерттеудің объектісі нақты көрсетілуі қажет.