1.Оқу-тәрбиелік педагогикалық іс-тәжірибе мақсаты мен міндеттері Практика мақсаты: жалпы білім беретін мектептердің айрықша қызметі жүйесінде оқу және тәрбие үдерісін іске асыру бойынша студенттердің білімін, іскерліктерін және практикалық дағдыларын қалыптастыру.
Практика міндеттері:
« Бастапқы әскери дайындық» пәні мұғалімінің қызметін атқаратын практикалық жұмыс жағдайында ЖОО да алған білімі, білігі және пратикалық дағдыларын тереңдету мен пысықтау.
Оқу және тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыратын және оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі педагигикалық технологияларын енгізу үшін қажетті кәсіптік – педаогикалық дағдыларды қалыптастыру.
Бастапқы әскери дайындық білімі мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыру жолдары, әдістері мен тәсілдерінің мазмұнын жетілдіруге арналған озық педагогикалық тәжірибе жұмысын үйрену.
Студенттер бойында мұғалім мамандығына деген тұрақты қызығушылықты тәбиелеу, өзіндік білім алуға деген дағдыларын қалыптастыру.
Әскери патриоттық тәрбиелік іс – шараларды ұйымдастыру барысында мектепке практикалық көмек көрсету.
Педагогикалық практика ЖОО – ның оқу үдерісінің кестесіне сәйкес жасалынған мерзімде өткізіледі.
Практика оқу жоспарына сәйкес оқу сабақтарынан босату арқылы келесі тараулар бойынша өткізіледі.