Педагогикалық қорытынды есеп. Тәжірибе мазмұны жайлы есеп беру іс-тәжірибе бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауға сай болуы керек және тапсырманың барлық негізгі сұрақтарының қарастырылуы міндетті, соның ішінде:
Іс-тәжірибе бойынша есеп беру Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің және ЖОО-ң талаптарына сай рәсімделуі қажет:
- бекітілген формаға сәйкес есеп беру құжатын дайындау (қосымша 1);
- іс-тәжірибе обьектісі құрылымын сипаттау;
- теориялық материалдардың негізгі жағдайларын;
-күнделікте оқу, тәрбие жұмыстары негізінде мектеп мұғалімдерінен толық мінездеме алынып, бағаланады. Соңынан мектеп директоры бекітеді
- жеке тапсырма ғылыми-зерттеу жұмысының обектісін анықтау;
- жинаған құжаттық материалдар, статистикалық деректер, кестелер, схемалар, графиктер есеп беруде толық рәсімделуі қажет;
- кафедра тапсырмалары орындалуы туралы есеп беру, балмен бағалану;
- қорытындылар мен ұсыныстар күнделік пен есепке тіркеледі.
- қолданылған әдебиеттер тізімі;
Есеп беруді рәсімдеуге студентке іс-тәжірибе соңынан бір апта уақыт беріледі. Тәжірибе аяқталысымен студент есеп берудің күнделігін бекітілген жетекшісіне өткізеді. Жетекші оларды тексере отырып студентке мінездеме береді және оның тәжірибе барысындағы еңбегін бағалап қол қояды. Іс-тәжірибе бойынша есеп беру мен күнделікті толтырып жетекшіге бекіткеннен кейін университет тарапынан рецензиялауға кафедраға тапсырады.