Бағдарламасы шифр және мамандығы: 5В010400 «Бастапқы әскери дайындық»


Бастапқы әскери дайындық бакалаврының түсінігі болуы керек



бет7/21
Дата07.02.2022
өлшемі221,5 Kb.
#87342
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1)

Бастапқы әскери дайындық бакалаврының түсінігі болуы керек;
- қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесіне бейімделу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;
- жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдерді іздеу, формализациялау, құрылымдау және жүйелеуде біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;
- зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктері, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді маниторингі жүзеге асыру педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге үнемі ұмтылу:
пәндік құзыреттерге:
- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдылары, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;
- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды іздеу, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;
- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;
арнайы құзыреттерге:
- бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жүйелі білімдерді, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайда кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау;
- пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу;
- әлеуметтік: адам құқықтары (халықаралық нормативті-құқықтық актілер, білім беру мен баланы қорғау аясындағы Қазақстан Республикасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық этика нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеу;
- дамытушы: заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу , өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылу;
- креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сын тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеялар генерациялауға қабілетті болу;
- ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-өлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен даңдыларын меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеті болу, жоғары орындаушылық тәртібінің болуы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет