БАҒдарламасы (силлабус) Пән: Креативтілік психологиясы Мамандығы


Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты



бет2/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,52 Mb.
#24345
түріБағдарламасы
1   2   3

10. Оқу пәні мен академиялық әдеп саясаты

сабақтарға қатысу;

сабақтағы тәртіп ережелері;

көтермелеу және талап ету.



Семинар сабақтарының жоспарлары
Тақырыбы. Адам өзі жайлы және басқа да адамдар жайлы не білуі қажет.

1.Психологиялық танымның ерекшеліктері және оның өмірде алатын рөлі

2. Психологиялық өзін - өзі танудың және басқа адамдарды танудың мүмкіндіктері

3.Өзін жайлы және басқа адам жайлы қалай жақсырақ білуге болады.


Тақырыбы. Нышандар және адам қабілеттері.

  1. Адам нышандарын және қабілеттерін не үшін білу қажет.

  2. Жалпы интеллектуалды қабілетерді зерттеу.

  3. Арнайы қабілеттердің психодиагностикасы.

Тақырыбы. Адам темпераментін, міңез-құлқын, қызығушылықтарын, қажеттіліктерін тану.

1.Темперамент құрамын, міңез-құлықты зерттеудің әдістемесі.

2.Адамның қызығушылықтарын, қажеттіліктерін зерттеу

Тақырыбы. Адамдардың өзара қарым-қатынасын тану.


  1. Адам өзара қарым-қатынас жайында не білуі тиіс.

  2. Қоршаған ортаның сізге деген қатынасын қалай білуге болады.

  3. Өзіңнің адамдарға деген қарым – қатынасынды қалай білуге болады.

Тақырыбы. Қабілеттерді қалай дамытуға болады.



  1. Жалпы қабілеттер.

  2. Арнайы қабілеттер.

Тақырыбы. Міңез-құлықты жүзеге асыру



  1. Оқу процесінде міңез-құлықты қалыптастыру.

  2. Адам міңез-құлқы және еңбек әрекеті.

  3. Міңез-құлық және қарым-қатынас.

Тақырыбы. Адамдардың өзара қарым-қатынасына қалай ықпал етуге болады.

1. Адамдарда неліктен қоршаған ортамен әр түрлі қарым-қатынас пайда болады..

2. Басқа адамдар арасындағы қарым-қатынасты қалай жақсартуға болады.


Тақырыбы. Өзін-өзі қалай басқаруға болады

  1. Адам өзін басқара ала ма.

  2. Өзінің ойын және қиялын қалай басқаруға болады.

Тақырыбы. Қоршаған ортаға қалай ықпал етуге болады



  1. Басқа адамның міңез-құлқын өзгертуге бола ма.

  2. Басқа дамдардың әрекетін және тәртібін қалай басқаруға болады.

Н.4.02-05

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

Кафедра отырысы шешімімен

Кафедра меңгерушісі

___________ _______________

(қолы) (аты-жөні, тегі)


5В012300 Әлеуметтік педагогика және Өзін - өзі тану

(мамандық шифры, атауы)




Креативті психология пәні бойынша

(атауы)


Емтихан сұрақтарының

Т І З Б Е С І

1 – тақырып: Креативтілік психологиясы-психологияның қолданбалы саласы.

1. Креативтілік психологиясының гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.

2. Креативтілік психологиясының мәселелерінің зерттелуіне кешенді бағыт.

3. Креативтілік психологиясымен байланысты арнаулы мәселелер.


2 – тақырып: Креативтілік психологиясының мақсаты мен міндеттері.

  1. Креативтілік психологиясының пәні, объектісі.

  2. Креативтілік психологиясының әдістері

  3. Жалпы психология мен креативтілік психологиясының негізі

  4. Тұлға – креативтілік психологиясының зерттеу пәні ретінде


3-тақырып: Креативтілік психологиясының арнаулы мәселелері мен негізгі психологиясы.

1.Креативтілік туралы түсінік.

2.Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі креативтілік мәселесін зерттеу.

3.Креативтілік белсенділік туралы ұғым.

4.Креативтілік белсенділікті зерттеген ғалымдардың көзқарастары.

4 – тақырып: Креативтілікті қалыптастыру жолдары

1.Танымдық процесстердің креативтілік қабілетке әсері

2.Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас

3Креативтілік психологтың тұлға ретіндегі көрінісі


5–тақырып: Жеке тұлғаның бойындағы креативтілікті дамыту формалары.

1.Тұлғаның қалыптасуындағы креативтілік

2.Өзін-өзі бағалаудың креативтілікті қалыптастырудағы рөлі

3.Қарым-қатынасқа түсудегі креативтіліктің мәні


6-тақырып: Креативтілік Феномологиясының Педагогика және Психология ғылымында дамуы.

1.Психологиялық қызмет іс-әрекетіндегі психологтың креативтілігі.

2.Креативтілікті қалыптастыру қажеттілігі.

3.Студенттердің шығармашылық белсенділігін қалыптастыру.

4.Шығармашылық шыңдалу – басты бағыт.

5.Креативтілік және шығармашылық мәселелерінің теориялық аспектілері.


7-тақырып: Креативтілік феноменологиясының педагогика және психология ғылымында дамуы.

1. Креативтілікті зерттеудің психологиялық мәселелері.

2. Танымдық белсенділік деңгейлері.

3. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру.

4. Танымдық белсенділікті арттырудың педагогикалық – психологиялық аспектілері.

5. Креативтілікті қалыптастыру қажеттілігі.




1 тақырып Креативтілік түсінігі кешенді мәселелер ретінде.

1. Креативтілік түсінігі

2. Креативтілік түсінігі кешенді мәселелер ретінде.

Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды.Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.

Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл – шығармашылық.

Адамзаттан қоғамдық тәжірібесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс – оқыту деп аталады.

Дидактиктер М.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер 70-жылдары оқушылардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді. Зерттеушілік әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады[3, 15].

Ізденушілік дағды, оқудың интеллектуалды біліктілігі кейіннен барып зерттеу пәні ретінде арнайы қалыптастырылды. Себебі осыларсыз индивидтің шығармашылық дамуы қиын деп барлық оқыту әдістерін тізіп келіп танымдық ойындар мен проблемалық – ізденушілік әдістер де қажет деген. Оқушылардың ойлау дербестігін дамыту, проблемалық тапсырмаларды өздерінің құрастыруы аса бағалы, өйткені соның арқасында шығармашылық әрекет тәжірібесін меңгеруге ықпал етуге болады.

Осы тұрғысында қарастыратын болсақ, бала дербестігін жүйелі түрде белсенді оқыту арқылы арттырып, содан шығармашылық қырларын қалыптастыруға болатындығы көрінеді Білім беру жүйесінің қай саласында болса да қарастырылмай кетпейтін жеке адам қалыптасуының ең басты компоненті – өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, өзін пайдалану төмендегі 1-суретте көрсетілгендей өзін-өзі ұйымдастыру, дамыту – бұл өзін жетілдірудегі саналы жұмыс .

Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі-кез келген әрекет барысындағы баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Бастысы – әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес, белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші объектісін жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұстанушы жасампаз белсенділігі. Жеке адам белсенділігі – оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Әрекетшілік – тіршілік мәнісінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті.



2 тақырып Креативтілік табиғаты.

1. Креативтілік табиғаты

2. Креативтілікті кешенді зерттеудің психология жүйесінде алатын орны.

Ғылыми –теориялық әдебиеттерді талдау және сараптау жолында «шығармашылық », «белсенділік » ұғымдарын жеке-жеке әр сала бойынша талдай отырып, «шығармашылық белсенділік » термині өзара тығыз байланысты екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бірақ әр ғалым өз пікірін, анықтамаларын түрлі бағыттармен жеткізеді.«Шығармашылық белсенділік »- ғылыми әдебиеттерде бірнеше аспектілерде сараланған: тұлғаның құралы ретінде ; қызметке қатынасы ретінде; интегративтік; тұлғаның мақсаттық сапасы және т.б. қырларынан зерттелген. Мысалы: П.К.Энгельмейер « шығармашылық белсенділікті » актер өнерінде, виртуаз орындаушыда, ораторда, насихаттаушыда, әкімшілікте, зерттеуде, тәрбиешіде және оқытушыда байқалатын ұзтаздың тұлғалық көпсалалы интегративтік сапасы деп болжамдайды.

Жалпы « шығармашылық белсенділік » және « оқу үрдісіндегі белсенділік » ұғымдарына И.Я.Лернор, А.Р.Леонтьев, Н.А.Менчинская, И.И.Пидкасистый сияқты авторлар өз еңбектерінде талдау жасайды.

Э.К.Сэт шығармашылық белсенділікті қарастыра отырып, эмоциональдық қиын біркелікті, еркіндікті, интеллектуалдық қасиеттер мен процестерін ұсынады. Ол шығармашылық белсенділіктің сыртқы көрінісін инициативтілік, жеке қабілеттілік, эмоционалдық іс-әрекеттің, қимылдардың түсіністігі деп санайды, осыған орай оның сыртқы ортаға деген көзқарасын түсінуге көмектесетіндігін сөз етеді. Автордың ойы бойынша шығармашылық белсенділік нақты; мақсаттандырылған; шығармашылық қызметті түйсінуден бөлек болмайды, ол кез-келген қызмет түрі болуы мүмкін. Г.М.Патяко шығармашылық белсенділікті былай түсіндіреді – « бұл субъектінің қойған міндеттерді шешуде, жаңа жолдарды іздестіру құлшынысын білдіреді ». Автордың түсіндірмесінде шығармашылық белсенділік – бұл тұлғаның жеке қасиеті емес, « адам белгілерінің жиынтығы».

Т.Н.Овчарова шығармашылық белсенділіктің сипатын сыртқы объективтік шаттылықтың қорытындысы, субъективті ояну мен саналы мақсат дей келе, шығармашылықты дарытудың екі әлеуметтік шартын: шығармашылық –прогрессивті бағытталған қызмет, шығармашылық –еркін қызмет, яғни іс –әрекет барысында адамның өзін-өзі сенуі деп жіктеп көрсетеді.

Оқу үрдісіндегі шығармашылық белсенділік «жеке тұлғаның қоғам субъектісі ретінде қалыптасуына қажетті, жаңа сапалы бағалауларды құруға бағытталған адам қызметінің формасы ».

«Шығармашылық» және «шығармашылық белсенділік » проблемалары төңірегінде шетел авторлары да кәсіби тұрғыда құнды- құнды еңбектер жаза отырып, пікір таластар тудырды. Солардың ішінде Х.Битчер, Ф.Валлас, Е.Вернон, Дж.Гильфорд, Р.Кеттель, Л.Маккинан, К.Роджерс, Е.Синнот т.б. ғалымдар шығармашылық белсенділіктің табиғатын жаңа дүниені жасаудың көп қырлы процесі және адамның шексіз дамуы; әлеммен байланысы және оның өзгеруіне ықпал ете білуі тұрғысынан айқындап, өз көзқарастарын білдірді. Осы авторлардың көбі өз жұмыстарында Д.Гилфордтың: шығармашыл тұлғаның интеллектуальды модель құрылымына (структурасына) сүйенеді.

Д.Гилфорд негізінен тұлға құрылымының мына компоненттерінің қатынасын: мотивация және темперамент, ойлау және қызмет, шығармашылық қызметтің интеллектуалдық және мотивациялық факторларын қарастырады. Ол шығармашылық ойдың негізгі процестері синтез және талдау дей келе, синтездеу –бұл баға, анықтау болса, ал талдауға есте сақтау және танымдық қабілетті жатқызады. Д.Гилфорд талдауларының қорытынды түйіні: қосылу, классификация, сараптау, түсіндірме және өзгерту.

Американдық зерттеуші Ф.Флах тұлғаның шығармашылық белсенділігін қоғамдық тұрғыдан, қазіргі өмір позициясы тұрғысынан қарастыруды ұсынады. Қазіргі заман талабына сай Ф.Флахтың ойы бойынша шығармашылық процеске жататындар; дайындық- теориялық біліммен қаруландыру; ойын пісіру; шабыттану; тексеру; ойының дұрыстығын бекіту. Шығармашылық – тұлғаның тумасынан пайда болатын қасиет емес, ол дамытуға болатын процесс деп тұжырымдайды.

Канадалық теоретик И.Тейлор шығармашылық белсенділік теориясының дифференциалдық классификациясын ұсына отырып үш топқа жіктейді.

Бірінші топтағы теорияны шығармашылық субъектінің белсенді емес пайымдауы және шығармашылық белсенділіктің сыртқы қатынасын құрайды; ортаның әсер етуі (культурологиялық теория ), санаға әсер ету (психоаналитикалық теория ), туа біткен қабілет және шығармашылыққа ыңғайлық (нативистикалық теория), құпия табиғи күш (виталистикалық теория ), сұлулыққа иррационалдық қызығушылық (романтикалық теория), кездейсоқтық ойыны және жоспарланбаған тапқырлық («серендиптік » концепциясы ).

Екінші топтағы теорияны шығармашылық белсенділікке қозғаушы күш ретінде жеке тұлға мен қоршаған ортаның әсер ететіндігін мойындайтындар құрайды (әлеуметтік жағдай және басқа адамдармен қарым –қатынас коммуникациясы – Осборн және Гордонның топтық динамика теориясы ).

Үшінші топтағы теорияны шығармашылық белсенділікке баса назар аудару және шығармашыл субъектінің өзекті болуы мен өз-өзіне жол ашуының қорытындысы ретінде көру. Бұл теориялардың пайымдауынша сыртқы шарттар тек көмекші құрал ретінде немесе шығармашылық белсенділіктің оқыстан көрінуіне кедергісін келтіруі мүмкін.

Қазіргі зерттеулерге жүгінсек «шығармашылық белсенділік » проблемасын үш нұсқа бойынша шешу анықталған:

1)Шығармашылық белсенділік идеализм нұсқасында, табиғи қасиет ретінде анықталады. Бұл ұстанымды Бергсон, Платон, Лейбниц, Уайтхедтер шығармашылық белсенділікті рухани, әлемдік күш деп пайымдаса, материализмде сонау ежелгі дәуірден қазірге дейін « шығармашылық белсенділік » жалпы даму мен өзара байланыстың көрінуі;

2) « шығармашылық белсенділік» ғарыштық ықпал ретінде емес, адамның қызметі ретінде сипатталады, яғни, кез-келген еңбек формасымен және әлеуметті өзгертуші белсенділік, әсіресе адамдар қауымдастығының белсенділігі;

3)шығармашылық белсенділік адамның өзекті қызметінен ажыратылып, заттың қабілетін жоғары қояды. Бұл жерде зат «машинаны » қарастырады, ол өзінің «жасанды интеллектісі » арқылы шығармашылық функцияларды автономды түрде орындай алады деген сенім білдіреді. Осы тұрғысынан шығармашылық белсенділік адамның өзекті қызметіне емес, заттық еңбекке айналып отыр.

Ағылшын ғалымы Е.Вернон жазбасында « еркін шығармашыл және өзгеден ерекше ойлауға мүмкіндік бергеннің орнына, қазірде адамдарды стертотипті түрде оқытады » делінген. Өз ойын жалғастыра келе, шығармашылықтың түп негізінде қабілетін пайдалана отырып, өзін белсенділікке жетелеу қажеттілігі жатыр, яғни «шығармашылық белсенділік» - деп ой толғайды.

Жоғарыда берілген санқырлы талдауларды талдай келе, шығармашылық белсенділік –аса күрделі және көп сатылы қызмет (еңбек ) түрі, оның құрылымы бір сатыдан екінші сатыға өту көрсеткішімен анықталады деп болжам білдіруге болады. Бірақ қазіргі сәтте шығармашылық белсенділіктің тұтас құрамы туралы нақты дәйектер жоқ, дегенмен оның белгілі логикалық негіздермен, шарттармен, танымдық процестермен және оның заңдылықтармен байланысы бар екендігі күмән туғызбайды. Бұл байланыс нақты анықтама болып табылмасада, жалпы ережеге сәйкес келеді. Өйткені жаңалықты іздеу шындықпен дұрыс шешімдер табудағы дерексіздікпен, идеяяларымен, болжамдармен тікелей байланысты. Жеке тұлғаның шығармашылық потенциалының белсенділігін дамыту мақсатында педагогикалық ықпал етуді жоспарлаған кезде шығармашылық белсенділіктің жұмыс механизмдерін білу аса қажет.
3 тақырып Креативтіліктің психологиялық механизмі.

1. Креативтіліктің психологиялық сипаттамасы

2. Креативтіліктің психологиялық механизмі

Шығармашылық белсенділіктің құрылымын анықтайтын көптеген еңбектерді саралай отырып, төмендегі 4 негізгі сатыны И.А.Полунина өз еңбегінде көрсетеді: дайындық, түйсіну, жете бағалау, әрекет.

Әртүрлі субъектінің шығармашылық белсенділігі туралы ұсынылған пікірлер және көзқарастарды сараптай келе, міндетті түрде студенттің оқу қызметіндегі шығармашылық белсенділігі, соның ішінде оқу-тәрбие үрдісіндегі алатын орны жайлы пікірлерге тоқталғанымыз жөн. Студенттің оқу қызметіндегі белсенділік бағасының сыны ретінде В.И.Гинецинский дайындаған оқу үрдісінің бес даму деңгейі төмендегідей:


  • социентарлы-студентке барлық жүйе бойынша қоғамның ықпал етуі барысында қалыптасады;

  • институциональды –әртүрлі типтегі оқу мекемелерінің жұмысы тарапынан жүзеге асады;

  • әлеуметтік- психологиялық –қоршаған ортаның микроәлеуметтік әсер етуімен сипатталады;

  • интерперсоналды – тәрбиемен шұғылданатын субъект тарапынан студентке ықпал ететін барлық әдіс- тәсілдер;

  • интраперсоналды – субъект және объектке белгілі тұлғаның педагогикалық әсер етуі;

Студенттің белсенділігі социентарлы деңгейде, арнайы музыкалық білім алуға құлшынысымен сипатталады. Таңдап алған мамандығы бойынша түсетін оқу орнының беделі, талаптары мен шарттарының тереңдігі оның болашақта талпынысының ықпалы ретінде қалыптасады.

Студент белсенділігі институциональды деңгейде оқу үрдісінде студенттің үлгерімінің дәрежесі, белсенділік дәрежесі, қарым –қатынастың әртүрлі нысанында байқалуы, стимуляция, оқу әрекетін бақылау сияқты іс –әрекеттерде қалыптасады.

Студент белсенділігі әлеуметтік- психологиялық деңгейде, студент және (педагог) мұғалімнің қарым-қатынас дәрежесінің дамуы, студент пен студент арасындағы қарым- қатынас , студенттік ұжымның ұйымшылдығы барысында қалыптасады.

Студент белсенділігі интерперсоналды деңгейдегі белсенділігі студент пен педагогтың ара қатынасы процесінде анықталады. Шығармашылықты «құнды » педагог студентпен бірге өзінің пәні негізінде болашақ маман дайындау прцесін жобалайды, музыкалық қабілетін дамытуға көмектеседі, студенттің педагогикалық және методологиялық мәдениет қалыптастырады. Белсенділік оқу көзқарасында бұл деңгейде студенттің белсенділік деңгейі толықтай педагогтың қорытынды қызметі мен кәсіби- шығармашылығына байланысты.

Интраперсоналды деңгейдегі белсенділігі оқу материалы негізіне, кәсіби білім мен оны игеруге бағытталған студенттің ерікті қызметінде, өздік атқаруында анықталады.

Жоғары оқу орындарында музыка мамандарын кәсіби даярлауда шығармашылық белсенділік тұрғысынан болсын зерттеулер әлі де болса толығырақ қарастыруды қажет етеді. Мысалы: Р.Ш.Сыдықованың еңбегінде жоғары оқу орнында кәсіптік даярлау кезінде болашақ музыка мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігі жеке ретінде қарастырылса, Н.А.Гончарова өз кезегінде шығармашылықтың Дж.Стернберг және Е.Григоренко қарастырған алты негізгі көзін атап өтеді: интеллектуалдық қабілет, қажетті біліммен қарулану, мотивтің болуы.

Жоғарыдағы ойды жалғастыра келе Сыдықова Р.Ш. «Қазіргі жағдайда болашақ мамандардың белсенділігін, өз бетімен білім алуға және оны іс жүзінде қолдануға қабілеттілігін дамыту айрықша маңызды әрі актуальды проблема болып табылады » - деген береді. Болашақ музыка мұғалімінің шығармашылық белсенділігін дамыту проблемасын зерттей келе автор, соңғы жылдары музыкалық педагогикада музыка мұғалімдерінің дирижерлік және хор пәндерін тереңдетіп оқып-үйренуі арқылы олардың шығармашылық белсенділігін дамытуды көрсететіндей зерттеулер жоқтың қасы екендігін айтады.

Г.М.Шевченко да назарын осы аспектіге аударады, ол психологиялық жас (16-22 жас ) ерекшелігі «... өздік қызметке айқын қажеттілік. Мұндай қажеттілік пен дамыған қабілеттілік студенттердің жоғары нормативті белсенділік деңгейіне дейін көтерілуіне жол береді.»- деп тұжырымдайды. Бұл тұлғаның белсенділігінің шығармашылық сипат алғанын және ерік қасиетінің аса жоғары дамығандығын білдіреді деген сөз. Танымдық қалыптасу, шығармашылық қажеттілік, әсіресе, өнер саласында қызмет мотивтерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде оқыту үрдісінің белсенді болуының негізгі шарты болмақ.



4 тақырып Креативтілік іс-әрекеттің құрылымы.

1. Креативтілік іс-әрекеттің құрылымы.

2. Педагог іс-әрекетіндегі креативтілік.

Қазіргі кезеңдегі қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер ғылымдардың әр саласында білім мазмұны мен стратегиялық бағыттарын инновациялық жолмен жетілдіруді талап етеді. Білім мазмұнын анықтауда, толықтыруда, оқу- әдістемелік тұрғыда жаңалауда, қоғамның білім мазмұнына қоятын талаптары анықталып, жүйеленіп педагогикалық жолмен дидактикалық міндеттерді белгілеуге тірек болады. Осы міндеттерді шешуде жеке тұлғаның шығармашылығы мен креативтілігіне басты назар аударылады.

Педагогика ғылымындағы қазіргі инновациялық білім беру жүйесінде шығармашылық дербестікке, креативтілік мәселесіне үлкен мән беріліп отыр.

Креативтілік ұғымы мен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне педагогтар, психологтар, ғалым- әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл мәселенің қарастырылуы ғасыр қайнарларынан бастау алғандығын философтардың (Аристотель,Сократ т.б) еңбектерінен көреміз, олар жаңа білімді игеруде ой қорытындысының логикалық алгоритмін құру арқылы жетуге болатынына тоқталады.

Психология ғылымындағы «креативтілік » бағытты зерттеуді келесі шетелдік ғалымдар: Дж.Гильфорд, Э.Г.Юдин, В.Смит, К.Тейлор, Е.Торренс, М.Розенверг, Э.Эриксон, М.Уаллах, Д.Халперн және т.б жүргізді. Алайда И.М.Верткин, А.Н.Лук, Я.А.Пономорев, Н.Г.Фролов, Э.Г.Юдин, М.Г.Ярошевский атап көрсеткендей, креативтілікті зерттеу айтарлықтай нәтижелі бола қойған жоқ.

Креативтілік мәселесіне арналған бүгінгі күні бар теориялық және эксперименттік зерттеулерге талдау нәтижесінде бұл феноменнің құрылымы мен мәніне деген түсінік берілмеген деген қорытындыға келдік.

Шетелдік ғалымдардың зертеулеріндегі креативтіліктің бар түсініктемелері мен анықтамаларын талдай талдай, жалпылай келе: креативтілік – жаңа тәсілмен жүзеге асырылатын ізденімпаздық ағыны, жаңа байланыстарды табу қабілеті, жаңа қарым-қатынастардың пайда болуы, жаңа өнімдердің пайда болуы, жаңаны тану мен жасауға бейімделу, жаңа нәтижелерге жеткізетін ақыл-ой әрекеті, тәжірибенің жаңа құрылымға тасымалдануы деп түсіндіріледі.

Көптеген зерттеушілер креативтілікті анықтауда жеке тұлғаның сапалық қасиеттері ерекшеліктеріне тоқталады. Дж.Гильфорд креативтілік және шығармашылық әлеует табысты шығармашылық ойлауға негіз болатын қабілеттер мен басқада белгілердің жиынтығы деп санайды.

Креативтілік феномологиясын толық қарастыру, оны зерттеудің негізгі эксперименттік тәсілдерін талдауға негізделеді. Жалпы түрде оларды бағыттылығына сай екі үлкен топқа біріктіруге болады.

Бірінші топқа жалпы психологиялық және тұжырымдамалық бағыттағы зерттеулерді жатқызуға болады ( С.Л.Рубинштейн, К.Дункер, Д.Б.Богоявленская, Я.А.Пономорев, Т.В.Виноградова және т.б). Бұл топтағы психологтар шығармашылық психологиясының әдіснамалық негіздерін, оның заңдылықтарын және шығармашылық іс-әрекеттің тетіктерін зерттейді.

Екінші топқа тұлғалық сипаттамасы мен шығармашылық қабілетті анықтауға және сипаттауға бағдарланған эксперименттік- эмпирикалық тұрғыдан зерттеу жатады.

Табиғи ғарыштық бастаулардың кейінгі жоспарға қалдырылуы, білім беру мазмұнының тереңдігінен адамда қорғаныш механизмдерінің пайда болуы көрініс береді. Бұл репродуктивті –педагогикалық өркениеттің ішкі ресурстары таусылып, И.А.Колесникаваның пікірінше алға қарай креативтілікті –педагогикалық өркениетке қадам жасау қажеттілігін көрсетеді.

«Креативтілікті –педагогикалық өркениет кезінде субъект-объект бірлігіндегі адамзат тәрбиесінің біртұтастығы, инновациялық тәжірибені бағалау мен талдау арқылы әр индивидті табиғи педагогикалық іс-әрекетке әкеледі. Іс шаралар педагогикасы тұрмыстық педагогикасына орын береді. Философиялық түсініктегі « шығармашылық мектеп » кезеңі басталады»,-дейді В.С.Кукушкин.

Креативтілік – шығармашылық ойлаудың нәтижесі немесе жаңа өнімі деп қарайтын көзқарасты жақтайтын ғалымдардың пікірталастары жалғасуда. Басқа зерттеулерде жаңаны жасауда шығармашылық процестің басымдығы байқалады (В.Н.Пушкин, М.Розенберг, П.М.Якобсон және т.б.).

Бұл бағыт креативтілік – білімнің, әрекеттің және тілектің толық өрістеуі деп есептейтін Р.Арнгейм еңбектерінде мейлінше айқын көрінеді.

Креативтілік сипаттамалары белгілі бір нәтиже немесе кәсіби іс-әрекеттерде көрінетін психмкалық қасиеттер кешенімен байланысты. Я.А.Пономорев, Е.Торренс және т.б креативтілік элементі ретінде түрлі қабілеттерді бөліп көрсетеді. Олардың пікірінше негізгі қабілет идеялардың проекциялану мен генеризациялану мүмкіндігінде көрінеді.

Психологиялық зерттеулерде креативтілік терминінімен мәселені өз бетінше ілгерілетуге , көркем идеалардың мол санын генеризациялауға және оларды үлгіден тыс шешуге мүмкіндік беретін индивидтің интеллектуалдық және жеке тұлғалық ерекшеліктері кешені белгіленеді.

Демек, бұдан шығатын тұжырым: креативтілік – ерекше және бірегей феномен ретінде сипатталатын бұрынғы зерттеулермен салыстырғанда, қазіргі зерттеулерде креативтілікті әрбір жеке тұлғаға тән индивидтің интеллектуалдық және тұлғалық ерекшеліктері кешені мен процесі ретінде қарастыру тенденциясы айқын көрінеді. Бұл креативтілік мәселесіне түрлі тәсілдерді кез келген тұлғаға тән нәтиже ретінде, шығармашыл тұлғалар жететін, объективті әлеуметтік мәнді жаңа нәтиже ретінде, рефлексия мен субъективтік өзін өзі бағалау негізіндегі жеке тұлғалық мәнді сапа ретінде де зерттеліп жатқандығын дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет