ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
«Бек
«Бекітемін»
ОӘІ жөніндегі проректор
э.ғ.д., профессор
______________ Г.Ж. Нурмуханова
«____» ______2009 ж.
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРСТЫҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(СИЛЛАБУС)
Пәннің атауы: «Бухгалтерлік есеп »
Мамандығы: 050508 «Есеп және аудит»
Оқу түрі: Күндізгі
Барлық кредит:3
Курс: 2
Семестр: 4
Дәріс 30 сағат
АБ саны: 2
СОӨЖ:15 сағат
СӨЖ 45 сағат
Барлығы 90 сағат
Емтихан: 4 семестр
Алматы, 2009
Курстың оқу бағдарламасын «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының оқытушысы Жолаева Рита Ахантаевна 050508 «Есеп және аудит» мамандығына арналған «Бухгалтерлік есеп» пәнінің типтік бағдарламасының негізінде жасады
Оқу бағдарламасы «БЕ және А» кафедрасының отырысында талқыланды
№ хаттама «_____» _________ 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент З.Н.Әжібаева
«Экономика және есеп» факультетінің деканы
э.ғ.д., доцент А.У.Мухаммедов
Оқу бағдарламасы университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде қуатталды
№ хаттама «_____» _______ 2009 ж.
КІРІСПЕ
Бухгалтерлік есеп және аудит – ұйымның қалыпты шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттерге бизнес пен бухгалтерлік есепті таныстыруға арналған бірқатар тақырыптардың құрылымынан тұрады. Курстың басты мақсаты – экономика саласында кез- келген мамандыққа оқып жатқан студенттерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалай қолдану қажеттілігін және осы ақпараттардың қайдан алынғандығы жайлы түсінікпен таныстыруды көздейді. Бұл курс қаржылық есептің бастамасы, яғни бастапқы курсы болып табылады және де мұнда қаржылық қорытынды есеп беруді дайындау мен бухгалтерлік есеп кезеңдеріне және аудит негіздеріне шолу жүргізіледі.
Бухгалтерлік есеп және аудит курсы бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану үшін, қаржылық есепті енгізу тәртібі мен оның талаптарға сай әдістемесі және ұйымдастырылуы жайлы маркетинг пен менеджмент салаларында маманданып жатқан студенттерге қажетті білім береді.
Курстың басты мақсаты бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алып, оқу нәрімен сусындап жатқан білімгерлерді бизнес тілімен таныстыру. Оларға бухгалтерлік есеп пен аудиттің тарихы және қаржылық ақпараттардың қайдан алынып, қалай қолдану қажеттілігі жайлы, ұйымды басқарудағы бухгалтерлік есеп жүйесі, бухгалтерлік баланс, бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері, шоттар жүйесі мен екі жақты жазу, актив, міндеттеме және кәсіпорынның меншікті капиталы туралы түсінікпен олардың анықтамасын таныстыруды, сонымен қатар ҚР аудит қызметінің жағдайы мен жалпы экономикалық негізі туралы типтік бағдарламаға сәйкес білім беруді көздейді.
Курстың міндеті:
- бухгалтерлік есеп пен аудиттің мазмұны мен маңызын түсіндіру;
- студеттерге ұйымның мүліктері және олардың қалыптасу көздері туралы түсінік беру;
- ұйымның мүліктері бойынша операцияларды құжаттқа түсіруді үйрету;
- барлық операциялар бойынша бухгалтерлік жазуды үйрету;
- курс бойынша есептер мен тәжірибелік тапсырмаларды орындауды үйрету
- тағы басқа да курс бойынша есеп объектілері туралы толық білім беру.
Бухгалтерлік есеп және аудит курсы екі бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде бухгалтерлік есептің теориясы, активтер мен олардың құралу көздерінің есебіне қатысты барлық сұрақтар, ал екінші бөлімінде аудит негіздерінің сұрақтары қарастырылады.
Пәннің пререквизиттері: Білімгер нақты курсты оқып білуі үшін, келесі пәндерден базалық білімі болуы қажет: экономикалық теория, статистика.
Пәннің постреквизиттері: Білімгер курсты аяқтаған соң ұйымдардың алғашқы есебінің ұйымдастырылу тәртіптерін, баланс құруды, шоттар корреспонденциясын, бухгалтерлік есептің әдіс тәсілдерін, бухгалтерлік есеп пен басқарушылық есептің айырмашылығын, ұйымдардағы активтер мен міндеттемелердің есебін жүргізуді, ұйымдардың негізгі құралдары мен құнды қағаздарын бағалауды, амортизация есептеуді, есептен шығаруды, жалпы айтқанда ұйымдағы барлық шаруашылық процестері бойынша есеп ұйымдастыруды, ұйымның қаржылық-шаруашылық жағдайына баға беруді, сонымен қатар ұйымдарда тәуелсіз аудиттің ұйымдастырудың жалпы жағдайлары мен шарттарын білуге тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |