БАҒдарламасы (Syllabus) Павлодар Пән оқыту бағдарламасының бекіту парағы (Syllabus)



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі310,86 Kb.
#26905
түріБағдарламасы
1   2

бекітемін


СҚФ деканы

________ М.К.Кудерин

2013 ж.«___»________

Құрастырушы: аға оқытушы ______________ Ж.Ж. Дюсенова

«Сәулет және дизайн» кафедрасы




Пәннің бағдарламасы (Syllabus)

Сызба геометрия және перспектива пәнінен


5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттеріне арналған
Бағдарлама 2013 ж. «____» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.

2013 ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған, хаттама №___.

Кафедра меңгерушісі __________ Л.Л. Булыга 2013 ж. «___»__________

СҚФ оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

2013 ж. «_____»_____________ хаттама № ____.

ОӘК төрағасы ____________ Г.А. Жукенова 2013 ж. «___»____________



1.Оқу пәннің паспорты

Пәннің атауы Сызба геометрия және перспектива

Пән таңдау бойынша компонент


Кредит саны және оқу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 1

Семестр: 2



Аудиторлық сабақтардың барлығы – 30 сағат

Дәріс – 15 сағат

Тәжірибелік сабақ -15 сағат

СӨЖ - 60 сағат

оның ішінде СӨОЖ - 15 сағат

Жалпы еңбек сиымдылығы –90 сағат



Бақылау түрі

Емтихан – 2 семестр


Пререквизиттер

Сызба геометрия және перспектива оқудың алдында сызбалық геометрияны және орта мектептегі: геометрия, тригонометрия, сызу салаларынан алғашқы білім.


Постреквизиттер

Компьютерлік сызба және сызу


2. Оқытушы тұралы мағлұмат

Сәулет құрылыс факультеті

Сәулет және дизайн кафедрасының аға оқытушы Дүйсенова Жеңісгүл Жағыпарқызы-(дәрістер,тәжірибелік, ОСӨЖ сабақтар)

Қабылдау уақыты: бейсенбі сайын 1010 – 1115, К-513 телефон: ____________



3. Предмет, мақсаттары мен міндеттері

Пән нысаны

–техникалық информацияның тасымалдаушының бірі болып табылатын сызба



Пәнді оқудың мақсаты

– студенттерді сызбаны жаңа талапқа сай әртүрлі техникалық сызбаны орындауды үйрету.



Пәннің міндеттері

- сызбаны оқып, қолмен орындап үйрену және сұлбасын орындай білу керек
4. Білімге, білуіне, орындау білуіне және компетенцияларға талаптар

Бұл пәнді оқудың нәтижесінде студент:

түсінігі болу керек:


  • Конструкторлық құжаттардың біріңғай жүйесі туралы;

білу керек:

  • сызба орындау техникасын;

істей білу керек:

  • сызбаны өлшем құралдарымен және оқу құралдарымен қолдана білу;

тәжірибелік дағдыларды алу керек:

  • геометриялық түрін анықтап перспективасын сала білу;

компетентті болу керек:

сызбаны оқуында, оның құрам бөлшектерін БКҚЖ-не сай стандартта орындауына




5. Пәнді меңгерудің тақырыптық жоспары

Академиялық сағаттардың түрлері бойынша бөлінуі






т/б
Тақырыптың аталуы

Аудиторлық сағаттардың сабақтардың түрлері бойынша саны

СӨЖ

Дәріс

Тәжірибелік
Зертханалық
Барлығы
Оның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. Проекция тәсілі. Нүктенің комплекстік сызбасы.

2







10

2

2

Конструкторлық құжаттың ресімдеу негңздері




3




5

2

3

Түзу сызықты проекциялау

2







5

2

4

Жазықтық

2







5

2

5

Көпқырлылар

1







5

1

6

Айналу беттер

2







5

2

7

Беттерді жазықтықпен қию

2

4




10

2

8

Аксонометриялық проекциялар.

2

4




15

2

9

Ғимараттың перспективасы

2

4












Барлығы: 90 (2 кредит)

15

15




60

15


6. Теориялық курстың мазмұны
1тақырып. Кіріспе. Проекция тәсілі. Нүктенің комплекстік сызбасы.

Жоспар (қарастырылатын мәселелердің тізімі):

  1. Графикалық көріністердің алу тәсілдері.

  2. Проекция жазықтықтар.

  3. Нүктенің проекциялары.

Проекциялау әдісі-орталық, параллельдік және ортогональдік проекциялау. Кейбір бұйымның проекциясын алу үшін оның бөлек элементтерін кейбір жазықтыққа проекциялау керек.Үш өзара перпендикуляр жазықтықтың көмегімен комплекстік сызба қалыптасады. Ортогональдік проекциялау арқылы проекция жазықтықтықтарда горизонтальдік, фронтальдік және профильдік проекциялар қалыптасады.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3].
3 тақырып. Түзу сызықты проекциялау

Жоспар:

  1. Түзудің проекциялары.

  2. Жалпы және жеке жағдайдағы түзулер.

  3. Түзудің іздері.

  4. Түзулердің өзара орналасуы.

Проекция жазықтықтағы түзудің проекциясы кесінді болады. Түзулер екі жағдайда орналасуы мүмкін: жалпы және жеке жағыдайда.

Жалпы жағыдайдағы түзулер ешбір проекция жазықтыққа параллель да емес, перпендикуляр да емес. Жеке жағыдайдағы түзулер керісінше проекция жазықтықтарға не параллель, не перпендикуляр орналасқан. Олар екі топқа бөлінеді: деңгей және проекциялаушы түзулер.

Түзудің үш ізі болады: горизонтальдік, фронтальдік және профильдік.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3].
4 тақырып. Жазықтық

Жоспар:


  1. Жазықтықты берүдің әдістері.

  2. Жалпы және жеке жағдайдағы жазықтықтар.

  3. Жазықтықтардың өзара орналасуы.

Жазықтықты берудің 5 әдісі бар: бір түзуде жатпайтын үш нүктемен, нүкте мен түзу арқылы, екі параллель түзулермен, екі қиылысатын түзумен және іздерімен. Жазықтықтар екі жағдайда орналасуы мүмкін: жалпы және жеке жағыдайда.

Жалпы жағыдайдағы жазықтықтар ешбір проекция жазықтыққа параллель да емес, перпендикуляр да емес. Жеке жағыдайдағы жазықтықтар проекция жазықтықтарға не параллель, не перпендикуляр орналасқан. Олар екі топқа бөлінеді: деңгей және проекциялаушы жазықтықтар.



Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3].
5 тақырып. Көпқырлылар

Жоспар:

  1. Призманың ортогональдік проекциялары.

  2. Пирамиданың ортогональдік проекциялары.

Барлық жағынан жазықтықтармен шектелген дене көпқырлы деп аталады.Призма деп табанда көпбұрыш ал бүйір жақтары төртбұрыштары бар көпқырлы. Пирамида деп табанда көпбұрыш ал бүйір жақтары ортақ төбесі бар үшбұрыштары бар көпқырлы.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3], [5].
6 тақырып. Айналу беттер

Жоспар:

  1. Цилиндрдің ортогональдік проекциялары.

  2. Конустың ортогональдік проекциялары.

Тік төртбұрыш өзінің бір қабырғасынан айналғанда шығатын айналу денесі цилиндр деп аталады.

Тік бұрышты үшбұрышты катеттерінің біреуінен айналдырғанда шығатын айналу денесін конус деп аталады.



  1. Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3], [5].


7 тақырып. Беттерді жазықтықпен қию

Жоспар:

  1. Көпқырлыларды жазықтықпен қию.

  2. Айналу беттерді жазықтықпен қию.

Егер көпқырлыны жазықтықпен қийсақ онда қиылысу сызығы тұйық сынық сызық болады немесе көпбұрыш. Бұл көпбұрыштың әрбір төбесі ол жазықтық көпқырлының қабырғаларын қиып өткен нүктелері. Сондықтан көпқырлы мен жазықтықтықтың қию сызығын салу үшін жазықтықтықтың көпқырлының беттерімен қиылысу сызықтарын салу керек. Барлық сызбалар стандарттарға сай орындалуы керек.

Егер айналу бетті жазықтықпен қийсақ онда қиылысу сызығы тұйық қийсық сызық болады. Оның формасы айналу беттің формасына және қиятын жазықтықтың айналу осіне орналасуына байланысты.Бұл шеңбер, эллипс, парабола, гипербола болуы мүмкін.



Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3], [5].
8 тақырып. Аксонометриялық проекциялар

Жоспар:

  1. Тікбұрышты изометрия

  2. Тікбұрышты диметрия

  3. Изометрияда және диметрияда эллипстердің салынуы.

Аксонометриялық проекциялауда кейбір бұйым координат осьтарымен бірге аксонометриялық жазықтыққа проекцияланады. Мұнда бұйым үш өзара перпендикуляр П1, П2, П3 проекция жазықтықтар жүйесінде орналасқан деп санаймыз және олармен бірге параллель проекцияланған.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3].
9 тақырып. Ғимараттың перспективасы

Жоспар:

  1. Перспектива

  2. Жалпы мағлұмат, перспектива түрлері

Ғимараттың перспективаны салынуы ғимараттың фасадтан және үстінен көріністен басталуы керек, содан кейін ғимараттың перспективасын орындайды. Ғимараттың перспективасын алу үшін ғимараттың алдында шыныны қойып және шыныда ғимаратты краскамен көрінетін контурларын қатты бассақ онда сол ғимараттың перспективасы шығады.

Пайдаланатын әдебиет: [6], [7].

7. Тәжірибелік сабақтарының мазмұны
2 тақырып. Конструкторлық құжаттың ресімдеу негіздері

Жоспар:

  1. Негізгі форматар.

  2. Масштабтар.

  3. Сызба сызықтары.

  4. Сызба кәріптер.

  5. Өлшемдерді қою.

Тапсырма:

1. Сызбалық кәріпті орындау.

2. Сызбаларда өлшемдерін шығару.


  1. №1 «Геометриялық элементтерді проекциялау» графикалық жұмысты беру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Жұмыста берілген нүктелердің координаталары бойынша пирамиданы салу керек. Оның кеңістік және жазық сызбасын орындау. Барлық сызбалар стандарттарға сай орындалуы керек.Сызбадағы жазулар сызбалық кәріппен орындайды, кәріп өлшемі үлкен әріптің биіктігімен анықталады.



Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [3].
7 тақырып. Беттерді жазықтықпен қию

Жоспар:

  1. Көпқырлыларды жазықтықпен қию.

  2. Айналу беттерді жазықтықпен қию.

Тапсырма:

  1. №2 «Беттерді жазықтықпен қию» графикалық жұмысты беру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Беттердің екі көрінісі бойынша олардың үшіншісін салу. Беттерді жазықтықпен қиғандағы қимасын салу. Қиманың нақты өлшемін салу.



Пайдаланатын әдебиет: [3],[5].

8 тақырып. Аксонометриялық проекциялар

Жоспар:

  1. Тікбұрышты изометрия

  2. Тікбұрышты диметрия

Тапсырма:

  1. №3 «Аксонометриялық проекция» графикалық жұмыс

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Жалпы жағдайлар аксонометриялық остар бойынша бұрмалау коэффи-циенттер. Аксонометриялық остардың көріністері. Тік бұрышты аксономет-рияның түрлері.

Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу. Берілген беттердің тікбұрышты изометриясын салу.

Пайдаланатын әдебиет: [1],[2], [7].
9 тақырып. Ғимараттың перспективасы

Жоспар:


  1. Ғимараттың перспективаны орындаудың ережелері

Тапсырма:

  1. №4 «Ғимараттың перспективасы»

Ғимараттың перспективасы ортогональдік проекция бойынша салынады. Әуелі жоспардың перспектиавасы салынады, ол үшін ортогональдік проекцияда ғимараттың бұрыштары нөмірленеді, фокустары белгіленеді және көру басты нүктесі мен гоизонт деңгейі таңдалады. Содан кейін бұл барлық белгілеулер суреттік жазықтыққа көшіріліп жоспардың бұрыштары анықталып өзара қосылады. Жоспардың перспективасы салынған соң фасадтың перспективасы салынады.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулар:

Пайдаланатын әдебиет: [6], [7].

8. Студенттің өздік жұмысының тақырыптары


Тақырып №1 Жаңа тақырыбын оқу:

Түрлендіру әдістері:



Ұсынылатын әдебиет: [3], 58-60 бет.
Тақырып №2 Жаңа тақырыбын оқу:

-Геометриялық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын салу:



Ұсынылатын әдебиет: [3], 101 – 107 бет.
Тақырып №3 Жаңа тақырыбын оқу:

-Үйлестіру:

-Беттердің жаймалары.


Ұсынылатын әдебиет: [3], 46-55 бет, 133-141 бет.

Әрбір тақырып бойынша СӨЖ тапсырма:

Тақырып №1 Конспект жазу.

Тақырып №2 Конспект жазу.

Тақырып №3 Конспект жазу.



Оқу бағдарламаның ең қиын сұрақтары

1) Геометриялық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын салу.

2) Беттердің жаймалары.


9. СӨЖМ кеңестерінің кестесі





Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

1.

Дәріс бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

2.

Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

3.

СӨЖ бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

4

Тест сұрақтары бойынша кеңестер

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

Кесте бойынша

10. Студенттердің білімдерін тексеру кестесі
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсыныл

атын әдебиет



Орын

дау ұзақтығы



Бақы

лау


түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

№1 графикалық жұмыс


«Геометриялық элементтерді проекциялау»

Мақсаты: Координаталар бойынша нүктелерді проекциялық байланысты сақтап дұрыс сызуды үйрету.

Мазмұны: Берілген 5 нүктенің координаталары бойынша пирамиданы салу.


[3], [4]

3апта

Қорғау

3апта

2

№2 графикалық жұмыс


«Беттерді жазықтықпен қию»

Мақсаты: Беттердің проекцияларын салу, қималарын салуды үйрету.

Мазмұны: Фигураның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу, қимасын салу. Қиманың нақты өлшемін табу.


[4]

4апта

Қорғау

7 апта




Ағымдық бақылау

Модуль 1,2







Бақылау жұмыс

8 апта

3

№3 графикалық жұмыс


«Аксонометриялық проекция»

Мақсаты: Геометриялық беттерді үшөлшемдік көріністе салуды үйрету.

Мазмұны: Бұйымның екі көрінісі бойынша үшіншісін салу. Берілген беттердің тікбұрышты изометриясын салу.


[4]

3 апта

Қорғау

11 апта

4

№4 графикалық жұмыс


«Ғимараттың перпективасы»

Мақсаты: Ғимараттың перпективасын орындау ретін, оны дұрыс оқи білу және оны жасауға үйрету.

Мазмұны: Ғимараттың перпективасын салу.


[5]

3 апта

Қорғау

14 апта

5

Ағымдық бақылау

Модуль 3,4







Бақылау жұмыс

15 апта



11. Білім алушылар білімінің бағалану критериясы

Пәннің оқытылуы барлық өткен тақырыптарды қамтитын тестік формадағы емтиханмен аяқталады. Емтиханға қатысу үшін бағдарламада қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау керек. Әр тапсырма 0-100 балға дейін бағаланады. Емтиханға жіберу рейтингін күнделікті сабақта орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалық есебінен шығарады (үй жұмысы, СӨЖ тапсырмалары, тәжірибе бойынша тапсырмалар, межелік бақылау).

Пән бойынша қорытынды бақылауға оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмалары), емтиханға жіберу рейтингін алған (50 балдан кем емес) магистранттар жіберіледі.

Әр пән бойынша магистранттардың білім нәтижесінің деңгейін емтиханға жіберу рейтингі мен қорытынды бақылау бағасынан шығарады (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс), оның үлес салмағын ескере отырып (ЖРҮС және ҚБҮС).

= ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Университет ғылыми кеңесімен үлес салмағы жылда бекітіледі және ЖД үшін 0,6-дан, ал ҚБ 0,3-тен кем болмауы тиіс.

Пән бойынша магистранттың қорытынды бағасы жіберу рейтингі мен қорытынды бақылаудан жақсы бағалары болса ғана саналады. Пән бойынша емтихан мен аралық аттестация нәтижелері магистранттарға сол күні немесе келесі күні көрсетіледі, ал жазбаша емтихан сол күннің екінші жартысында алынады.

Межелік бақылау мен қорытынды емтиханда магистранттардың білімнің нақты бағасы 0-100% пайызбен есептеледі.Межелік бақылау бағасы ағым бағасы мен межелік бақылау бағасынан шығарылады.



Білім алу нәтижелері, яғни білім-білік, дағдылары және «педагогика» пәні бойынша магистранттардың құзыреттіліктері көпбаллды әріптік жүйе және оған сәйкес сандық эквиваленті мен дәстүрлі бағалау шкаласы арқылы бағаланады:


Әріп жүйесі бойынша баға

Балдың сандық эквиваленті

Пайыз мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

12. Оқытушының талаптары, саясаты мен шаралары
Білім алушылардың сабаққа кешігусіз келуі міндетті түрде талап етіледі. Олай болмаған жағдайда мәселе деканат арқылы шешіледі. Максималды түрде екі босату ғана рұқсат етіледі. Екі кешігіп келу бір босатуға тең келеді. Екіден көп босату болған жағдайда білім алушы мәселе әкімшілік тарапынан шешілмегенше сабаққа кіргізілмейді.

Жұмыстар уақытында тапсырылуы қажет. Тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтиханға 3 күн қалғанға дейінгі уақыт.

Барлық тапсырмаларды өткізбеген білім алушы емтиханға жіберілмейді.

Меңгерілген материалдар үнемі тексеріліп отырылады, сондықтан әркез қайталап отыру шарт.

Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:


  1. сабақты босату (себепсіз);

  2. тапсырмаларды уақытымен орындамау;

  3. тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.

– Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу бағдарламалық жұмыстардың барлық талаптарын орындағандар (барлық зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды және СӨЖ және ОСӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмалар орындаған және тапсырған), курстық жұмысты қорғағаны үшін жақсы баға алғандар (семестрлік жұмыстар) және жіберу рейтингісін жинағандар (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.

– Егер студент алушы жіберу рейтингісі және қорытынды бақылауы бойынша жақсы бағаларға ие болса, онда пән бойынша қорытынды баға есептелінеді. Егер студент қорытынды бақылауды себепсіз жіберсе, онда оның бағасы “қанағаттанарлықсыз” деп есептелінеді.

Әр студент сабақтың бәріне қатысып, кешікпеуі, тоб ішіндегі талқылауларда және жұмысына белсенді үлес қосуы керек. Студент сабаққа кешікпеуі керек себебі ол оқытушыға және курстарстарына бөгет жасайды. Кез келген сабақтағы тәртіп бұзушылық жазаланады немесе аудиториядан шығарылады.


Әр сабаққа міндетті түрде дайындалу керек, және барлық берілген материалды оқуы керек. Сіздің дайындығыңыз тәжірибелік сабақта сұрау арқылы немесе берілген тарауды өткен соң тест арқылы тексеріледі ағымдық және межелік бақылау жұмыстарда тексеріледі (межелік бақылау). Егер, дәлелді себептен, сіз межелік бақылауға келмей қалсаңыз келесі сабақтың алдында бақылау жұмысын орындауға мүмкіндік беріледі. Ал бақылау жұмыс орындалмаса ноль балл болады.

Семестрде екі межелік бақылау жұмысы болады (7-ші және 15 –ші аптаның соңында 1 семестрдің;. Емтиханға бақылау жұмыстарын орындаған және ЕГЖ қорғаған студенттер ғана жіберіледі.

Емтиханда көшіруге болмайды сонымен қатар қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін.

13. Әдебиеттің тізімі

Негізгі

1) Тлеубердин Қ.Ж. Инженерлік графика. Көкшетау. Тенгри. 2011 ж.

2).Жаңабаев Ж. Инженерлік графика. Алматы. Экономика. 2012 ж.

Қосымша

3) Методические указания к выполнению графических работ по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» по теме «Построение изображений» для студентов энергетических специальностей, дневная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А.- Павлодар, ПГУ, 2004.-38с.

4) Методические указания к выполнению графических работ по дисциплине «Инженерная и компьютерная графика» по теме «Начертательная геометрия» для студентов энергетических специальностей, дневная форма обучения / Шкреба Е.В., Стаценко А.А.- Павлодар, ПГУ, 2004.-30с.

5) Начертательная геометрия. Краткий курс лекций по дисциплине «Инженерная графика» для студентов технических специальностей. (учебное пособие) / Шкреба Е.В. – Павлодар, ПГУ, 2005.- 90с.

6) Брилинг Н.С. Черчение.- М.: Стройиздат, 2005. -420 с.



7) Миронова Р.С., Миронов Б.Г. Инженерная графика. – М.: Высшая школа, 2009. – 287 с.
ПРО ПЕРСПЕКТИВУ МЕТОДИЧКУ ВПИСАТЬ
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет