(ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшықеттері қанмен қамтамасыз
етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне
(инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші
шеңберінде айналу уақыты 23–27 секунд.
Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттек пен
қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде – қан оттегіне
қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады.
Қан қысымы.
Қан қантамырлардың бойымен ағуы кезінде
қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан
қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең
жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия
қантамыры – қолқада болады. Жүректен алшақтаған сайын
қантамырларда қан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы
жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена
қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен
өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105–120
мм. Ұсақ артериялар мен капиллярларда 20–25 мм. Қан қысымын
өлшейтін құралды
тонометр
дейді. Қанның жалпы вена қантамырлар
бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді: а) жүректің
ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан
қысымының түрліше болуы;
ә) демалған және дем шығарғанда кеуде қуысында қысымның
үнемі өзгеруі; б) веналық қантамырлардың ішінде болатын
қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы;
в) веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер
жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуына мүмкіндік туады.
Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың
қарынан) өлшейді (64-сурет). Жас, дені сау адамдарда қан қысымы
үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының
жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы
кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70–80 мм. Қан қысымы
жоғарылаған кезде болатын ауруларды
Достарыңызбен бөлісу: