сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бүларға I иіс, II көру,
III көз қимыл-датқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII ды-быс,
IX тіл-жүтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты нервтері жатады.
Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір,
мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан түрады
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 г. Жаңа
туған ер баланың миының салмағы қыздардың миынан салмақтылау
болады. Алғашқы жылы мидың салмағы екі есе, 3 жаста үш есе
үлғаяды. Бастауыш сынып оқушыларының миының салмағы 1250-1300 г,
ересек адамда 1400-1450 г. Алғашқы 6-7 жылдың ішінде баланың миы-
ның салмағы ересек адамның миының салмағының 4/5 бөлігіндей
болады. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста бай-қалады. Адамның ақыл-
ойы оның миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен,
мидың физиологиялық қалыпты қызмет аткару қабілеті оның салмағы
900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бүзылады.
С о п а қ ш а ми жүлынның үстіңгі жағында орналасқан Оның
ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады:
рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс,
сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару, қарын және
кдрынасты бездерінің сөлдерін шығаратын нерв орталықтары және ІХ-
ХІІ ми нервтерінің ядролары орналасқан.
В а р о л и
к ө п і р і - сопақша
мидыңүстіндеорналасқан. Оның
ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында
мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін
Достарыңызбен бөлісу: