(3 кредит)
Құрастырған: Қалимағамбетов А.М., б.ғ.к., молекулалық биология және генетика кафедрасының аға оқытушысы
Алматы, 2020 «Эволюция теориясы»
Курстың мақсаты: органикалық дүниедегі эволюциялық процесстерінің заңдылықтары туралы білім беру; биологиялық эволюцияның қарапайым факторларын, себептерін, механизмдерін, мәселелерін, бағытын көрсету. Тірі табиғаттың табиғи-тарихи пайда болуы мен дамуын дәлелдеуші эволюциялық теорияның көзқарастық, методологиялық рөлін көрсету.
Игеруі керек:тірі формалардың тарихи даму кезеңдерін, өзгеру жолдарын және дәлелдерін; тірінің әр түрлі ұйымдасу деңгейінде (молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық) организмнің іргелі қасиеттерін – тұқымқуалаушылық және өзгергіштік туралы фактілерді; микроэволюциялық процесстердің себептері және механизмдерін, қарапайым эволюциялық факторлардың түрлеріне және олардың әсер ету ерекшеліктерін, эволюциялық процестерді модельдеу және талдау әдістерін; табиғи сұрыпталудың және өзгергіштіктің эволюцияның қозғаушы күштері екендігін, түр түзілу процестерінің жолдарын, онтогенездің, мүшелер мен олардың функцияларының эволюциясын, макроэволюцияның формаларын және қағидаттарын, адамның пайда болуы және эволюциясы туралы мәселелерін, биологиялық дүниежүзілік көзқарастағы эволюциялық теориялардың рөлін.