3-есеп. 20 жылға 11 % жылдық ставкамен 52000 тенге ақша салынғанда шотта қанша ақша болатынын есептеу керек. Процент ай сайын есептеледі.
Шешімі
Болашақ құнды есептеу үшін күрделі процентті есептейтін БС функциясы қолданылады:
БС(ставка; кпер; плт; пс; тип)
Біздің есебімізде функция төмендегідей жазылады:
БС(11 %/12; 20*12;;-52000)
Есептеу терезесі 3.1 суреттегідей болады:
3.1-сурет – Салымның болашақ құнын есептеу
Болашақ құнның шамасын есептеу үшін В8 ұяшығына мына формуланы жазамыз:
= БС(B4/B5;B6*B5;;-52000)
|
Әдебиет
|
|
Колесник А.П. Компьютерные системы в управлении финансами. -М.: Финансы и статистика, 2010
|
|
Компьютерные технологии в обработке информации./Под. ред. Назарова С.В.,-М.: Финансы и статистика, 2008
|
Тақырып 11 Қаржылық талдау
Жоспар
1. Ауызша сурау
2. Есептерді шығару
Тапсырмалар
1-есеп. Облигация 200 000 номиналмен 7 жылға шығарылған. Процентті есептеу мынандай тəртіппен жүргізіледі: бірінші жылы – 11 %, келесі үш жылда – 16 проценттен, қалған үш жылда – 20 проценттен. Күрделі проценттік ставкамен облигацияның болашақ құнын есептеу керек.
Шешімі
Күрделі проценттік ставкамен болашақ құнды төмендегі функцияның көмегімен есептейміз:
БЗРАСПИС(первичное; план)
Біздің есебіміз үшін ол 1.1 суреттегідей түрде болады:
1.1-сурет – Күрделі проценттік ставкамен өсетін құнды есептеу
Мұндағы В15 ұяшыққа = БЗРАСПИС(B3;B7:B13) формуласын енгіземіз
Достарыңызбен бөлісу: |