БАҒдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 2015 жыл мазмұны 1 Өңірлік макроэкономика 9



бет3/5
Дата08.06.2018
өлшемі5,81 Mb.
#41390
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

2.1.2. Әлеуметтік саланы дамыту


2.1.2.1. Білім бөлімі

2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде өңір білім беру саласында нақты жетістіктерге жетті: жалпы білім беретін мектептер желісі –12,5%-ға, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі – 20%-ға кеңейді, балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100%-ға қамтамасыз етілді, мектептердің 25%-дан астамы электронды оқыту жүйесін енгізді, мектептердің 75%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасады.

Мектепке дейінгі білім беру

Халықтың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметтеріне қажеттілігі үнемі өсуде (1-кесте). 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын алуға арналған кезекте 1427 бала тұрды.
1-кесте. Мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштерінің динамикасы, 2012-2014 жылдар

Жылдар

МБҰ саны, бірлік

Балалар қамтылды, адам

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %

5-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %

Жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, %

2012

11

1187

80

48,9

58,2

8,6

2013

13

1365

84

48

67,3

9

2014

13

1382

80

56,3

66,1

11,3


Балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100%-ға қамтамасыз етілген. Аудан кесініндегі деректер 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Аудан кесінінде балалардың мектептегі білім беру ұйымымен қамтамасыз етілуі



Қалалар мен аудандардың атауы

МБҰ-ның барлығы

1-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны

МБҰ балаларының саны

қамту %-ы

1

Түпқараған ауданы

13

4360

1382

42,88

Мектептегі білім беру ұйымымен қамтамасыз ету мәселелерінен басқа, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері де бар (жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 2012 жылғы 8,6%-дан 2014 жылы 11,3%-ға дейін жоғарлады).

Жалпы орта білім 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 8 жалпы білім беретін мектеп (2012 жылы – 7), оларда оқитындардың саны – 5358 адам.

2015 жылы аудан бойынша 3 ауысымдық мектептердің саны - 1.

Аудан мектептерінің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілуі облыс бойынша орташа көрсеткіші: жаңа физика кабинеттері 4 мектепте (50%), химия кабинеттері – 5 мектепте (62,5 %), биология кабинеттері – 6 мектепте (75%), лингафондық-мультимедиялық кабинеттер 5 мектепте (62,5%) бар.

Электронды оқыту 2 мектепте енгізілген (2012 жылы – 1 мектеп). Ауданның 8 мемлекеттік мектебінде (100%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді (2012 жылы – 7 мектеп).

Аз қамтылған отбасынан шыққан 591 бала, яғни 100 % ыстық тамақпен қамтылып отыр.

2401 оқушы немесе мұқтаж адамдардың 100%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.

Жалпы білім беру мекемелерінде 534 педагог жұмыс жасайды. Бірінші және жоғары санаттағы оқытушылар үлесі 46,4% құрайды.

Ауданның ҰБТ көрсеткіші 2012-2014 жылдарда орташа облыстық көрсеткіштен жоғары болды. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша аудандағы орташа балл 75,7-ні құрады (2012-2013 оқу жылында – 74).

М.Горький атындағы мектеп-лицейінде 12 жылдық жалпы орта білім беруге ауыстыруды дайындау бойынша пилоттық режимде жұмыстар жүргізілуде.

Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 2014 жылы 8 мектептің 6 мектебінде (75%) (пандустар) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 23, оның ішінде 2 балада бекітілген үй бар. Бекітілген тұрғын үйі жоқ балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында 21 қамқорлық және қорғаншылықтағы бала тұрғын үй кезегінде тұр.

Ауданда отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2015 жылы балалар үйін 3 тәрбиеленушісі қорғаншылыққа берілді, отбасынан 3 бала қамқорлыққа, 3 бала патронаттық тәрбиеге берілді. 10 бала асырап алынды, 11 отбасы үміткер ретінде тіркеуде тұр.

Қазіргі таңда қамқорлық, қорғаншылықта 17 бала патронаттық тәрбиеде 6 бала есепте тұр.
Білім беру бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу;

қосымша мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) ұйымдар ашу арқылы жағдай жасау;


мектепке дейінгі балаларға ұйымдарындағы орындардың тапшылығы, сақталуда;

мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;

үш ауысымда оқытатын мектептердің болуы;

инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;

тұрмысы қолайсыз отбасы мен баланы анықтаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;

жетім балалардың қатарындағы түлектерді жұмысқа орналастыру тетігінің пысықталмағандығы;

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Мектепке дейінгі ұйымдардағы немесе ғимараттарғы күрделі жөндеу жүргізу саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;


білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;

ата-ананың қамқорлығынсыз және оларды алмастыратын отбасылардың қолдауынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы.


Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

мектепке дейінгі және мектепте білім беруде оқушылар орындарының тапшылығы;

Аудан бойынша кадрлардың тапшылығы сақталуда (математика, орыс тілі және әдебиеті);

инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (пандустар, лифтілер, шкафтар және т.б.);

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;
2.1.2.2. Денсаулық

Денсаулық сақтау мекемелерінің 67%-ы аудан орталығында орналасқан. Мұнда 60 орындық аудандық аурухана бар. Емдеу орындарымен қамтылу деңгейі: өкпе аурулар ауруханасымен 36,28%, аудандық ауруханамен 35%, аудандық емханамен - 62%. Таушықта, Ақшұқырда, Баутин, Сайын елді мекендерінде емдеу орындары бар. Қызылөзен селосында медпункт жұмыс істеп тұр.

2012 жылы дәрігер саны - 57, медбике саны -177.
1 кесте 2012-2014 жылғы дәрігерлер саны


Жыл

Дәрігерлер саны

Халықтың 10 000 адамына есептегенде дәрігерлер саны

Орта медицина қызметкерлер саны

Халықтың 10 000 адамына есептегенде орта медицина қызметкерлер саны

2012

57

26,0

177

80,8

2013

56

25,6

158

72,1

2014

44

17,8

135

48,5

Жасалып жатқан жұмыс көлемдеріне қарамастан ауылдық емдеу-алдын алу мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайы бәрінде біркелкі емес.

Аудандық ауруханада 2013 жылы 44 ота жасалса, 2014 жылы- барлығы 45 аппендицит, кесір тілігі, кіндік жарығы т.б. түрлері бойынша отаны өзімізде жасауға қол жеткізілді. Ота жасау жұмыстарын жақсарту үшін дәрігер оқытып алынды.

Аудан бойынша Форт-Шевченко қаласы және Ақшұқыр ауылы базасында Сайын ауылын қамтитын 24 сағат бойы жедел жәрдем көмегі қызметі жұмыс жасайды.

Сапалы медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізу үшін қолайлы жағдай жасау, материалдық- техникалық қамтылу мәселесін шешу үнемі бақылауда ұсталып келеді. Орталық аурухананың перзентхана бөлімі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, өте қатаң ауруларды қосымша демалдыру және ота кезінде демалдыру үшін ИВЛ аппараты, ішек –қарын ауруларын ерте анықтау үшін ФГДЭС аппараты, КТГ- кардиотонография алынды. Бұл, әрине, алғашқы медициналық көмектің сапасын арттыратыны сөзсіз.

Биылғы жылдың жоспарында аудандық аурухананың жалпы бөлімнің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу, 2016 жылы Таушық отбасылық денсаулық сақтау орталығын салу қарастырылып отыр.

Кезекті күтіп қалмау мақсатында Сoll орталығы ашылды, барлық бөлмелер компьютермен толықтау қамтылды.

2 кесте Ауру түрлері бойынша өлім саны

Қайтыс болғандар саны (1000 адамға):

2012

2013

2014

Барлығы

Тыныс алу мүшелерінің ауруынан

4

2

3

9

Жұқпалы аурудан

0

0

0

0

Ісіктің пайда болуынан

9

1

11

21

Жазатайым оқиғалардан, улану мен жарақаттан

6

16

20

42


Қан айналысы жүйесінің ауруынан

15

25

19

59

Ас қорыту мүшелерінің ауруынан

3

2

3

8

Жиыны:

37

46

56

139

Адам өлімі жөнінен бірінші орында – қан айналу органдарының аурулары, екінші орында – жазатайым оқиғалар мен жарақаттар, үшінші орында – ісік аурулары тұр.
3 -кесте. Нәрестелер өлімінің себептері (жыл ішіндегі нәресте санымен)

Ауру атауы

2012

2013

2014

Барлығы

Босанғанға дейінгі кезеңде пайда болатын жағдайдан

2

2

3

7

Тыныс алу мүшелерінің ауруынан

3

-

-

3

Жұқпалы және құрт ауруларынан

-

-

1

1

Ас қорыту ауруларынан

-

1

-

1

Туа біткен ауытқудан

-

-

-

-

Барлығы

5

3

4

12

Ауданда нәрестелер өлімінің көрсеткіші жоғары, 80%-ы босануға дейінгі кезеңде пайда болған себептерден болады. Тыныс алу аурулары кенеттен өсе бастады.

4 -кесте. Халықтың ауруы (1000 адамға шаққанда)





2012

2013

2014

2015

өсу қарқыны %



















Түпқараған ауданы

49

32

20

15

6,9

Туберкулезбен ауру 2012жылы- 18 адам тіркеліп, 2 адам қайтыс болған. 2013 жылы – 16 адам тіркеліп , 1 адам қайтыс болған. 2014жылы- 14 адам тіркеліп, 1 адам қайтыс болған. 2015 жылы- 14 адам тіркеліп, оның ішінде қайтыс болған адам тіркелмеген. Туберкулез ауруымен ауыратындар саны өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш бірқалыпты, өзгеріссіз.

Жүрек- қан тамырлары ауруларын алдын ала анықтау бағытында 2014 жылы 3930 адам тексеріліп (жоспар- 4714), анықталған 285 науқас диспансерлік есепке алынды.

Түпқараған емханасы бойынша 2014 жылы жұқтырылған қорғаныс тапшылық синдромы арқылы 6 лекция оқытылып, 452 оқушы балалар қатысып, барлығы 5 шара өткізілді (кеңестер – 2, дөңгелек үстелдер - 2, семинар – 4).

2014 жылы әйелдердің жатыр мойыны ісігі бойынша тексерілуге тиіс – 561 әйел толықтай тексерістен өткізілді. 2015 жылы 6 айында 180 айел –отт. Соның ішінде: айқындалғаны – 16 әйел (оның ішіндегі «Д» есепке 6 әйел алынып, толықтай сауықтырылды

2014 жылы тірі туылғандар саны – 886 сәби (2015 жылы 6 айында – 426 сәби).

2014 жылы қанайналымы жүйесінен қайтыс болған адам саны – 4 (2015 жылы 6 айында 5 адам). 2014 жылы онкологиялық аурулардын қайтқан адам саны -15, 2015 жылы 6 айында 3.



Түпқараған емхана бойынша алдын алу тексерулерді жүргізу бойынша балалар және жасөспірімдер арасында 0-18 жасқа дейінгі 2014 жылы тексерілуге тиіс – 9614 , 2015-9876.

2014 жылы сүт безі ісігін анықтауға тексерілуге тиіс – 418 әйел. Тексерістен өткізілгендері – 409 әйел, соның ішінде: айқындалғаны – 9 әйел (оның ішіндегі «Д» есепке 9 әйел алынып, толықтай сауықтырылды).



Қан айналымы ауруы бойынша 2014 жылы тексерілуге тиіс – 4714 адам. Тексерістен өткізілгені 3930 адам (84 пайыз). Соның ішінде: айқындалғаны – 273 адам.

Су қараңғы ауруы бойынша 2014 жылы тексерілуге тиіс 2394 адам. Тексерістен өткізілгені 2713 адам (113 пайыз). Соның ішінде айқындалған – 2 адам «Д» есепке алынып, толықтай сауықтырылды.

Түпқараған салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (штат бірлігі 2 адам) және жастар денсаулық орталығының (штат бірлігі 2 адам) мәліметі бойынша 2014 жылы 32 әртүрлі форматта іс-шаралар өткізілді (5 мыңға жуық адам қамтылған). Жергілікті БАҚ-та осы бағытта 42 мақала жарияланып, телеарнадан 4 көрсетілім шығарылды. Аталған іс-шараларда темекі шегуші қуыршақ, темекіге қарсы демонстарциялық чемодан, маскүнем көзәйнек симулятор және тағы басқа аппараттар арқылы тұрғындарға үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті мектептерде маскүнемдікке қарсы насихатты тиімді жүргізу үшін «Алкогольге қарсы сұхбаттар» атты әдістемелік ұсыныстар шығарылды (тағылымы 110 дана).

Салауатты өмір салтын насихаттау органдарының мамандарынан (психолог, социолог, гинеколог, заңгер, нарколог) 116 жастар кеңес алды. Қант диабеті бойынша 2014 жылы тексерілуге тиіс – 4714 адамды құрайды және 3920 адам тексеруден өткізілді (84%). Соның ішінде айқындалған 14 адам «Д» есепке алынып, толықтай сауықтырылды.


Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;

әлеуметтік маңызды аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендеуі;

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасының іске асырылуы (көтерме жәрдемақылар, тұрғын үйге кредиттер беру).


дәрігер кадрлардың, арнаулы мамандардың, дәлірек айтқанда ауылда тапшылығы;

Емдеу орындарындағы медицина жабдықтарын қолдануға мамандарды үйрету;




МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

елдің медициналық ЖОО-мен түлектерді тарту жөніндегі шарттарды белсенді жасасу;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының өзге өңірлерінен тарту;

Қазіргі заманғы құралдармен жабдықталған хирургиялық операция кабениеттерін жабдықтап, оталауды жергілікті жүргізуге болады;

жұмыс істеп жатқан медициналық кадрларды қалдыру бойынша шаралар қабылдау, жас мамандарды, оның ішінде шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерге тарту (тұрғын үй, әлеуметтік пакеттер ұсыну, ведомстволық жатақханаларда орындар бөлу).




жас мамандарды тарту және орнықтыру үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы ;

мұнай-газ және өзге де жоғары ақы төленетін салалармен салыстырғанда мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы жалақының біршама төмен деңгейі, білікті кадрлардың жекеменшік құрылымдарға кетуі;





2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау.

Жұмыспен қамту. Халықты жұмыспен қамту саясатын іске асыруды, өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жұмыс сұрап хабарласқандар саны 2013 жылы 924 адам, оның ішінде жұмыссыздықтан әлеуметтік шаралармен қамтылғандар 600 адам. Яғни 65% орындалды.

Жұмысқа орналастырылғандар саны: 275 адам, ол тіркелушілердің 30% -ын құрайды. Оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберінде құрылған орындарды қоса алғанда, алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтау мақсатында ұйымдастырылған жастар практикасына 80 түлек қатысты.

Мекемелермен жасалған келісім шарт негізінде нысаналы топ адамдары үшін құрылған әлеуметтік жұмыс орнына орналасқандар саны 99 адам.

Еңбек нарығындағы талаптарға сәйкес бөлімнің кәсіби даярлау бағыты бойынша 37 жұмыссыз және «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының I бағыты қайта даярлау, біліктілікті арттыру бойынша 15 адам, II бағыты ауылда кәсіпкерлікті дамыту бойынша 25 адам оқытылды.

2013 жылы жұмыссыздарға әдейі арналған қоғамдық жұмысқа 76 адам қатысты. Ол тіркелушілердің 8,2 пайызын құрайды. 2014 жылы жұмыс сұрап тіркелгендер саны 1232 адам. Оның себебі ауданға қарасты ірі теңіз ішіндегі құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген «Энка Иншаат ве Санайи» компаниясы филиалында жұмыс көлемінің азайып, келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты 300 ге жуық аудан тұрғындарының жұмыстан босатылуы және теңіз ішіндегі әртүрлі салада айналысып отырған «Вагенборг Казахстан», «Халлибуртон» компанияларының жұмыс көлеміне байланысты штат санының қысқартылуы.

Әлеуметтік шаралармен 650 адам, яғни 52,7 пайыз. Жұмысқа орналастырылғандар 464 адам. Оның ішінде жастар практикасына 99 түлек қатысса, 85 нысаналы топ адамдары әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан. Қайта даярлау, біліктілікті арттыру бағыты бойынша 43 адам оқытылды.

2015 жылдың 1 қарашасына дейінгі жағдай бойынша жұмыс сұрап хабарласқандар 970 адам. Әлеуметтік шаралармен қамтылғандар саны 708 адам, яғни тіркелушілердің 73%. Жұмысқа орналасқандар 480 адам. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына 76 нысаналы топтағы адамдар 75 түлек жастар практикасына қатысты. Жұмыссыздарға арналған қоғамдық жұмысқа 68 жұмыссыз тартылды.

Ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында компания мердігерлерімен келіссөздер жүргізіліп, жұмыс берушілердің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында көрсетілген міндеттерін орындауда жауаптылықтары түсіндірілді. Ауданда жүргізіліп жатқан жобалар бойынша құрылған орындарға жұмыссыздар ұсынылып жолданды. Жұмыста жүрген зейнеткерлерді мамандығы сай келетін жас мамандармен алмасыру жөнінде аудан әкіміне қарасты мекемелерге хаттар жолданды.
Халықты жұмыспен қамту және олардың табысы бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

халықты жұмыспен қамтуға, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жәрдемдесудің белсенді шараларын пайдалану;

жаңа өндірістер ашу, өзін-өзі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік субъектілерінің қаржылай құралдарын белсенді пайдалану;

жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру;

ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы бағдарламаларын іске асыру;

еңбек рыногының дамуына қосымша серпін беретін жоғары экономикалық әлеует, өңірдің тиімді орналасуы


кәсіпорындардағы персоналдың жұмыстан босауы;

көлеңкелі жұмыспен қамтудың бар болуы;

кәсіптік даярлаудың еңбек рыногының сұраныстарына сай келмеуі;

кейбір кәсіптік топтар бойынша еңбек ресурстарының едәуiр көптiгi;

еңбек ресурстарының жеткілісіз біліктілігі;

жұмыс күшінің төмен жұмылдыруы;

еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз жұмыссыз азаматтар санатының айтарлықтай үлес салмағы;

экономиканың біліктілігі жоғары кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

экономикалық өсу қарқынын сақтаудың қолайлы перспективалары, кірістер мен жұмыспен қамтудың көтерілуі, еңбек рыногындағы әлеуметтік әріптестіктің дамуы;

жұмыс берушілер жауапкершілігінің деңгейін көтеру және әлеуметтік жауапкершілік өлшемдеріне сай келетін ұйымдар санын арттыру;

тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін төмендету;

қосымша жұмыс орындарын, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру арқылы халықты жұмыспен қамту өнімділігін қамтамасыз ету;

халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

өз ісін ұйымдастыруы үшін шағын кредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.



өндірістерді жаңғырту нәтижесінде қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқаруы;

халықтың бәсекеге қабілетсіз топтарын жұмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы;





Халықты әлеуметтік қорғау.

2013 жылғы табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен отбасыларға төленген мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек пен балалар жәрдемақысы азаматтардың аз қамтылған топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға балалар жәрдемақысысын тағайындау, сондай-ақ аса мұқтаж азаматтарға жергілікті өкілді органның шешімдеріне сәйкес біржолғы материалдық көмек көрсету, басқа да әлеуметтік төлемдер тағайындау және төлеу арқылы халықтың мүжәлсіз топтарына арналған шаралар іске асырылуда.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына байланысты жанбасылық табыстары кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілетін 23 отбасының 133 мүшесіне 2071,3 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы негізінде он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы балалар жәрдемақысымен 44 отбасының 142 баласы қамтылып, оларға 1342,7 теңге төленді.

2014 жылы отбасына келетін жанбасылық табыстары кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген 25 отбасының 154 мүшесіне 2878,7 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңы негізінде он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы балалар жәрдемақысымен 55 отбасының 192 баласы қамтылып, оларға 1716,1 теңге төленді.

.
Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктерді кеңейту


табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының ауданға көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

өнімсіз жұмыспен қамтудың сақталуы;

еңбекақының жеткіліксіз деңгейі;

табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен және кедейлік шегінен төмен отбасылар санының өсуі.



МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

халықтың нақты табысының өсуі;

үкіметтік емес ұйымдар қызметін жандандыру;

жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану


аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі. масылдыққа бейімделуі.



2.1.2.4. Мәдениет және үш тілді дамыту

Аудан тұрғындарына 4 мәдениет ошағы, 8 кітапхана мәдени көпшілік қызмет көрсетеді.

2014 жылдың тамыз айында бюджет қаржысына Таушық мәдениет үйінің 200 орынды жаңа ғимараты ашылды.

Мәдениет саласын жергілікті бюджеттен қаржыландырудың аудан бойынша жалпы көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 49,9 пайызға өсіп (2012 жылы 58253,0 мың.т), 2014 жылы 87301,0 млн.теңгені құрайды.

Аудандағы мәдениет мекмелерінде өткен іс-шаралар 2012 жылмен салыстырғанда 10 бірлікке өсіп (2012ж жылы 161 шара) 171 бірлікті құраса, 2012 жылмен салыстырғанда 9806 бірлікке артып (2012 жылы 55 754 көрермен) 65560 көрерменді қамтыды.

Сонымен қатар аудан орталығында бір мұражай бар. Құрамына үш мұражай /этнография музейі, Т.Г.Шевченко мемориалдық музейі, Мұрын жырау музейі және саябақ кіреді. Мұражайға келушілер саны 2014 жылы 4950 адамды құрайды, 2012 жылмен салыстырғанда 1478 бірлікке артып отыр.

«Халықтық» үлгілі атағы бар ұжымдар саны 2 бірлікке кеңейіп, қазіргі таңда 5 бірлікті құрайды.

Аудан бойынша клубтық құрамалар 5 бірлікке кеңейді және 2015 жылдың 10 ай бойынша 40 бірлікті құрады. Тарихи-мәдени ескерткіштің саны 2015 жылдың 1 қаңтарында 149 бірлікті құрады. Аудандағы кітапханалар саны 8, сондай-ақ кітап қоры 2012 жылмен салыстырғанда жарамсыз деп танылған кітаптарды есептен шығару барысында 1066 бірлікке дейін кеміп ( 2012 жылы 102 888 ), 2014 жылы 101 822 бірлікті құрады.

Жыл сайын мамандар білімдерін жетілдіріп, мысалға 2014 жылы Республикалық деңгейдегі семинарларға «Әдістемелік орталықтың өңіріндегі мәдениет кеңістігінің қалыптасуындағы рөлі» тақырыбындағы семинарға 3 мәдениет қызметкері қатысса, «Клуб мекемелеріндегі әдістемелік қызмет-нәтижелікке ықпал ету компоненттерінің бірі» тақырыбында Шымкент қаласында өткен семинарға 1 қызметкер қатысты.

Ауданда мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы тепе-теңсіздікке байланысты, мәдениет ұйымдарына қолжетімділіктің теңсіздігі. Мәселен, Сайын Шапағатов (халық саны 3480), Баутин (халық саны 4538) елді мекендерінде мәдениет мекемелері жоқ болуына байланысты, мәдениет саласын әртараптандыру, тұрғындардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында, сонымен қатар би үйірмелерін жандандыру, театр жанырын дамыту, ұлттық аспаптар ансаблін құру, арнайы студия жасақтау, мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға лайық типтік мәдениет үйін аталған елді мекенде салу қажеттілігі туындап отыр.

Бұдан басқа, бүгінге көбінесе бейімделген орынжайларға орналастырылып, залдары кіші болғандықтан қайтадан салынуға қажетті мәдениет объектілері жұмыс істеп тұр. Мысалға, Ақшұқыр ауылдық кітапханасынан басқа 7 кітапхананың үлгілік мамандандырылған ғимараты жоқ, ол бейімделген ғимараттарда орналасқан.

Мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі мамандардың тапшылығында байқалады. Ауыл кітапханаларының интернет желісіне қосылмауы 4 кітапхана олар: Қызылөзен, Таушық, Сайын Шапағатов және Баутин елді мекендерінің кітапханалары, күрделі және ағымдағы жөндеу жасауға бюджеттен бөлінетін қаржыландырудың жеткіліксіздігі.



Мәдениет бойынша SWOT-талдау:


Мықты тұстары:

мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі байқалады;

аудандық тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, дамыту және сақтап қалу жұмыстары бір жүйеге келтірілді



Әлсіз тұстары:

мәдениет мекемелерi желiсiнiң дамуындағы үйлесiмдiлiктiң болмауына негiзделген аудан тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететiн қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң теңсiздiгi;

ауылдық мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасы деңгейінің әлсіздігі, мамандандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерде жетіспеушілігі.


Мүмкіндіктер:

Салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу.




Қатерлер:

Мәдениет саласында мамандардың тұрақтамауы,әсіресе ауылдық жерде


Үш тілді дамыту.

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы №307 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Маңғыстау облысының мемлекеттік органдарындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» қаулысына және Маңғыстау облыстық мәслихатының 2004 жылғы 30 қаңтардағы №3/39 «Маңғыстау облысындағы іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру туралы» шешіміне сәйкес, Түпқараған ауданында іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіліп келеді.

Елді мекендерде көрнекі ақпарат пен жарнамаларды Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының талаптарына сәйкес, іс-шаралар бойынша ілінеді.

Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Жоспарға сәйкес 2015 жылы тілдерді дамытудың өзекті мәселелері, және ономастика мәселелері бойынша бірқатар байқаулар өткізілді.

Ауданымызда «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ағылшын тілін оқыту орталығы ашылды.

Мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесіне ай сайын мониторинг жүргізілуде. Облыстық мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы үлес салмағы 2013 жылы –100%, 2014 жылы – 100%, 2015 жылы –100% құрайды. Мекемелерге және мектептерге, балабақшаларға көмек көрсету аясында, 200-ден астам оқу-әдістемелік әдебиет кітаптары таратылды. Республикалық конкурстардың қатысушыларын дайындауда жан-жақты көмек көрсетілуде.

Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Ауданымызда мемлекеттік органдарының құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 100% құрайды;

тіл саласының жеткіліксіз нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілуі.


МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірлестігінің басты факторы ретінде қоғам өмірінің барлық салаларында мемлекеттік тіл рөлінің артуы;

тілдік әралуандықты сақтау кезінде мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу.



Жеке секторларда күнделікті қолданыста мемлекеттік тілдің қолданылуының азаюы мүмкіндігі;


2.1.2.5. Денешынықтыру және спорт

Аудан бойынша спорт түрлерімен шұғылдануға арналған 36 нысан бар. Оның 8-і спорт мектептеріндегі спорт залдары, 26-сы мектептердің және кәсіпорындардың ашық алаңы, 2-еуі спорт мектебі. Олар: Аудандық спорт мектебі мен Таушық ауылдық спорт кешені. Ауданда 2 тир ату орны бар. Олар Баутино және Таушық ауылдарында. Аудан бойынша 13 алаң, 11 футбол алаңы бар.

Аудандық елді-мекендердегі шараларға аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, қазіргі таңда ауылдарда ауыл спорт нұсқаушылары жарыс өткізуге, ауданға келіп қатынасуға толық мүмкіндігі бар.

Педагогикалық құрылымға келсек, 5 елді мекенде 5 спорт нұсқаушысы қызмет етуде. Мектептерде 30 дене тәрбиесі мұғалімі жұмыс жасайды. Әр мектепте 8 спорт-әдіскерлері қызмет етеді. Ал, мектептерде нұсқаушылар саны-8 адам. Спорт мектебінде 19 спорт бапкері қызмет етеді. Білім саласы бойынша мектептен тыс 65 спорт үйірмесі бар. Бұл үйірмелерге қатысатын адам саны - 1596. Жалпы дене тәрбиесімен шұғылданатын оқушы саны – 5781. Баутино ауылындағы Маңғыстау техникалық колледжінде білім алушылар саны – 65. Аудан бойынша спортшылар саны 5103, ұйымдар мен кәсіпорындарда 3020.

Аудандық спорт мектебінде 9 секция жұмыс жасайды. Олар: волейбол, футбол, баскетбол, бокс, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, таэквондо, кикбоксинг, дзюдо. Қатысушы спортшылар саны жалпы алғанда 422 спортшы.

«Спорт шеберіне үміткер» атағын иеленгендер саны: 6 «спорт шеберіне үміткер», 2- ші, 3- ші дәрежелі атақ алғандар – 212.



Сондай-ақ, 2015 жылы сәуір айының 23-26 аралығында «Аудан әкімі Кубогі-2015» халықаралық деңгейде өтті. Осы жарысқа Әзірбайжан, Украина елдерінен және Ақтөбе, Атырау облыстарынан, Қарақия, Маңғыстау аудандарынан және Ақтау қаласынан командалар және аудан командалары қатысты. Жарыста Ақтау қаласынан келген «Хазар» командасы жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, облыстық деңгейде «Спорт-нашақорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы!» ұранымен Кеңес Одағының батыры Ж.Қалдығараев атындағы Дзюдо күресінен облыстық ашық турнирі өтті. Турнирге аудан елдімекендерінен, Ақтау қаласынан командалар қатынасты. Жарыс салмақ дәрежелері бойынша өткізіліп, ауданымыздың спортшылары жеңімпаз атанды.

Жалпы ауданда 2015 жылдың 9 айы бойынша аудандық жарыстар саны-42, Халықаралық турнир саны-1, облыстық деңгейде жарыстар - 1 өткізілді. Биылғы жылы жоспарланып отырған шаралар саны - 80 шара, облыстық жарыстарға аудан спортшыларын қатыстыратын жарыс саны – 70 –ке жуық.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Құрық селосында өткен «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» мерекесіне арналған Қызыл Жұлдыз иегері С.Әлиевті еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы I-інші Республикалық турниріне ауданнан қатысқан спортшылар Күмісбаев Азамат-1 орын, Арыстанбекұлы Бекзат – 3 орынды иеленді, СШҮ атағына ие болды. Сондай-ақ, Аманқосова Сәндігүл дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3-орынды жеңіп алып, СШҮ атағын иеленді.

Түпқараған аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жас шәкірттері арасында спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында спорт мектебінің ашық біріншіліктері өткізіліп келеді. Жарысқа аудан мектептерінен, ауылдар командалары шақырылып отырады. Бұл салада жылдық жоспар жасақталып спорттық баскетбол, футбол түрлері бойынша жарыстар өткізілді. Ауданымызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың президенттік сынамаларын тапсыру өткізілді. Шараға аудан тұрғындары толықтай қатынасты. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз.



Дене тәрбиесі мен спорт бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушыларды қамтудың артуы байқалуда, спорт объектілерінің саны артуда.

спорттық инфрақұрылымның, әсіресе ауылдық жерде нашар дамуы, спорт залдары мен спорт кешендері санының жеткіліксіздігі, осының салдарынан бұқаралық және балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау кемшіндеу.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

ауданның инфрақұрылымда дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер құру (жалпы пайдаланымдағы спорт құрылыстарын – спорт залдарын, спорт кешендерін және халықтың тұрғылықты жерінде, халық жаппай демалатын жерлерде спорт алаңдарын салу);

бұқаралық спортты дамыту, спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру- сауықтыру, спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру және дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

сабақтан тыс уақытта балаларды бос қоймаудың негізгі буыны ретінде балалардың, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аулалық клубтарының желісін дамыту;

балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінің желісін кеңейту;

бұқаралық спортты дамыту, спорттық резервті және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау бойынша жұмысты бастау;

әлемдік қаржылық дағдарыстың әсері спорт секторын қаржыландыруды азайтуы және халықтың спорт мекемелерінің қызметтеріне қолжетімділігін төмендетуі мүмкін;





2.1.2.6. Туризм

Түпқараған ауданының туристік әлеуеті айтарлықтай жоғары. Түпқараған ауданында мәдени, әдемі табиғаттың бар болуы және Каспий теңізіндегі жағажайлық, спорттық туризм, экстремалдық туризмдер туристік әлеуетке ие.

Ауданда дамыған туристік дестанациялар - Форт-Шевченко қаласы. Сәулет ескерткіштерінің, табиғи обьектілердің көп саны Түпқараған ауданының аумағында орналасқан. Аудан бойынша 149 тарихи-мәдени ескерткіштер бар. Ауданның елдімекендері бойынша Ақшұқыр селосында -3, Таушық селосында – 39, Қызыл-өзен селосында – 60, Баутин селосында – 6, Форт-Шевченко қаласында – 36 тарихи-мәдени ескерткіштер орналасқан.

Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында 1850-1857 жылдары осы жерде айдауда болған Украин халқының ұлы перзенті Т.Г Шевченко атындағы мұражай орналасқан. 1846 жылғы штаб- капитан М.И.Иваниннің басшылығымен көтерілген Ново-Петровск бекінісінің қалдықтарыда Форт-Шевченко қаласында сақталған. Қазіргі таңда туристердің қызығушылық танытып отырған Шақпақ ата, Сұлтан-епе жерасты мешіттері зират етушілерге қызмет көрсетіп отыр. Түпқараған ауданында 8 орналастыру орны жұмыс істейді. Осы орналастыру орындарында 395 орын бар. Оның ішінде 17-орын люкс, 130- орын стандартты.


1-кесте.2012-2014 жылдардағы туризм саласы дамуының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

2012

2013

2014

2014жыл2013 жылмен салыстырғанда

%


Орналастыру орындарының саны

сан

7

8

8

15,7

Қонақ үйлердің бір уақытта толымдылығы

%

90,9

71,3

82,5

15,7

Орналастыру орындарындағы көрсетілген қызметтер мөлшері

млн.теңге

1,8

1,4

1,6

15,8

Туризм бойынша келушілерінің саны

адам

4199

3386

3923




Түпқараған ауданының туризм саласының даму басымдылықтары Форт-Шевченко қаласының дамуы, туризм инфрақұрылымының дамуы, табиғи және мәдени ескерткіштерінің сақталуы мен күтіп ұсталу бойынша жүзеге асырылады

Форт-Шевченко шағын қаласының 2016-2020 жылдардағы кешенді даму жоспары жасалып бекітілді. 2011-2020 жылдары аралығында Түпқараған аумағындағы Сұлтан Епе жер асты мешітінің автожол құрылысы, Саура, Тамшалы шатқалына автожол құрылыстарына ЖСҚ жасақталып 2017-2018 жылдары орындалады деп күтілуде. Таушық ауылындағы Шақпақ ата жерасты мешітіне баратын автожол құрылысына ЖСҚ жасақталып жатыр.Түпқараған аудандағы Саура және Тамшалы шатқалдарында күтіп ұстау бойынша тазалық жұмыстар жүргізілді. Ауданымызда іскерлік туризмді дамыту, Баутино теңіз портының дамуы мен оның инфрақұрылымына байланысты. Баутино сауда портының аумағы кеңейтіліп, күрделі жөндеуден өтті. Осы сауда порты арқылы көршілес Ресей, Әзірбайжан, Иран мемлекеттері арқылы мәдени және бизнестік туризімді дамыту күтілуде.


Туризм бойынша SWOT - талдау

Күшті жақтары:

Тамшалы,Саура шатқалдарына туристер үшін авто көлік жолының салынуы;

Баутинг теңіз портының аумағы кеңейтіліп күрделі жөндеу жүргізілуі

Шақпақ ата, Сұлтан-епе жер асты мешітіне келуші зиярат етушілердің көптігі;




Әлсіз жақтары:

Туристік демалыс орындардың шалғай орналасып, жүретін жолдардың нашарлығы;

Туристік ұйымдардың қызмет көрсету сапасының төмендігі және қызмет құнының жоғарылығы;

Кәсіпкерлердің туризм саласына қызығушылықтарының жоқтығы;





Мүмкіндіктер

Ауданның табиғи, мәдени ескерткіштердің көптілігі;

Шет елдік инвесторларды тарту;

Баутино сауда порты арқылы бизнестік туристерді тарту;




Қауіптер:

Туроператорлардың ішкі туризмге көңіл бөлмеуі;

Тұрғындар арасында сыртқы туризмнің танымалдылығының артуы;


Туризмді дамытудың негізгі проблемалары:

негізгі туристік өнімге баға деңгейінің жоғарылығы;

негізгі туристік орындарға қол жетімділік деңгейінің аздығы, соның

ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін;

туристік қызмет сапасының төмендігі;

туристік жабдықтардың аздығы ( инфрақұрылым – паркингтер,

биологиялық дәретханалар)

туристік өнімдерді дамыту және тиімді жарнамалардың, нарықтағы

сұраныстың және оларды қанағаттандырудың аздығы,

сала кадрларының кәсіби біліктілігінің төмендігі;

туристік өнімдерді дамытуға жергілікті кәсіпорындардың ықылас

танытпауы;

туризм саласының дамуының жоспары және серіктестік тәсілдердің төмен дамуы;

2.1.2.7. Ішкі саясат

Ауданда ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бағытында үйлесімді жұмыс жүргізіліп келеді. Ішкі саясат саласындағы қоғамдық-саяси ахуал есеп беру кезеңінде тұрақты болды. Ішкі саясатта саяси партиялар филиалдарымен, кәсіподақ ұйымдарымен, діни бірлестіктермен бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әріптестік қарым-қатынас қалыптасып, бірлескен шаралар өткізіліп, жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік және мемлекеттік емес орган ұйымдардың бірлескен іс-қимылдарының арқасында ауданымызда саясиланған еңбек даулары, ұлтаралық және дінаралық шиеліністерді болдырмау. Бұл жұмысқа жергілікті мемлекеттік органдармен қатар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мекемелері қызмет атқаруда.

Әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру саласындағы аудан әкімдігінің белсенді серіктесі үкіметтік емес сектор болып табылады. Бұл ретте, маңызды институт ретінде «Түпқараған аудандық Азаматтық бастама» қоғамдық бірлестігі, жастар ресурстық орталығы, әкім жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесі, мемлекеттік рәміздер жөніндегі және әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар белсенді жұмыс істейді.

Ішкі саясат саласындағы жұмыстың басым бағыты жыл сайынғы Елбасының Жолдауын зерделеуге, жергілікті халыққа насихаттау, түсіндіру және жүзеге асыруға бағытталған. Елбасы Жолдаулары - Қазақстанда жүргізіліп отырған саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бойынша, халықаралық қауымдастықта Қазақстанның рөлі мен орнын бекіту, оның саяси беделін арттыруға бағытталған еліміздің жалпы дамуын айқындайтын басты стратегиялық құжаттар болып табылады.

Елбасының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүргізілді. Жолдауды насихаттау жөнінде 2 ақпараттық тобы құрылды, республикалық және облыстық АНТ – мен бірігіп, аудан елдімекендерінде болып үгіт насихат жұмысын жүргізді. Барлығы 26 кездесу ұйымдастырылып, оған 1284 адам қамтылды. Осы мақсатта орнатылған көрнекіліктер саны 11, 500 кітапша шығарылды. Жергілікті «Ақкетік арайы» газетіне 22 материал жарияланды.

Сонымен қатар, Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы бойынша ақпараттық-түсініктеме беру жұмыстары жүргізіліп келеді. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын насихаттау жөнінде 2 ақпараттық тобы құрылды, аудан елдімекендерінде болып үгіт насихат жұмысын жүргізді. Барлығы 17 кездесу ұйымдастырылып, оған 860 адам қамтылды. Осы мақсатта орнатылған көрнекіліктер саны 8, 200 кітапша шығарылды. Жергілікті «Ақкетік арайы» газетіне 15 материал жарияланды.




Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты республикалық, облыстық, жергілікті газеттер, интернеттер және телеарнаға жарияланған материалдарға шолу жасалып отырылады.
Жарияланған материалдар туралы талдау

Жыл сайын мемлекеттік ақпаратты жүзеге асыру халықпен ақпараттық топтың, БАҚ-дың қарым-қатынас бағыттары бойынша жүргізіледі. (пресс-конференция, онлаин-конференция т.б.)


Саяси партиялармен қарым – қатынас
Ауданда 2 саяси партия: «Нұр Отан» партиясы филиалы және Ауыл халықтық-демократиялық патриоттар партиясы филиалы жұмыс атқарады.

Түпқараған ауданы бойынша партия



мүшелерінің саны

Саяси салада және тиімді сұхбат алаңы маңызды жұмыстары, саяси партиялардың аудандық филиалдарының қоғамдық кеңестің жұмысы болып табылады. Саяси партия филиалдарының жұмысына аудандағы стратегиялық басыммен әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытталған .



Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет