БАҒдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 2015 жыл мазмұны 1 Өңірлік макроэкономика 9



бет2/5
Дата08.06.2018
өлшемі5,81 Mb.
#41390
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика


Маңғыстау облысы аудан бюджеттің доноры болып табылады және жоғарыда көрсетілген бюджетке бюджеттік алып қорлар көлемі 2013 жылы –2 млрд.327 млн.теңге, 2014 жылы – 288 млн.теңге, 2015 жылға жоспар – 145 млн.теңге құрады.

Аудан бюджетін қалыптастыратын негізгі салықтар әдеттегідей жеке табыс салығы және әлеуметтік салық болып қала береді.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтан тыс түсімдердің көлемі 2012 жылғы 4 млрд.178 млн. теңгеден 2014 жылы 4 млрд.399 млн. теңгеге дейін немесе 1,0 есе ұлғайды. 2015 жылға арналған жоспар 3 млрд. 859 млн.теңгені немесе 2014 жылдың деңгейіне 87,7% құрайды.
2.1.1.2. Өнеркәсіп

Аудан экономикасының дамуы кейінгі жылдары тұрақты өсумен сипатталады. Аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2012 жылы 516 425 млн.теңге, 2013 жылы 521 540 млн.теңге, 2014 жылы 535 047 млн.теңге, 2015 жылдың 10 айында 274 465,4 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш облыс бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемінің – 2014 жылы 23,4%, 2012 жылы 23,8% құрады. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 2012 жылы 101,2%, 2013 жылы 100,9%, 2014 жылы 104,4%, 2015 жылдың 10 айында - 95,4 % құрады. (1 кесте)


1 кесте 2012 -2014 жылдардағы өнеркәсіп көрсеткіштері

Сала

Өнім көлемі млрд.тенге

НКИ %

2012

2013

2014

2012

2013

2014

Барлығы



















Кен өндіру

513416,0

513997,2

529405,6

101,4

99,9

104,1

Өңдеу өнеркәсібі

2040,7

5584,3

4645,3

61,6

294,3

66,9

Электрмен жабдықтау

90,2

154,9

190,7

53,7

150,7

121,9

Сумен жабдықтау

878,5

1080,3

805,5

137,8

204,9

35,5

Ауданда – кен өндіру өндірісі қарқынды дамыған сала болып табылады, негізгі номенклатурасы түйіршік, қиыршық тас, түйіршіктелген тас 96,3% құрайды.Қалғаны ізбес тасы мен мәрмәрға тиесілі (Таушық және Аташ кенорындарында өндіріледі). 2015 жылғы қаңтар –шілдеде өнеркәсіп кәсіпорындары 199,1 млрд. теңге, оның ішінде кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі салаларында 197,7 млрд. теңге және 791,2 млн.теңге электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау 178,2 млн.теңге және сумен жабдықтауда 499,1 млн.теңге өнім өндірді. Есепті кезеңде Түпқараған ауданы кәсіпорындары 2722,3 млн. тонна шикі мұнай өндірді (2014 ж сәйкес кезеңіне 102,9 %), яғни бұл облыс деңгейінің 25,5% құрады.

2 кесте Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша

Өнімдердің атауы

2012 жыл

% өткен жылға

2013 жыл

% өткен жылға

2014 жыл

(млн.тенге)



% өткен жылға

Тамақ өнімдерін өндіру

99,7

12,8

77,9

2,3

212,2

133,9

Сүт өнімдерін өндіру

68,3

-

55,4




188,8

186,9

Нан-тоқаш және ұн өнімдерінің өндірісі

2,8

78,8

15,6

3,8

20,9

64,1

Өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру

262,6

27,4

575,6

4,8

135,8

100,0

Машина жасау

596,1

27,5

693,0

115,1

321,8

56,6

Басқа көлік құралдар өндірісі

291,1

-

356,5

-

0,7

-

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық –инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында ауданда қазіргі кезде жұмыс жасап тұрған ірі өндірістік базалар бар. Соның бірі «Теңізсервис» ЖШС компаниясының жасанды айлағы жұмыс істеуде, аумағы «Каз М-І» бұрғылау ерітінділер зауыты ашылды. «Осетр- Аралды» сервистік ауылшаруашылық серіктестігінің тауарлық бекіре фирмасы. Аташ елді мекенінде «Маңғыстау кеме жөндеу зауыты» ЖШС, «Бозашы Оперейтинг ЛТД –ның «бес жылжымалы гелиополимерлік қондырғыны пайдалануға беру» және «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС –ның «Жүн өндеу цехы». 2015 жылға индустрияландыру картасына құны 3 576,4 млн.теңге тұратын және 13 адамды жұмыспен қамтитын 2 жоба енгізілді.

«Топтап өдшейтін №31 қондырғының құрылысын салу» жобаны ұсынушы: Бузачи Оперейтинг ЛТД» компаниясының филиалы, өнім өндіру қуаттылығы тәулігіне 2400 м3, жобаның құны -2077,0 млн.теңге, іске қосылғаннан кейінгі жұмыс орны -8 адам. Қазіргі таңда құрылыс жұмысы аяқталды, құрал –жабдықтары орнатылды. Осы жылдың 1 тамыз айында іске қосылады.

«Теңіз суын жинайтын станция және теңіз суының құбырын орнату» жобаны ұсынушы: «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» Қазақстан Республикасындағы компаниясының филиалы, өнім өндіру қуаттылығы –сағатына 3,5 млн. м3, жобаның құны -1499,4 млн.теңге, іске қосылғаннан кейінгі жұмыс орны -5 адамды құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдың маусым –шілде айларында іске қосуды жоспарланып отыр.




Өнеркәсіп бойынша SWOT талдау

Күшті жақтары:

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің өсуі;

металлургияны, машина жасауды, құрылыс материалдарының өндірісін дамыту үшін бай минералдық-шикізат негізінің болуы


Әлсіз жақтары:

көмірсутегі шикізатына белгіленетін

бағалардың әлемдік конъюктурасына өңір экономикасы дамуының аса тәуелділігі;

өнеркәсіптің жалпы үлесіндегі тау-кен

өндіру өнеркәсібі үлесінің, дәлірек айтқанда о отын-энергетикалық пайдалы қазбалар

өндірудің үлкен үлесі өңдеу өнеркәсібінің

негізгі салаларының бірі – машиналар мен

жабдықтардан басқа, дайын металл

бұйымдар өндірісі кәсіпорындарының теңіз

мұнай кен орындарын






Қауіп-қатерлер:

әлем экономикасына кірігуге байланысты

өңір экономикасының бәсекеге

қабілеттігінің төмендеуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар с салаларын дамытуға шикізат базасының

жетіспеушілігі.




2.1.1.3. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен

Ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013- 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасына, сондай-ақ өзге де басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларға сәйкес жүргізілуде.



Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2014 жылы 903,3 млн. теңге сомасына шығарылды. (көлем 2013 жылы – 944,0 млн. теңгені құрады , 2012 жылы – 807,0 млн. теңге). Жалпы өнімнің нақты көлем индексі (НКИ) 2014 жылы 95,6% (2013 жылы –89,5 %, 2012 жылы – 72,3 %), 2015 жылдың 6 айында - 561,6 млн теңге, нақты индексі – 107,9 % болды .

Ауыл шаруашылығының нақты көлем индексі 2015 жылдың 6 айында 2012 жылмен салыстырғанда 35,6% , 2013 жылмен салыстырғанда 18,4 %-ға , 2014 жылмен салыстырғанда- 12,3%-ға артты .

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында – 903,3 млн. теңгені , нақты көлем индексі – 95,6% пайыз, ал 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,8 % құрады.(2013ж. – 89,5%).

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы өнімінің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 2014 жылы 79,7% (720,0 құрады). Мал шаруашылығының жалпы көлемдегі үлес салмағы орташа есеппен 3 жылда -78,8 - 86,9 пайыз мөлшерінде болып, тұрақты күйде қалды .

2015 жылдың 6 айында жалпы көлем- 561, 6 млн .теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2014 жылдың 6 айы – 448,7 млн. теңге) 112, 9 млн .теңгеге немесе 25, 5 пайызға артты .

1-кесте. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің динамикасы




Жылдар


Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

Нақты көлем индексі (НКИ),%

Барлығы

оның ішінде, мал шаруашылығы

Барлығы

оның ішінде, мал шаруашылығы

2012

807,0

701,5

72,3

62,8

2013

944,0

743,9

89,5

70,0

2014

903,3

720,,0

95,6

76,1

2015жыл 6 ай

561,6

561,6

107,9

107,9

Кестеден мал шаруашылығы өнім көлемінің индексінің жылдан – жылға арту тенденциясы байқалады .

Шаруашылықтың барлық санаттарында 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ірі қара малдың саны 17,3 %-ға азайып (1843 бас), жылқы саны – 8,2%- ға азайып ,(8203бас), ешкі саны – 14,4%-ға азайып , (9108 бас), қой саны –18,7%-ға төмендеп, (32972 бас), түйе саны – 3,1%-ға төмендеп, (5610 бас) , құс саны – 29,9 %-ға төмендеп, 583 бас) құрады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының 2014 жылғы азаю себебі негізінен ауа райының қолайсыздығынан, қуаншылыққа байланысты болды .

2015 жылдың 1 тамызы жағдайына мал санының көбейгені байқалады. Барлық мал басы 64280 басты құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 314 басқа немесе 0,5 пайызға артты . Оның ішінде: ешкі- 998 басқа немесе 9,7 %-ға, түйе – 257 басқа немесе 4,4%- ға , құс – 884 басқа немесе 2,5 есеге көбейді. Ал, қой саны – 692 басқа, жылқы – 1016, ірі мүйізді қара мал саны – 117 басқа азайды.
2-кесте. Мал мен құстың 2012-2014 жылдардағы саны


Жылдар

Тірі салмақта союға өткізілген мал мен құстың барлық түрлері

Сүт

2012

1124,9

637,0

2013

1119,7

650,9

2014

1058,1

643,1

2015жыл 7 ай

686,33

409,2

2014 жылы шаруашылықтарда мал басы мен құстардың барлық түрін тірі салмақта сою 1058,1 тоннаны құрады, бұл – өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2013ж – 1119,7 тн) 5,5%-ке аз. Сүт өндіру 1,2 %-ға төмендеп (2013 ж- 650,9 тн), 643,1 тоннаны құрады.

2014 жылы тауық жұмыртқасы-55 мың дана, 2013 жылмен салыстырғанда 11,7 мың данаға немесе 27 пайызға көбейді. (2013 ж – 43,3 мың дана). 71,9 тонна қой жүні қырқылды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 30 %-ға көп (2013 жылы – 55,3 тонна) немесе 16,6 тоннаға артық.

2015 жылдың 7 айындағы статистикалық деректер бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде өсу байқалып , тірі салмақта өткізілген мал мен құс 686,33 тонна болып, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 89,44 тоннаға немесе 14,6 %-ға, сүт өндіру – 409,2 тонна, 2014 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда – 25,7 тонна немесе 6,7 %- ға көбейді.

2015 жылдың 7 айында жұмыртқа өндіру - 44,6 мың дана болып, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 мың данаға немесе 30%-ға, көбейіп, (2014ж . 7 айда – 34,3 ) қырқылған қой жүні – 67,2 тонна немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 тоннаға немесе 5,2 %-ға азайды (2014ж . 7 айда – 70,9 тн) . Азаю себебі – қой санының кемуінен орын алды.



Аудандағы асыл тұқымды мал өсіретін субъектілердің саны – 3.

Олар:«Таушық а/ш» ЖШС –асыл тұқымды түйе малын, «Қарағантүбек» ЖШС - асыл тұқымды қаракөл, еділбай қой мен адай жылқысын, «Алтынай» шаруа қожалығы – асыл тұқымды жылқы мен түйе малын өсіреді.

Оларда 2013 жылы барлығы –10172 бас қой, 1215 бас түйе, 565 бас жылқы, 2014жылы – 1076 түйе, 506 жылқы, 5466 бас қой, 2015 жылдың 1 шілдесіне 1347 бас түйе, 204 бас жылқы, 1842 бас қой есепке алынған .

Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы қой шаруашылығында – 5,2%, жылқы шаруашылығында – 2, 6%, түйе шаруашылығында –22,1 % құрайды.



Асыл тұқымды мал шаруашылығын қаржылай қолдауға (қойларды селекциялық және тұқымдық іріктеу жұмысын жүргізуге, шығынның 50%-ына дейін жабуға) бюджеттен 2014 жылы 7 млн 454,5 мың теңге (2013 жылы – 18,5 млн. теңге) субсидия бөлінді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бюджеттен 2014 жылы - 30 м лн 880 мың теңге, (2013 жылы – 24 млн 750 мың теңге субсидия бөлінді.

Жергілікті бюджеттен 2015 жылдың 6 айында мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға– 10 млн 283,5 мың теңге субсидия төленді .

Өсімдік шаруашылығы. Аудан бойынша 2015 жылы барлығы 29 шаруашылық 197, 6 га жерге егін екті, 9 млн 119 мың теңгенің субсидиясына құжаттар жасақталып тапсырылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 10 шаруашылыққа , 2013 жылмен салыстырғанда 8, 2012 жылмен салыстырғанда 9 шаруашылыққа , соған сәйкес 79,1 , 64,6, 68,2 гектарға артық
3-кесте 2012 -2014 жылдарға арналған шаруашылық көрсеткіштер

жылдар

Егін егушілер саны

Егістік көлемі

(га)


Алынған өнім көлемі (тонна)

Берілген субсидия көлемі

( млн. теңге)



2012

20

129,44

2592,3

3161,0

2013

21

133,02

2766,7

5417,0

2014

19

118,5

2686,6

9119,0

2015жыл 8 ай

29

197,6

0

9536,8

Ескертпе: Биылғы жылдың егін өнімінің көрсеткіштері қазан – қараша айларында шығады .
4 –кесте Ауыл шаруашылық өнімінің көлемі

Жылдар


Ауыл шаруашылығы жалпы

өнімінің көлемі, млн. теңге



Нақты көлем индексі (НКИ),%

Барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

Барлығы

оның ішінде, өсімдік шаруашылығы

2012

807,0

105,5

72,3

37,2

2013

944,0


199,9

89,5

30,0

2014

903,3

183,3

95,6

23,9

Озық ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды енгізу және жылыжайлар санын арттыру арқылы егістік көлемі ұлғайтылды.

Ылғал үнемдеу технологиясы – тамшылатып суаруды қолдану жүйесін енгізу жылдан – жылға артуда. Соның нәтижесінде 2015 жылы 55,5 га егістік жер тамшылата суару технологиясымен қамтылды. (2014 жылы – 4,5 га, 2013 жылы – 8 га, 2012 жылы- 5,8 га).

Ауданда көлемі 1,2 га өнеркәсіптік үлгідегі 1 жылыжай және көлемі 0,3 га фермерлік үлгідегі 1 жылыжай бар.

Ветеринария. Эпизотияға қарсы шаралар өткізуге: эпизотиялық аурулардың алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринарлық препараттар сатып алуға, серологиялық зерттеулер үшін қан сынамасын алу мен жеткізуге республикалық бюджеттен 2014 жылы – 17 млн 915,7мың. теңге, 2013 жылы – 17 млн 424,6 мың . теңге, 2012 жылы – 15 млн. 116 мың. теңге бөлінді.

Эпизотияға қарсы іс-шаралардың жылдық жоспары 100%-ға орындалды.

Мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарды материалдық -техникалық жарақтандыруға орай, «Аудандық ветеринарлық стаңциясы» МКМ және селолық округтердегі 6 ветериналық бөлімшеге ветеринарлық жабдықтар, сондай-ақ қызметтік жиһаздар бен компьютерлік техникалар, арнайы автокөліктер алынды .

2014 жылы ветеринарлық препараттарды қолдануға барлығы 37680 дозада егу жұмыстары жүргізіліп, 5266 бас малға диагностикалық қан үлгісін тексеру жүргізілді .

2015 жылдың 8 айында әртүрлі ауруларға қарсы мүйізді ірі қара малға – 4056, ұсақ қой мен ешкіге – 3687, жылқыға - 6920, түйеге – 7762, итке – 1075, үй құстарына – 696 рет дәрі егілді. Бруццелез ауруына қарсы 1258 мүйізді ірі қара мал, 32569 қой –ешкі, 42 бас жылқы, 2128 бас түйе тексерілді.

Балық шаруашылығы. Ауданда 2013 жылы 8, 2014 жылы 6 табиғат пайдаланушы шаруашылық, олардың құрамында 18 балықшылар бригадасы, 61 балықшы рұқсат етілген балық түрлерін бөлінген квота бойынша аулады.

2013 жылы аулауға рұқсат етілген 10 балық түрлері бойынша барлығы – 591,2 тонна квота бөлініп, нақты 287,1 тонна балық ауланды немесе квота 48,6%-ға игерілген. Ең көп балық аулау үлесі «Микор» ЖШС -не 41,1% тиесілі, қалған шаруашылықтар 19- 0,6 % мөлшерінде игерген.

Ауланған балықтың 78%-дан астамын кефаль балығы құрайды, (игерілген квотаның - 59,5 %-ы).

2014 жылы балық аулаушы шаруашылықтар саны 2 –ге кеміді. 6 шаруашылық , 2014 жылға бөлінген 423,9 тонна квотаның 48,6 %-ын игеріп, 206,1 тонна балық аулады. Ең көп ауланған балық үлесі «Микор» ЖШС мен «Алпамыс» шаруа қожалығы және «Каспий БИО Экология» ЖШС-нің үлесінде (42% және 24% , 14%).

2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда ауланған балықтың азаюы – балық аулаушы шаруашылықтың 2- ге кемуінен, 81 тоннаға немесе 28,2% аз ауланған. 2014 жылы ауланған кефаль балығының үлесі барлық ауланған балықтың 87,7 %-ын құрады . (барлық ауланған балық – 206,1 тонна, оның ішінде кефаль – 180,7 тонна ).

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау. Ауданның ауыл шаруашылық саласын мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде және қаржылық- несиелік құрылымдар арқылы іске асырылуда.

2012 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 8 адамға 7 млн 600мың теңге, «Маңғыстауагросервис» МКК арқылы 4 адамға – 10 млн 955 мың теңгенің тауарлы несиесін алып, асыл тұқымды мал өсіретін 4 шаруашылыққа – 47млн 854 мың теңге, егін егушілерге 3 млн 161,1мың теңге субсидия берілді.

2013 жылы «Маңғыстауагросервис «ЖШС арқылы 5 адам 1млн 496 мың теңгенің тауарлы несиесін, « Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 12 жеке кәсіпкер 28 млн 670 мың теңге несие, асыл тұқымды мал өсіргені үшін «Таушық а/ ш» ЖШС- 10млн 166 мың, шұбат өнімі үшін – 24 млн 750 мың, «Алтынай» шаруа қожалығы - 2 млн 648 мың теңге,

«Қарағантүбек» ЖШС – 5 млн 670 мың теңге 15 шаруашылық көкөніс пен бақша дақылдары үшін 5 млн 417 мың субсидия алды.

2014 жылы 3 асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылыққа – 38 млн 335 мың егіншілерге – 9 млн 119 мың субсидия төленді .

«Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы 4 ЖШС , 6 шаруа қожалығына 18 млн 236 мың теңгенің тауарлы несиесі мен лизингіге ауыл шаруашылық техникалары берілді. «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры » АҚ арқылы 2014 жылы 5 кәсіпкерге 15 млн теңге несие берілді.

2015 жылдың 8 айында «Таушық а/ш» ЖШС мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағыты бойынша, шұбат өнімі үшін 10 млн 283, 5 мың теңге субсидия төленді. 25 шаруашылыққа 9 млн 537, 6 мың теңгенің субсидиясына құжаттар жасақталып, облыстық ауыл шаруашылық басқармасына жолданды.

Ауданның азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ауданға азық - түлік тауарлары облыс орталығындағы көтерме сауда базарларынан жеке кәсіпкерлер арқылы тасымалданады.

Сауда орындарында сатылатын негізгі азық - түлік тауарларының бағалары облыстағы орташа бағалардың деңгейінде, азық – түлік тапшылығы жоқ.

1- сортты бидай ұнынан пісірілген қалыпты нанның бағасы 3-4 жылдан бері тұрақты 1 дәнесі -55 теңгеден сатылуда.

2010- 2013ж.ж. «Каспий –Берекет» ЖШС- нің ауданда 8 дүкені жұмыс жасап, базар бағасынан 15-20 пайызға арзан азық- түлік түрлерін сатқан болатын. 2014 жылдан бері ЖШС ұйғарымымен бұл дүкендер жабылды.

Жергілікті жерде өндірілген ауыл шаруашылық тауарларымен аудан тұрғындарын қамтамасыз ету мақсатында, тұрақты түрде ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары өндірген ауыл шаруашылық тауарларын (балық , ет, сүт , көкөніс пен бақша өнімдері) жәрмеңкелерде өткізу практикасы қолға алынып, жақсы нәтижесін беруде.

2013 жылы 23 рет ауыл шаруашылығы және халық тұтынатын тауарлар көрмесі өткізіліп, 5 млн 645,2 мың теңгенің, 2014 жылы – 25 рет жәрмеңке өткізіліп, 11 млн 005 мың теңгенің , 2015 жылдың 6 айында 10 рет жәрмеңке өткізіліп, 19 млн 353 мың теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері мен халық тұтынатын тауарлары сатылды .

Жергілікті жерде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуде «Алпамыс» шаруа қожалығы жылыжай мен ауданның егінжайларында өсірілген көкөніс пен бақша өнімдері , шаруа қожалықтары өткізген ет, сүт өнімдері жоғары сұранысқа ие болып отыр.

Ауданның 2 наубайханасы 1- сортты бидай ұнынан пісірілген нанның бағасын тұрақты сақтау мақсатында аудан әкімдігімен меморандумға отырып, «Бейнеу астық терминалы» - нан нарық бағасынан төмен бағада ұн алып, сапалы нан пісіріп, тұтынушыларды қамтамасыз етуде.



2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда

Кәсіпкерлік

Түпқараған ауданын дамытудың бағыттарының бірі шағын және кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

2014 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (әрі қарай ШОБ) тіркелген саны 1380 бірлікті құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен (1334 бірлік) 3,4%-ға жоғары және 2012 жылдың сәйкес кезеңімен (1122 бірлік) 23,0%-ға жоғары болып отыр.

Ал 2014 жылда белсенді ШОБ субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға өсіп 1285 бірлікті құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 43,7%- ға өсті. (2012 жылда-894 бірлік, 2013 жылда-1170 бірлік).

Кесте1. Аудандағы ШОБ дамуының негізгі көрсеткіші

Көрсеткіштердің атауы

Жылдарға бөлінісі

2012

2013

2014




Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны, бірлік

1122

1334

1380




Белсенді ШОБ субъектілерінің саны, бірлік

894

1170

1285




Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі %

79,7

87,7

93,1



Жалпы алғанда, 2010-2014 жылдарға арналған талдау нәтижелері жыл сайын өсу қарқынының бар екенін көрсетеді.

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы іске асырылуда (бұдан әрі - БЖК- 2020).

2012 - 2014 жылдар ішінде «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 9 жоба субсидияланды, 3 несиелеуге ішінара кепілдіктер берілді, 2 жобаға инфрақұрылымды дамыту үшін 2 жоба мақұлданды, ал грант 2 кәсіпкерге берілді.


Кесте 2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау алған жобалардың саны

Қолдаулар

2012

2013

2014

3 бағыт бойынша субсидиялау

3

4

2

Кепілдіктер

1

1

1

Гранттар

-

1

1

Инфрақұрылым

2

-

-

БАРЛЫҒЫ:

6

6

4

«БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2012-2014 жылдар ішінде 359 жұмыс орны құрылды.

Ал 2011 жылдан бастап «БЖК2020» бағдарламасы «Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау» атты жаңа 4 бағытпен толықтырылды.

Осы бағытта кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша екі күндік тегін оқыту курстары жүргізілді.
Кесте 3. «Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасымен оқу курстарына қатысушылардың саны

Қолдау құралы

2012

2013

2014

Бизнес-кеңесші 1

92

84

84

Бизнес-кеңесші 2

-

6

-

2012 жылдан бастап аудан халқының еңбекпен қамтылуының деңгейін көтермелеу, әл-ауқатын арттыру, жұмыссыздықты азайту бағытындағы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша «Каспий» микрокредиттік ұйымы» ЖШС және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2012-2014 жылдар ішінде барлық сомасы 78,0 млн. теңгені құрайтын 31 шағын несие берілді.

Кесте 4. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында

берілген шағын несиелер

Шағын несие берген ұйымның атауы

2012

2013

2014

бірлік

млн. теңге

бірлік

млн. теңге

бірлік

млн. теңге

«Каспий» микрокредиттік ұйымы» ЖШС

11

24,8

3

9,0

-

-

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

-

-

11

26,8

6

17,4

Барлығы

11

24,8

14

35,8

6

17,4


Шағын және орта бизнес, бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары;

Өзара тиімді ынтымақтастық үшін, ШОБ және ірі компаниялардың өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру;

ШОБ өкілдерін «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы және аймақтық басқа бағдарламаларға белсенді қатысуына ықпал ету.


Әлсіз жақтары:

Кепілдік мүліктің болмауынан несиелерге қол жеткізудің шектеулі;

Банктік несиелердің пайыздарының жоғары болуы;

Кредиттік ұйымдарда құжаттардың ұзақ мерзімде қаралуы;

Ауданда несиелер мен шағын несие беретін екінші деңгейлі банктер мен микрокредиттік ұйымдардың болмауы.


Мүмкіндіктер:

ШОБ саласының белсенді дамуы;

шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің арқасында нарықтық инфрақұрылымның дамуы.


Қауіп-қатерлер:

Жұмыссыздықтың артуы, криминогендік жағдайдың артуы, шағын және орта кәсіпорындарда әлеуметтік жағдайдың төмендеуінен банкроттық әсер болуы.



Сауда.

2012-2014 жылдар ішінде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 345,3 млн. теңгені құрады.

Кесте 1. Бөлшек сауда көлемі


Атауы

2012

2013

2014

бөлшек сауда тауар айналымының көлемі , (млн. теңге)

177,6

477,2

345,3

Бөлшек сауда нақты көлемінің индексі, (%)

4,1

257,6

67,5

Негізгі сауда орындарының 3 елді мекенде: Ақшұқырда - 38, Баутинде - 32 және Форт-Шевченко қаласында - 68.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемінің азайуы байқалады. Себебі, көтерме сауда дамымаған, АЗС, қоғамдық тамақтандыру, дәріханалар, тұрмыстық қызмет көрсетулер, қазіргі сауда форматтың төмен дамығандығы, электрондық сауданың жетілмегендігі, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қажетті деңгейде өнімдермен қамтамасыз ете алмауы және азық-түлік тауарларының сырттан тасымалдануы (80-90%).



Ауданда бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қалыптастыру үшін, сонымен қатар, халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын бөлігін қамтамасыз ету үшін 22 сауда нүктелерімен меморандумға қол қойылды.
Сауда, бойынша SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

жергілікті тауар өндірушілермен көрме және жәрмеңкелер өткізіп отыру.




Әлсіз жақтары:

шығыны бар кәсіпорындардаң болуы;

көтерме сауда, базарлар, тұрмыстық қызмет көрсету, заңды қызмет көрсету, сақтандырулар дамымаған;

күнделікті жұмыс жасап тұрған көтерме сауда орны, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің тауарларын сататын базар жоқ.



Мүмкіндіктер:

бәсекелестер, шкізат жеткізушілер, дайын өнімді тасымалдаушылар және тендерлерге қатысушылар туралы сұраныстар мен ұсыныстар беру үшін ақпараттық банктер құру.




Қауіп-қатерлер:

ішкі рынкта импорттарға тәуелділік;

теңгенің құнсыздауынан әеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасының өсуі;

мұнай өнімдерінің бағасының өсуі;

тасымалданатын азық-түлік тағамдарының, жеміс-жидектердің, дәрі-дәрмектердің бағасының өсуі.



2.1.1.5.Инвестициялар.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2012 -2014 жылдарда 69 млрд. теңгеден 115 млрд. теңгеге дейін, НКИ 117,1% -дан 129,4% дейін өстң (1 –сурет).


1 сурет - 2014 жылдын аудан инвестициясы


Атауы

Негізгі капиталға салынған инвестиция

(мың. тенге)



2012 жылмен салыстырғанда . (%)

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлес салмағы (%)

Тупкараған ауданы

115 911 917

129,4

21,9

2014 жылғы қаңтар – желтоқсанда 2013 жылғы қаңтар – желтоқсанмен салыстырғанда инвестициялардың көлемі 10,5% өсті. Инвестициялардың басым көздері 2014 жылдың қаңтар – желтоқсанында меншікті қаражаттары болып табылады 90,7%. Инвестициялардың технологиялық құрылымында ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 44,4%, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар 40,7%, машиналар, жабдықтар, құралдар, құрал–саймандар 14,9% құрады. Инвестиция салымдарының тартымды саласы 2014 жылдың қаңтар –желтоқсанында инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 97,1% құрайтын өнеркәсіп болып қалып отыр, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 93,6%.



Индустрияландыру картасы. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында ауданда 2010 -2014 жылдар 6 жоба іске қосылды.

«Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС (Кеме жөндеу бойынша қызмет көрсету) Серіктестік 25.03.2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. ҮИИД картасына енгізілген жобасы бойынша Баутин поселкесіндегі кеме жөндеу зауытын 2011 жылдың 1 жартыжылдығын іске қосты. Жұмыс орны 200 адамға есептелген. Түпқараған ауданынан 13 адам жұмыс жасайды. Негізінен заводтың қуаттылығы бір мезгілде 15 кемені жөндеуге мүмкіндігі бар.

«Балықшы» ЖШС (Теңіз операцияларын қолдау базасы) Серіктестік 26.10.2000 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Жобаға сәйкес 2010 жылдың желтоқсанында Баутин (Аташ) поселкесінде Каспий қайраңының солтүстік бөлігінде мұнай, газ кенорындарын барлау және өндірумен айналысатын компаниялар үшін қызмет көрсету. Жұмысшылар вахталық ауысыммен жұмыс жасайды. Кеме тұрағында (причал) «Вагенбург-Казахстан» Б.В компаниясының кемелеріне қызмет кеөрсетеді.

«Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» филиалы (қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерiтiндісін дайындау өндiрiсі)
«КАЗ ЭМ АЙ» біріккен кәсіпорын 2008 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасап келеді. Компанияның құрылтайшылары «ТеңізСервис» ЖШС-51% «Эм-Ай Дриллинг Флюидз-49%. Жоба бойынша 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерiтiндісін дайындау өндiрiсімен Түпқараған ауданында іске қосылды. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап 4 жылға АДЖИП ККО-мен бұрғылау ертінділерін дайындау үшін келісім шарты бар. Негізгі өнім дайындау қуаттылығы жылына 84 000 тонна, қазір соның 20% (16800т) дайындап отыр.
«Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (Теңіздегі мұнай операцияларын қолдау, Каспий өңірінде мұнай-газ саласының теңіздегі және жағалаудағы нысандарына қызмет көрсетуге қабілетті болатын, жобалау, материалдық-техникалық жабдықтау, технологиялық кешендер құрылысы мен қондырғылары саласы) Серіктестік 29.07.2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Ауданда 2011 жылдың 22 сәуірінен бастап теңiз металл құрылымдарының өндiрiсi бойынша 100 жұмысшымен жұмыс жасап отыр.

Ғылыми өндірістік кәсіпорын «Осетр-Аралды» ("Осетр-Аралды" сервистік ауылшаруашылық серіктестігі (Бекіре шикізат фирмасының құрылысын салу) жоба байынша 2012 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Бағдарлама аясында қажетті инфрақұрылым (тоқ,газ - жол) құрылыстары салынды. Өнім беру қуаттылығы 60 тонна.

«Таушық» ауыл шаруашылығы» ЖШС ( жүн өңдейтін цех) 2014

Шығарылатын өнімнің түрі: түйе, қой жүндерін түту, киіз басу, көрпе жасау, түтілген жүндер, басқа да жүннен өндірілген бұйымдар шығару. Цех 2014 жылы іске қосылды. Құны 35,7 млн. теңге. Қуаттылығы 1 жылға 60 мың тонна жүн өнімін өңдеу. Жобаның іске асатын орны: Түпқараған ауданы Таушық селосы.



Инвестиция бойынша SWOT талдау

Күшті жақтары:

Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыратын инвестициялық жобалардың сәтті жүзеге асырылуы;

Бетон мен бетон өнімдерін өндіру көлемінің артуы, ауданның құрылыс индустриясының дамуы;

Қазақстанның машина жасау саласында – кеме жасау, кеме жөндеу машина жасау, кеме қозғалысын басқару жүйесі сияқты жаңа салалардың пайда болуы;

Ауданның энергетикалық қуатының артуы, газбен 99% қамтамасыз етілуі;

Жүзеге асырылатын жобалардағы қазақстандық үлестің артуы;

Құрылыс компанияларының жұмысынан түсетін салық түсімдерінің артуы;

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты жаңа жұмыс орындарының пайда болуы;

жаңадан ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың кәсіпқойлық деңгейінің артуы;

Ауданның әлеуметтік саласын дамытуға ірі және орта кәсіпорындардың қолдау көрсетуі;




Әлсіз жақтары:

Құрылыс материалдарын өндіруге ерекше мән беру, басқа материалдарды өндіруге тиісті деңгейде назар аудармау;

Қолдау базаларын дамытуға арналған инвестициялық жобалардағы қазақстандық үлестің аз болуы;

Тамақ өндірісінің, жеңіл өнеркәсіп салаларының әлсіз дамуы;

Ауданның туризмді, балық шаруашылығын дамыту әлеуетін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу әлеуетін пайдаланбауы;

Ауданның мемлекеттер арасындағы жүк тасымалдау транзиттік артықшылықтарын және фосфорит пен мыс кен орындарындағы шикізат қорын жеткілікті пайдаланбауы (суперфосфаттық тыңайтыштарды өндіру және мысбалқыту өндірісі);

Мемлекеттік инвестициялардың төмен деңгейі;

Ауыз суды өндіру көлемінің қысқаруы;

Мемлекеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен және инновациялық жобаларға қатысу және қаржыландыру деңгейінің төмен болуы.


Мүмкіндіктер:

Ауданда өндірістік қуаттар мен инвестициялық тартымдылықты күшейтуге, тереңірек өңдеу барысында жоғары қосымша құны бар тауарлар шығаруға мүмкіндік беретін қазба байлықтары бар.

ауданда тоқыма, тігу, аяқ киім өнеркәсіптерін дамытуға керекті ауыл шаруашылық шикізаты (жүн,тері) мол.

фосфор кен орындарының болуы болашақта Ақтаудағы істеп тұрған азот тыңайтқыштарын өндіру зауыты негізінде минералдық фосфаттық және суперфосфаттық тыңайтқыштар өндірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.




Қауіп-қатерлер:

дағдарыс қолдау базасының дамуы мен инвестиция құйылуын тежеуі мүмкін;

аудан өндіруші аймаққа айналып, басқа салалардың артта қалуы , содан халық шаруашылығының дамуында инфрақұрылымдық сәйкессіздік туындауы мүмкін.

азық-түліктің басым көпшілігін басқа аймақтардан тасымалдауға тәуелділік оның бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін.



сапасыз ауыз суын қолдану тұрғындар арасында аурулар туғызып, шаруашылықтың басқа да салаларының дамуына кері әсер етуі мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет