Портфолио құрудың мәселелік- тақырыптық ұсыныстары:
мәселелік – тақырыптық портфолио, жаңа үлкен
тақырыпты үйренудің барысында, бөлімде, оқу курсында, мәнжазба жазғанда, ғылыми жұмыста, конференцияға
дайындалу кезінде және т.б. Ол материалдың белгілі бір мынадай тақырыптарына сай келеді:
- мәнжазба тақырыптарының түрлері (баяндама, мақала)
- оқуға керекті әдебиеттер;
- кішкене тақырыпшалар, облыстық мәселелер, зерттеу жоспары;
- пікірталастық көзқарастар;
- фактілер, сандар, статистикалық мәліметтер;
- цитаталар, афоризмдер;
- облыстық пәндердің байланысы;
- зерттеудің қорытындылары;
- зерттеудің шешуші қорытындысы;
- зерттеу әдістері;
- болжамдар мен перспективалар
Жұмыс келесі үлгілер арқылы құрылады: Ең бірінші мұғалім оқытатын тақырыбын айтады, қорғайтын портфолионың
формасын түсіндіреді, жұмыстың берілген тақырыпқа сай жиналған қорытындылары оқушыларға ең басында әр түрлі
деңгейдегі жұмыстар беріледі, яғни таным мен ойлау процестерінің деңгейіне сәйкес беріледі.
Тапсырманың бірдей емес мақсаттары келесі түрлер бойынша ажыратылады:
- жаңа мәліметті енгізгенде (терминдер, фактілер, түсініктер, ережелер). Егер оқушылар оқытылған терминдерді сабақ
барысында қолданса, фактілерді келтірсе, ережелерді айтса ғана ісіңіз нәтижелі болмақ;
- оқытылған материалдың танылуы, оның түсіндірілуі мен құрылу жолын;
- білімдерін практикада немесе жаңа нақты шарттарда қолдану (ережелер мен теориялар);
- материалды талдауда (анализде) жеке элементтердің өзара байланысы мен логикалық құрылымын көрсету. Егер оқушы
өзі көздеген мақсатын және оның өзара қатынасын айыра білсе, оның себебін ұғынса жұмыс нәтижелі болмақ;
- біріктіруде (синтезде), жекеленген элементтерді біртұтасқа біріктіру іскерлігі. Егер оқушылар әр түрлі тақырыптағы
мәселелерді қозғай отырып шығармашылық табысқа жетсе, онда сіздің жұмысыңыз нәтижелі болды деген сөз. Мысалға:
белгілі бір тақырыпқа жазылған мәнжазба, эксперименттің жоспарын құру, орындау және белгілі бір талаптарға сәйкес
бағалау.
- егер оқушы талаптарды негізге ала отырып, осы талаптардың әр түрлі жақтарын салыстырып, берілгені бойынша
қорытындыларды талқыласа және өзара фактілердің арасындағы айырмашылықтарды байқай білсе, онда тағы да сіздің
жұмысыңыздың еш кетпегені.
Бұл тапсырмаларды белгілі американдық психолог Б.Блуманың негізінде құрылды. Бұл тапсырмалар
портфолионың мазмұны мен жауаптарын құрайды. Тапсырманың әр түрлі деңгейіне қарай белгілі бір баллдармен
бағаланады. Берілген тапсырмалардан оқушылар өздеріне керектісін ала алады, қалың қою жазумен немесе жұлдызша
белгісі салынған тапсырмаларды орындау міндетті, яғни сынақтан өту қажет. Оқушылардың мүмкіндіктерінше
тапсырмалар деңгейіне қарай орындалады. Тапсырмаларды орындауына қарай рейтингтік баллдар қойылады, рейтингтік
баллдар оның алдыңғысындай немесе тапсырманы орындай алу қабілетіне байланысты. Рейтингтік балл-оқу
қорытындысның айнасы. Кейбір тапсырмаларда портфолионың талаптарына сай оқушының өзін-өзі бағалауы ұсынылды.
Бұл тапсырмалар өте жоғарғы деген баллдармен бағаланды, тексеріс көрсеткіштері бойынша оқушының рефлекстік даму
қабілеті және ойлауының жоғарғы болғандығын анықтайды. Балаларда портфолионы бағалау әдістерін ұсынды:
тапсырманың санына, олардың қабілет деңгейіне, өз бетінше тапсырмаларды орындауы және қосымша әдебиеттер
қолданылуына байланысты. Портфолионы тексергеннен кейін оқытушыға портфолио көрсетілімі (презентация)
ұйымдастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |