Сабақтың мақсаты:
Далалық жағдайда топырақтың гранулометриялық
құрамын анықтау
әдістерін үйрену.
Тапсырма:
1.
Н.А.Качинский
бойынша
топырақтың
механикалық
элементтерінің
және
гранулометриялық құрамның жіктеуімен танысу.
2. Топырақтың гранулометриялық құрамын танап басында ылғалды әдіспен анықтауды
игеру.
Көрнекті құралдар:
топырақ үлгілері, дистелденген су, фарфор ыдысы.
Қолданылатын оқулықтар:
1. Елешов Р.Е., Елемесов Ж.Е., Мухаметкаримов Қ.М. Топырақтану практикумы. Алматы,
2012.
2. Кенжегулова С.О. Топырақтану оқу құралы. Астана, 2016.
3. Кауричев И.С. Практикум по почвоведению. Москва, 1986.
Топырақ қатты, сұйық және газ тәрізді фазалардан тұратын күрделі жүйе.
Топырақтың сұйық фазасын оның ертіндісі, газ фазасын ауасы, ал қатты фазасын негізінен
минералды бөлшектер құрайды.
Топырақтың қатты бөлігін размерлері әр түрлі болатын бөлшектер құрайды. Осы
бөлшектердің жинтығын механикалық элементтер деп атайды.
Пайда болуына байланысты
олар, минералдық органикалық және органо-минералды деп бөлінеді.
Топырақтағы мехникалық элементтерді Н.А. Качинский төмендегідей топтарға
жіктеген.
1- Кесте, Топырақтағы механикалық элементтерді жіктеу
Механикалық элементтердің атауы
Көлемі, мм
Тас
>3
Қиыршық тас
1-3
Құм
ірі
1 - 0,5
орташа
0,5 – 0,25
ұсақ
0,25 – 0,05
Шаң
Ірі
0,05 - 0,01
орташа
0,01 – 0,005
ұсақ
0,005 – 0,001
Тозаң
ірі
0,001 – 0,0005
майда
0,0005 – 0,0001
Коллоидтар
< 0,0001
Механикалық элементтер өзіне тән физикалық қасиеттермен сипатталады. Тау
жыныстарының физикалық үгілу өнімдері болып тасты-қиыршық
тасты механикалық
элементтер саналады және олар әрі қарай ұнтақталады.
Құмды механикалық элементтер де кристалды жыныстар мен минералдардың
физикалық үгілуінің өнімі (кварц,
дала шпаты, слюда ж.т.б.). олардың су сіңіргіштігі өте
жоғары, су ұстау қасиеті жоқ, борпылдақ сусымалы және байланыстылығы байқалмайды.
Ірі шаң майда кварц бөлшектерінен тұрады және физикалық үгілудің
соңғы сатысы
болып саналады. Орташа шаң аморфты фморфты кремнеземнен тұрады және химиялық
үгілудің өнімі. Майда шаң коллоидқа жақын күйде тұрады. Шаңды механикалық элементтер
қалыпты су сіңіргіштік пен байланыстылыққа ие, су сіңіргіштігі жеткілікті, қылтүтікшелігі
жоғары.
Тұнба фракцияның негізгі бөлігі коллоидты түрде кездеседі.
Тұнба топырақтың ең
белсенді бөлігі, бұл механикалық элементтер көбінесе екіншілікті балшықты минералдардан
тұрады және олар химиялық үгілу кезінде пайда болады.
Размерлері 0,01 мм-ден үлкен механикалық элементтер физикалық құм, ал 0,01 мм-
ден кішілері физикалық балшық деп аталады. Размерлері 1 мм-ден үлкен
бөлшектер
топырақтың қаңқасын (тас бөлігін), ал 1 мм-ден кіші бөлшектер топырақтың майда бөлігін
құрайды.
Топырақтың гранулометриялық құрамын Н.А. Качинский, ондағы физикалық балшық
пен физикалық құмның салыстырмалы көрсеткіштері арқылы жіктеген болатын.
2- Кесте Топырақтың гранулометриялық құрамының жіктелуі
Физикалық балшық мөлшері (0,01мм-ден кіші
бөлшектер), %
Гранулометриялық
құрамның атауы
Дала аймағы топырақтары Кебір
және
өте
кебірленген топырақтар
0-5
0-5
борпылдақ құм
5-10
5-10
біріккен құм
10-20
10-15
құмайт
20-30
15-20
жеңіл құмбалшық
30-45
20-30
орташа құмбалшық
45-60
30-40
ауыр құмбалшық
60-75
40-50
жеңіл балшық
75-85
50-65
орташа балшық
> 85
> 65
ауыр балшық
Топырақтың гранулометриялық құрамын анықтаудың екі түрлі әдісі бар: далалық және
лабораториялық
Достарыңызбен бөлісу: