Бағдарлы оқытудың мақсаты – Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына сәйкес оқыту жүйесін «білім алушыларды кәсіптік білімге дейінгі дайындыққа бағдарлауды жүзеге асыру үшін білім мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіпке бағдарлау негізінде» құру.
Бағдарлы оқытудың міндеттері: Білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарға қол жеткізуіне ықпал ету. Ол Қазақстан азаматының сындарлы рөлі секілді базалық құзыретті арттыру, оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту сипатында жүзеге асырылады.
Оқушыларды 11-12-сыныпта оқытып-үйрету мазмұнын және оның процесін саралау үшін нормативтік, ұйымдық және педагогикалық жағдайлар жасау, жалпы орта білім берудің жеке оқу жоспарларын жобалау мен жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру.
Оқушылардың өз қабілет-қарымына, мақсат-мүддесіне және талап-тілегіне сәйкес сапалы білім алуына ықпал ету.
Орта және кәсіби білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету.