Бағыты: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі1,4 Mb.
  1   2   3
Бағыты: Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

Тақырыбы: «Мектеп ережесін сақтайық!»

Мақсаты: Оқушыларды білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін тексеру. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Оқушылардың ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, слайд.
Жоспары:

І. Кіріспе

«Білім керек бәріне!»

ІІ. Оқушы анты

Оқушы ережесі

Оқушының сабақтағы міндеттері

ІІІ. Көрініс «Кім кінәлі?»

ІV. Озық ойлы оқушы

V. Қорытынды
Мұғалім: «Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі» демекші, оқушылар, бүгінгі жиынымыздың тақырыбы: «Мектеп ережесін сақтайық!». Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.

Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала ортаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ал ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларың керек.


І. «Білім керек бәріне!»

Мұғалім: Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы. Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сендер де білімді болсаңдар,өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар!Мектеп, оқу, білім туралы оқушылардың өлең-тақпақтарына кезек берейік!


1. Жансая

Мектеп қамқор анамыз,

Оқып, білім аламыз

Өнерпаз боп өсетін,

Біз оқушы боламыз!

Мектеп анам бүгінде,

Мектеп алтын босағам

Мектеп берген біліммен,

Марқаяды жас ұлан.
2. Қайрат

«Кітап білім бұлағы,

Білім өмір шырағы»-

Осы мақал мәнісі

Қалай?-деп інім сұрады.

Болғың келсе білімді,

Кітаппен достас мәңгілік

Жадында білім жаңғырып

Оятар сана сезімді

Танырсың жатты, өзіңді

Ашарсың сөйтіп көзіңді.
3. Аружан

Алақай - ау, Алақай!

Алақай - ау, Алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай

Осыдан да көлемді,

Оқи алам өлеңді.

Бардым мен мектепке.

Оқушымын мен енді!
4. Ерболат

Корабльді басқарып,

Көк жүзінде самғасам.

Тауды бұзып тас жарып,

Мұхиттарды жалғасам.

Табындырар бар елді,

Ғажап елдер сала алсам

Жасартатын әжемді,

Дәрі ойлап таба алсам.
ІІІ. Оқушы анты


  • Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.

Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын.

Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, - деп ант етемін.


Оқушы ережесі

1. Қуаныш: Ай күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.

2. Нұрлыбек. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «Ассалаумағалейкум»-деп қос қолды беріп сәлемдесу. Қыздар сәл еңкейіп, «Сәлеметсіз бе?»- деу қажет).

3. Бағжан:. Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату. Әкеңді, шешеңді - деп балағаттау дөрекілік екенін есте сақтау.

4. Қайсар: Қыздар шашты өсіру кеспеу. Қыз ернін, бетін, көзін боямау.

5. Шарқат: Үлкеннің жолын кеспеу.

6. Ақниет: Үлкеннің атын атамау.

7. Нұрбек: Үлкенге үнемі «сіз»- деп сөйлеу.

8. Нұрсая: Ер балалар үнемі шашты қырғызып алғызу.

9. Рүстем: Өзіне көрсетілген жақсы қызметке ілтипатпен, рақмет айтуды ұмытпау.

10. Ақерке: Қоштасар сәтте, «сау болыңыз, келесі кездескенше»- деп, адал тілек, ақ ниет білдіру.

11. Әсел: Қыздар үшін ұл балаларды «ит - шошқа, иттің баласы»деп балағаттамау.

12. Нұрдана: Ұрлық жасама, өсек, өтірік айтпай, ондайлар ұлттық намысы қорлаған болып шығады.
Оқушының сабақтағы міндеттері:

1. Барақ: Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс.

2. Нұрлыбек: Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады.

3. Бағжан: Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді.

4. Олжас: Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек.

5. Ақниет: Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек.

6. Мұхамбет: Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады.

7. Әлия: Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады.

8. Амандық: Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды.

9. Дария: Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді.

10. Қарақат: Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады.

11. Сая: Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек.

12. Мирас: Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.
Көрініс: «Кім кінәлі?»

(Оқушылар көрінісі қояды және сұрақтарға жауап беру арқылы ойды түйіндейді).


«Озық ойлы оқушы»

1. Тұңғыш әліппе оқулығын кім жазды?

2. Бір жанұядағы ағайынды екі баланың әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар, сонда барлығы қанша?

3. Мұз айдынында 12 бала сырғанап жүр еді. Екі ұл үйіне кетті де, бес қыз келді. Енді неше бала сырғанап жүр?

4. 1 жылда неше ай бар? Ал, 1 аптада неше күн бар?

5. 1дм неше сантиметр бар?

6. Сөйлем дегеніміз не?

7. Қасиетті 7 қазынаны ата?

8. Ауа қай жерлерде тұрады?
«Қара жорға» биі
Шығармашылық жұмыс

Мұғалім: - Білім алуға көмегін тигізген ата - анаңа, ұстаздарыңа сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер? (Бір - бір тілек).

Қорытынды.

Мұғалім:

-Оқушылар ХХІ – ғасыр – білім ғасыры. Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өткенімізді түсінетін, болашағымызды сеніммен қарайтын азамат болып өсіңдер!

Бүгінгі жиынымызды «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймыз.

Ақыл керек білім таңдап аларға,

Білім керек іске жақсы қарарға

Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,

Білім жарық, нұрын саған шашатын

Білікті тыңда ақылдың бұлағы

Білімді сөз – шырын жанның құнары

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?

Олай болса, уысыңнан шығарма

Тартар күйік, ет кескендей етінен

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде

Өмірімен қуантады түбінде
Мұғалім: - Олай болса, «Мектеп ережесін сақтайық!» - атты жиынымызды аяқтаймыз. Құрметті оқушылар, зейін қойып тыңдағандарыңа алғыс білдіреміз! Жақсы қатысқандарыңыз үшін бәріне рақмет! Сау болыңыздар!

М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебі


Тақырыбы: «Мектеп ережесін сақтайық!»


Өткізген: Өтегенова Ә.

Бекешова Қ.
2014-2015 оқу жылы

«Мектеп ережесін сақтайық!» атты жиынның сәттері:




Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу