Бағыты: Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу


Шаңырақ дөңгелегінің сыртқы шеңберінің ұзындығы «Ш»



бет4/9
Дата13.01.2022
өлшемі170,5 Kb.
#111546
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
киіз үй

Шаңырақ дөңгелегінің сыртқы шеңберінің ұзындығы «Ш»

Киіз үй сүйегінің барлық мүшелерінің сандық мәні шаңырақ дқңгелегінің ұзындығы «Ш» және шаңырақ өлшемі «А» санының көмегі арқылы жасалады. Үйшіге керегі бір сан, ол кереге саны «К».

Үй жасатушы Үйшіге қанша қанат үй жасатқысы келсе, ол өзінің «А» санын кереге санына көбейтіп, шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады.

Ш= КА

Мысалы: тапсырыс берушіге 16 қанат үй керек болса, үйші 16 санын 1метрге көбейтіп, шаңырақ шеңберінің ұзындығын табады. Біздің мысалымызда16x1=16метр.

16 қанат үй шаңырағының диаметрі (С=пД); Д = 16:3,14 =5,09 м.

Киіз үй шеңберінің ұзындығы «Сүй»

Кереге саны арқылы шаңырақ өлшемін, ал шаңырақ өлшемі арқылы үй шеңберінің ұзындығын анықтауға болады дедік. Оқушыларға түсінікті болу үшін мысалымызды тағы бір пысықтап өтелік.

Мысалы: 16 қанатты үй жасау керек болды делік.16 санын «А» мәніне көбейтеміз де, шаңырақ шеңберінің ұзындығын анықтаймыз. Біздің қабылдауымызда «А» саны 1 метрге тең. Демек,16 қанатты киіз үйдің шаңырақ шеңберінің ұзындығы16х1=16 м.

Қазақ халқының күнделікті тұрмыстық тәжірбиесінде үйдің бел арқанын ширатқан әйелдер оның ұзындығын шаңырақ шеңберінің ұзындығынан үш есе ұзын етіп өлшеп алып, оның үстіне киіз үй босағасына арқанды байлайтын артықтарын қосып есетіні белгілі.

Демек, екі метрдей артық есілсе,16қанат киіз үйдің белдеу арқаны : (16х3)+2 м=50 м.

Киіз үй шеңберінің ұзындығы шаңырақ шеңберінен үш есе артық.

Сүй= 3Ш + Т

Т тұрақты сан, киіз үй есігінің ені, 130 см

16 анат киіз үй шеңберінің ұзындығы: 6

Сүй= (3х16)+1,30 = 49,30 м.

Кереге саны «К» үй иесінің қалауы бойынша анықталады.

К = Ш:А

«А» саны бірге тең болған жағдайда кереге саны шаңырақтың метрлік өлшем санына тең болады.

Мысалы: Үй иесі шеберге (үйшіге) 16 қанатты үйге сұраныс жасады делік.

Кереге саны 16.

Шебер, шеңберінің ұзындығы 16 м, шаңырақ дайындауға кіріседі.

Шаңырақ диаметрі: (С=пД); Д= 16:3,14 =5,09 м.

Үй шеңберінің ұзындығы: Сүй= (3х16)+1,30 = 49,30м

Осылар арқылы киіз үй сүйегінің қалған мүшелерінің өлшемдері анықталады.

Кереге биіктігі

Жайылған кереге биіктігі к) шаңырақ шеңберінің ұзындығының (Ш) бестен бір бөлігіне тең.

Һкер= Ш:5

Жайылған кереге ұзындығы(Жкер)

Жайылған кереге ұзындығы үш шаңырақ өлшеміне тең.

Жкер= 3А

Жайылған кереге ұзындығы: Жкер=3 х 1 = 3м.

Жайылған кереге ұзындығын одан әрі ұзарту көші-қон шаруаларына ыңғайсыздық туғызып, әрі кереге сүйегін ауырлатып жібереді. Тәжірибе жүзінде алты, жеті қанатты киіз үй керегелері 290-295 сантиметр шамасында болады.

Уық иінінің бұрышы

Зерттеу тәжірбиелерінің нәтижесінде уық пен еден жазықтығының арасындағы бұрыш 45 градусқа жуық екені байқалды.

7

Кейбір зерттеу жұмыстарында бұл бұрышты 60 градусқа, 70 градусқа тең деген қате пікірлер кездеседі.Ол бұрыш 45 градустан үлкен болса, үй тым шошайып,сәнсіз болып көрінер еді. Ал бұрышты сол мөлшерден азайту шық-



шылау, жаңбырлы кездерде үйге тамшы таму мүмкіндігін көбейтеді.

Уық ұзындығы «Уұ»

Уық ұзындығы тең қабырғалы тік бұрышты үшбұрыштың гипоенузасы ретінде анықталады.Рүй - үй радиусы.Ршаң - шаңырақ радиусы.

УхУ= 2 (Руйшан)2

Мысалы: 16 қанат киіз үй уығының ұзындығын табалық.

Қанат саны-16

Шаңырақ шеңберінің ұзындығы Ш=16 м

Шаңырақ диаметрі (С=пДш); Дш= 16:3,14= 5,09 м.

Шаңырақ радиусы(Рш) Рш= 5,09 :2 =2,55

Киіз үй шеңберінің ұзындығы Сүй= 3Ш+Т = (3 х 16 ) +1,30 = 49,30 м.

Киіз үй диаметрі Дш= 49,30 :3,14 = 15,70 м.

Киіз үй радиусы Рүй = 15,70 :2 = ?,85 м.

Уық ұзындығы: УхУ = 2 (Рүй - Ршаң)2

УхУ = 2(7,85 – 2,55)2=56,18

У = 7,5 м.

Уық иіні «Уи» кереге биіктігінің үштен біріне тең.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет