2.2 Зиянды тағамдардың оң және теріс жақтары Кока-кола сусынында ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын – шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз.
Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді.
Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже көрсетеді.
Кока- кола дақты және иісті жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.
Зиянды тағамдар тақырыбын зерттеу барысында, мен бұл құбылыстың оң жақтарын тапқым келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге қажетті ештеңе таба алмадым. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедім. Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.
Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгенім, барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады – олардың ойынша жылдам тамақтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды.
Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық.
Жылдам дайындалатын тамақ өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ.
Зиянды тағамдар майларды қосу арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету қауіпі жоғары.Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері әсер береді.
Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы жоқ.