Бағыты: химия Орындаған: 7 сынып оқушысы Намаз Ақерке Ғаниқызы


Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары



бет9/10
Дата15.02.2023
өлшемі474,91 Kb.
#168862
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
031 02.12.22

3.3 Қазақ тағамтану академиясының зерттеу қорытындылары
Қазақ тағамтану академиясы бірқатар зерттеу жүргізген екен. Нәтижесінде, оқушылардың сүт өнімдерімен өте аз тамақтанатыны анықталып отыр. Ал небір тәттілер, жылдам даярланатын тағамдар балалар арасында артық салмақ қосып, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруына шалдыққандар санын соңғы кезде айтарлықтай өсірген. Бүгінгі таңда әрбір үшінші оқушының салмағы артық. Балалар денсаулығына алаңдаған мамандар шоколад пен газды сусынның орнын жеміс пен сүт өнімдеріне алмастыруға кеңес береді. Өйткені жасөспірімдер ағзасында кальцийдің жетіспеуінен сүйектің морт сынғыштығы белең алуда. Уақытында дұрыс тамақтанбаған баланың есте сақтау қабілеті де нашарлайды екен.
Юрий Синявский, Қазақ тағамтану академиясының вице-президенті:
– Сүт өнімдерінің құрамында ақуыз, кальций, дәрумендер көп. Ол остеопороздың, асқазан-ішек жолдары ауруларының алдын алып, адам ағзасы қорғанысын күшейтуге көмектеседі. Балалар сүт, сүзбе, айран, йогуртпен қатар күнделікті түрлі жемістер мен көкөністерді тұтынуы тиіс,-деп мәлімдеді.
Өндірушілердің өз рецептерін қатаң құпияда сақтауы тегін емес. Ол былай жұртқа мәлім болса, адамдардың қатары азаяды немесе олар мұндай тағамнан сөзсіз бас тартар еді. Жасанды дәмі тіл үйіргенмен, оның ағзаға тигізер пайдасы жоқ. Қатерлі ісіктерге алып келеді», — деді ол.
Қорытынды
«Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім».
Зиянды тағамдарды тұтынушыларға кеңестер:

  • Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға жиі бармағаныңыз жөн

  • Өзіңізді жылдам тағам орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз

  • Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз

  • Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз.

  • Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.

Менің ұсынысым:

  • өнімді аларда мұқият этикеткасын қарап танысыңыз

  • өнімнің тым ашық түстілерін алмаңыз

  • ұзақ мерзімге созылған өнімді алмаңыз

  • құрамы аз болса, дәмдеуіштері мен қоспалары да аз екенін көрсетеді

  • егерде сол өнімге қызықсаңыз оны қолдану мөлшерін азайтыңыз

  • кириешки мен чипсы кішкентай балаларға ұсынбаңыз

  • асқазан және ішек аурулары бар оқушыларға мүлдем қолдануға болмайтынын ескеріңіз.

Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым және қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды байқадым. Бұрын чипсының, кириешкидің құрамында не бар екенін білмейтінмін. Сондай – ақ коко – кола сусынының қалай жасалатынын білмеген едім. Қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде сусынның соншалықты қауіпті екендігіне көзім жетті. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының көпшілігінің семіздікке бой алдыра бастағанын байқауға болады. Барлығы да жеңіл әрі тез әзірленетін тағамдардың пайдасы мен үнемділігін ғана алға тартады. Ал оның зияны жайлы айтатын ешкім жоқ. Тіпті тұмаумен ауырып, артритке шалдығып, үлкен күйзеліске ұшырап жатса да оны өзі тұтынатын аспен байланыстыруды ойламайды да. Бекер, себебі «ауру - астан» немесе «өз ауруыңды табағыңның түбінен ізде» деп бекер айтылмаса керек. Бұл мәселе қазіргі таңда әлем қасіретіне айналған ЖИТС – тен кем түспейді. Мұның себебі адамды ішінен улайтын тағамдар ерекше қамқорлыққа алынып, тыс мөлшерде жарнамалануында.
Егер сіз тағамның ағзаға кері әсерін түсініп, тәуелділік ауруын сезінсеңіз осы кеңестер сізге қажет болар.
Біріншіден бас тартыңыз. Осындай тағамдарды күніне 1 рет жеңіз, кейін жұмасына 1 рет , одан кейін мүлдем бас тарта аласыз.
Екіншіден, егерде сіз бір дәмханада тамақтануға үйреніп қалсаңыз және де сіздің уақытыңызды үнемдеуге ыңғайлы болса, калорийі жоғары емес, майлы емес тағамдармен тамақтаныңыз.
Үшіншіден түнге қарай жеу - бұл сіздің асқазаныңызға қылмыс екенін есте сақтаңыз. Егер сіз күні бойы тамақ ішпей, жұмыс күнінің аяғында қарныңызды тойғанша толтырсаңыз, бұл сіздің асқазаныңызға өте ауыр жүк.
Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет