Бақылау жазудың үлгілері



Дата07.02.2022
өлшемі24,27 Kb.
#93012
Байланысты:
Бақылау жазудың үлгілері


Газ щығатын түтікті колбаның түбіне дейін жеткізіп колбаға көмірқышқыл газын толтыру (10-15 мин.). Колбаны тығындап (колбаны бастапқы өлшегендей етіп тығындаған жөн) қайта өлшеу. Колбаның ішіндегі ауа толығымен ығыстырылғанына және колба көміртек (IV) оксидіне толғанына көз жеткізу үшін, колбаны өлшеп алып тағы да бірнеше минут (5 мин) колбадағы газ шығатын түтік арқылы көмірқышқыл газ жіберіп, колбаны қайтадан өлшеу керек. Бұл тәжірибе колбаның массасы тұрақты болғанға дейін қайталана береді. Ішінде көмірқышқыл газы бар колбаның массасын жазып алыңдар.
Колбаға тығынына дейін су толтырып, ол судың көлемін өлшеуіш цилиндрмен өлшеп, колбаның көлемін анықтау. Нәтижесін жазып алу. Тәжірибе кезіндегі барометр мен термометрдің көрсеткіштерін белгілеп, жазып алу.


Бақылау жазудың үлгілері



  1. Ішінде ауасы бар (тығынмен) колбаның массасы – m1 (г).

  2. Ішінде көміртек (IV) оксиді бар (тығынмен) колбаның массасы – m2 (г).

  3. Колбаның көлемі – V (мл).

  4. Қысым – P (кПа)



Тәжірибе нәтижесінің қорытындысын шығару



  1. Мына формула бойынша колбадағы ауаның көлемін (V) қалыпты жағдайға (T0= 273 K, P0=101.3 kПа ) келтіру, мұнда V колбаның көлемі, Р – атмосфералық қысым, T – абсолюттік шкала бойынша бөлме температурасы, Р0 – қалыпты қысым, Т0 – 273 К-ға тең

  2. Қалыпты жағдайда 1 л ауаның массасы 1,29 г болатыны біле отырып, колбадағы ауаның массасын m1 есептеп шығару.

  3. Қалыпты жағдайда 1 л сутегінің массасы 0,09 г болатынын біле отырып, колбадағы сутегінің массасын m4 есептеп шығару.

  4. Колбадағы көміртек (IV) оксидінің массасын есептеу:

, г

  1. Сутегі бойынща көміртек (IV) оксидінің тығыздығын есептеу:





  1. Көміртек (IV) оксидінің салысчтырмалы молекулалық массасын есептеу:



  1. Тәжірибе кезінде кететін аздаған қатенің процент мөлшерін (салыстырмалы қате) есептеу:






Лабораториялық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар



  1. Газ күйін қандай шамалар сипаттайды?

  2. Массаның, көлемінің, қысымының және температурасының СИ- системасындағы өлшем бірліктері қандай?

  3. Идеал газ дегеніміз не? Реал газ дегеніміз не? Ван-дер-Ваальс теңдеуін жазыңдар. Қандай жағдайда идеал газдар үшін қорытылған газ заңдарын, үлкен қателіксіз реал газға қолдануға болады?

  4. Универсал газ тұрақтысы дегеніміз не? Оның физикалық мәні қандай? Өлшем бірліктері қандай?

  5. Газдардың сол сияқты буға оңай айналатын сұйық және қатты заттардың салыстырмалы молекулалық массасын қалай анықтауға болады?

  6. 1 л газдың қалыпты жағдайдағы массасы 1,43 г. Газдың мольдік массасы неге тең?

  7. 21 -та және 96,23 кПа қысымда 1 л газдың массасы 2,52 г. Газдың сутегі бойынша тығыздығын және салыстырмалы молекулалық массасын табыңдар.

  8. 250 г кальций карбонаты айырылғанда бөлінген көміртек (IV) оксиді 18 -та және 98 кПа қысымда қандай көлем алады?

Өзіңдік бақылау үшін тест тапсырмалары





  1. Элемент гидрид түзеді, оның құрамында массалық үлесі 75 элементтің эквиваленттік массасын анықтаңдар:

А) 5 г/моль
В) 8 г/моль
С) 6 г/моль
D) 12 г/моль
E) 3 г/моль



  1. Элемент гидрид түзеді, оның құрамында суттектің массалық үлесі 8,87%. Элементтің эквиваленттік массасын анықтаңдар:

А) 10,3 г/моль
В) 12,11 г/моль
С) 15,16 г/моль
D) 8 г/моль
E) 5 г/моль



  1. Массасы 5г металл жанғанда, 9,44 г металл оксиді түзіледі. Металдың эквиваленттік массасын анықтаңдар:

А) 5 г/моль
В) 4 г/моль
С) 9 г/моль
D) 12 г/моль
E) 8 г/моль



  1. Массасы 2,18 г қышқылды нейтралдауға массасы 2,49 г KOH жұмсалды. Қышқылдың эквиваленттік массасын анықтаңдар:

А) 49 г/моль
В) 55 г/моль
С) 63 г/моль
D) 98 г/моль
E) 27 г/моль

  1. Массасы 2 г металл 17,78 г броммен және 3,56 г күкіртпен әреккеттеседі. Күкірттің эквиваленттік массасы 16 г/моль. Металдың және бромның эквиваленттік массаларын анықтаңдар:

А) 27 г/моль 160 г/моль
В) 9 г/моль 80 г/моль
С) 23 г/моль 80 г/моль
D) 64 г/моль 80 г/моль
E) 56 г/моль 40 г/моль



  1. Массасы 2 г көмірсутек жанғанда, 26,4 г CO2 түзілді. Көмірсутек буының сутек бойынша тығыздығы 42. Заттың молекулалық формуласын табыңдар:

А) C2H2
В) CH4
С) C6H12
D) C2H6
E) C6H6



  1. Массасы 2 г көміртекпен сутектен тұратын зат толық жанғанда 4,8 г су түзіледі. Осы заттың қарапайым формуласын табыңдар:

А) C2H6
В) C2H4
С) C6H6
D) CH4
E) C6H12



  1. Темір нитратындағы азоттың массалық үлесін есептеңдер:

А) 19,2 %
В) 25,3 %
С) 17,4 %
D) 30 %
E) 5,6 %



  1. Көлемі 0,025 л оттекте қанша моль бар (қ.ж.):

А) 22,4·10-2 моль
В) 2,42·10-3 моль
С) 0,24·10-1 моль
D) 0,40·10-1 моль
E) 1,12·10-3 моль



  1. Газдың сутек бойынша тығыздығы 17,5 тең. Осы газдың 1 литрінің массасы қандай:

А) 3,16 г
В) 4,12 г
С) 1,56 г
D) 2,22 г
E) 5,62 г

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет