Бақылау картотекасы Картотека №1 Қар ұшқындарын бақылау Мақсаты



Дата17.04.2020
өлшемі42,11 Kb.
#62947
Байланысты:
Бақылау картотекасы


Бақылау картотекасы

Картотека №1

Қар ұшқындарын бақылау

Мақсаты:Қар ұшқындарының әртүрлі формада болатынына назар аудару; Салыстыра білуге үйрету, танымдық белсенділіктерін дамыту.

Бақылау барысы

Көркем сөз: «Суретші қыс» К. Нүсіпов

Қонақтайды бақтарға,

Ақ көбелек, ақ мамық.

Аунап таза ақ қарға,

Балалар жүр мақтанып.

Тазарып бар кір, шаңнан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан,

Сурет сала бастады.

Балаларға сұрақтар:

Жауған қар қандай?

Ұшқан қарды алақандарыңа қондырыңдар, қар ұшқындары қандай?

Жақсылап қараңдаршы, қардың әр ұшқыны әртүрлі өрнекте екенін көреміз. Байқадыңдар ма?.

Зерттеу жұмысы Алақандағы қар неге ериді?

Қардың қай жерде, алақанда ма, әлде қолқап сыртында ма тез еритінін бақылау. Неге? Қар ерігенде не пайда болады?



Картотека №2

Желді бақылау.

Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру . өлі табиғат туралы білімдерін байыту;

табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Бақылау барысы

Көркем сөз: Ұйытқыма жел Ө. Ақыпбекұлы

Ұбырып-шұбырып,

Ұйтқиды құбылып.

Ұлпадай ақ қарды,

Ұршықтай үйіріп.

Ұлиды қасқырдай,

Ұйтқып көз аштырмай.

Екпіндей соғады,

Алдыға бастырмай.

Баларға сұрақтар

Бүгін ауа райы қандай? (суық, желді, аязды)

Қыс мезгілінде желді қалай атайды? (боран,үскірік)

Бүгін жел қай жақтан соғып тұр? Оны қалай анықтауғаболады?(компаспен, зырылдауықпен)

Жел қалай пайда болады?

Тәрбиеші түсіндіреді: Күн ауаны бірдей жылытпайды, бір жерде-жылы, бір жерде-суық. Жылы ауа жоғары көтеріледі, суық ауа төмен түседі. Ауаның осындай қозғалысынан жел пайда болады.



Картотека №3

Көшедегі машиналарды бақылау.

Мақсаты: Көшедегі машиналардың жүрісін бақылау.Олардың түрлерімен таныстыру.Машина адам үшін , уақытын үнемдейтіндігімен түсіндіру.Машинаға қарсы жүгірмеу, көше тәртібін дұрыс сақтап жүруге үйрету. Автомобильдер туралы білімдерін бекіту, оларды түрлері бойынша ажырата білу, жолда жүру тәртібі туралы білімдерін кеңейту.

Бақылау барысы

Көркем сөз: «Тәртіп керек баршаға» Е.Елубаев

Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа.

Көшеден өтер кезіңде,

Абайлап қара жан-жаққа,

Келе жатқан көлікке,

Жол бер, өтсін, асықпа!

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:

Балабақша жанындағы жолдан өтетін қандай көліктерді білесіңдер?

Барлық көліктерді қандай топтарға бөлуге болады? (жеңіл, жүк, қоғамдық, арнайы көліктер)

Көліктер қоршаған ортаға қандай әсер етеді? (ауаны түтіндерімен, асфальт бетін бензин тамшыларымен ластайды)

Көліктердің қандай пайдасы бар? (адамдарды, жүктерді қажет жеріне тез апарады)



Картотека №4

Суықторғайды бақылау

Мақсаты:

Балалардың құстар туралы білімдерін толықтыру;

Салыстыру, талдау, қортынды жасай білу туралы білімдерін толықтыру.

Бақылау барысы

Көркемсөз А. Меңдібай

Қарағай мен шыршаның

Суықтан дені тоңып тұр.

Бұл не ғажап қарасаң,

Қайыңда алма өсіп тұр!

Жақын келіп қарасам,

Көзіме өзім сенбедім-

Алқызыл болып көрінген,

Әнші құсы орманның

Суық торғай сен бе едің?


Суықторғайлар немен қоректенеді? (өсімдіктермен, дәндерімен)

Картотека №5

Қара қарғаны бақылау

Қарғалардың қысқы тіршілігін бақылау;

Басқа құстардан айырмашылығын табу. (сыртқы түрі, дауысы, жүрісі).

Бақылау барысы

Көркем сөз :

Құстар қыста тоңады Ө. Ақыпбеков



Мақсаты:

Құстар қыста тоңады,

Жоқ киетін ішігі.

Желде қатты соғады,

Қарды көзге ұшырып.

Қалатындай қайта ұшпай,

Ұя тапса шаттанып.

Жем іздейді байғұстар,

Қардың астын ақтарып.

Балаларға сұрақтар:

* Балалар, сендер қарғаның қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме? (қар...қар).

* Қарғаның түсі қандай?

* Оның басқа құстардан қандай айырмашылығы бар?

* Иә, қарға қыстап қалатын құс. Ол көбіне ағаштың басына шығып, айналаны бақылап отырады. Қарғаның мамығы қалың, тұмсығы мықты болады. Қарғалар ешқандай тамақ талғамайды, көзіне түскендердің бәрін: дәндерді, тұқымдарды, жәндіктер мен құрттарды, тіпті ұсақ жәндіктер мен құстарды да жейді.



Картотоека №6

Қардың түсуін бақылау

Мақсаты:

- Қардың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру;

Қардың түсуі туралы білімдерін молайту;

әдемілікке деген сезімдерін тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Т. Молдағалиев

Жауа-жауа, қар жауып көп,

Шұқырларға толады.

Иығыңа қонады кеп,

Мойныңа да қонады.

Жауып бітер қарды тосып,

Үйіңе де сыймайсың,

Табиғаттың ақ көрпесін

Басуға да қимайсың
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

Ауа-райы қандай болғанда қар жабысқақ болады?

Аяқ астында қар неге сықырлайды?

Қар неге ұлпа болады?

Айналаға қараңдаршы, қандай әсем көрністерді көріп тұрсыңдар? (айнала аппақ, қар беті тап-таза т.б.)

Халық болжамы: Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.

Картотека №7

Ауладағы ағаштарды бақылау

Мақсаты :

— ағаштар туралы білімдерін молайту;

— ағаштардың қысқы бейнесін бақылауды жалғастыру

Бақылау барысы

Көркем сөз «Қыс» Р.Сәбитұлы

Қар жамылды бақтарым

Қыратым да, сайым да.

Тағыпты қыс ақ қарын,

Үкі етіп қайыңға.

Бүркеніп ақ желекті,

Жарқырайды маңайым.

Ойға шомып теректің,

Ақ шалыпты самайын.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды:


  • Ағаштардың жазғы бейнесі қандай еді??

  • Күзде қандай болды?

  • Қазіргі бейнесі қандай?

  • Кімнің есінде, ағаштар жапырағын неге түсіреді?


Картототека №8

Маусымдық өзгерістерді бақылау

Мақсаты:

Қыс басындағы табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру (күн қысқарады, түн ұзарады);

Қыс мезгілінің басындағы қысқа тән белгілерді көре білу және өлең жолдарынан таба білу.
Бақылау барысы:

Көркем сөз

Желтоқсан - қыстың алғашқы айы. Қоңыр бұлт астынан күн әлсіз сығалайды. Сондықтан да қысты «тұнжыр қыс деп атайды». Күн қысқа, түн ұзақ, бұл айда күн көзі сирек көрінеді. Желтоқсанда түнде қатты аяз болады, өзендер мен көлдерде қалың мұз қатады.

Балаларға сұрақтар:

♦ желтоқсан айы қай айдан соң келеді?

♦ қараша айына қарағанда балабақша ауласында қандай өзгерістер болды?

Кұз мезгілімен салыстырғанда адамдар киімінде қандай өзгерістер пайда болды?

Біздің ауладан қыс белгілерін іздеп табыңдар?


Халық болжамы: - Егер тауық ерте қонақтаса, аяз болады.

Картотека № 9

Торғайларды бақылау

Мақсаты:

Қыстап қалатын құстар жайлы білімдерін толықтыру;

Қыс мезгіліндегі құстардың мінез-құлықтарындағы өзгешеліктер туралы түсініктерін қалыптастыру;

— құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Көркем сөз

Торғайларды қорға. Ө. Ақыпбекұлы

Шыр-шыр еткен торғайды Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкене торғайлар

Ағаштарды қорғайды.

Таспен атып торғайды,

Ұя бұзған оңбайды.

Құс өкпелеп кетеді,

Бақшамызға қонбайды.

Тәрбиеші балармен әңгімелесу өткізеді.

Біздерде жылы жаққа ұшпай қалған құстарды қалай атаймыз?(қыстап қалатын құстар)

Қыстап қалатын құстар мен ұшып кететін құстардың қандай айырмашылығы бар? (қыстап қалатын құстардың мамықтары қалың және тұмсықтары мықты борлады.)

Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (торғай, қарға, тоқылдақ, сауысқан,кептер)

Торғайлар қыста немен қоректенеді? (дәндермен, қалдықтармен.)

 

Картотека №10



Бақшаны бақылау

Мақсаты: — қыс мезгіліндегі бақшада болатын өзгерістермен таныстыру;

— зерттеу қызметіне деген қызығушылықта-рын арттыру.

Бақылау барысы

Көркем сөз:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр болып жатады.

Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар,

Жауса-жаусын ақша қар.

Қыстың келуімен бақшалықта қандай өзгерістер пайда болды? ? (барлық жерді қар басты.)

өсімдіктер үшін қардың қандай пайдасы бар? (аяз бен желден сақтайтын «көрпе»)

♦ бақшалықта қар көп болса, ол-жақсыма, жаман ба? (жақсы, себебі жерде ылғал мол болады)

Қар бақшалықтың барлық бөлігінде тегіс жата ма? (жоқ, тегіс жерлерде бірыңғай болады, ал биік жерлер мен ылди жерлерде әртүрлі жиналады)

Қар ғимарат жанында көп жинала ма, әлде орталықта ма? (ғимарат жанында)

♦ неліктен? (соққан жел орталықтағы қарды ғимарат жанына ысырады.).

Картотека № 11

Қыстың негізгі белгілерін бақылау.

Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету.

Көркем сөз:

 Аппақ, аппақ ақшақар

Бірін ұстап алайын...

Ұстадым!

Жоқ, ақша қар,

Қайдан іздеп табайын?

                                     (Жақан Смаков)

 

Картотека № 12



Қар жинайтын машинаның жұмысын бақылау.

Мақсаты: адам еңбегін жеңілдететін машинамен таныстыруды жалғастырып, қоршаған орта білімдерін толықтыру.

Тапсырма: «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Сұрақтар:

1.   Бұл машинаның аты  қалай?

2.   Ол не істейді?

3.   Ол қарды қалай жинайды?

4.   Балалар сендер адам еңбегін жеңілдететін тағы қандай машиналарды білесіңдер?

Көркем сөз:

Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол поездың.

Қатар-қатар тұратың

Поезды біз құрайық.

 

Жорамал:Қыс қарлы болса-Жаз жаңбырлы болады



13  Аула сыпырушы еңбегімен танысу

 Мақсаты: аула сыпырушының қыс кезіндегіеңбег, оның жұмысы туралы балалардыңтүсінігін толықтыру. Балғындардың еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.



Тапсырма «Ауланы тазалаушының еңбегін қалай жеңілдетсем» деген тақырыпқа шағын әңгіме құрастыру.

Көркем сөз:

Қолына киіп қолғапты,

Ауланы ағай сыпырды.

Тазалап қарды мұздарды,

Бәрімізге ол жол ашты.

  

Картотека № 14



Терезедегі өрнектерді бақылау.

Мақсаты: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектерді бақылау.

Тапсырма: трафареттің көмегңмен «Аяз атаның терезеге салған келемежді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау.

Көркем сөз:

Бір топ бала сырғанап,

Барады әне жарысып.

Қалды артта қыр қалып.

Жорамал: қыз аязды болса – жаз ыстық болады.

Жұмбақ:

Отта жанбайды

Суда батпайды.     

Картотека № 15

Қар үстіндегі іздерді бақылау.

Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айырып, білуге үйрету. Балаларды байқағыш, ойлау қаситтерін қалыптастырып, толықтыра түсу.

Қар үстіндегі іздерге назар аударып, оны анықтай білуге көңіл қою. Ауа райының қай кезінде іздер жақсы көрінеді?



Көркем сөз:

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды,

Үсті – басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

                                                                  (Абай)



Картотека №16

Күн мен түн неге ауысады?

Мақсаты:Күн мен түннің ауысуы қалай жүретіні туралы түсінік беру.

Бақылау барысы

Сендер қалай ойлайсыңдар, күн мен түн неге ауысады? Күн жерге күндіз жарық береді. Жер кеңістікте үлкен жылдамдықпен айналады. Жердің бір айналысы 24 сағатта өтеді. Жердің айналған уақытында жердің күнге қарамайтын бетінде түн болады да, жердің күнге қараған бетінде түн болады.



Балаларға сұрақтар.

  • Жұлдыздар түнде қайда кетеді?(жұлдыздар күндіз де аспанда болады. Тек күннің жарығы жұлдыздың жарығынан да күшті болғандықтан, жұлдыздар көрінбейді)

  • Күн неге батады? (жер күнді айналады, сонықтан да шығыстан күн шығып, батыста батқандай әсер қалдырады.)

Картотека №17

Бақылау «Қардағы құс іздері»

Мақсаты:қардағы құс іздерін тани білуге үйрету .

Бақылау барысы

Балаларға сұрақтар

Із дегеніміз не? (қардың үстінде қалған белгі)

Балаларға ауладағы жем шашылған жерде қалған құс іздерін бақылауға ұсыну..

Қалай ойлайсыңдер, мынау ненің іздері, құстың ба, әлде жануардың ба?

Қар бетінде неліктен құс іздері қалады? (құстардың салмағынан табаны астындағы қар ұшқындары сынады)

Балаларға құстар ізі салынған парақтар таратылады және оларға қай құстың ізі екенін анықтау тапсырылады. Қар бетінен ұқсас із іздестіріледі..

♦ Құстардың ізі арқылы нені білуге болады? (құстың көлемі қандай, қалай қарай жүрген, бір жерде аялдаған ба?)



Зерттеу жұмысы

Алаңдағы шағын жердегі қарды нығыздау және таяқшамен құс ізінің суретін сал



Картотека №18

Терек ағашын бақылау

Мақсаты: Балалардың ағаштар туралы білімдерін молайту;Ағаштарға қамқор болуға тәрбиелеу.

Бақылау барысы

Тәрбиеші әңгімелейді:

Адам таза ауамен тыныс алады. Адам демінен шыққан ауа-қайта жұтуға жарамсыз. Біз үнемі таза ауа жұтып жарамсыз етіп отырғандықтан, таза ауа бір жақтан келіп тұрмаса, жер бетінде ауа қалмас еді.

Ал, таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан келмейді. Айналамыздағы ағаштар біздің демімізден шыққан ауаны жұтып, өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады. Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады.

Таза ауамен тыныс алған адамның дені сау, өмірі ұзақ болады.сол себептен бабаларымыз «Өмір жасыңды ұзартқың келсе ағаш ек» деген.

Ауыл маңы терек,

Терек егу керек.

Әсем биік теректер,

Балаларды өбектер.


Картотека №19

Мұз сүнгісін бақылау
Мақсаты:балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қортынды жасай білуге үйрету.
Тапсырма:Сүмелек мұз тақырыбына сурет салу.
Сұрақтар:
Сүмелек мұз жөнінде не айтуға болады?
Ол қандай? Сәбіз сияқты
Сүмелек мұз қай жерде, қалай пайда болады?
Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма?
Олар қайдан пайда болады?
Осыдан қандай қортынды жасауға болады?
Көркем сөз:
Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ,
Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап,
Шаңғы теуіп жарысамыз желменен,
Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап.
Мұзафар Әлімбаев


Картотека №20

Күннің көзін бақылау
Мақсаты:
күннің көзін қыс мезгілімен (қыстың басы, ортасы,аяғымен ) байланыстырып, балаларға барынша мол түсінік беру.Күн қысқарады-желтоқсанның 22-сі ең қысқа күн болып есептеледі. Күннің көзі ұясынан сәл ғана көтеріліп, біраздан соң кешкі ұясына барып қонды.
Күн қысқа әрі суық .Көлеңке ұзарды.

Картотека №21

Жайсыз ауа райын бақылау
Мақсаты: Балаларға ауа райының жағдайын байқап, белгілеуді ұсыну. Қатты желге назар аудару. Қатты жел әсіресе ақпан айында жиі болады,ұйтқыған боран мен бұрқасын борандарда қар бір жерден бір жерге жөңікіліп жүреді.
Көркем сөз:
Қыстың кенже баласы ақпанбысың,
Аспан астың ораған ақ қармысың.
Алай-түлей бораның, аязында,
Әппағым-ау аз –аздан шақтармысың?!

Картотека №22

Қыстың негізгі белгілерін бақылау
Мақсаты: балаларды қыстың белгілерін ажырата білуге үйрету..
Көркем сөз:
Аппақ, аппақ ақшақар
Бірін ұстап алайын...
Ұстадым!
Жоқ, ақша қар,
Қайдан іздеп табайын?
(Жақан Смаков)


Картотека №23

Ауа райын бақылау.

Мақсаты: Жыл мезгілінің қасиеттеріне қарай ажырата білуге үйрету.

Бақылау барысы:

Балаларға аспанда күннің көзі барма екенін қарауды ұсыну.

Бұлттар күннің көзін не істеді? (Жапты)

Аспан қандай? (Бұлтты)

Ауа-райы ше? (Бұлыңғыр)


Картотека №24

Автобусты бақылау.

Мақсаты: Сыртына қарап көліктерді ажырата алуға үйрету.

Көліктің басты бөліктерін атай білу

Автобуста отыру ережесіне үйрету.

Бақылау барысы:

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жүргіздім бір үйімді

Жүйткісі жұрт сүйінді

Бар жолмен жұртты тасып жүр

Жылдамдыққа басып жүр

(Автобус)

Автобус жолаушылар таситын көлік. Ол адамдарды тасиды. Автобустың алдында жүргізущі, ал артында жолаушылар отырады. Жолаушылар автобусты аялдамада тосып тұрады. Автобус тоқтаған кезде, олар автобусқа мініп,орындарға отырады. Автобус жүріп бара жатқан кезде,тұруға салонның ішінде жүгіруге,есікті қолмен қозғауға болмайды. Жүргізуші есік ашқаның тосу қажет.

Картотека №25

Аспанды бақылау.

Мақсаты:Табиғаттың басқа құбылыстарымен таныстыруды жалғастыру.

Аспанға қарап,ауа райын болжай алуға үйрету.



Бақылау барысы:

Балалар,қараңдаршы аспан қандай? (таза,ашық). Ендеше ауа райы жылы,ашық. Ал егер аспанды қара бұлт басса,онда қандай ауа райы болады? (бұлтты) Ал егер жел соқса,бұлттар не істейді? (Жел оларды айдап әкетеді)

Екпіні қатты самалдан

Тұрғандай есіп жел алдан

Ағаштар қозғап бұтағын

Иеді басын бұтақтың



Картотека №26

Құстарды бақылау

Мақсаты:

Құстарды бақылауды әрі қарай жалғастыру

Торғай мен көгершінді салыстыру

Бақылау барысы:

Серуенге шығардың алдында тәрбиеші, балаларға көгершіндердің қоректендіретін нан алып шығу керектігін айтады. Далаға шыққан соң, құстардың қанша екенін бақылап қарау керек. Көгершіндердің қоректенуңн бақылау. Балалардың назарын көгершіндердің қоректі көретін көздері,оны шұқып жейтін тұмсықтарын, жүретін аяқтары,ұшуға көмектесетін құйрығымен қанаттары бар екендігіне аударту. Көгершіндердің түстері және үлкендіктері әр түрлі болып келеді.



Картотека №27

Бақта өсетін ағаштардың гүлденуін бақылау.
Мақсаты: Ағаштарды түсіне қарай қарау, жәндіктердің үймелеуін белгілеу, гүлдеген ағаштардың сұлулығын айыра білу,ағаштардың пайдасы жөнінде балалардың түсінігінде қалыптастыру. Эстетикалық талғам мен сезімді тәрбиелеу.

Картотека №28

Жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті бақылау.
Мақсаты: Балалармен жаңа өсіп келе жатқан көк шөпті қарау.Күн көп түсетін жерде алғашқы шөптер қылтиып шыға бастайтынын бекіту.Күн қыза бастады,қар еріді,топырақ жылынды,көк шөп өсті, яғни балаларды осылай қорытынды жасай білуге үйрету.Табиғаттың оянуына байланысты балаларда көтеріңкі көңіл күйді ояту.Өсімдікті аялап,күте білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет