Діни наным-сенімдер қалай пайда болды?
Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырады.
Сызбаны толтыр
Шаруашылықтың дамуы
Терімшілік: Жинау, теру. Алғашқы адамдар жер бетінде ағаш, бұта басындағы өсіп тұрған әр түрлі жеміс – жидектерді теру, жеуге жарамды тамырларды қазып алу, құстардың жұмыртқасын жинап қорек ету.
Аңшылық – түз жануарларын аулау кәсібі
Қола дәуірі деп аталу себебі туралы жаз ?
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қоламеталлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қолабұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мыстыэнеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |