Бақылау сүрақтары Оқушылардың білімі мен білігін тексеру үшін не керек?



Дата01.01.2022
өлшемі22,54 Kb.
#107693
Байланысты:
Бұхарбай Гүлхан. 9122020. Бақылау сұрақтары
Тәрбие процесі Кауметова, Отбасы - алтын діңгек, Отбасы - алтын діңгек, гемокультура

Бақылау сүрақтары

1. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру үшін не керек?

3. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру қандай негіздерге сүйеніп жіктеледі?

4. Ауызша сұраудың түрлеріне мысалдар келтіріңіздер.

7. Қорытынды тексеруге қандай талаптар қойылады?

8. Химиядан алған білім сапасының көрсеткіштерін сипаттаңыздар.

9. Білім тексерудің қандай жүйесі мен әдістері бар?

10. Білім бағалаудың қандай критерийін білесіздер?


Жауаптар:

1.Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім ѳз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмтылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне ѳзгерістер енгізеді, жетілдіреді. Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды әр сабаққа әзірленіп келуге машықтандырады, ѳз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, ѳз ойын анық және дәл жеткізіп сѳйлей білуге үйретеді.

Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, ѳз күшіне сенімін арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейін кѳтеріліп, ѳзін-өзі бақылайтын, ѳз ісіне сын кѳзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік пен демократияландыру тұрғысыннан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бірі.

3.Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсанның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады.

Білім мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен және машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар; карточкалар, перфокарталар, сұрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, қүралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады.



  • Біріншісі - оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа құралдарын пайдалана білу; беретін жауабының жоспарын жасау; айтқанын дәлелдей білу, ѳзін-ѳзі бақылау жэне талдау.

  • Екіншісі - оқушылардың даму ѳрісін керсететін қисынды біліктер мен дағдылар: анализ жэне синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізғісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дэлелдеу, қорытындысын шығару.

  • Үшіншісі - еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларының орындауы; тэжірибе жасау техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуга икемділіғі; уақытты тиімді пайдалануы, жұмыс орнының тазалығы.

4.Ауызша сұрақ қою. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын көзбе - көз тындап, талдайды және бағалайды.

Жаппай сұрауға мысалдар:

1.Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесу реакциясының типі қандай?

2.Металдардың барлығы дерлік қышқыл ерітінділерімен әрекеттеседі ма? Неге?

3. Бензолдың органикалық еріткіштерде ерігіштігі қандай?

Жекелеп сұрауға мысалдар:

1.Металдардың белсенділік қатарын құрастырған кім?

2. Аллюминийдің физикалық қасиеті қандай?

3. Неге әлсіз металдар қышқыл ерітінділерімен әрекеттеспейді?

7.Қорытынды тексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады.

Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру олардың білімін есепке алу және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.Ең алдымен әр сыньпта ѳткізетін сынақ санын және тақырыптарын анықтайды. Екінші кезекте тақырып бойынша тексерілетін білімнің, біліктің және дағдының мазмұны анықталады. Үшіншіден, оларды тексеретін сүрақтар мен тапсырмалардың тізбесі жасалады, бұған жай және мәселелі сұрақтар, сан және сапа есептері келтіріледі. Тертіншіден, материалдың мазмұнына қарай сынақ ауызша немесе жазбаша өткізіледі.

Химиядан мектеп бітіру емтихандары оқушылардың білімінің, білігінің дағдысының сапасын анықтап, мемлекеттік бақылау жасау үшін бірыңғай билеттер жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Емтихан билеттерінде оқушылардың теориялық білімі (бірінші сұрақтар), химиялық элементерді және олардың қосылыстарын сипаттай білу (екінші сұрақ), сан және экспериментгік есептерді шығару біліктері мен дағдылары (үшінші сұрақтар) тексеріледі. Билеттерде есептердің типі кѳрсетіледі, оларға сәйкес нақтылы есептерді мұғалімнің өзі таңдайды. Олардың мазмұны жергілікті материалдарға байланысты құралғаны дұрыс.


8. Оқушының жауабында жіберген қателері елеулі жэне болымсыз

деп есептеледі. Елеуліге оқушы жауабының таяз және түсініксіз болуынан туындайтын мына қателіктер жатады:. оқушы ұғымның негізгі белгілерін, затардың маңызды қасиеттерін, заңның тұжырымын шатастырады, теориялық білімін құбылыстарды салыстыруға, жіктеуге, түсіндіруге, себеп-салдар байланысын ашуға және болжай білуге пайдалана алмайды. Болымсыз қателерге оқушының жаңылып кетуінен, ѳз жауабында мән бермей сѳйлеуінен

жэне жазуынан туындайтын қателіктер жатады, мэселен реакция теңдеуіне кейбір коэффициенттер қоюды ұмытады, ион зарядтарын және санын дәл кѳрсетпейді, бірақ мұғалімнің ескертпесінен кейін оларды түзетеді.

Осы сапалық кѳрсеткіштер тұрғысынан ауызша жауапқа қойылатын бағалар:

«5» деген баға өтілген теориялардың түрғысынан толық және дұрыс берілғен, әдеби тілмен жүйелі баяндалған және оқушының дәйектілігін білдіретін жауапқа қойылады.

«4» деген баға өтілген теориялардың түрғысынан толық дұрыс және жүйелі баяндалған, бірақ еқі-үш болымсыз қате жіберіп, мұғалімнің ескертуімен түзелген жауап үшін қойылады.

«3» деген баға толық, бірақ елеулі қатесі бар жауап үшін немесе

толық емес, ретсіз жауапқа қойылады.

«2» деген баға оқу материалының мазмүнын түсінбей немесе елеулі қателер жібергенде, мұғалімнің жетелеуші сүрақтарынан кейін қателерін түзете алмағанда қойылады.

«1» деген баға жауап болмайтынын көрсетеді.


9. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері.

Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бүлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің

алыну формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жүмыстарға және экпериментік тапсырмаларға бөлінеді. Бүлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жапай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жүмыстары, ұзақ мерзімді бақылау жүмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жүмыс, сарамандық бақылау жүмыстары, үй эксперимент болып тамамдалады. Білім мен білікті тексеру

құралдарына қарай машиналармен жэне машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар; карточкалар, перфокарталар, сұрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанүсқалар, т.б.

10.Бағалау кезінде оқушылар жауабының сапалық корсеткіштері ескеріледі, олар: тереңдігі, толықтығы, сапалылығы, жіберген қателіктерінің саны мен сипаты.

Критериалды бағалау – белгіленген критерийлер негізінде білім алушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.

Қалыптастырушы бағалау – оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, білім алушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі.

Жиынтық бағалау  – оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан/триместр, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. 

Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте. 

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. (4-қосымша).   

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады. 

Қалыптастырушы бағалаудың ажырамас элементі мұғалім тарапынан және білім алушылар арасында қойылатын сұрақтар (сауал, диалог, әңгімелесу және т.б.) болып табылады. Сондықтан сұрақтарды тиімді құрастыру техникасын  меңгеруі, сыныпта диалогті қолдану мәдениетін дамытуы маңызды. Сұрақтардың түрлеріне қарай көптеген топтастырулар бар. Көбінесе қолданылатын сұрақтар тобы: ашық және жабық сұрақтар. 



Ашық сұрақтар талдауды және бағалау ақпараттарын талап етеді, қиялдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ынталандырады. 

Жабық сұрақтар қысқа жауапты қажет етеді, мысалы, деректің, оқиғаның кезеңін атау, түсінгенін анықтау және т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет