«Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС. Бақыршық алтын кен орны. Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы Тарау «Көзделіп отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау» Кіріспе - «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімін орындау мақсаты «Бақыршық алтын кен орны» жобасында қабылданған шешімдерді бағалау болып табылады. Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы».
- ҚОӘБ көзделіп отырған шаруашылық қызметінің нақты нысандары мен құрылыстарының қоршаған ортаға тигізетін барлық әсерлер аспектілерін толық көлемде егжей-тегжей талдауды қарастырады.
- ҚОӘБ бөлімін дайындауға қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылдың 28 маусымындағы № 204-п бұйрығымен бекітілген «Жоспаралды, жоспарлы, жобаалды және жобалы құжаттамаларды жасау барысындағы көздеп отырған шаруашылық және өзге қызметтің қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды өткізу бойынша нұсқаулықпен» белгіленеді.
- ҚОӘБ «ПОЛИМЕТАЛЛ ИНЖИНИРИНГ» (2016 ж.) АҚ-мен дайындалған «Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы» жобасында қабылданған жобалық шешімдер сипаттамасын қамтиды.
- «Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы» жобасы «Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау» бөлімімен бірге тиісті заңнамалық тәртіп бойынша мемлекеттік органдарға келісуге бағытталатын болады.
- ҚОӘБ бөлімі «Лаборатория-Атмосфера» ЖШС-мен (Өскемен қ.) орындалды.
Қоғамдық тыңдауларды өткізудің заңнамалық негіздері - «Бақыршық алтын кен орны. Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы» Жобасы, «Көздеп отырған шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау» бөлімі бойынша қоғамдық тыңдаулар қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа рұқсаттығы, шешім қабылдауға қатысу және әділ заңға рұқсат туралы халықаралық және қазақстандық нормативті талаптарға сәйкес жүргізіледі:
- Орхус конвенциясы, 1998 жылдың 25 маусымында Орхус қ. 46 елмен қол қойылған. Қазақстан Республикасының 2000 жылдың 23 қазанындағы Заңымен;
- Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтарындағы Экологиялық кодексімен;
- ҚР Қоршаған ортаны қорғау Министрінің 2007 жылдың 7 мамырындағы № 135-п бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдау өткізу ережелерімен ратификацияланған;
- Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының азаматтарының және қоғамдық ұйымдарының өз уақытында қоршаған ортаның жағдайы туралы дұрыс және толық ақпаратты уақтылы алуына және қоғамның экологиялық маңызды шешімдерді қабылдау үрдісіне қатысу конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Жалпы мәліметтер - Бақыршық кен орны Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Әуезов ауылында орналасқан. 1953 жылы КСРО ІІМ «Золоторазведка» трестімен ашылған. Кен орын зерттеумен әр жылдары Семипалатинск ГБЭ, «Алтайзолото» ТБК, Алтай ГБЭ «Каззолото» КҚ, Бақыршық ТМК айналысқан. Соңғы уақыттарда кен орнына барлауды Бақыршық кен өндіру кәсіпорны өткізген.
- Кен-орны 1954 жылдан бастап «Алтайзолото» Бақыршық тау-кен байыту комбинатымен, «Бақыршық» кен орны - барлау пайдалану кәсіпорнымен игерілген. 1954-тен бастап 1997-ге дейін кен орнынан 3,8 млн тонна кен және 28,6 тонна алтын (орташа қамтылуы 7,5 г/т) өндірілді. Бүгінгі уақытта барлау жүргізілген учаскелеріндегі қышқылданған кендер толық түрде игерілген. Сонымен бірге алғашқы кендер Қызыл аймағында 1000 м жоғары тереңдікке дейін тараған.
- Көптеген жағдайлардың әсерінен, Бақыршық кен орынының үздіксіз кендері бар кен орны екендігін ескере отырып, өнеркәсіптік ауқымдағы кен өңдеу осы күнге дейін жүргізілген емес.
Бақыршық кен орнының орналасқан ауданының жағдаяттық карта-сызбасы Жобаның қысқаша сипаттамасы - «Бақыршық алтын кен орны. Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы» жобасы өзінің құрамында келесі нысандарды қамтиды:
- Фабриканың басты корпусы, құрамында: ұсақтау бөлімі, қалқыту бөлімі, қоюландыру бөлімі, сүзгілеу және кептіру бөлімі, регенттерді дайындау бөлімі, ауа үрлеу жайы, энергоблоктар, әкімшіліқ-тұрмыстық жайлар, ТББ, экспресс-зертхана, ғылыми-зерттеу зертханасы;
- Зертханалық корпус, құрамында: сынам дайындау зертханасы, химия-аналитикалық зертхана, экологиялық зертхана;
- Әкімшілік корпус;
- Реагенттер қоймасы;
- Дайын концентрат қоймасы;
- Жөндеу шеберханалары;
- Ағын суларға арналған тазарту құрылыстары.
Нысандардың орналасқан жері Байыту фабрикасы - Кенді өңдеудің технологиялық сызбасы өзіне келесі операцияларды қамтиды:
- ағымдағы кенді ірі ұсақтау;
- ірі ұсақталған кенді жартылай өздігінен ұсақтау (ЖӨҰ);
- АЖӨҰ ағызуының класс бойынша елеу - 0,8 мм;
- көміртекті цикларалық қалқытуды елеудің торастылық өнімінде көміртектік концентратты алуымен және оны оқшауланған құйылатын қалдық қоймасына қаттаумен;
- қалдықты соңғы көміртектік қалқытудағы концентратты бөле отырып сульфидті цикларалық қалқыту (ЦАҚ)
- 80 % классты іріліктегі гидроциклондардың құйындысын алумен ЦАҚ қалдығындағы шар тәріздес диірмендегі ұсақтаудың екінші сатысы - 0,074+0 мкм
- концентратты ала отырып негізгі, бақылау және тазарту операцияларын қоса алғанда, гидроциклондар құйындысындағы сульфидті қалқыту
- жоғары көміртекті және төменгі көміртекті концентраттарды алуымен біріктірілген концентратты (концентратты сұрыптау) гравитациялық бөлу
- біріктірілген/жоғары көміртекті балқыту концентратын қоюландыру, сүзгілеу және кептіру
- төмен көміртекті концентратты сүзгілеу және кептіру
- тұйық су айналымын пайдалана отырып құю түріндегі қалдық қоймасындағы қалқыта байыту қалдығын қаттау.
Байыту фабрикасы - Фабрикада келесі реагенттер мен материалдар пайдаланылатын болады:
- Байыту фабрикасының ақырғы өнімі болып табылады:
- Төмен көміртекті концентрат - алтынның құрамы - 149,93 г/т
- Жоғары көміртекті концентрат - алтынның құрамы - 74,515 г/т.
Зертханалық корпус - Зертханалық корпусқа кіретіндер:
- экспресс-талдау зертханасы;
- ғылыми-зерттеу зертханасы;
- сынама дайындау зертханасы;
- химиялық-аналитикалық зертханасы;
- экологиялық зертхана.
- Зертхана келесі мақсатта әрекет етеді:
- өндірістік үдерісті басқару функциясын орындауға бағытталған өндірістік технологиялық бақылауды аналитикалық қолдау;
- озық геологиялық-технологиялық карталауды жүргізуге бағытталған зерттеулік іздеулерге аналитикалық талдау;
- өндіру үстіндегі кен орны қорларын барлауға бағытталған геологиялық іздеулерді аналитикалық қолдау;
- экологиялық бақылау, өнеркәсіптік санитария және кәсіпорынның шығарылулары мен лықсымаларын бақылау үшін.
Кәсіпорынның жөндеу-қойма шаруашылығы - Жөндеу-қойма шаруашылығы (ЖҚШ) техникалық бақылау, таулы көліктік, байыту, көмекші технологиялық және инженерлік жабдықтарға, технологиялық және шаруашылық автокөліктерді ағымдағы жөндеу және негізгі өндіріс пен жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шығын материалдарын сақтауға арналған.
- Қызмет көрсететін жабдықтардың тізімі мен саны
| - Жұмысшылар/мүгедектер саны, дана, дана
| | | | | - 365 күн, 2 ауысым, 12 сағ.
| | | | - 365 күн, 2 ауысым, 12 сағ.
| | - Технологиялық парк (өзі аударғыштар, бульдозерлер, тиегіштер)
| | - 340 күн, 2 ауысым, 12 сағ.
| | - Шаруашылық және көмекші автокөлік
| | - 365 күн, 2/1 ауысым, 12 сағ.
| | | | | | - Кәсіпорында бекітілген Бағдарламаға сәйкес, «ВНИИЦветмет» РММ аккредиттелген зертханасын жұмылдыра отырып, тоқсан сайынғы өндірістік экологиялық бақылау өткізіледі. Бағдарлама бойынша келесі құрамдастардың мониторингі қарастырылады:
- СҚА шекарасындағы атмосфералық ауаның;
- ластану көздерінен технологиялық шығарылулардың;
- бақылау қадағалау ұңғымаларының жерасты суларының;
- жер беті сулардың;
- топырақтың;
- ағын сулардың;
- шахталық сулардың;
- өндірістің қатталатын қалдықтарының.
- Экологиялық талаптардың ішкі тексерулер бағдарламасына сәйкес нормативті талаптардан ауытқулар анықталмаған.
- 01.04.2016 ж. жағдайы бойынша атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты сулардың ластану деңгейі, нормативті құжаттарға сәйкес рұқсат етілген болып табылды. Талдау нәтижелері бойынша, СҚА шекарасындағы ауадағы ластау заттарының ШЗК құрамынан асыру жоқ.
Атмосфералық әсер етуін бағалау - Бағалаудың мақсаты - жобамен қарастырылған технологиялық және өндірістік үдерістерді жүзеге асыру бойынша нысанды пайдалануға беру және құрылыс жүргізу кезеңінде атмосфераға ластау заттарының шығарылуларының сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау болып табылады.
- Негізгі технологиялық жабдықты пайдалануға беру кезеңінде негізгі шығарылулар ірі ұсақтау учаскесінен, шикізатты қайта тиеу, конвейерлік эстакада торабынан, аудару шаруашылығынан, бас корпус жабдығынан болады, олардан атмосфераға жасалынатын шығарылу ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған түрде келіп түседі.
Атмосфералық ауаға шығарылу көздері - Кен дайындау кешені
- №1 эстакадасымен ірі ұсақтау корпусы
- Кен жүк көтергіштігі 91 т авто өзі аударғыштармен жеткізіледі және қабылдау бункеріне түсіріледі (құжат көзі 6001).
- ІҰК-да сорғызып алу жүйесі (В1) қарастырылған, ол шаңдарда кен орнындағы қайта тиеу орындарынан ұстайды:
- - пластиналық қоректендіргіш - желтартқыш елеу;
- - желтартқыш елеу- жақтаулы уатқыш;
- - жақтаулы уатқыш - №1 конвейер.
- Барлық қармап алынған шаңдалған ауа KDK фирмасы өндірге, компрессор және желдеткішпен жиынтықталған КФЕ-240-А-К-В жеңдік сүзгісінде тазартудан өтеді. Шығарылатын ауаның тазарту деңгейі 99% құрайды, тазартылған ауа корпусты жайына қайтып келеді (құжат көзі 6002).
- Сүзгімен ұстап алынған шаң технологиялық үдеріске бағытталады.
- №2 конвейер галереясымен уатылған кен қоймасы
- Ірі уатылған кеннің қоймасынан атмосфераға шығарылулар сақтауды қалыптастырған жағдайда болады (құжат көзі 6003).
- Ұсақталған кен қоймасында сорғызып алу жүйесі (В2) қарастырылған, ол шаңдарды кендердің орындардағы қайта тиеу орындарынан ұстайды:
- - пластиналық қоректендіргіш - таспалы конвейер №2.
- Барлық шаңдалған ұстап алынған ауа, КФЕ-48-ТВ-2-Р нүктелік тік жеңдік сүзгісіне келеді. Шығарылатын ауаның тазарту деңгейі 99% құрайды (құжат көзі 6004).
- Сүзгімен ұстап алынған шаң конвейер лықсытылады.
Атмосфералық ауаға шығарылу көздері - Фабриканың бас корпусы
- Фабриканың негізгі бөлімі
- Ұсақтау бөлімінде шығарылу көзі көміртекті қалқытудың бактық аппаратурасы және қалқыту машиналары болып табылады. Шығарылуларда ксантогенат және күкіртті көміртек бар. Шығарылулар В1, В2, В5 жүйелерімен, диаметрі 0,63м шатырлық желдеткіштер арқылы 25,4м биіктікте (құжат көзі 0001), және диаметрі 0,71м В3, В4 жүйелерімен 25,64м биіктікте(құжат көзі 0002) жойылады.
- Қалқыту бөлімі
- Қалқыту бөлімінде шығарылу көздері агитациялық күбілер және негізгі қалқытудың қалқыту машиналары және тазартудың қалқыту машиналары болып табылады. Шығарылуларда ксантогенат және күкіртті көміртек бар. Шығарылулар диаметрі 0,63м В6, В9 шатырлық желдеткіштер арқылы 25,64м биіктікте (құжат көзі 0003), диаметрі 1 м құбыр арқылы П1В1 жүйелерімен 26м биіктікте (құжат көзі 0004) жойылады.
- Мөлшерлеу учаскесінде шығарулардың көзі шығын материалдарының сыйымдылықтары болып табылады.
- Сульфидті концентрат учаскесі
- Сульфидті концентрат учаскесінде шығарылу көзі пресс-сүзгінің қоректендіру сыйымдылықтары болып табылады. Шығарылулар В15 жүйесімен, диаметрі 0,5м шатырлық желдеткіштер арқылы 15м биіктікте (құжат көзі 0007) және диаметрі 0,5м В27 жүйесімен 14,5м биіктікте (құжат көзі 0008) жойылады.
- Сүзгілеу және кептіру бөлімі
- Шығарылу көзі концентраттарды кептіруге арналған барабанды типтегі кептіру агрегаттары болып табылады. +7.000 атм. 3 агрегат орнатылған (2 жұмыс, 1 қосымша).
- Концентратты кептіру барысында пайда болған шаңды ұстап алу үшін, 99,9 % тазарту деңгейі бар шаң тұту жүйесі қарастырылады. Тазарту жүйесі - екі сатылы құрғақ. Бірінші сатысы - ЦН-15-800х4УП топтық циклон. Екінші сатысы - ФРИР-340 жеңдік сүзгісі. Шығарылуларда концентрат шаңы бар. Шығарылулар ВТ1 және ВТ2 жүйелерімен, диаметрі 0,63м құбырлар арқылы 26м биіктікте (құжат көзі 0009, 0010) жойылады.
- Реагенттерді дайындау бөлімі
- Реагенттерді дайындау бөлімінде шығарылу көзі болып табылатындар:
- - сода дайындау сыйымдылықтары және соданың шығынды сыйымдылығы. Шығарылулар В21 жүйесімен, диаметрі 0,125м құбырлар арқылы 26м биіктікте (құжат көзі 0013) жойылады.
- - АЭРО 633 дайындау сыйымдылықтары және АЭРО 633 шығынды сыйымдылығы. Шығарылулар В22 жүйесімен, диаметрі 0,125м құбырлар арқылы 26м биіктікте (құжат көзі 0014) жойылады.
- - ксантогенат аэрозолін және күкіртті көміртек дайындауға арналған сыйымдылықтар ксантогенат және күкіртті көміртекке арналған сыйымдылықтар. Шығарылулар В23 жүйесімен диаметрі 0,1м құбыр арқылы 26м биіктікте (құжат көзі 0015) жойылады.
- тотияйын дайындауға арналған сыйымдылықтар, тотияйынның шығынды сыйымдылығы, көпірткіш, аэрофлот дайындауға арналған сыйымдылықтар, көпірткіш және аэрофлотқа арналған шығын сыйымдылығы. Шығарылулар В24 жүйесімен диаметрі 0,1м құбыр арқылы 26м биіктікте (құжат көзі 0016) жойылады.
Атмосфералық ауаға шығарылу көздері - Зертханалық корпус
- Сынамаларды ұсақтау, уату және ұнтақтау жайында келесі жабдық орнатылған: жақтаулы уатқыш, (2 дана); айналмалы конусты қысқартушы (2 дана); үздіксіз бір ярусты сақиналы диірмен (2 дана). Жабдық жергілікті сорулармен жабдықталған. Шаңдалған ауа жергілікті сорулардан «Элстат» фирмасы өндірген ФСК немесе АОУМ типті жеңдік сүзгілерде тазартылады.(В5 жүйелері). Сүзгіні тазарту деңгейі - 99,9%. Шығарылулар В5 жүйесімен диаметрі 0,16м құбыр арқылы 8,87м биіктікте (құжат көзі 0019) жойылады.
- 2-ші қабаттың өндірістік жайларында шихталарды, шихталық сынамаларды дайындау, химиялық талдаулар жүргізіледі. Жайлар сорып шығатын шкафтармен жабдықталған, шығарылулар В10 жүйесімен диаметрі 0,25м құбырлар арқылы 8,87м биіктікте (құжат көзі 0023) жойылады. Шығарылулар құрамында сода аэрозолі, көміртек оксиді, азот оксиді, күкірт қышқылының булары бар.
- Балқыту және купеляция жайында отбақырлы ЭПШТ-24, ЭПШТ-12 электр пештері, ЭПКК-24 ағынды камералы электр пеші орнатылған, королькаларды қайнату және корточкаларды қыздыру үшін ШВРП сору пештік шкафы орнатылған. Шығарылулар В11 жүйесімен диаметрі 0,25м құбыр арқылы 8,87м биіктікте (құжат көзі 0024) жойылады. Шығарылулар құрамында мыс тотығы, көміртек оксиді, азот тотығы, күкірт диоксиді бар.
Атмосфералық ауаға шығарылу көздері - Жөндеу-механикалық цехы
- Үлкен жүкті өзі аударғыштар және шынжыртабанды көліктің ТБ және ТЖ орындары.
- Орындардағы шығарылу көздері қызмет көрсететін автокөліктік техника болып табылады. Шығарылулар В10 жүйесімен құбырішекті сору және диаметрі 0,5м құбыр арқылы 18,5м биіктікте (құжат көзі 0025) жойылады. ТБ және ТЖ жайларында жалпы ауыспалы желдету қарастырылған. Шығарылулар құрамында көміртек оксиді, азот тотығы, көміртек, керосин, күкірт диоксиді бар.
- Отын аппаратурасының жөндеу учаскесі.
- Шығарылу көзі отын аппаратурасы болып табылады. Шығарылулар В4 жүйесімен диаметрі 0,25м құбыр арқылы 18,5м биіктікте (құжат көзі 0027) жойылады. Шығарылулардың құрамында С12-С19 көмірсутектер бар.
- Аккумуляторларды жөндеу және зарядтау учаскесі.
- Шығарылу көзі зарядталатын және жөнделетін аккумуляторлар болып табылады. Шығарылулар В2 жүйесімен диаметрі 0,25м құбыр арқылы 18,5м биіктікте (құжат көзі 0028) және В3 жүйесімен диаметрі 0,15м 18,5м биіктікте (құжат көзі 0029) жойылады. Шығарылулар құрамында күкірт қышқылының булары бар.
- Білдекті учаске.
- Учаскеде металл өңдеу білдектері орнатылған. Шығарулар ПВ11, ПВ12 жүйелерімен, диаметрі 0,63м құбырлар арқылы 18,5м биіктікте (құжат көзі 0030, 0031) жойылады. Шығарылу құрамында салмақталған заттектер және қашалу шаңы бар.
- Дәнекерлеу орны
- Учаскеде дәнекерлеу жұмыстарын қолдану арқылы жабдықты жөндеу жүргізіледі. Шығарылулар В7 жүйесімен диаметрі 0,5м құбыр арқылы 18,5м биіктікте (құжат көзі 0034) жойылады. Шығарылулар құрамында темір оксиді, марганец оксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, фторлы сутек, фторидтер, 70-20 % кремний оксидін қамтитын неорганикалық шаң бар.
- Жалпы ауыспалы желдету
- Шиномонтажды учаскенің ТБ және ТЖ жайынан, дәнекерлеу орнынан автокөліктің кіріп-шығу кезінде жалпы ауыспалы желдету арқылы (ПВ1-ПВ10) диаметрі 0,55м ауа өткізгіш арқылы 18,5м биіктікте (құжат көзі 0035) жойылады.
Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын азайту бойынша іс-шаралар - Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын қысқарту үшін қарастырылады:
- Пайдаланылатын жабдық пен техникадан шығатын пайдаланылған газдың сапасын экологиялық стандарттар мен норманы (Еуро-5) сақтай отырып бақылау;
- Технологиялық және көмекші жұмыстарды экологиялық бақылау;
- АШФ-ны қазігі заманғы сорғызып алу және шаң тұту құрылғыларымен жабдықтау.
- Өндірістік процессті жақсы ұйымдастырумен және қоршаған ортаның өндірістік бақылаумен қиыстыра отырып осы іс-әрекеттерді жүзеге асыру шектелген зиянсыз концентрация шығарылулардың нормативтерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кәсіпорынды пайдалануға беру барысында ауа бассейніне келтіретін жағымсыз жүктелімді азайтады.
- Ластау заттарының таратылуын модельдеу жоспарланған ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың нәтижесінде, атмосфералық ауадағы ластау заттарының шектелген зиянсыз концентрациясын арттыру санитарлық-қорғау зонасының шекарасында жоқ екендігін көрсетеді.
Сумен жабдықтау және су тарту - Су шығынын есептеуге сәйкес, қабылданған сумен жабдықтау көзі келесі сумен жабдықтау жүйелерімен жобаланады:
- шарушылық-ауыз су құбыржолы;
- өндірістік-өртке қарсы су құбыржолы;
- айналымды су құбыржолы.
- Ағын сулар құрамына және олардың лықсу шарттарына сәйкес келесі канализация жүйелері жобаланады:
- тұрмыстық;
- өндірістік;
- жаңбырлы.
- Есептеу шығындары
Су ресурстарына әсерін бағалау - Фабриканың жұмыс істеу кезеңінде айналымдық сумен жабдықтау жоспарланып отыр. Үстіртін су ағынындағы лықсымалар жоқ.
- Науаларды бұрмастан бұрын кеннің буферлік қоймасынан кептіру жүйесінің құрылғысы қарастырылған. Кеннің буферлік қоймасының кептіру жүйесінен қысымды құбыржолы бойынша ТБК өнеркәсіптік алаңына бұрылады және технологиялық қажеттіліктерге пайдаланылады.
- Су ресурстарын қорғау бойынша жоспарланған іс-шаралар:
- айналымдық сумен жабдықтау және өндірістік ағын суларды қайта пайдалану олардың су нысандарына лықсуының жоқтығын қамтамасыз етеді;
- жер беті және жер асты сулары жағдайының экологиялық мониторингін тұрақты түрде өткізу
- жинау, нөсерлі, шаруашылық-тұрмыстық және ағын суларын тиімді тазарту және қайта пайдалану;
- жер үсті және жер асты суларын ластанудан қорғау бойынша жоспарланған іс-шараларға байланысты, жобаланатын нысандар жер үсті және жер асты суларына жағымсыз әсер етпейтін болады.
Өндіріс қалдықтары - Нысанды пайдалану кезеңінде келесі қалдықтардың түрлері пайда болады:
- Байыту фабрикасы
- сульфидті қалқыту қоймасы («Қалдық қоймасы» жобасымен ескерілген);
- көміртекті өнім («Қалдық қоймасы» жобасымен ескерілген);
- реагенттерден алынған ыдыс: көпірткіш, кальций қосылған сода, AERO 636 аэрофлоты, бутилді калий ксантогенаты, AERO 8045 аэрофлоты, тотияйын, флокулянт, коагулянт (Nalco, Magnaflock)
- металл сынықтары (футерлеу, шарлар)
- Зертханалық кешен
- өңделген шамотты отбақырлар,
- шамотты және магнезитті кірпішті сындыру,
- металл сым,
- пайдаланылған керамикалық түткішелер
Өндіріс қалдықтары - Әкімшілік корпус;
- қатты-тұрмыстық қалдықтар,
- пайдаланылған люминесцентті шамдар.
- Жөндеу шеберханалары
- пайдаланылған май,
- майланған пайдаланылған сүзгілер,
- майланған шүберек,
- пайдаланылған шиналар,
- металл сынықтары.
- Ағын суларға арналған тазарту құрылыстары
- тазарту құрылыстарының тұнбасы
- реагенттердің астындағы ыдыс.
Өндіріс қалдықтары - Пайда болған қалдықтар жатқызылады
- Кәріптастық:
- пайдаланылған люминесцентті шамдар,
- пайдаланылған май,
- майланған пайдаланылған сүзгілер,
- майланған шүберек.
- Жасыл тізімге:
- ҚТҚ,
- реагенттердің астындағы ыдыс,
- пайдаланылған шиналар,
- металл сынықтары,
- тазарту құрылыстарының тұнбасы
- Барлық пайда болатын қылдықтардың түрлері уақытша жинақталатын арнайы жабдықталған орындарда орнатылады және содан кейін мамандандырылған ұйымдармен келісім бойынша кәдеге жаратылады немесе қалдық түріне қарай, кәсіпорындарда пайдаланылатын болады.
Физикалық әсерлер, радиологиялық жағдай - Жұмыстарды өткізу әсер етудің физикалық факторлары болып табылады - шуыл және діріл.
- барлық жұмыс түрлерін өткізу барысында ҚО физикалық факторлардың әсері қысқа мерзімді, жергілікті, мардымсыз және рұқсат етілген болады.
- Пайдалану барысында жабдық уақытында техникалық тексеруден өтіп тұруы тиіс.
- Шуылдың зиянды әсерін төмендету үшін есту мүшелерін жеке қорғау құралдарын пайдалануға кеңес беріледі.
- Физикалық факторлардың әсері - рұқсат етілген.
- Радиациялық жағдай талаптарға сәйкес, НРБ-99 және Қазақстан Республикасының аумағындағы халық үшін белгіленген мөлшерлі жүктемеден аспайды. Қазіргі кезде зерттеу аумағында тұрақты болып табылады және шамамен 15-20-25 МКр/сағ. құрайды.
Флора және фауна - Топырақ ресурстарын, флора және фаунаны қорғау үшін келесі іс-шаралар жоспарланып отыр:
- өндірістік алаңдарды қатты жабындымен жабу;
- алаң аумағын және іргелес аумақтарды тазалықта ұстау;
- жолдарды өлшеп белгілеу, технологиялық көліктің кәсіпорынның ұйымдастырылмаған жолынан тыс қозғалысына тыйым салу;
- Жобаны қайта қалпына келтіру және жабу бағдарламасы, таратушы қорын құру;
- кәсіпорын аумағын және жақын орналасқан аумақтарды көгалдандыру;
- Кешеннің аумағы бөлінуі бойынша түрлік әртүрлілік байлығымен ерекшеленбейтін, шөлейт аймақтарға жататындығын назарда ұстай отырып, СҚА шекарасынан тыс аумақтардағы жұмысты жүзеге асыру флора және фаунаға едәуір әсерінің маңызды ауытқуларының болжалданбай отыр, және топырақ-өсімдік жамылғысына теріс әсері жорамалданбайды.
Бұзылған жерлерді қалпына келтіру - Жұмысты аяқтағаннан кейін құрылыс (еңістерді қалақтандыру) және құнарлы-өсімдік қабатын қалпына келтіре отырып биологиялық құнарлығын қалпына келтіру. Сонымен қатар ғимараттар мен құрылыстарды бөлшектеу және консервациялау жұмыстары бойынша.
- Осы жұмыстар болашақта бөлек жобамен қарастырылатын болады.
- Бұзылған жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтірудің қорытынды сатысы топырақтың құнарлығын қалпына келтіріп отырған жерлердің өнімділігін қалыпқа келтіруге және жел және су эрозиясын болдырмауға бағытталған іс-шараларды қамтитын биологиялық құнарлықты қалпына келтіру болып табылады. Үйінділердің жоғарғы беттері көпжылдық шөптермен егіліп тасталады, және жайылым жерлер ретінде пайдаланылады.
Әлеуметтік салаға әсері - Жоспарланып отырған іс-әрекет, жергілікті халықтың жұмысбастылығы тұрғысынан алып қарағанда, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызы болады. Жобаны іске асыру барысында, талап етілетін жұмыс күшінің саны шамамен 345 адамға дейін құрайтындығы болжалданып отыр. Арнайы біліктілік және тәжірибенің болуын талап ететін жұмысты жасаумен байланысты жеке мамандарды қоспағанда, кәсіпорынның басқа жұмысшылары жергілікті халық арасынан таңдап алынатын болады. Бұл фактор халықтың өмір жағдайына оң әсерін тигізеді, сонымен бірге іргелес аудандардың да.
- БТК ЖШС-де халықты қолдау, инфрақұрылымның, денсаулық сақтау мекемесінің және аудандық білі берудің дамуын қолдауға бағытталған және аудан халқының сұранымы бойынша кәсіпорынның өзімен дайындалған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кәсіпорын кейінгі жұмысты жүзеге асыру барысында ауданның әлеуметтік саласына инвестициялауды жалғастыруды жоспарлап отыр, ол үшін максималды тиімді әлеуметтік бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру мақсатында, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және азаматтардың сұранымдары мұқият зерттеліп отыр.
- Осылайша, жұмыстардың әлеуметтік-экономикалық аспектілерге әсері Қазақстан Республикасының экономикасы үшін және жергілікті халықты жұмысқа орналастыру үшін оң маңызды ретінде бағаланып отыр.
Көзделіп отырған қызметтің экологиялық тәуекелін бағалау - Осы жұмыста «Бақыршық алтын кен орны» жобасын жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаға сапалық және сандық бағалау әсерін орындалған. Кәсіпорын өнеркәсіптік алаңының өңдеуші кешенінің және инфрақұрылым нысандарының құрылысы». Осы жұмыста келтірілген материалдардың негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:
- 1. Атмосфералық ауаға әсері рұқсат етілген болып бағаланады - СҚА шекарасында және тұрғын аумақта ШЗК асыру шығарылатын ингредиенттер бойынша жүргізілмейді.
- 2. Оларды ластау тарапынан жерасты және жер үсті суларына әсері рұқсат етілген деп бағаланады.
- 3. Пайдаланылған шегінен топыраққа әсері рұқсат етілген деп бағаланады. Жобалау және технологиялық шешімдерді сақтау, жұмыстарды аяқтағаннан кейін топырақ құнарлығын қалпына келтіру және топырақ құнарлығы қалпына келтірілген жерлерді жайылым ретінде тағайындалуымен пайдалануын қамтамасыз ететін жер бетінің бедерін жасау.
- 4. Биологиялық жүйеге әсері рұқсат етілген ретінде бағаланады. Ол өсімдік және жануар әлемінің қолданыстағы түрлік құрамының өзгеруіне алып келеді.
- 5. Әлеуметтік аспектілерге әсері маңызды ретінде бағаланады (оң).
Қорытынды. - Қоршаған орта жағдайын және мүмкін болар салдарларын болжалдау:
- Өткізілген қоршаған ортаға әсерін бағалау нәтижесі бойынша, Жобадан өңірдің экологиялық жағдайына барлық әлеуетті әсері, жасалған ұйымдастырушылық және табиғатты қорғау іс-шараларының кешенін өткізу барысында рұқсат етілген нормалар шегінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |