Бақытжанқызы Талшын 5В011400-тарих 3курс

бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі37,82 Kb.
#97805
1   2   3   4   5
Байланысты:
13 семинар

М.Өтемісұлы. Тарихшы ғалым Тілекқабыл Боранғалиұлы өзінің «Ғасырдан тәбәрік» атты еңбегінде: «Қазақ жырының ой-санасы – Абай, ар-намысы – Махамбет. Абайдың ғибратымен, Махамбеттің жігерімен еңсе тіктеген әлеуетпіз. Бірі-рухани ұстазымыз, бірі-рухты ұранымыз» деп, Махамбеттің өзгеше жан екенін сөз етті

Махамбет шығармалары - бұқара өмірінің рухани-поэтикалық шежіресі, шаруалар қозғалысының шынайы бейнесі. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ол ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ереуіл атқа ер салмай»«Ұлы арман»«Жайықтың бойы көк шалғын»«Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай»«Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген. «Халық қозғалса, хан тұрмайды тағында» дейді ол отты жырларында. Ақын өлеңдерінің басты қаһарманы Исатай батыр. «Исатай деген ағам бар»«Исатай сөзі», «Арғымаққа оқ тиді», «Тарланым», «Соғыс», т.б. өлеңдерінде Исатай батырдың көркем тұлғасы, адамгершілік, қайсарлық, тапқырлық қасиеттері жан-жақты сипатталды. Өз халқын, елін, жерін сүйген нағыз ердің басты мақсаты-ел басына күн түскенде «Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу...» еді. Бойына туа біткен қайсарлығы арқылы досы Исатаймен біріге отырып, тәуелсіздік туын алғаш көтерді. Елінің азаттығы үшін ақберен ақын қаһармандық қасиеттерін ұрпаққа үлгі етті, өзінің өткір тілді өрен жырларымен оларды күреске үндеді. Күрес-Махамбет поэзиясының негізгі тақырыбы болып табылады. Ол қазақ әдебиетінің ұлы мұхитындағы өзгеше бір сырлы арал. Өзінің «Мұңайма» өлеңінде хан әскерлерінің халыққа көрсеткен қиянатын айта отырып, жасымауға, берік болуға шақырады.
Ақ жұмыртқа сары уыз
Әлпештеп қолдан өсірген
Туған ұлдан не пайда-
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір ақ тусайшы
Халықтың кегін қусайшы
Артымыздан біздердің
Ақырып теңдік сұрарға...
Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, алмастай өткір жырлары халық санасына сахара тұрмысының мәңгілік алауындай шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын оятады

Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, алмастай өткір жырлары халық санасына сахара тұрмысының мәңгілік алауындай шуақ беріп, жігерлендіреді, намысын оятады.

XIX ғасырдың 30 – 40 жж. Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған тарихи оқиғалардың бірі – Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Жергілікті сұлтандар мен патша шенеуніктерінің екі бірдей қанауына ұшыраған халық азаттық үшін күреске ашына кірісті. Осы күрестің басшысы Исатай болса, оның жауынгер жаршысы Махамбет еді. Махамбет шығармаларынан елге қорған болатын ер азаматтың психологиялық қасиеттері жайлы біраз тәлімдік пікірлерді ұшыратуға болады. Ата жаумен кескілескен сұрапыл соғыста жүрегі тітіркеніп, қорқу дегенді білмейтін, ерлік пен батырлықтың символы Исатай батырдың соғыс кезіндегі қолбасшылық бейнесін жастарға үлгі ете келіп:
Толғай – толғай от атқан,
Қабырғасын қатыратқан,
Тебінгісін тесе атқан,
Тізгінінен кесе атқан,
Біздің қайсар батырдың
Жүрегін сүйтіп оятқан, –
деп батыр бейнесін сүйсіне суреттеп, дүшпанның зәресін ұшырар жау жүрек қаһарман адам екенін ерекше мақтаныш сезіммен жырлайды.
Жастарды патриоттыққа, ел – жұртын, туған халқын жан тәнімен сүю рухында тәрбиелеу- Махамбет өлеңдерінің өзекті тақырыбы.
Қазақ жерінің қиыр шығысы мен қиыр батысында араға бір ғана жыл салып дүниеге келген Дулат пен Махамбет туындыларындағы ұлттық бостандық, әлеуметтік әділеттік идеялар әуендестігінің көрінісі болып табылатын бұл өлеңнен де оның авторының шығармашылығына тән сыншылдық ел тәуелсіздігі мен жер бүтіндігін сақтаудан туындап жатқанын көреміз. Қазақ жерінің қиыр шығысы мен қиыр батысында араға бір ғана жыл салып дүниеге келген Дулат пен Махамбет туындыларындағы ұлттық бостандық, әлеуметтік әділеттік идеялар әуендестігінің көрінісі болып табылатын бұл өлеңнен де оның авторының шығармашылығына тән сыншылдық ел тәуелсіздігі мен жер бүтіндігін сақтаудан туындап жатқанын көреміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  • Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). , 2010- 549

  • https://baribar.kz/student/15972/xiv-xix-ghasyrdynh-birinshi-zhartysyndaghy-aqyn-zhyraulardynh-talimderi/

  • https://kitaphana.kz/refkaz/231-kazak-adebieti/2577-d-babataiyli.html

  • https://martebe.kz/shortanbaj-khanajulynyn-zar-zaman-olenindegi-zamannyn-zarlygy-men-tarlygynyn-belgilerin-dalelder-arkhyly-taldap-zhazynyz/

  • https://adebiportal.kz/kz/news/view/22185

  • Қанайұлы Ш. Шығармалары: Толғаулар, айтыстар, дастандар. Шортанбай мұрасы: сын- зерттеулер, мақалалар/ Шортанбай Қанайұлы. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2013.-384 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет