Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет19/61
Дата07.02.2022
өлшемі1,29 Mb.
#92347
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
Байланысты:
Бай әке, кедей әке (Р.Кийосаки)

Активтер Пассивтер 
Табыстар 
Шығыстар 
Активтер Пассивтер 


80 
Осыдан кейін пассивтердің бабтары ӛседі.
Мұның мағынасын жас жұбайлар мысалынан кӛрсетуге болады. 
Олардың табыстары кӛбейді, сӛйтіп олар армандаған үйін сатып алуға 
бел шешеді. Солай бұларда мүлік салығы пайда болады. Содан кейін 
олар жаңа машина жиһаз, тұрмыстық техникаларды сатып алады. 
Ақырында пассив колонкасының (бӛлігінің) әртүрлі шығындарды 
тӛлеуге, (үй кепілдігінің тӛлемі, кредиттік карточкаларды жабу және 
т.б.) толы екенін аңғарады. Осыдан кейін, олар «егеуқұйрык 
жүгірісінің» қатысушылары болады. Дүниеге бала келеді. Ақша үшін, 
олар оданда әрі кӛп жұмыс істеуге тырысады. Процесс (үдіріс) 
қайталанады. Жаңа табыстар үдемелі салықтар. Пошта арқылы 
кредиттік карточкалар келеді, олар толығымен жұмсалады.
Бір кезде кредиттік компания телефон соғады, бұлардың кредит 
алу үшін, кепілдікке қойған үйлерінің бағасы ӛскенін хабарлап, 
осыған байланысты тӛлем процентінің де ӛскенін айтып: «Сіздердің 
тұтыну қарыздарын тӛлеуге мүмкіншіліктеріңіз бар», -деп «толық 
біріктірілген заңды» алып, берешектерді ӛтеп тастауға ұсыныс 
жасайды. Осының бәрін тӛлеп, олар сәл тынышталады. Тӛлемдер бір 
шама азаяды, оның себебі: тӛлеу мерзімін келісім- шарт бойынша 30 
жылға созуды, олар табылған ақыл, деп есептейді.
Бір кезде кӛршісі жаңа заттар сатып алуға шақырады, мерекеге 
байланысты, арзан бағалармен тауарлар сату науқаны жүріп жатқанын 
хабарлайды. Біршама үнемдеуге болады, - дейді.
Олар ӛз-ӛздеріне: «Кӛруге барайық, бірақ ештеңе де сатып 
алмаймыз», деп серт бергендей болғанмен, жаңа кредиттік 
карточкасын ала кетеді. Маған осындай отбасылар жиі кездеседі. 
Олардың аты - жӛндері әртүрлі болғанымен, бірақ қаржылық 
дилеммалары бірдей жағдайда еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет