Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар


Адамзаттың мінезімен ақылының көрнісі-зейнеті



бет10/14
Дата29.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8215
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Адамзаттың мінезімен ақылының көрнісі-зейнеті.

«Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек.» «Бөрік-адамға көрік». «Ескі киімді баптағаның жаңа киімді сақтағаның». «Ескісіз жаңа болмас, жаңасыз ескі болмас.» Етігі жаман төрге шыға алмас, жеңі жаман табаққа да кіре алмас.» «Жыртық етік аяқ қажар.» «Киімі жаманды ит қабады, ниеті жаманды құдай табады.» «Орамал тон болмайды жол болады.» «Сөз бергенге ерме, бөз бергенге ер, сөз бейнет болар, бөз көйлек болар.» «Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды.» «Тоғыз қабат торқадан тоқтышығым терісі артық.» «Киіміңе қарап қарсы алар, ақылыңға қарап шығарып салар.» Бұл аталарымыздың аманатынан киім хақысы жайында аз ғана белгі болса; «Үмму Халладтың орамал тағып алғанын көрген бір кісі таң қалып; «Халлад өлді ғой! Сен әлі де (шашыңды жаймай) орамалмен жүрсің бе?-деп сұрады. Сонда Халладтың жесірі; «Халладтан айырылғанмен ұятымнан айрылған жоқпын ғой!»депті. Бұл сөзді естіген пайғамбарымыз: «Халад үшін екі шейіттің сауабындай сауап бар» деді.» Бұрынғы ислам дінін қабылдамайтұрған кездегі араптардың салтында әйелдердің күйеуі қайтыс болғанда орамалын шешіп, қазіргі әлем әйелдерінің сәні болған шашын жайып жүру салты болған. Яғни жесір қайғыға түскен деген белгі екен. Пайғамбарымыз мұсылман әйелінің де еркектің де киімінің дұрыс тәнін толық жабуын қатаң ескертіп бұндай надандық қылықтарды дінен аластауға көптеген өсиеттер мен үлгілер қалдырған. Айша Анамыздан; «Пайғамбарымыздың; «Киімін үйінен басқа кез келген жерде шешкен әрбір әйел-Алламен өзі арасындағы пердені жыртқан болады.» дегенін естігенмін.» (4010 термизи) «Ұзақ сапарға шықандықтан үсті басы шаң тозаң,басы ұйпа-тұйпа ашық және қолдарын аспанға көтеріп; «Уа Раббым, Уа Раббым!» деп дұға еткен бір адам туралы; «Бұл адамның ішкен жегені харам, кигені харам, хараммен қоректенгесін дұғасы қалай қабыл болады?» дейді.» (Мүслим 65) «Егер жаннат тұрғындарынан бір әйел жер тұрғындарына қараса аспан мен жердің арасын жарық етіп, иісі жайлап алар еді, ал оның орамалы –дүние мен ондағылардан хайырлы», -деген.» (2796-өсиет) Адам баласының киімінің ақылына және жан тазалығына тәуелді және Алла мен арадағы перде зейнет киімін, азығын жұпар иісін қалыптастыратынын пайғамбарымыз қарапайым ашық түсініктермен ескертіп кетіпті. Құранда да жаратушымыз еркек әйелдің бір-біріңнің киіміңсіңдер-деп ескертіп тән тазалығының некелік, жұбайлық өмірде ерекше орын алатынын астарлап ескерткен.



Інжілден ғибрат. «Менің Масіхтен үлгі алғанымдай, сендер де менен үлгі алыңдар! ..Енді мынаны білулеріңді қалаймын; әрбір еркектің басы Мәсіх, әйелдің басы-күйеуі, ал Мәсіхтің басы-Құдай. Солай болғандықтан, ер адам Құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде басын жаппаса, өз басын (яғни Мәсіхті) құрметтемегені. Ал құдайға сиынған немесе Оның хабарын жеткізген кезде жалаң бас тұрған әйел өз басын (яғни күйеуін) құрметтемегені. Бұл шашын тықырлап алып тастағанмен бірдей. Себебі бір әйел басын жапқысы келмесек, онда неге шашын қиып, алдырып тастамасқа? Ал егер әйелдің шашын қиып немесе басын тықыр етіп алып тастағаны ұят болса, онда ол басын жапсын. Сонымен еркек (басы) рухани жағынан Құдайға ұқсас жаратылып, Оның ұлылығын бейнелейді. Әйел болса, күйеуінің ұлылығын (рұхын-ұрығын) бейнелейді. –Құдай еркекті әйелден (ұрығынан) емес, қайта алғашқы әйелді еркектің сүйегінен (сүйектен шыққан ұрықтық судан) пайда қылды. Ол еркекті әйелге бола емес, әйелді еркекке бола жаратты. Сондықтан әйел өкілеттігінің белгісі ретінде басын жауып, періштелер назар аударатын тәртіпті сақтауы керек. Дегенмен Иемізбен байланысымызда (рухани қасиеттерді меңгеруде) әйел еркектен, еркек әйелден тәуелсіз емес. (Тәуелді!) Алғашқы әйел еркектің сүйегінен жартылса да, еркек әйелден туады, ал екуін де жартқан –Құдай. Өздерің пайымдап, ақылға салыңдаршы: әйелдің басын жапай Құдайға сиынуы әдепке жата ма? Табиғи түйсіктеріңнің өзі сендердің ұзын шаш еркек үшін ұят, әйел үшін мақтаныш деп үйретпей ме? Ұзын шаш әйелге басын жабатын жамылғы ретінде берілген. Егер біреу бұл туралы айтысқысы келсе, бізде де Құдайдың өзге қауымында да мұндай салт жоқ.» (Корытындықтарға; 11-тарау) Ғылым, білімнің жеткілікті дамымаған заманында да әлемде дін қауымдарында әйелдің жалаңаш жүруі түгіл басын жапай жүрген салты болмағанын ескертеді. «Жалаңаштықтан сақтаныңыздар! Қасыңызда мүлде жандарыңыздан айрылмайтын періштелер бар. Ол періштелер тек әжетханаға кірген кездеріңіз бен жұптарыңызбен қосылатын кездерде сізден айрылады. Олардан ұялыңдар әрі оларға жақсы қарым қатынаста болыңдар.» (Термизи 42\2800) деп жалаңаш адамнан періштелердің қашатынын, жан киімінің періштелерін тек киім ғана ұстап тұратынын қатаң ескерткен. Бұрынғы қасиетті аналарымыз; «Жаманның қойнында жатқанша, жақсының аяғында жатайын» деп жақсы еркектің қасиеті, періштелігі барлық тәннің тазалығының ең соңғы тірегі аяғыныңың тазалығымен, киелі ағашы «таяғынан» екенін ескертіп, жаман ойсыз еркекке бәйбіше болғанан, сондай ойының қожасы, шопаны болған еркектің тоқалы болған тұқымның азбауына, жанның жетілуіне абзал деп жан сырын жетік білгенін түсінуге болады. Абай атамыз бұндай жан періштелігінің тазалық сырын; «Бас жоғары жаралған, мойы төмен, Қарашы дене біткен ретіменен. Істің басы-ретін танымақтық, Иман білмес тағатты қабыл демен. Имамдар ғибадаттан сөз қозғаған, Хуснизан (көркем пікір) мен иманды білді ойлаған. Иманның тазалығын жақсы ұқтырмай, Сыртын қанша жуса да, іші оңбаған.» деп «Әйел затының еркектің ішінен жаралғанын ескертіп, сондықтан; « үйі, жыныстық қуаты лас және әлсіз болса еректің мойыны жіңішкереді» деген аталарымыздың даналық жан сырының ғылымынан берген нақылын өлеңмен өрнектеп түсіндіреді. Пайғамбарымызда «намаз оқушы араптардың көбінің иманы мойынан садақтың оғындай ұшып шығып кетеді» деп осы әйелмен еркек арасындағы неке төсегіне қырау тұратынын, иман келтірудің әйелдің жан, тән тазалығына да тәуелді болатынын ескерткен.

Үлкендіктің әдебі туралы ғибрат.

Бір жұртың бас хакімі бір баймен сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір кедей адам өтіп бара жатып, иіліп сәлем береді. Оған қарсы әлгі төре жарлыдан да төменірек бас изеп, сәлемін алады. Қасындағы бай: «Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қарап тұрған хакімсіз. Осы бір жаман кедейге неге сонша бас ұрасыз?»-дейді. Сонда хакім: «Ешбір ғылым-білім үйренбеген қара кісі сонша иіліп, әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсізірек болып қалайын ба?»-деп жауап қайтарыпты. Енді бірде Сократ данадан; «Осынша ізетілік пен даналықты кімнен үйрендіңіз?» деп сұрағанда: «Надандармен, әдепсіздерден.»-деп жауап берген екен. Кейде біз жастарымыздың кейбір жақсы қылықтарынан да үлкендердің үйрену керек сияқты;



Кішкентай Нұрмаш бір күні басына әкесінің бөркін киіп, «енді мен үлкен кісі болдым» деп ойлады. Сөйткенімен, бөрік олай ойламады. Үлкен кісі болғыш Нұрмаштың көңіліне қарамастан, дәл мұрынына түсті. Нұрмаш мұны да елең қылмады, қолына бір таяқ алып, аяқтарын маң-маң басып, ана ауылға қарай жөнеліп еді, мұны мал қайырып жүрген Бекбай отағасы көріп қалып, айқай салды: «Әй бөрік! Сен не қылып жүрсің? Біздің Нұрмашты қайда алып барасың?» -деп. Сондықтан ағайын кісілігіңіз бөркіңіз «қажылығыңыз» қалыптасу үшін, адамнан емес құдайдан ұялып, білімі де болмаған аталарымыздың әдебін жасап, төртің бірі төбемізді де жабуды әдетке айналдырсақ төбеден келетін бөркімізді киіп, кісілігіміз де сөздің астарын ұғынатын «патшалығымыз» да қалыптасады екен.

Патша туралы астарлы әңгіме. ... Орман аралауға шыққан патша адасып кетіп бір ағаш кесіп жатқан мұжыққа жолығады. Патша: -Жасаған жәрдем берсін, мұжығым! Мұжық;-Маған сол жәрдем керек-ақ болып тұр. Патша: -Көп пе, үй ішіндеге адамдарың? -Екі ұлым, екі қызым бар. –Олай болса, артық көп емес екен. Сен тапқан ақшаңды не орынға жұмсайсың? –Мен тапқанымды үшке бөлемін. Бір бөлімін борышыма беремін. Бір бөлімін қарызға беремін. Бір бөлімін суға тастаймын. Патша ойлайды-ойлайды таба алмайды да: -Бұл не деген сөз; боышыма беремін, қарызға беремін, суға тастаймын деген? Мұжық: -Борышыма беремін дегенім-әке шешемді асыраймын. Қарызға беремін дегенім-ұлдарымды тәрбиелеймін. Суға тастаймын дегенім-қыздарымды өсіремін. Патша айтады:-Нендей ақылды бас. Енді сен мені орманнан шығарып жібер, өзім жолды таба алмаймын. Мұжық:-Жолды өзің де табасың. Осыдан тура жүр, біраздан соң, оңға бұрыл, онан соң солға, тағы да оңға. Сөйтіп орманнан шығасың. Патша:-Сенің бұл сілтеуіңнен орманан шыға алмаймын. Өзің шығарып жібер. Мұжық:-Еріккен кісіні жолға салып жүруге менің жайым жоқ. Жұмыс кісінің күні қымбат,-дейді мұжық. –Қымбат болса төлермін,-дейді патша. –Төлесең айда,-деп мұжық патшаны ертіп жүреді. Жолда келе жатып мұжықтан патша сұрайды: -Өміріңде қанша жер жүріп көрдің? Мұжық: –Біраз жерде болдым. -Патшаны көрдің бе? Мұжық: - Көргенім жоқ көру керек еді. –Көргің келсе орманан далаға шыққанда көресің. –Мен оны қалай танимын?-дейді мұжық. –Жұртың бәрі жалаң бас тұрар, патша ғана бөркін алмас. Міне, бұлар ашық далаға шықты. Жұрт патшаны көрген жерден бөркін алды. Мұжық қарайды, қарайды, патшаны көре алмайды. Енді сұрайды: -Патшаң қайда? Сонда патша айтады: -Көресің бе, осы топтың ішінде бөркімен тұрған-мені мен сен. Екеуміздің біріміз патша шығармыз. Бұл жан ғылымынан хабар беретін ғибратты әңгімені Міржақып атамыз оқушыларға астарлап жазып, ал бұл әңгіменің діни сырын хазіреттер, имамдар және дін басы, философтар оңай шешуі керек. Абай-Шәкәрім атамыз да осы жүйеге құрылған жан сырының құпиясын қарапайымдап түсіндіріп кетіпті. Енді орманға кіру сөз майданына кіріп тура жүру біздің діншілеріміз ұсынған «масһабымыз» болып, ал мал-жандық борыштарды өтеу ата-жолы ата дәстүріміз, дінімізбен ормандағы адасқан патшаны тауып, орманан бірге шығып қауымына қалай қосуды, үш амалмен, төртеуді түгелдеп, бесті тауып, алтыны қалай алып патша болуды өзіңіз шешіп көріңіз. «Ұл жоқ болса, қыз да игі» деген кәне, Азсынба, әлі де шық сан қияға! Ғылымға қанағатсыз болу керек, Бес түгіл разы болмай алтыға да.» (Шәкәрім ата) Бес-дегеніміз қазақ муфтиятының халыққа ұсынып өздері де меңгеруінен жаңылысқан шариғатта қалыптасатын «масһаб» ғылымы болса, алты тарихаттық ғылым болып, жеті дегеніміз көркем мінездің жоғарғы сатысы пайғамбарымыздың көрсетіп кеткен мағрипаттың дәрежесі ақиқаттың есігі болмақ. Ал төртеуін түгелдеуін де ұмытқан масһаб ұстанушыларға аталарымыз меңгерген бұл қағидалардың әлі көлеңкесі де түспегені даусыз шындық.

Киім ақыл сауыты жанның сыры-зейнеті.

Дін мен Діл кітабында шұлыққа мәсіх тартуға болмайды үнемі жуып жүру керек екенін бүкіл құран тәпсіршілерінің еңбектерінен дәлелдер келтіріп зорға дегенде дәлелдеп шығып, ал Ислам ғылымхалы кітабында аяққа мәсі киіп жүргенде ғана мәсі сыртынан мәсіх тартылатынын дәлелдепті. Әрине негізі діннің басты шарты да осында. Бірақ көп ғалымдардың пайғамбарымыздың да, сахабалардың да жалаң аяқ жер баспағанын мүлде қаперден шығарады. «Алаһ (Алла) Елшісі бізге дәрет алып, мәсі киген кезімізде егер жолаушы болсақ үш күн, тұрғын болсақ бір күн бір түн бойы мәсіх тартуымызды және мейлі кіші, мейлі үлкен дәрет үшін оны шешудің қажеті жоқ екенін, тек жүніп болған кезде ғана шешуімізді әмір етті.» (Сауан ибн Ассалдан) «Пайғамбардың сәлдесі мен мәсілеріне мәсіх тартқанын көрдім» (205-өсиет) «Оң аяқ бірінші киіліп, соңында шешіліу үшін, біреуің кебіс кигенде оңнан бастап, шешкенде сол аяқтан бастасын», деген. (1900-өсиет) Пайғамбарымыздың жай өсиет қана емес өзі қалай киінуді көрсетіп әмір береген аятын онда неге біздер орындамай мешітке жалаң аяқ, жалаңбас жүріп ал тақуа, қажы, ғалым аталғандарымыз өздері пайғамбар әміріне қарсы келеді? Оған не себеп? «Сүнетті орындамайтындар, хадистерді жоққа шығаратындар» дегеніміз жөн (238-бет) «Пайғамбардың өзі: « Уа адамзат! Мен сендерге екі нәрсе қалдырып барамын. Соларды мықты ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол Алланың кітабы Құран және менің сүнеттерім..» деп, өзінің бірқатар сахих хадистерінде тура жолдан таймаудың кепілдігі екенін ескертіп кеткен.» (243-бет) Өзі дәлелдеп бірақ өздері оны орындауға мойыны жар бермейтін дін ғалымдарын кім деп қалай бағалаған жөн? Яғни діндегі бүлікшілер екенін тағы дәлелдеп кеткен. «Сүннетті жоққа шығару бүлігінің шығатына Пайғамбарымыз (с.а.у-жынды емес) сонау он төрт ғасыр бұрын мұғжиза ретінде хабар беріп кеткен...» ( дін мен діл;243-бет) Енді сыртқы киім туралы; «Изардың тобықтан төмен түскені тозақта» «Тәкәпарланып изарын сүйреткен кісіге Алла Тағала қиямет күні қарамайды» деп жалпы ұзын киюді емес, тек тәкәпарлану мақсатында ұзын етіп киюдің күніә екенін нақты түсіндірген.» (119-бет) Бұл жерде «изар» дегенді атамай шалбар деп оның да тек еркектерге жасына, дәрежесін қарай сан алуан түрлері болып балағын, етегін жерге сүйреп артынан шұбалтып сүйреп жүру деген қазақ халқының әдет-ғұрпына сақ дәуірінен бері жат болып, сондықтан әйел, еркек мейлі бала болсын ықшам шапанмен қыста етік, пимасыз, жазда мәсісіз жүрмегені хақ. Ал негізінен жерге артын сүйреп жүретін киім үлгілері бұрынғы перғауындықтардан қалған сән болар. Ал бұндай аудармаға ақыл жүгіртіп көрсеңіз жалпы ол замандарда матадан тігілген шалбар деген болуы мүмкін емес. Шалбар тек еркектер киімі ретінде теріден ғана тігіледі. Ал теріден тігілген шалбардың балағы жерге сүйретіліп жүруі тіптен ақылға симайды және ондай киімді араптардың ыстық жерінде киді деуі де мүмкін емес деп ойлаймын. Ал арап халықтарында теріден тігілген мәсінің болғаны рас. Сондықтан пайғамбарымыз да мәсі киген адамның балағы да қысқа болатынын ескерткен. Ал діншілеріміздің жан ғылымынан мүлде хабары жоқ деп айтуға бір ғана мысал келтіріп кетсек; «Менің алдыма киімдеріңді (изарларыңды) сүйретіп келмеңдер» деген пайғамбарымыздың өсиетін, тәпсірлеп түсіндірген көп діншілеріміз, «тақуаларымыз» шалбардан балтырдан төмен бөлігін түріп, балтырын ашып, жалаң аяқ намаз оқиды және солай көшеде де мешіттерде де кездестіруге болады. Жас кезімізде шалбардың балағын кең қылып тігетін, сүйретіп жүретін «кала-кала» деген сән болды. Шалбардың жерге жақын жерін көйлектің етегі құсатып кең тігілген жағдайда ғана балақ жерге сүйретіледі. Екіншіден егер балақты тым кең тігілмесе, ұзын балағыңыздың арты жерге сүйретілмек түгіл, алды оралып табаныңа түсіп, сүрініп құлап, өз балағынды өзің басасың және мұндай киіммен аяғын боққа былғап қалай жүреді? Үшіншіден ыстық құмда ол замандарда етіксіз, мәсі, арнаулы аяқ киім кимей тағы қалай жүрді? Ал етік, мәсі болған жерде шалбардың балағын кең қылып сүйретіп кию деген, ішіне де тағы ақылға да симайды. Сондықтан ғалымдармыз да жалпы бүкіл аудармашылар да ақылға жүгінбей оймен жорып қателескен. Ал шындығына келсек; Изар- деп түймеленбейтін жамылғы шапанды атаған. Алды ашық болғасын, ұзын болса арты сүйретіліп жүруі және оны байлар патшаларға еліктеп ұзын киюі, артын ұзын қылуы әбден мүмкін. Ал ол шапаның енді бір бөлігі дамбал есебіндегі балағы қысқа мәсіге кіргізіп қойған екінші бөлігі де болып, сол киімді тұтастай изар аталған деп ойласақ ақылға дұрыс келеді. Енді дін бастықтары изар дегенді шалбар деп балтырдан төмен болмасын дегенді соған еліктеген надандар балағын да кесіп, немесе түріп алып намаз оқиды. Бұндай надандық қылықтарға тағы бір себептің пайғамбарымыздың; «Изардың тобықтан төменгі бөлігі деп-тозақта» деп шапанды тобықтан төмен түсіруге болмайтынын және аяқта міндетті түрде тобықты да жауып тұратын аяқ киім болуын, жалаңаяқ жүруге болмайтынын ескерткен өсиетін басқаша түсіндіргендіктен де осындай теріс қылықтарды дағдыға еніп кеткен. Егер ғалымдарымыздың жаратқаннан құранды аударуға алған ұлықсаты болса онда Раббымыздан изарды көрсет деп дұға жасап, оп-оңай аянмен көруге болатынын қалай білмейді? Пайғамбарымыздан; «Ешбірің жалғыз киімде екі иығы ашық халде намаз оқымасын» (226-өсиет) Бұл өсиеттен араптардың ұлттық киімі изардың ішінен тек іш киім сияқты жалғыз иығы ашық көйлекпен дамбалдың ғана болатынын білуге болады. Адам баласының жанаттық та тозақтықтық та белгілері тән тазалығымен киімен байланыстылығын ескерткен өсиетердің түсінігінің бұрмаланып кетуі де осы ғалымдардың ақиретік тіршілік қағидаларын жан ғылымын толық білмеуінен туындаған. Мысалға: «Әрқайсыңа жаннат аяқ киімнің бауынан да жақын, тозақ та дәл сондай» (2017-а.) «Изардың тобықтан төменгі бөлігі-тозақта» (1891-а) деп ескертуінің астарында арап халқында бауы бар (шәркей) аяқ киімнің болғандығын, надандық дәуірлердің өзінде жалаң аяқ жүрмегенін ескертеді. Сондықтан адам баласының аяғының тозақтық жерлері әлсіз, әурет және жаман иістердің бөлініп ауру қоздырғыш микробтың (шайтанның) ұялайтын орындары болып табылады. Бұндай иіс шығатын әлсіз қорғалуға тиісті әуретті, тері бездерінің орындары әйел затында 40, еркектерде 30 тозақтық белгісімен әуретті киіммен ерекше жабылатын орындары бар. Сондықтан қиямет деген адам баласының тән тазалығынан, жалаңаштықтан туындайтынын ескертіп; «Сендер қиямет кезінде жалаң аяқ, жалаңаш, сүндеттелмеген халде жиналасыңдар» (2029-аят) «Расында, қиямет күні тозақылардың ең жеңіл азаптысы-табандары астына екі шоқ қойылған кісі, одан әлгі кісінің миы қазан не құмған қайнағандай қайнап тұрады»(2036-аят) Жалаңаш жүру басты аяқты жапаудан мидың жұмысы, ойлау қабілетінің жоғалуымен қазіргі таңдағы имамдардың, ғалымдарының өздері жалаң аяқ, жалаң бас үлгі көрсетуінен солай намаз оқудан дін апиынға айналып адамзаттың мастығын ғана туындатып жатқаны ақиқат. Хикмет сырлары (тасаввуф) кітабында «Фиқһ» ғалымдарына қарағанда адам баласының кемелдену, тақуалыққа жету, сабырды меңгеру туралы көлемді түрде дәлеледер хикметті істер арқылы баяндалады. Нәпсінің жеті сатылы тәрбиесі туралы баяндалған. Демек түркі дін ғалымдарына адам тәнінде жеті желдің (нәпсінің) жолдары бар екені белгілі болған. Сол жолдардың негізгі 3-қызмет орны (тоғысу, арласу орындары) бас пен аяқта орналасқан. Мидың ойлау, ақпартты қорыту, сананың зейнетелуі бастағы терінің жұмсақтығы мен екі аралық шырыш қабаттарына көлеміне, тазалығына және жыныстық тазалыққа да тәуелді болады. Еркек басынан еркектің ойының зәр исі бөлінсе, әйел басынан өте өткір нәзік әйел қанының иісі бөлінеді. Сондықтан бас киімді қадірлеу қазақтың ата-салт дәстүріне кіреді. Дәуіт Тайи Әбу Ханифа шәкіртінен; «Жиырма жыл Әбу Ханифа Хазіретімен бірге болдым. Осы уақыт ішінде байқағаным, жалғыз кезінде де, қасында біреу отырғанда да жалаң бас отырғанын және дем алу үшін көсіліп отырғанын көрмедім.. Өйткені, олар әр сәтте және әр жерде жаратушының құзырында екендіктерін пердесіз көретін және дәлесіз сезетін ариф жандар еді. Яғни, олар «Қай жерде болсаңдар да, Ол сендермен бірге» «Олар намаздарын үнемі оқиды» деген аяттардың сырын түсініп, намаздың сыртында да сол құзыр халін сақтағандықты білдіреді.» (546-бет) Ал енді Ясауи бабамыздың; «Шопан мен паташа киімі бірдей болсын» деген өсиетін былай қойғанда, Әбу Ханифа масхабын ұстанып, ондай әулиенің істерін халыққа үлгі қылып көрсетуші дін жетекшілеріміз теріс өнеге көрсетулерін қалай түсінеміз. Оны жалпы діншілер ұғымымен сөзі мен ісі қабыспайтын «мұнафақтықтар» деп атайды. Аталарымыз; «Молданың айтқанын істе бірақ істегенін істеме» деп осындай әдет-ғұрпымызға, салтымызға діншілер тарапынан жат қылықтар туралы ескерткен болар. Жалпы тәнді жаппақ түгіл жұқа киінудің өзі тозақтық болатынын пайғамбарымыз; «Кім бұл дүниеде жібек (жұқа) кисе, ақиретте оны (жан киімі, бүлдеге орану) кимейді.» (1896-аят) деп киімге аса мән беруді, жұқа жалаң киімге тиым салып, екі үш қабат киімдермен қалың киінуді ескерткен. «Пайғамбар өздерін әйелдерше ұстайтын еркектер мен өздерін еркектерше ұстайтын әйелдерге лағнет айтып; «Оларды үйлеріңнен шығарып жіберіңдер» -деді» (1903-аят) Пайғамбарымыздың өсиетіне қарсы болып, мұсылмандықтан шыққан, құдайдың лағнетіне қалған, әйелдерше иіс суы бұрқырап шашын сәндеген, керісінше еркекше киініп, шашын қысқартқан, шалбарланып арын, ұятын базарға салған және төсіндегі жыныстық белгісін мақтан еткен еркек, әйелдерімізді құрметтеп төрге шығарып, пайғамбарымыздың өсиет үлгісі түгіл, зейнетеріңді ашпаңдар деген, құран үкімімен де келіспейтінімізді білдіріп, мәдениет құзырлы орындары мен ел ордаларын басқаруға беріп қойдық. Осындай ар-ұятқа, ата заңымызға жасалған ашық қастандық шайтандық әрекетермен күресуге тиісті діншілермен, абыз, ғалымдарының өздерінің де жан ғылымынан сауаты қарапайым қазақтың қара шалдарынан төмен екендігін күнделікті көзбен көріп, құлақпен естіп жатқан жайымыз бар. Қазақтың киім үлгілері белгілі бір таңбаны дәрежені білдіріп қоғамнан өз орнын алуды, соған лайық сыйластықтың, ізетіліктің қарам-қатынасын сақтауға арналған. Мысалға қыз балаға сәукеле кигізу жыныс тазалығының, әйел жынысының таңбасын, бейнесін көрсетіп, ұзын қуыс түтікше мен басында гүлді бейнелейді. Яғни 12 гүлі «Бәйшешек бақшасы» ашылмаған қыз екенін білдіреді. Абай атамыз қызға қырық үйден тиымның «Майдағы жұртың іші –қар, Бәйшешек қарға өнер ме? Ішінде кімнің оты бар, Қар жауса да сөнер ме?» деп қызды қар-ұятсыз салқын қылып тәрбиелемей, ұятты, отты қалыптастырудың маңызын, жан сырын осылай астарлап көрсетіпті. Ал енді ішінде оты боллаған қызды айттырып, қалың малын беріп, күйеуге шыққанда жаулық салған «кел-ін-шек», балалы болғанда отың егесі кимешек киген қа-тын, ал сонан кейін ерінің тірегі, елдің анасы болған белгілері де арнаулы бас киіммен, жан сырының құпиясы белгіленіп көрсетіліп отырады. Ал жалаңбас көрнісі шайтанды белгілеп, шашын жаюды құдайға қарсылық, «жалғызымды, жарымды неге алдың?» деген қайғыдан пайда болған ырым. Ал еркектің де нәпсісін тиып, ел ағасы болғаны да жыныстық белгіге ұқсас телпек киіп және билердің хандардың, ғалымдардың, сопылардың, батырлардың бас киімдері де өз дәрежесіне сай болған. Бас киімді тек өлген уақытта ғана шешіледі деп түсінген. «Тегін адам таз болмайды» және «тазша бала» деп қасқа бас, таз бастардың ұлттық тәрбиесі наным сенімі, діні дұрыс болмаса ерекше қу, залым, сұм болатынын да ескерткен. Осындай таздармен, қасқа бас мекеме басшыларымен сұқбатаса қалсаңыз діни нанымын байқап алмасаңыз қауіпті абайлап сөйлескен абзал. Басын көпшілік алдында ашық ұстаған басшылардың өлімнен қорықпаймын немесе өлімді жеңдім деген буддалық діни сеніммен, «ламалық» ырымы болып табылады. Ал християндардың да өлген адам алдында ғана бас киімін шешуі өлікке құрмет және тозақ қайғысымен, азабымен ортақтасу дін туысқандық ырымы болған. Ал қазақта жалпы түркі салтында бас киімсіз, жалаң аяқ жүрушілер құлдарға, құлдыққа түскендерге лайық деп түсінген. Бәрімізде кедей, қара шаруамен (пролетарлармен) тең боламыз деген орыс империясының саясатын мүлтіксіз орындайтын қазақтан басқа ата салт-дәстүріне, дін- жанына ашық қарсы тұратын исламдық ел аз болар. Ал киімнің ақылға қатыстылығын жан сырының сауытын- зейнетін қалыптастыру дін құлшылығының негізгі ірге тасы болып саналады. Сондықтан жаратушымыз; Құлшылық орындарында зейнетеріңді алыңдар, әйел еркек бір-бірлеріңнің киіміңсің дер.» деп ескетудің астарында үлкен ғылыми заңдылықтар бар. Адам баласының ішкі сырларының күнәларының көрнісі, рухани қабілеттік дәрежелері зейнет сызықтары мен, мүшелермен белгіленіп оны ерекше күтімге алатын әуретті жерлер деп атайды. «Әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа» деп, әйел затының тез ойланып бірақ сөзінің, қулығының, жын-кекшілдігінің, жамандықты есте сақтау қабілетінің, білімінің ұзын болатынын ескерткен аталарымыз. Соған байланысты жаратушымыз күнәлі сөздің өздігінен бөлініп керісінше пайдалы қуат өндіру үшін әйел адамның, басын да шашын бөлек ерекше және әлсіз қылып жаратқан. Шашы ұзын әйелдің мейрімділігі, кешірімділігі де жоғары болып және басты үнемі жылы ұстап шаштағы еркектен 6-есе жоғары алтын өнімін қалыптастыруға септігін тигізеді. Сондықтан алтынды жан қазынасын қорғау үшін жаулық міндетті түрде үкім етілген. Ал еркектің басы ауыр ойларға, болашақты болжауға арналғандықтан темір өнімі көп және терісі қалың ауыр болғандықтан «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық деп» еркек басының ой қуатының артықтығын ескерткен. Әйелдің жыныс қуаты бастан нәр алса еркек керісінше аяқтан, табаннан алады. Еркектің аяғы күміске айналып яғни қолайдай ағару қажет. Олай болса әйелге жаулық қандай қорған болса еркекке аяқ киімде сондай қажеттілік және жан тазаруына мұқтаждық. Ал әйелдің бүкіл күміс қоры жамбас, аяқ мүшелерінде болып алдыңғы жамбас, жыныс сызығын «арай жап»деп атап, жатырдың әйелдің барлық, қасиет, қабілеті және күнәсін әшкерелеп тұратын зейнет сызығы, «жын»-«ысы»-ның (иісінің) шамасы болып табылады. Сол сызық үш бұрыштың бұрыштық шамасы ұзын, қысқалығы жатырдың бала көтеру, қабілеті мен әйел затының текті, тексіздігін көрсетеді. Енді шашын қиып, жалаң бас жүрген қыз, әйелдеріміздің де артқы құйрық сызық белгілері созылып, әйелдік жамбас «ер ағашы» жалпайып, қисайып қулықтары іштен шықпай, жыны басқа қарай шауып, мінездерде қаталдық, қулық, арамза пиғылдардың артуына себеп болады. Еркектің шалбар киіп жүре беруіне болуынның өзінде еркек құйрығынан «хлор» (уу) өнімі ыстықтық болса, әйел құйрығы «натрий» өнімі, күнәні тазартушы, қабылдаушы салқындық болып екі қарама қарсы жаратылысты көрсетеді. Тілі жаман еркектің құйрығы у болып; «
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет