Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар


Қазақтың ескі даналығы мен, бүгінгі заман ойшылдығы!



бет8/14
Дата29.01.2017
өлшемі2,37 Mb.
#8215
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

Қазақтың ескі даналығы мен, бүгінгі заман ойшылдығы!

Ислам елдеріне қарағанда мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды сақтаудан, және басқалай бүкіл адамзаттың ақылының жетілдіру саласынан да, ислам дінін ұстанбайтын елдердің бәрі де іргелі ғылым-білімнен неге әлде қайда озық тұр? Бұл жағдайға негізгі себеп те, олар дінен бөлекпіз дегенмен, негізінен белгілі бір ұлтына сай діннің философиялық тұрақты, дінде бағытын ұстанады. Және де философиялық білім міндетті болып табылғаннан кейін, жалпы халық дінен бөлекпіз дегенмен, ал шындығында діни сауатты, ал діннің рәсімдік жоралғыларын орындау да ерікті болып саналады. Көрші Қытай, Азия елдерінде Конфуций философиясы бағытын ұстанғандықтан, халықтың жалпы адамгершілік құндылықтарын сақтап өсіп өркендеуге, бірден- бір септігін тигізіп жатқанын сыртай-ақ белгілі жағадай. Шындығында осындай мейлі Кришна, Дао, Конфуций, Христяндык, Тора діндерінің философиялық негіздері ислам дінінің де бір тармақтары болып табылады. Ислам дінінің тура жолының негізгі ой тұжырымдық адамгершілік, ізгілік қағаидалары осы діндердің бәрін толық қамтиды. Тек құпиясы да, діни рәсімдік жоралғыларын дұрыс орындаған, құран үкімдерінің аяттарының көрсетілуінің шегінен шықпаған жағдайда, құдайдан кітап беріліп, әрбір пендесіне қажетті, тиістісін ғана өлшеп беріп тура жолға бағдар беріп отырады. Ал, негінен көпшілік ислам ұстанушы елдер, бұл қағидаларды сақтамай, тек исламның 4-парыз және бесіншіге бір белгісіздік негізін алып, және дінің ортасын ойып алып, сонымен ғана тура жолды табамыз деген қағидамен мүлде діннен адасып, негізінен ислам дінін әлемге, және есі дұрыс адам баласына тек жек көрнішті етумен ғана айналысады. Жартылыстан адам баласының ақыл-ойының жетілу «карма» заңдылығы бар. Егер ұстанған діннің рухани азығы, бастапқы діннің негіздерін қамти алмайтын болса, сол құндылықтарды жанның қалап іздеп тұруы және солай талап етуі заңдылық. Сол жетіспейтін «карманы», яғни өзіне керекті дәстүр қуатын іздеу барысында, кез келген бір діннің сектасына кіріп кетуде, осындай жасырын рухтың жетелеуімен болады. Жастайынан ұлттық құндылықтардың тазасын, керектісін тәрбие арқылы әдетке және тіршіліктік салтқа айналдыра білмеуден, кез келген дәстүрді қабылдау және малдық қара қуатты сіңіру, адам баласының қажеттілігінің шартты заңдылығы болып табылады. Әсіресе осындай жағдай ақыл толысу кезеңі; 40-жасқа жеткенше өте қауіпті. Құранда «Баланы екі жасқа дейін емізу керек 40-қа келгенде ақылы толады» деп ескертудің астарында, адам баласының психоллогиялық жан қуатының жетілуін ескерткен. Ол қуатты тылсым үнінен сыртан келетін белгілерден үнемі алып отыру, барысында еркек баланың үні әрбір сегіз жылда өзгеруімен, қырыққа келгенше 5-рет даусы өзгеріске түсуі шарт. Ал әйел заты жіңішке дауысқа жатқандықтан, тек үннің қатаңданумен, дыбыстың қуатануымен ғана онша өзгерісі байқалмайды. Енді адам баласының ана сүті және ата сөзінің құнарлығы және тілді толық меңгеру, дұрыс сөйлеуіне байланысты бір адамда толық жетіліп, кейбіреуінде жетілмей, адам баласының тағдырына, өмірінің мәнді мәнсіз, ұрпақ сабақтастығына яғни болашақ ақирет өмірінің бақыттылығының ірге тасы болып табылады. Осындай жағдайда адам баласының рухани кемелденуін, жер бетіндегі қаншалықты жеті аталық өнімі мен тектік, нәсілдік, сабақтарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін, өз ұлтына сай ата-бабадан ұстанып келе жатқан діндерінің ой елегі, ақыл таразысы философиялық ұстанымына да тікелей тәуелді болмақ. Қай елдің дін сөз тазалығын яғни философиялық білімінің жетістігін білгіңіз, келсе мақал-мәтел, нақыл және дәстүрлік, әдет-ғұрыптық негіздерін зертеп, киелі кітап және пайғамбарлар өсиеттерімен салыстырып көрсеңіз, жеткілікті мағлұмат ала аласыз. Өкінішке орай, бұндай ахуалға нақты баға беретін, ислам елдерінде қазіргі таңда философтар, теологтар және дін хазіреттері жоқ десе де болады. Біздердің, бар деп марапаттап, акедемик атағын алғандардың өзі, шет жұртың және осы уақытқа дейінгі дайын зертелген, сұрыпталған және уақыт өтіп, міндетін атқарып тозған, ой тұжырымдарын, өз нәпсілернің қалауына, немесе бүгінгі күннің талабына қарай; «Энциклопедиялық» білім ретінде көшіре салады да, ғылыми атақ алған соң, жоғарыда отырып алып, ойына келгенін, логикалық тұжырымдарын айтып, халықты аздыруға ғана септігін тигізетіне, осы қазіргі қазақ елінде және әлемдегі ислам бүлікшілдігі және бір дін ішіндегі рухани қақтығыстардың да, философия ғалымдығының жеткен жетістігі мен имандарының, діл білімдерінің айнасы деуге болады. Осындай сөз жүзіндегі теріс жетістіктермен өлшеп, салыстырғанда ислам елдері ішінде қазақ елі бірінші орынға шығады. Неліктен, қалай біз ең жетілген имам Ағзам Ханафи масхабындамыз емеспе?- деп сұрауыңыз әбден лайықты. Оған себеп, басқа ислам елдері, мейлі түріктер болсын, өздерінің негізгі сал-дәстүрлік қалпынан онша қашық кете қойған жоқ, бірақ діндері азып, рухани тозып жатқанын, болып жатқан сынақтар дәлел. Ал, қазақ елі салт-дәстүрімізден мүлде теріс бұрылып, өзіміздегі бар және жетілген дінді, ақыл-ойларды, жан сырларын қайта қысқартумен, яғни жанды өсірмеумен айналысып жатырмыз. Бүкіл негізгі төрт діннің философиялық негіздерін біріктіріп, толық ислам дінін қалыптастырған Ясауи бабамыздың көрсетіп, қазығын қағып кеткен жерінен, әрі қарай жалғастырып, заман өзгерісіне, қозғалыс себептернің жетілу біліміне сай, жаңадан жаратқаннан берілген үкімдерді орындаудың орнына, өзеннен арғы жаққа, бастапқы негізге қайта өтіп алып, оның да ар жағындағы негізгі бастаудан ғана су ішеміз деп, тесік ыдыспен өзеннің бергі бетіне су тасыған әпендіге ұқсаймыз. Ау ағайындар, сол бұлақтан және жолдағы сансыз бастаулардан толықтырылған, өзен үйдің жанымен ағып жатыр, тек өңдеп тазартып ішсек болмай ма десеңіз, ондай ғылымды айтып, дінді бұзып, серік қосқан болып табыласыз да, үкіметтің жарғақ құлақты, шайтандардың, жырық құлақ «жапарқұлдардың» қаруына ілініп, соталып күл төккенде өмір сүруіңіз ғажап емес. Енді бір қарапайым мысалмен дәлел келтірсек; Укаша сахаба басындағы құдыққа түскен аса таяқтың, Мекке қаласындағы зәм-зәм бұлағынан шықаны туралы әңгіме бар, және америкалық ғалымдар екі жақтан да судың сынамасын алып, зертеп, айырмашылығы жоқтығын анықтаған. Бұған ақыл жүгіртсек, рухани бұлақтың бастауы да, қазақ жерінен басталып, араптардан шығып тұрған жоқ па? Онда, дінің де бұлағы сақтардан басталады деген, жаратқаның айқын белгісін, қажылықтың ірге тасы бізден басталу керек екенін, неге жабылып, зертеп дәлелдемейміз. Тағы бір ақылға салып ойлануға тұратын мысалдан; Мен осы жазбаның егесі санлып, 2007 жылы үкімделіп, айыпталған «Ата жолының» яғни иманы жолдас болсын, Қыдырәлі Момбай ұлының, көптеген шәкіртінің бірімін. Сонымен, біздің муфтияттың ең жоғары, беделді деген имамдарының талайымен де сұхбаттас болдым. Олар, негізінен біздердің жасаған құлшылық амалдарымыздың 3/1 ғана орындайды, және сол парыздарының өзі көптеген құранмен жетілмеген, жетімсіз орындайды. (Дәлелдейміз!) Намаз оқуларының өзінде, мейлі мешіттерде болсын, көптеген Ясауи бабамыз көрсеткен істерден жеткілікті айырмашылық, алшақтықтары да бар. Исламның бір шарты болған, әрбір үмметке және жалпы ислам үмметеріне берілген құрбандық шалу амалдары бар екені құранда ескертілген. Сонымен Ханафи масхабын ұстанушылар негізінен бұл намазды жылына бір-ақ рет орындап, ал ұлттқа сай құрбандық шалу үшін зираттаудың, неше түрлі амалдарының бірін де орындамай және ондай амалдарды орындауға шақырған біздерді, «серік қосушы» яғни жаратқанның үкімін бұзушысыңдар деп айыптаудан жалықпайды да. Оларға өздері сияқты сыңар жақ, ел басшылары да, заң шығарушы мекемелер қызметшілері де, мәдениет қайраткерлерді де қолдау көрсетеді. Менің философиялық ақыл- ой сергектігім әлсіз бе, әлде олар мүлде жынданып, мастығынан айыға алмай жүрмін бе, басым қатып, осы қарапайым есепті шеше алмай, 7-8 жылдан бері талай жердің есігін қағып, бірде-бір сұрағыма жауап ала алмадым. Үш жыл бұрын, яғни 2007 жылы, дін білімдеріңді құранмен салыстырып, баспасөз бетінде ашық пікір таласқа түсейік деп; «Құлшылық құпиясы немесе құраннан бір үзік сыр» деген шағын кітапша шығарып таратым да. Егер Ата жолының қағидасы дінді бұзуға, яғни ақыл-ойды тежейтін серік қосу амалы болып, Қыдырәлі аруақтың көрсеткен хикметті істері, дінге лайықсыз деп табушылар болса; мына мен сол кісінің мыңдаған шәкіртінің бір ғанамын. Енді жалпы халықтың орта деңгейдегі ақын, жазушы оқығандардың сауалдарын пікірлерін былай қойғанда, менің ғана осы уақытқа дейінгі, негізгі құран ғылымынан көрсеткен 10/1 ғана деректерді философ ғұламалар, психолог, хазіреттер неге терістеп қарсылық көрсетпейсіздер? Әлде сіздердің тақ дәрежелеріңізге сәйкес келмеймін бе? Олай болса бұл амалдар шариғатқа теріс, мұсылманшылыққа, достыққа, дін бауырластыққа жат және сұхбат, пікір таласқа қарсылық яғни имансыздықтың нағыз өзі болып саналады. Ата заңымызға да қайшы! Осындай шарларға байланысты да шығарған заңдарыңызда талай заңсыздықтар мен құдайсыздықтар бар. Оған да болшақта көрстетен, жазылатын нақты дәлелдер бар. Абай атамыз: «Адам баласына адам баласының бәрі –дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюуың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің-бәрі бірдей, ақиретке қарай өтуің, көрге кіруің, шіруің, көрден машхарда сұралуың-бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рақатың-бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгеніне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күдестік қылып, я көрсе қызарлық қылып, көз алартпақтық лайық па?» деп біздің елде болып жатқан дін жағдайының, ел басшыларымен, діншілердің дүниемен өлшеп, қазақтың бір-біріне көркем қарыз беруін, жақсылық жасауын, заңмен салық салып, қудалаған тірлігімізге алдын-ала бағасын да беріп кетіпті. «Тілеуіңді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетіңмен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек-ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар?» Дін муфтиятының үкіметке арызданып, құдайдан тілемей ойдан шығарған заңға жүгінген дінде үстемдікті ғана қалаған тілегін де көрсетеді. «Екі ауыз сөздің (наным, сенім) басын қосарлық не ақылды жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қылымын деп, құр «ой тәңір-ай!» деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?» (34-сөз) Бір топты зікір-гипноз, екіншісін халықтың дүниесін шашушы-деп, үшінші, төртінші... біреулерін құдайдың емес, адам шығарған заңмен емдемейді, болмаса «масһабты» бұзушы деп ғылыммен, философия, психология білімдерімен дәлелдеуден, пікір таластан қашып байбаламдаған діншілердің қазақшылық түгіл жалпы адамшылыққа жат; солардың несі адам?-деп ескертеді атамыз. Аталарымызда сөз білген баланы қадірлеп, төрден орын беріп, тыңдай білген. Енді оқырман бұл мәселеге сізде ойыңызды жүгіртіп, басыңызды ауыртып көріңіз. Егер балаңыз берілген сабақты толық орындап, әрі қарай білімін жетілдіремін деп, басқа сабақтарды, өнерлерді меңгеремін деп, талпынса, онда неге анау орында қалатын сабақты жаман оқитын оқушыдай ғана болмадың, деп шырылдатып сабай аласыз ба? Әлде ата-бабаңыздан қалған ой жұрнақтарын іске қосып көз, тіл тимесін деп тәрбиесін құпиялап, жетілдіруге, артық кемін білуге қол ұшын созасыз ба, үлкендік ретінде? Осы жерде біздердің философиялық ақыл-ойлары жетілген ағаларымыздың «үлкендігін» Абай атамыздың ойымен өлшеп көрейік. «Аз ба, көп пе, адам баласыны бір түрлі мақтаннан аман болмағ қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік-адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни. Надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді-осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінезді бойына қорлық көріп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екіншісі мақтаншақ деген біреу...» Енді атамыз, заман өзгерісіне қарай екі жүзді үлкендіктің қазақта пайда болатынын бұл жерде ескермеген екен. Оны құранда «мұнафақтық» деп атаған. Енді қазақта арлылықтың, үлкендіктің европалық, араптық өлшемі пайда болды. Енді докторлық алсаңыз, жоғарғы қызметке таққа отырсаңыз, арап тілін жүргізіп оқуды меңгерсеңіз болды имам, дінші философ, теолог бола қаласыз да, ал кітап білімін көбірек жатап алсаңыз; саясатшы, политолог ғалым, жазушы болып, және құдайдың берген малдық қуат ерекшелігі болып әнші жұлдыз, тілші т.б атансаңыз болды енді сізден есті үлкен пенде жоқ. Арыңыз да, ұятыңыз да, надан еместігіңізде сол билікті, дәрежені қолдаушы, мейлі ол шет жұртың адамы болсын, бұл дәрежеңізді сақтап қалу үшін де, енді сөз сатушы, яғни ақыл айтушы қу саудагерге айналып шыға келесіз. Бұл жерде жасқа, парасатылыққа, ақыл тоқтатуға шек қойылмайды да бәрі қаражатыңызға жылпос айлакерлігіңізге мал, дүние табуға деген пәлсапалық естілігіңізге ғана тәуелді болмақ. Ол үшін де, әрине жасырын халықтың көзіне көрсетпей, барлық адамдық, ата-баба аманаты мен салт-дәстүрлік құндылықтардан ойланбай аттауға батыл болуыңыз керек. Осындай өзіңізге мінездес, үлкендікке табынушы топтармен, енді мемлекетіміздің үлкендігін жан аямай көтеруге бел шешіп жағымпаздыққа кірісуіңіз керек. Мұндай жағдайда, шет елдің к..н ашқан қатына дейін айтқан сөзін, жұтқан түкірігін, кір-қожалақ киімдеріне дейін таңдай қағып, халыққа мақтап, болмаса, қайта қайта той жасап шақырып, солар үшін ойнайтын алаңдарын, ойынханаларын салып, балаңызды жүгермек, қызыңызды тіл азар, әсіре қызар селкілдек, қатыныңды ел кезбек, немесе талтайтып төрге отырғызып қойп, айтқанының, ісінін бәрін мақұл көріп, тектік, жыныстық белгілеріңіздің, кәсіптік ерекшеліктеріңіздің бәрін әйел генімен тең көріп, сондай ниетен азып, тозып құдайдың қаһарынан қорықпай тозаққа бірге баруға, тұқымыздың жоғалып, ұлтық белгіңізді де ата-баба аманатын аяққа таптауға да дайын болсаңыз болды. Тағы ұмытпаңыз, егерде шет жұрт сіздің ұлттық құндылықтарыңызды; ескі деп, заманға сай келмейді, немесе олардың салтына қайшы келсе, өлген әкеңізді де көрінде тыныш жатқызбай, жамандап, дәстүріңізді тәрк етіп, мазарларын қатындардың жалаңаш, еркектердің жалаң аяқ, жалаң бас аралайтын көрмеге, яғни жын ойнақ базарға, өздерін сыртай надан адасты деп соттауға,өзге елдің қалталары не айтса соған бас шұлғып, отаныңды ошағымен қоса сатуға, ойшылдық, шала ақылымен түбін тексермей келісуге дайын болмасаңыз үлкендігіңіз өспей жетілмей қалуы мүмкін. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да-бәрі орыста тұр. Зиянынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік пікір таласқа кіреді, аса арсызданып жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпен (жарамсақтықпен) көңілін алсам екен деген надан әке –шешесін, ағайын жұртын, дінін, адамшылығын жаурыннан бір қаққанға сатады. Тек майордың (өзге елдің үлкендерінің) күлгені керек деп, к..і ашылсада (етегі ашылып, жалаңаш жүрсе де), қам жемейді... Мына мен айтқан жол (ғылым, білім үйрену)- мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең-оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсете ме, өзі рақат көре ме, я жұртқа рақат көрсете ме?» (25-сөз) Абай атамыз, орыстың ғылымын меңгер, дінді меңгер, тек баланы сауаттандыр, бірақ ар ұят заңдылығында қоса ұмытпа деп, ескерткенін мүлде ұмытып, енді ар-аятты, тек дінші оқыту керек деген қағида пайда болды. Философия, психология ғылымдары бұл саланы мүлде тыс қалдырғаны сөзсіз болса, ал есесіне діни сауатты аталғандар бұндай философиялық ұлтық ғылымдарды, діл білімін меңгеруден қашады да, ақырында халықтың рухани арбасы Абай-Шәкәрім аталарымыздан кейін, бір қадам да алға жылжымағаны да хақ. Керісінше аталарымыз теріске шығарып, сынап қателіктерін көрсеткен, ой толғамдарын қазып алып, қайта сапқа қосумен айналысқан да, оған жоғары мәртебелі дәреже орындар иеленіп, енді ғалымдығымыздың, ойшылдығымыздың да көрнісі, ескі қателіктерді жаңғыртумен ғана құнды. Дін ғалымдарымыз одан әріге қарай сүңгіп, тіптен өзге елдің надандығына қайта жалғану әдістерін, тура жол яғни хикметті құпия ілім, деп атайтын болды. Енді біздің қазақ елінің жалпы туысқандақ, бауырмалдық, салт-дәстүрлік және осы ұстанымдардың бәрінің арасын біріктіріп, татуластырып тұратын тіл, сөз ой бірлігінің өмірлік философиялық мектебіміздің негізгі ұстанымы қандай? «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш бар. Оның қуанышы-елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады...Оған құдай тағала айтып па, пәленшекеңнен тәуір болсаң болды деп? Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады дағы.» Әрбір өзін жақсылар, басшылар және өздерін ғалым қатарынан қосқандар енді жаман атамасын деген мақсатты емес әйтеуір, білімді десін, саясатшы десін, ғалым десін, әкім, тәуір десін деген мақсатпен барлық ақпарат орындарын меңгеруге тырысып, елдегі өзінен төмен жаманды шам алып іздеп, әйтеуір сондайлардан қалай ақылды жақсы екенін дәлелдеумен-ақ шұғылданады. Мысалға; ата-жолының ішінен аралап іздеп, қуып жүріп, бір өздерінен нашарын тауып алып, елге ерінбей көрсетіп, жазып, ақыры заңмен бүкіл ата дәстүрін де аластап тынды. Ендігі дін имам, хазірет, ғалымдарымыздың да кәсібі; өзге дін топтары немесе басқалай ұйымдар болсын, ішінен жақсысын көріп, оның кемшілігін толтыруға, ақыл кеңестермен пікір таластармен басқасына үлгі етуді, өздеріне намыс санайды немесе біліксіз, ғылымсыз ойшылдықтарының, халық алдында ашылып масқара болуын сезеді. Сондықтан 50-елдің қатарында болу керек, шаруашылығы жақсы дамыған елді рухы жетілген, өркениетті атап, білімнің жетістігін ілімге яғни ғылымға балап, сонан қазіргі таңдағы ғалымдықтың да өлшемі де, халықтан сәл білімді болса, ал діншілдіктің өлшемі қаншалықты құранды жаттап алғанына және арап тілінен көбірек сөз білгеніне ғана және ескіден келе жатқан ақыл-ойларына тәуелді болса жетіп жатыр. Ал заманына сай, ғылымның жетістігі, дін ғылымының дамуына, яғни хикметті істердің, философиялық ойлардың, уақытың дәуірлік жаңадан қозғалысына тәуелді екенін, әзірге қазақ және әлем данышпандарына миларына кіріп, санасына иман болып жете қойған жоқ. «Оған құдай тағала айтып па көптен қалмасаң болды деп. Көпке қаһарым жүрмейді деп, көпке тұзағым жетпейді деп? Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап ба? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма?» «Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жаурынын бір қаққанға сатады.» Осы біздер қазақи ойшылдығымызды, сөзімізді және өмір мектебімізді-дінімізді сатып жіберіп, өзімізді жамандармен салыстырып жаппай надандыққа ұшырап, ғылымдықтан, хикметтерден қашық кетіп қалған жоқпыз ба екен? Ал оған шындыққа көзіңіз жеткізгіңіз келсе қазақ ғалымдарының жазбаларымен Абай-Шәкәрім философия, психология, жан тану адамгершілік дін сауаттылығымен салыстырып Құран, Тәурат, Інжіл, Зәбур және пайғамбарымыздың өсиетерімен салыстырып оқысаңыз, ақиқатқа көзіңіз жетері анық егер сіз ана тілінің, ата салт-дәстүрінің жанашыры болсаңыз. Болмаса жоқ.

Діни сауаттылық дегеніміз не?

Баспасөз беттерінен, әсіресе діни баспасөз басылымдарында, діни сауаттылық ұғымы жиі айтылып, көп жағдайда құранды арапша оқи білген, және намаз оқушы мұсылманды діни сауатты деп, ал енді мейлі қандай да бір білім егесі, академик, професор, прокурор, сот, мұғалім, инженер т.б сияқты мамандық, өнер саласындағы мұсылмандарды діни сауатсыз деп атап, оған көбіміз мойын ұсынып, солай түсінеміз. Қазақтағы бір жақсы әдет, әйтеуір оқығаны бар, сыртқы көзге білімді пендесін, өзімізден жоғары ұстап және сыйлауға да тырысамыз. Одайлардың айтқандарын ақыл жүгіртіп ойланбай-ақ, орындай саламыз. Бұл ерекшелігіміз, бір жағынан бірлік татулығымызды ұстап тұруға септігін тигізсе, бірақ екінші жағынан іштей өз ара күндестікті, араздықты ойлардың жікке бөлінуін туынтатына да мән бермейміз. Енді, қандайда бір лаузымды; акедемик, професор айты, немесе бір білімді, болмаса тақта отырған лауазымды әкім айтты, болмаса имам арап танушы ғалым айтты десе, болды құдайға сенгендей сенетін аңғалдығымыз тағы бар. Жалпы; «Діни сауттылық» ұғымының даналық «философиялық» ұғымы негізінен ішкі зайырлық құпия сыр, парсатылық, ниетті білдіреді. Сонда имамдарымыздың, діншілеріміздің қарапайым халықты діни сауаты жоқ деп кінәлауының өзі ниеттері дұрыс емес, парсатты, арлы емес деген сөзді білдіреді. Абай атамыз: «Тоңқаң, тоңқаң етеді, нәпіл оқып не теңі, ниеттене білмейді» деп, ішін түземей сыртын түзегендер деп сынаған. Ал, діншілеріміз бұндай насихатарды, құран сөзін арапша дұрыс айтпағаннан ниеті бұзылады деп түсіндіреді де, ниетті арап тіл меңгеру немесе құранды арапша жүргізіп оқу, жаттап алу, намаз оқуды меңгеру деп түсіндіреді. Ал, шындығына жүгінсек; дінде таза ниет дегеннің өзі, өлімді, ақирет өмірін түсініп, соған амал жасау әрекетінен пайда болатынын Абай атамыз; « Машхарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейт-соларды қатар қойып сұрар дейді. Дүниеде атақ, абырой, сый құрмет алу үшін қажы болғады, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғанды бір бөлек қояр дейді. Ақиретке бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ болғандарды (әдет-ғұрып, сал-дәстүрді ұстанушыларды) бір бөлек қояр дейді. Дүние үшін болғандарға айтар дейді; «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзаке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең қарап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнде құрметалмақ түгіл, сұрау (жауап) беріңдер! Мал бердім, өнер бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды өмірлеріңді бетіңе ақитетті ұстап, дін ниеттеріңді дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?-деп. Ал шын ниетімен орнын тауып, бір құдайдың ризалығы үшін өнер қылғандарға (халыққа қызметқ қылу) айтар дейді; «Сендер бір ғана ризалығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарп қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметі орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм (және) ол ризалықтарыңнан басқа машқар ішінде, сендердің осы қылғандарыңа өзі қылмаса да іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шапағат қылыңдар!»-деп айтар дейді.» (35-сөз) Абай атамыз ниетті құдайдың ризалығын іздейтін, өлімнің ақиқатын және неден пайда болатынын, ақылмен түсініп, нанумен және өлгенен кейінгі өмірдің адам ризығының ниетілікке тәуелділігін, және жақсылық жаманшылықтың қалай неден пайда болып, соған байланысты сақтану шараларын меңгеру білімін сенім деп түсіндіреді. Олай болса, адам баласының бақытты, бақытсыз ғұмыры да тіршіліктегі діни сауаттылыққа яғни құранды жатап, намаз оқи білуге емес керісінше таза ниетке, халқыңа қызмет ете білген әулиелік қасиетке тәуелді болып, және кейіннен сол әулие, дана аталарымдай болсам, ұқсай алсам, солардай халқымы қызмет қылсам деп табынып қасиетті, өнерлі кісілерді дос тұтқандарға шапағат ету мүмкіндігіне ие болатынын ескертеді. Сонымен Абай атамыз, біздің бүкіл діншілердің әулиелерге табынып, Аллаға жалбарыну дегенді «серік қосу» деген ұғымды жоққа шығарады. Енді біздің ағайын діншілерміз, тілдерімен Абайшыл да, істерімен өсиетіне қарсылық білдіріп, әулие бабалар амантын орындаушыларды; өтірікшілер яғни серік қосушылар қатарына қосып, ал діни сауаттылықты яғни ниетілікті тек арапша хат танып, құранды арапша мағынасына қарамай басынан аяғына дейін оқи білуде деп түсіндіреді. Сөзіміз жалған болмау үшін пәтуларынан мысал берсек; «Құран аяттарының әрбір сөзінің бірнеше мағынасы бар. Аудармада тек біреуі ғана беріледі...Аудармада осы әріптердің өзіндік мағынасы мүлдем ескерілмей қалуы мүмкін. Яғни біреуі ғана ескеріледі... Ең бастысы, Құран сөздерінің (арапша) оқыған адамды жалықтырмауында. Мысалы, аударманы бірнеше рет оқыған адамның жалығары сөзсіз. Ал құран сүрелерін оқығанда адам түсінбесе де ерекше рухани ләззат алады.» (И. Ғалымхалы 121-бет) Құранды арап тілінде яғни намаз оқуға, жалбарыну, сиыныуға байланысты жағдайдағы белгілі мақсатты түрде намаз түрінде оқудан, адам баласының сыртқы өрістік бойы, әр түрлі кір ақпаратардан тазарады. Яғни жан өрісінің дәрет алуы деп түсінгеніміз абзал. Ал намаздарды орындау барысында, яғни әр түрлі діни рәсімдерді орындап, және өліктерге құран оқу ол Алланы еске алу яғни жалбарыну болып, артынан түсінікті тілде тілек тілеп мұқтаждықтарыңды сұрауды қысқаша- дұға жасау деп те атайды. Сондықтан да құранды әйтеуір арап тілінде рахат сезім іздеп түсінік, үгітіне мән бермей, басына аяғына дейін жатап алу мақсатымен оқуға жаратушымыз тиым салған. Аятта;
Каталог: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Ясауи ілімінің намаздары және масһаб білімінің қателіктері. 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011
blog -> Ұлылардан ұлағат алайық! Көп адам дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған, Өлді деуге бола ма айтыңдаршы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет