7. Аты-жөні мен азаматтығы Әрбір бала туылғанда аты-жөні мен азаматтығын алуға құқылы, сондай-ақ өз ата-аналарын білуге және олардың қамқорлығына сүйенуге құқылы.
8. Даралықты сақтау Үкімет баланың өз даралығын сақтау құқығын құрметтеуі тиіс, оның ішіне есімі, азаматтығы және отбасылық байланыстары кіреді. Егер бала олардан айырылған жағдайда, үкімет оған барынша тез қалпына келітіруге көмектесуі керек.
9. Ата-анасымен айырылысу Бала ата-анасынан айырылмауы қажет, оны тек оның мүддесін қорғау үшін ғана жасауға болады. Мысалы, егер бала тиісті ата-аналық күтім алмаса немесе ата-анасы балаға қатігездік көрсететін болса. Егер бала ата-анасының біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, ол олармен үнемі түрде көрісіп тұруға құқылы (тек баланың мүддесіне қайшы келетін жағдайлардан басқа). Егер үкіметтің шешімі нәтижесінде бала ата-анасының біреуінен, не екеуінен айырылатын болса, онда үкімет балаға оның ата-анасының мекен-жайы жөнінде ақпаратты беруге міндетті (тек балаға зиян келтірілетін жағдайлардан басқа).