Акушерлік – геникологиялық анамнезі, етеккір циклі (етеккір келген жасы, қалыптасу ерекшелігі, ұзақтығы, ауру сезімі, етеккірдің реттілігі, етеккір кезіндегі қан шығыны, соңғы етеккірі);
Жыныстық қатынаста (қай жасынан, некеде тұрама);
Гинекологиялық аурулары (қашан, қандай, ағымының ерекшелігі мен ұзақтығы, алған емі, емінің нәтижесі);
Туу қызметі – алдыңғы жүктіліктің саны, олардың ағымы мен қалай аяқталғандығы (жасанды және өздігінен түскен түсіктердің, босанудың);
Қазіргі жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартылығында, емханада, ауруханадағы алған емі);
3.1.2 Стандарт “Сыртқы жыныс ағзаларын карау” Мақсаты: сыртқы жыныс ағзаларының жағдайын анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар:гинекологиялық кресло,бір рет қолданыста болатын қолғаптар,жеке жаялық
Іс-әрекет алгоритмі: Әйелге осы тексерудің қажеттілігін түсіндіріңіз;
Әйелді гинекологиялық креслоға жаялық үстіне жатқызыңыз(аяғын,тізе,жамбас,сан буынында бүгіп,бұтын ашып);
Сол қолдың I,II саусағымен үлкен жыныс ернеулерін ашып кезекпен қараңыз; шүртіні,уретраны,қынапқа кіре берісті,бартолин бездерін,артқы жабысқақты және аралықты.
Оң қолдың I,II саусағымен үлкен ернеудің төменгі бөлігін оң жағынан сипалап одан кейін сол қолдың I,II саусағымен сол жағын сипалап бартолин бездерін анықтаңыз;