Бала тәрбиесі игілікті іс



Дата10.10.2020
өлшемі12,22 Kb.
#64403

Бала тәрбиесі - игілікті іс.

Г.Т.Уралбаева Елек орта мектебінің психологы. Ақтөбе қаласы



Ата-ана - бала тәрбиесіндегі басты тұлға.Сондықтан әке де,шеше де өсіріп отырған балаларының жан дүниесіне үңіле қарап, мінез - құлқындағы ерекшеліктерін жете білгені жөн.Балалармен әңгімелескенде олардың сан алуан пікірлерімен санасып есепке алып отырған орынды.Ата-ана өз балаларымен үй шаруасында жүріп -ақ әңгімелесуіне болады.Мысалы,әке ағаш аралау,жер қазу,аула тазалау сияқты жұмыста ұлын қасына алып,қолынан келетін іс-әрекетке жұмсап не болмаса бірге тірлік жасап ой бөлісуіне болады.Ал шеше де сол сияқты әйел адамға тән үй шаруасында қызын қасына алып,бір жағынан оны еңбекқорлыққа баулып, екіншіден ана мен қыз арасындағы тығыз қарым-қатынасты орнатуына болады.Бұл ата-ана жағынан жасалған іс-әрекеттер келешекте ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың сенімді деңгейде болатынын көрсетеді. Бала тәрбиесі игілікті іс деп саналады.Себебі оның берері де, сұрауы да,жемісі де мол тәрбие саласының ең өзектісі болып есептеледі. "Жас шыбықты қалай исең,солай өседі","Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің" деген мақалдар-ата-ананың берген тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдыратынын ескертеді.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарытуда оларды дамыту,жанында жүрген достарына мән беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау- ата-ананың парызы.Бала-табиғатынан өте құмарпаз,әуесқой және тынымсыз айнала зерттеушісі.Әр бала басынан сипағанды,жылы сөйлегенді,аялап еркелеткенді,ертегі мен әнгіме тыңдағанды,ойын ойнағанды ұнатады.Мұның барлығы-баланың бойындағы негізгі қасиеттер.Осы қасиеттері баланың жастайынан ата-анасы ескеріп тәрбие бергені дұрыс.Бала тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер,бұл-үлгі- өнеге,бірлікті еңбек,әңгіме-сұхбат,баланы қолдау мен қуаттау және қорғау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет