Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 5. Әдеби тілдің стильдері



бет2/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§ 5. Әдеби тілдің стильдері

Стиль ұғымы да сөйлеу (речь) және оньщ формаларымен бай-ланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы — сөйлеудің ауыз-ша және жазбаша формаларь/.

Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байла-нысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы:

Тыңдаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!” бен “Әй, тыңда-саңдаршы!” дегенді салыстырсақ; біріншіден, әдеттегі, күнде ра-диодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде — 'үйреншіктІ сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де — ауызша, бірақ айты-лып жеткізілуі әр басқа.

Ана тілін құрметтей білуді насихаттау — - басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылым мен техниканың, мэдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмірдіқ эр саласын тани білу құралы, ой мен пікірді білдіретін қарым-қатынас құралы бола алатын ана тілімізді сүйе білудің айрықша мэнін түсіндіріп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді елемеу деген сөз емес. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың зиянын оқытушыларра да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мүның интернационалдың мәні

зор екендігі тусінікті де” (I. Қеңесбаев). -

Орыс тілі —(жұлдызым) Ана тілін білмеген —

Кадірлі бізге әманда Ақылы жоқ желікбас.

Бірақ қырғыз өз тілін Ана тілін сүймеген —

Білмегені жаман да! Халқын сүйіп жарытпас

! (Б. Сарыноғаев.)

Мысалдың екеуінде де ана тілі туралы сөз болған. Екі мысал да сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі --жағынан біріншінің публицистикалық стиль, екіншінің көркем сөз (поэти-калық) стилі екенін аңғару қиын емес.

Немесе мынадай фактіні алайық; ғылыми стильде оқулық жа-зылады және лекция оқылады. Мұнда оқулық — жазбаша, лекция — ауызша яғни сөйлеудід әр түрлі формасы бір стильде келген. Сөйтіп, сөз (речь) формасы мен стиль ұғымдары бір емес1.

Ф о р м а — ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің (речь) сыртқы көрінісі;

С т и л ь — ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единица-

1 В. В. Виноградов. “Вопросы языкознания”, 1955, № 1.

14\

ларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.

Форма — тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді; және бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса,— ол тарихи' категория. Сон-дықтан тарихи бір кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құ-былыс деп саналады.

Стильдер қалай қалыптасады? Стильдер жасалатын қатынастың ерекшелігіне қарай тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Демек, сөйлену жағдайына байланыс-ты, әр алуан стильдік бояуы бар (стильдік ыңғайдағы) тілдік құралдар пайда болады.

“Тілдегі стильдердің дамып жетілуі белгілі бір жанрдың пайда болуымен байланысты. Сондықтан әдеби тілдің стильдерін таптас-тыруда ең алдымен жанрлық принципті негізге алу қажет”1.

Ал жанрлардың пайда болуы, жазба әдеби тілдің даму калпын көрсетеді. Жазба тілдің жетіле түсуі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер салаларының дамуына байланысты. Ғылым және мәдениет салаларының дамуы жаңа жанрлардың пайда болуына ықпал жасайды. Ол жанрға сай тілімізде жаңа стиль қалыптасады.

Социалистік жаңа дәуірде қазақ тілінің тек грамматикалық құ-рылысы жетіліп, лексикасы молығып қана қоймай, сонымен бірге, қазақ әдеби тілінің стильдер жүйесі, функционалды стильдері де дамиды.

Стиль — тілдің бәріне тән құбылыс, Стильдерді таптастыру проблемасы да тіл білімінде әлі тиянақты шешілмеген даулы мәсе-ленін. бірі. Стильдерді таптастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұ-рыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазір де әр түрлі көзқарастар бар2. Адам тілді қатынас кұралы ретінде өздерінің барлық жұмыс салаларында қолданған.

Сөйтіп, стиль дегеніміз — өмірдің белгілі бір саласында қолда-нылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.

Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әр түрлі стильдері бар. Олар: сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер

1 А. И. Ефимов. История русского литературного языка, М., 1961, ет.

2 А. Н. Гвоздев. “Очерки по стилистике русского языка” деген кіта-бында стильдер кітаби және сөйлеу стилі болып бөлінген. Бұлардың өзі бірнеше стильге бөлінеді. А. И. Е фи м о в “История русского литературного языка” (1954) деген кітабында мынадай стильдерді атап өтеді: 1) Көркем беллетристикалык стиль; 2) әлеуметтік-публицистикалык стиль; 3) ғылыми шығармалар стилі; 4) профессионалды-техникалық стильдер; 5) ресми қағаздар стилі; 6) эпистолярлық стиль. В. П. М у р а т (“Об основных проблемах стилистики” (1957) стильдерді төмендегіше бөлген; 1) әдеби сөйлеу тілі стилі; 2) поэтикалық; 3) саяси; 4) ресми іс-қағаздарының стильдері; 5) ғылыми стилі; 6) қарапайым сөйлеу стилі. Ал

Э. Г. Ризельде: 1) көркем әдебиет стилі; 2) публицистикалық стиль; 3) баспасөз стилі; 4) ғылыми әдебиеттер стилі; 5) іс-кағаздар стилі; 6) шешендік стиль 7) телеграф стилі; 8) радиохабарларының стилі; 9) ауызша ресми катынастың стилі; 10) почта стилі және т. б. (“Иностранные языки в школе”, 1952, № 2).

15

§ 6. Сөйлеу стилі



Сөйлеу тілі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функ-циясы баса сезіледі.

Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудщ ауызша формасымен тығыз бай-ланысты. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөй-леу тақырыбына сай түрмыста көп жүмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Бұл сөйлеу — тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады1. Мысалы:

Денсаулық қалай, мықты ма?

—- Жаман емес.

—- Қайда дем аласың жазда?

Үйде.

(Сөйлеу тілінен).

  • Мылжыңдап барасың ант ұрған.

  • Құдай ақы, рас. Біздің қатыннан құрт сұрап әкетті

(Ғ, Мұстафин).

Жоғарыдағы мысалдардың тақырыбы да, сөйлеу жағдайы да әр басқа. Соған орай, олардың лексикалық құрамы да өзгеше болып сұрыпталған (қарапайым және тұрпайы сөздер). Тек лексикасы ғана емес, сонымен бірге, ол сөз үлгілерінің сөйлем құрылысына, ондагы сөздердің орын тәртібіне қарай эрқайсысының өзіне тән әуезділігін және мәнерлік қасиетін аңғару онша қиынға соқпайды.

Сөйтіп, сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрыкша белгісі — жағдайға (ситуация) байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика-фразеологиядан байқалады.

Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті больш келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерт-

1 Қарапайым сөйлеу деген мағынада. Ал карапайым сөзінің мағынасы өте кең Ол ресми емес, кенеттен дайындықсыз тұрмыста сөйленген сөздің түрлерінің бәрін қамтиды. Бұл ұғымды біз әзірше шартты түрде алдық Орыс тілінде оны В. В. Виноградовтын, термині бойынша, “Обыходно-бытовой стиль” деп жур. Ол термин әлі де орнығып, бекімегенге ұксайды. Мәселен, О. В С и р о т и н и н а оны былай тусіндіреді: “Видимо, бытовой тип и обыходно-бытовая речь — это разные стороны одного того же явления. Тип речи связано с ее характером, термин “обыходно-бытовая речь” отображает, прежде всего тематику и условия общения” (“Вопросы социальной лингвистики” деген мақалалар жинағында, Л, 1969, 387-бет).

16

тегенде оның формасын, түрін және стилін ескерген жөн (мәселен күнделікті тұрмыс тақырыбы мен ғылыми тақырыпта сөйлеу үлгілері және жиналыстарда, радио мен телевизорда сөйленген сөз т. б.).

Тэжірибені жетілдіре берсең, оған есең кетпейді”,— дейді әкем. Әкем ұзақ жылдар бойы осың совхозда шопан болып істеді. Ал, менің де экенің құтты таяғын қабылдап алғаныма алты жыл болды. Содан бері өзім қабылдаған міндеттемемді артығымен орындап жүрмін. Көрсеткішім де төмен болып көрген емес. Ецбек жолында талай-талай қиыншылықтар да кездесті. Оған өз басым мойымадым.

Он айдың ішінде облысымыздын, ауыл-селоларын түгел дерлік аралап, концерт қойдық. Біздіқ көрші Солтүстік Қазақстан, жа-қында құрылған Торғай облыстарында болып өнер көрсетуіміз шеберлігімізді арттыра түсті десек, асыра айтқандық болмас еді. Біз болган. екі облыстың да көрермендері жылы қабылдап, аудандық,, облыстық газеттерде біз жөнінде игі тілек білдірген мақалалар жарық көрді1.

Мұнда әңгіме шаруашылық пен өнер саласы туралы болған-дықтан, сол салаларға қатысты кәсіби сөздер (қарамен берілген) көбірек қолданылған. Бірақ жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай осында қарапайым, тұрпайы сөздер мен диалектизмдер кездеспейді. Өйткені радиодан сөйленген сөздер формасы жағынан ауызша болып, тілдік кұралдарды пайдалануда әдеби норма мұқият ескеріледі.

Сонымен, сөйлеу тілінің қарапайым түрінің-лексикасының құ-рамына көбінесе қарапайым, тұрпайды_сөздер және диалектизмдер мен кәсіби сөздер енеді.Бұлар, әсіресе, алдын ала дайындықсыз, кенеттен сөйлегенде қолданылады.

Сөздердің ауыспалы мағынада қолдану амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік әрі бейнелегіштік қасиет береді.

Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адаңдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық касиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стилінде әдетте, олардың көп қайталанып, тұрақталған түрлері жұмсалады.

Түу, ит-ай... Сонша ұмытпай жүр бэрін... (С. Сейфуллин).

Алда көргенсіз ит-ай. Нэрестедей жаныма аузы қалай барды екен. Тұра тұр бәлем, ит аяқтан сары су ішкізермін (Ғ. Мүстафин).

Осы мысалдарда “ит” сөзі біріншіде жағымды змоцияны (сүй-сіну); екіншіде жағымсыз эмоцияны (жек көру) білдіреді. Бұлай қолдану қарапайым сөйлеу түрі үшін орынды.

Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де құрамы жағынан әр түрлі: қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылатын сөздер болып келеді. Ал жасалуы жағынан мета-

1 Бұл мысалдар пленкаға жазылып, радиодан берілген материалдардан алынды.

17

ф о р а (өзің бір түлкі екенсің); м е т о н и м и я (аудитория ты-нышталды); с и н е к д о х а (үйіцде қанша жан бар) т. б. жіктеледі.

Тілді бейнелі жасайтын құралдың бірі — фразеологизмдер. Фра-зеологизмдерге идиом, мақал-мәтел, нақыл сөздер енеді. Бұл тұ-рақты сөз тіркестері көпшілік жағдайда сөйлеу тілі ыңғайында жұмсалады.

Шіркін, үріп ауызға салғандай екен (сөйлеу тілінен).

Ит жанды ит тірілді ғой деп қос қабаттаған қамшы бас-көзімді жауып кетті... (Ғ. Мүсірепов).

Осы сөз үлгілеріндегі тұрақты сөз тіркестері эмоциональды бояуы жағынан біртекті болып келмеген. “Үріп ауызға салғандай” (сүйкімді, жақсы); “Ит жанды” (төзімді) дегендер жағымды эмо-цияны білдіреді.

Сөйлеу тілінің фразеологизмдері қолдану ыңғайына қарай қа-рапайым, тұрпайы, жергілікті ерекшеліктегі және кәсіби болып жіктеледі. - * _

Қарапайым фразеологизмдер: “ит жанды”, “өзің білме, білгеннің тілін алма” т. б.

Тұрпайы фразеологизмдер: “ит жоқта шошқа үреді; сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды” т. б.

Жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестер: жедел беру — нүсқау беру; бүйірін шертіп шығу — тойып шығу; бой қаққан, араласпаған1 т. б.

Кәсіптік сипаттағы фразеологизмдер: шопан ата таяғы (қойшы-лар туралы); ашық сабақ {мұғалімдер тілінде); эфирге шығу (радио мен телевизорда); құлап қалу (студенттердің тілінде) т. б.

Грамматикалық құбылыстардың да экспрессивтік және стилис-тикалық мүмкіндіктерін жоққа шығаруға болмайды. Тек ол лексика мен фразеологизмдерге қарағанда. солғын сезіледі. Бірақ кітаби-жазба стильдермен салыстырғанда, сөйлеу тілі грамматикасының экспрессивтік және стилистикалық мүмкіндіктері басымырақ. Оны, әсіресе, синтаксис саласынан аңғаруға болады2.

Сөз қайталау тәсілі3: баласы бала-ақ екен, түсіндірудей түсін-діреді екен. Немесе: айтқаным айтқан, айтатынымды айтам, расы рас> үлкені үлкен т. б. '

Сұраулы сөйлем:

Естіп пе ең, келді ғой?

Кім?

Әбіл.

Қайда?

Осында. (Б. Майлин). Не болмаса:

1 Ғ. Қалиев Ш Сарыбаев, Қазақ диалектологиясы, Алматы, 1967, 105-бет.

2 Р. Амиров. Особенности синтаксиса казахской разговорной речи (1972) деген еңбегінде бұл мәселені кең қамтиды.

3 Мысалдар осы көрсетілген кітаптан алынды.

18

Рас, қызбен танысайын деп ем.

Қайдағы?

Шэмшия ше! (Б. Майлин). Болымсыз сөйлем:

Інім енді саған келмейді.

Келмейді емес, талай жалынды.

Сұраған соң айтқан шығар.

Сұраған соң емес, әдетлеп барып айтыпты. Немесе:

Немене, енді кеш қалдым ба?

Қайдағы кеш! Бэріміз де оқып жүрміз ғой (А. Шәмкенов).

Сөйлеу тілінің фонетикасы мен морфологиясының да ерекшелігі бар. Бірақ, ол өз алдына бөлек зерттеу объектісі.

Сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді.

Бүгін келесің бе?

Келем.

Мұнда сөйлеуге қатысушы екі адам. Бірі — сұрақ, қоюшы, екін-шісі — жауап қайтарушы. Олар бірінің айтқанын бірі естіп, тез түсінеді. Тез түсінісу сөйлеудің қандай жағдайда өтуіне, дауыс ырғағы интонацияға және басқа да дене қимылдарымен тікелей байланысты. Әсіресе, интонацияның маңызы ерекше. Мысалы, “бү-гін кел” дегенді басқаша да құбылтып айтуға болады:

Бүгін келесің бе?

Бүгін келмейсің бе?

Бүгін келесің ғой?

Бүгін келсейші..?

Диалогта айтушының көңіл күйі, сезімі еркін, женіл бейнеленіп, оңай түсініледі. Мысалы, “Бейімбет Майлиннің диалогқа құрылған “Ыбыраймыз”, “Ыбыраймын” деген өлеңінде сөйлеу тілінің ерекшеліктері өте шебер берілген.

Уа, кімсіз? Төске таққан шеніміз бар

Ыбыраймыз. , Патшаға жаққан ебіміз бар,

Жаймысыз? Құдайға шүкір, қойдан жуас

Жаймыз. Момақан ғана еліміз бар.

Уа, қайдан келесіз? Біз — бай,

Сайлаудан келеміз. Біз — құдай!

Елге ойран сап Күш — сынасса, жүн болады

Ойнаудан келеміз. , Кім келеді сайма-сай

Міне, мұнда сайлаудан қуанышты қайтқан Ыбырай байдың кө-ңіл күйін ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде, оған тән тілдік тәсілдерді мәнерлі қолдану арқылы автор өте дәл бейнелейді. Кеше ғана сайлауда болып, патшаға жаққаны үшін шен алып, “Ыбыраймыз, Біз — бай, біз — құдай”—деп, асып-тасыған байдың өмірі ұзаққа созылмайды. Енді ол соттан қайтып келе жатады. Мойнына су құйылған, көңілі су сепкендей басылған, сондықтан ол сылбыр сөйлейді.

19

Уа, кімсің? — Қанша?

Ыбыраймын. Он мың сом

Жаймысың? — Он мың сом?

Жаймын. Нең қалад?

Қайдан келесің? — Нем қалсын.

Соттан келемін. Қатын қалад,

Соттан емес-ау, Мен қалам.

Оттан келемін.

Білдің бе? — Шенің қайда?

Білдім гой. — Тозған.

Қалай екен. Елің қайда?

Арыз берген малай екен — Күні озған.

Солай ма екен? Енді не етпексің?

Солай екен! — Бітем!

Не дейді? Бітсең біт:

Ақы сұрайд. Мен де соныңды күтем.!

(Б. Майлин).

Ақын диалогтың құрылысын шебер пайдалану арқылы өлеңнің көркемдік қасиетін арттыра түскен.

Сөйлеу тілінің ерекше бір түрі — монолог. (Монолог — бір кі-сінің сөзі). Монологты сөз өте күрделі ойға құрылып, әр түрлі тә-сілмен жеткізіледі. Мүнда кітаби-жазба стильдерге тән ерекшелік-тер мен заңдылықтар қатал сақталады. Сондықтан монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.

Монологта белгілі бір тақырыпты әңгімелеп айтып беру мақса-ты көзделеді. Саяси, ғылыми және басқа да тақырыптар да әңгі-меленеді. Тақырып аясының осындай кендігінен, монологты сөз көптеген түрге бөлінеді. Олар: көпшілік алдында, жиналыста, радио мен телевизордан лекция, баяндама, консультация т. б. сөйленген сөз1.

Сонымен бірге радио мен телевизордан сөйлеудің басқа да жаңа формалары қалыптасты: Радиоинтервью, телеинтервью және радиорепортаж, телерепортаж т. б. Бұл формаларда сөйлеу тілінің маңызы айрықша. Мысалы, интервьюді алатын болсақ, оның құ-рылысы диалогқа ұқсас келіп, ал сөйлеу тәсілі әдеби үлгіде болады.

Міне, бұл айтылғаңдар сөйлеу тілінің жұмсалу аясы күн сайын кеңи түсіп, түрмысқа әдеби сөйлеу үлгісі де еркін ене бастағандығын дәлелдейді.

§ 7. Кітаби-жазба стильдер



Қітаби-жазба стильдер, осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр сала-

1 В. В. В ІІ н о г р а д о в. Стилистика. Теория поэтической речи. Поэтика. Москва, 1963, 20—21-беттер.

20

дағы атқаратын қызметіне (функциясына) қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Қітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратыльш бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жо-ғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, сол-ғұрлым ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стильдерінің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Әдеби тілде сөйлеу, жазу талабы артады. Өйткені, “тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу — ол тілді білмегендік болып сана-лады”1. Сөйлеу тілі өзінің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, белгілі бір шеңберде пайдаланылуы қажет. Қітаби-жазба стиль-дерде де, әсіресе көркем шығарма мен публицистикада сөйлеу тілі-нің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалса ғана орынды.

Кітаби-жазба стильдер2 жалпы халықтық тілдің жазбаша фор-масының негізінде қалыптасады да, кітаби сипатта болады.^ Бұл стильдер қатынастың жазбаша формасында жиі жұмсалатындықтан мұнда тілдік құралдар сұрыпталып қолданылады, кітаби-жазба стильдер сөйлеу стиліндей тікелей қатынас жасауда көрінбейді. Сондықтан, онда қаралатын ғылым, заң жобалары, іс қағаздары, ресми документтер және басқа да осылар сияқты қоғамдық маңызды мәселелер жан-жақты толық қамтылып, логикалық жүйелілікті бұзатын қажетсіз детальдар болмай, нақтылы, дәл жазылуы керек, мұндай талап кітаби-жазба стильдердің бәріне бірдей қойылады. Бірақ ол стильдердің өмірдің қай саласында жұмсалатыны, қандай қызмет атқаратыны қатал ескеріліп, өздеріне тән сөз қолдану заңдылықтары сақталады. Мысалы, ғылымда терминдердің қолданылуы басым болса, публицистикада саяси, әлеуметтік мәнді сөздердің жиі пайдаланылуы заңды қүбылыс. “Әр стильдің өзіне тән тілдік құралдарды қолданудағы осындай ерекшеліктерімен бірге, олардың ортақ белгілері де болады. Мұндай ортақ белгілер ресми, ғылыми және публицистикалык стильдерден байқалады. Ол стильдерде жалпы халықтық тіл құралдары әдеби нормаға сай қолданылады. Ал, сөйлеу тілі мен көркем шығармада бұлай емес, оларда жалпы халықтың тіл байлығы сарқа пайдаланылады.

Сөйлеу стилі мен кітаби-жазба стильдер өз ара тығыз байланыста болады. Мысалы, жоғарыда сөйлеу стилінің ауызша және

1 А. С. П у ш к и н. Письмо к издателю. “Русские писатели о языке”. Ленинград, 1959, 77-бет.

2 Бұлайша іс қағаздары мен ресми стильдің және публицистикалық, ғылыми, көркем сөз стильдерінің жинақталып “кітаби-жазба стильдер” деп аталуы, біріншіден, олардың “шығу тегі”, қалыптасу негізін көрсетсе, екіншіден, ол стильдердің кітабилығын (книжность) аңғартады. Ал кітабилық — стильдік белгі орыс тілі стилчстикасы туралы жазылған еңбектерде “функциональды стильдер” делініп жүр. Мұнда “функциональды” сөзі стильдердіқ қай салада кандай қызмет атқаратынын аңғартады. Мысалы іс кағаздар стилі — кеңседе, ғылыми стиль — ғылым саласында т. б. Сондай-ақ орыс тілінде “стильдер жүйесі” (“система стилей”), “әдеби тіл стильдері” (“стили литературного языка”) деген терминдер де қолданылады.

21

жазбаша формада болып келетіндігі айтылды. Сол сияқты кіта-би-жазба стильдердің де ауызша, жазбаша формалары бар, мәселен, “халықаралық жағдай туралы” жазылған мақаланы немесе, осы тақырыпта жасалған баяндаманы алатын болсақ; мақала — жазбаша, баяндама ауызша кұрылады. Солай болғанымен де бұл екі форма да публицистикалық стильге жатады. Ғылыми стиль де осындай екі формада жұмсалады. Бірақ ол кейбір жағдайда ғана байқалады. Өйткені, ғылыми стильдің де өзінің даму, қалыптасу заңдылығы бар. Ол даму заңдылығы әр кезде, әр түрлі болды. Бұрын Октябрь революциясына дейін ана тілімізде ғылыми еңбектер жазылмағаны белгілі. Ал қазіргі социалистік қоғамда, аз уақаттың ішінде ғылым жедел каркынмен дами түсті. Енді қазақтан шыққан ғалымдар көбейіп, ана тілімізде мақала, оқулық және монографиялық еңбектер жазатын дәрежеге жетті. Осындай жазба еңбектердің негізінде қазір қазақ тілінде ғ ы л ы-м и с т и л ь қалыптасып дами бастады. Бірак, қазақ тіліндегі ғылыми стильдің өзіндік ерекшелігі бар. Ол ерекшелік — қазақ ғалымдары өздерінің зерттеу еңбектерін екі тілде; қазақша және орысша жазатындығы. Мысалы, қоғамдык ғылымдар, оның ішінде әсіресе филология ғылымдарының: әдебиет, әдебиет тану және тіл білімі сияқты салаларыньщ зерттеулері қазақ тілінде жазылады. Ал математика, физика, химия, биология тағы басқа да, осылар тәрізді дәл ғылымдар саласы орыс тілінде зерттеледі. Бұл фактілер ғылыми стильдің әлі де жетіліп дами түсетінін көрсетеді.

Іс қағаздары мен ресми стильдің де ғылыми стильге ұқсас жақ-тары байқалады. Ол ұқсастық ең алдымен тіл қолданудан аңға-рылады.

Іс қағаздары мен ресми документтер тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. Өйткені іс қағаздары да, ресми документтер де ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Жоғарыда айтылған ғылыми шығармалар сияқты, бұл кағаздардың түрлері де екі тілде пайда-ланылып жүр. Дегенмен, кеңсеге қатысты қағаздар және ресми до-кументтер қазір көбінесе орыс тілінде жазылады. Олардың ішінде үкімет хабарлары, Жоғарғы Совет Указы, Заң Устав, тағы басқа осылар тәрізді мемлекеттік документтер орысшадан қазак тіліне аударылып, газетке басылып отырады. Сондықтан, қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған: қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұр-мыстык, қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мэселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау т. б. Мұндай сөз орамдары іс қағаздары мен ресми документтерде дайын тілдік единица ретінде жұмсалып, ол қағаз үлгілеріне кеңселік сипат береді.

Қалыптасқан сөз орамдары казір газетке басылып жүрген әкімшілік орындарының есебінде рапортта, баяндамада және газет хроникасы мен репортажда көбірек кездеседі. Мысалы, “тракторлар күрделі жөндеуден өтті, “электор жүйесі іске қосылды”,

22

қызу мақүлдады” т. б. Бірақ газеттерде қалыптасқан сөз орам-дарын әр уақытта дұрыс қолдануға мән берілмейді: қайта шамадан тыс көп қайталанылып қолданылғандықтан, олар газет тілін сүреңсіздендіріп жүр. Оған мынадай мысалдар келтіруге болады: “мектеп үйлері күрделі жөндеуден өткізілді”, “өсімдік төрт рет судан өткізілді”, немесе, “... тұрғын үй іске қосылды”, тілдік тэсіл-дердің іске қосылуы...”, “ауыр жағдайды ескерген Бейсенқұл Дэу-леттей, Иманқұлдай үйелмелі-сүйелмелі өрімдей қос інісін жұмыс-қа қосты” не болмаса “...жаңа цехты қатарға қосу көзделіп отыр”, “Шардара аудандарының шаруашылықтары көзделген 37 қораның орнына 57 қораны қатарға қосты”, “Әби жөндеп қатарға қосқан тракторлардың бэрі қызу еңбек соңында жүр”, “қой қызу төлдеп жатқан кез”, “кішкентай Ираның ата-анасы ер жүрек жігітке қызу алғыс айтты” т. б.

Стильдер бір-бірімен тығыз байланысты. Сөйлеу стилі, кітаби-жазба стильдер мен кітаби-жазба өз ара байланысты болады. Әсі-ресе, бұл жай көркем шығармада көбірек кездеседі. Онда жалпы халықтық тілдің ауызша, жазбаша түрлері түгел пайдаланылады.

Құрметті Берсиев жолдас! Тары рекордын жасау күресіндегі тэжірибеңізді халыққа кең тарату үшін Бүкіл одақтық ауыл ша-руашылық көрмесінің бюросы бір мақала беруіңізді өтінеді...

(Ғ. Мұстафин). Немесе:

Бүйрык,

Шахтёрлерді боқтап, ұрып жұмыс істеткендігі үшін бригадир Владимиров Сергейді орнынан аламын. Оның орнына бригадир етіп екпінді Елемес Жайлыбекулын тағайындаймын (С. Ерубаев).

Осы мысалдардың алдыңғысы ресми хат, екіншісі — бұйрық. Бұлар өмірде пайдаланылатын іс қағаздары үлгілерінің көшірмесі емес,— солар текті жазылып, қалыпқа келтірілуі (воспроизведеиия).

Әдеби шығарманың көркемдік құралы — тіл. Тіл арқылы өмірдің тұтас картинасы жасалады. Үлкен полотноға салынған суреттің көп түсті бояуындай, әдеби шығармада келтірілетін сөйлеу формалары мен стильдер де, көркемдік деталь ретінде пайдаланылып, бір тұтас картина жасайды. Сондықтан көркем шығарманың мәні, ондағы жекелеген сөздерде емес, сол сөздерден салынған суреттін бай мазмұнында.

Жоғарыдағы кітаби-жазба стильдердің кейбір ерекшеліктері сөйлеу стилімен салыстырылып жалпы айтылды. Сонымен катар кітаби-жазба стйльдерінің1 өз ара байланысты болатындыгына мысалдар келтірілді. Төменде, кітаби-жазба тіл негізінде қалып-тасқан іс қағаздары мен ресми стильге және ғылыми, публицисти-калық, көркем сөз стильдеріне қысқаша тоқталып, сипаттама беру көзделеді.

', Стильдердін қай турін алса қ та, олар өз алдына жеке-жеге зерттеу тақырыбы Сондықтан, оқулықта барлық стильдерді толық қамтып, жан-жақты талдау жасау мумкін емес. Оны окулықтың көлемі көтермейді д

23

.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет