Балақаев, М. Томанов, Е. Жанпейісов, Б. Манасбаев


§ 8. Іс қагаздары стилі мен ресми стиль



бет3/17
Дата19.05.2017
өлшемі3,58 Mb.
#16455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
§ 8. Іс қагаздары стилі мен ресми стиль

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, мін-деттеме, бұйрық, есеп т. б. жатады. Іс қағаздарыньщ әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыдғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай кағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі.

Ресми стильдің көлем, мазмұн және жазылу формасы жағынан іс кағаздарынан біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа (штампқа) түсіп отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғарғы Совет Указы, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады.

Мұндай мемлекеттік документтерде саясипублицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдерійің қолданылуы басым келеді. Мысалы, “Жоғарғы сот пленумыньщ шешімш Қазақ ССР Жоғар-РЫ Советі Президиумы да қолдап, 1963 жылдыц 29 ноябрінде аталған, қылмыстылар үшін жазаның мөлшерін арттыру туралы указ қабылдады. Бұл указ бойынша, бұдан былайғы жерде аталған к.ылмыстарды жасаған адамдар үш жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланатын болды” (газеттен). Осы мысалда сөйлем құрылысы жағынан жалпы жазба тіл нормасынан ауытқушылықты байқамаймыз. Ал лексикалық өзгешелігі бірден көзге түседі. Мұнда заң орындарына тән арнаулы сөздер мен сөз тіркестері қолданылған. Ресми стильдің ерекшелігін мына төмендегі үлгілерден байқауға болады:

СССР ЖОҒАРҒЫ СОВЕТІ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ

УКАЗЫ

СССР ЖОҒАРҒЫ СОВЕТІНІҢ САЙЛАУЫН

ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Сегізінші сайланған СССР Жоғарғы Советінің өкілдігі бітуіне байланысты СССР Конституциясының (Негізгі заңыныц) 54-статьясы негізінде, Советтік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Советінің Президиумы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

24

(СССР Жоғарры Советінщ сайлауы 1974 жылғы 16 июньдегі жексенбіге тағайындалсын.

СССР Жоғарғы Советі Президиумының

Председателі

СССР Жоғаргы. Советі Президиумының

Секретары

Москва, Кремль, 22 март, 1974 жыл.

ВЛКСМ ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫНАН

Одақтас республикалардың ЛҚСМ Орталық Қомитеттеріне, комсомолдың өлкелік, облыстық, округтік, қалалық, аудандыц ко-митеттеріне халыққа білім беру органдарымен бірлесіп, ҚПСС XXIV съезінің шешімдеріне сэйкес жалпыға бірдей орта білім беруге көшуді аяқтау, шэкірттерді оқытудық және тэрбиелеудің сапасын арттыру жөнінде, селолық мектепте ерекше назар аудара отырып, нақты шараларды жасау жэне жүзеге асыру ұсынылды. Комсомол ұйымдары білімді кеңінен насихаттауды өрістетуі, өзінің оқуы үшін жэне келешек еңбек қызметіне жан-жақты әзірленуі үшін эрбір комсомолецтің жауапкершілігін арттыруы қажет. ( Лениндік есепті өткізу практикасын барынша жақсарта берген жөн.

Ресми стнльге жататын мемлекеттік документтер жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың, барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.

2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, кысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.

3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік құралдар қолда-нылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықаралық ұйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшелі тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер' айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің колданылуы заңды кұбылыс.

ЛЕНИН ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕҚШІЛЕРІНЕ!

ҚПСС Орталык, Қомитеті, СССР Жоғарғы Советінің Прези-диумы жэне СССР Министрлер Советі Ленинградтың еңбекшілерін тамаша күнмен — қаһарман қаланың іргесінде фашистік тобыр-ларды талқандаудың жиырма жылдығымен — қызу құттықтайды.

Ешқашан да ұмытылмайтын ерлігі Отанымыздық тарихынан

25

мэнгі орын алатын ленинградтықтардыц еңбекте, коммунизм жо-лындағы ұлы куресімізде зор табыстарға жетуіне тілектеспіз. Ленинградты қорғаған батырлардың даңқы мэңгі өшпесін!

КПСС Орталык, Комитеті

СССР Жоғарғы. Советінің Президиумы

СССР Министрлер Советі

§ 9. Публицистикалық стиль



Публицистика (латынша: риЫісиз — көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұм-салады.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шы-ғармалардың негізінде калыптасады. Белгілі бір тілде публицис-тиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық са-наның өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси та-қырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтьщ жалпы мәдениеті мен экономикасына байла-нысты} Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген^

XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публи-цистиканы царизмге қарсы күрес кұралы етіп жүмсады. В. Г. Бе-линский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық кұрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналәды.

Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дә-режесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Октябрь революциясының жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыкқан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спан-

26

дияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көріпті1”.

Октябрь революциясынан кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны жедел өркендету талабы қойылды. “1919 жылы 26 декабрьде В. И. Лениннің қолымен Халық Комиссарлар Советі қалың еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Осы қаулыда және партия мен үкіметтің 1920 жылдардың бас кезінде шыққан нұсқау-директиваларында ұлттардың ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, әдебиетін өркендету мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Осы жылдары шыға бастаған “Қазақ тілі” (1919 ж., Семей), “Дұрыстық жолы” (1919 ж., Орда), “Жаңа өмір” (1920 ж., Ташкент), “Тіршілік” (1918—1919 ж., Ақмола), “Ұшқын” (1919—1920 ж.ж., Орынбор), “Кедей сөзі” (1920 ж., Омбы) және басқа советтік газеттердің бетінде басылған өлевдер мен әңгімелер алғашқы революциялық жеңісті қуанышпен қарсы алған тілек-мақсатты бейнелейді”2. Бұл баспа органдарынан осындай мақсатта жазылған публицистикалық шығармаларды да көп кездестіреміз.

1920 жылдары республикалық тұңғыш газет “Еңбекші Қазақ” (қазіргі “Социалистік Қазақстан”) шыға бастайды. Бұл тұста казақ публицистикасы жаңа белеске көтеріледі4 “Осы дәуірде қазақ халқы өз тілінде марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен таныса бастады. Қ. Маркс пен Ф. Энгельс жазған “Қоммунистік партияның Манифесі” қазақшаға аударылды. В. И. Лениннің “Рабкринді қайта қалай ұйымдастыруымыз керек”, “Аз да болса, жақсы болсын”, “Февральдан октябрьге”, “Совет өкіметі және әйелдердің халжағдайы”, “Россиядағы саяси партиялар” т. б. еңбектері ауыл-ауылға тарап кетті. Владимир Ильичтің “Жастар одақтарының міндеттері” деген кітабы қазақтың жалынды комсомолы Ғани Мұратбаевтың басқаруымен қазақшаға аудары-лып, басылып шықты. В. И. Ленин шығармаларының 35 томдығы-ның қазақ тілінде толық шығуы — республиканың өміріндегі келелі бір оқиға болды. К- Марқстің “Қапиталы” (I том) қазақша 1963 жылы жарық көрді3. Орыстың революцияшыл-демократ жа-зушыларының шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. Осындай игілікті істер қазақ публицистикасының шыңдалып жетіле түсуіне белгілі дәрежеда ықпал-әсерін тигізді.

Советтендіру кезіндегі әдебиетіміздің ірі өкілдерінің бірі Сәбит Дөнентаев әйел тевдігі туралы мәселені өзінің алғашқы пуб-лицистикалық шьғғармаларында сөз етедпзОның “Қазақ әйелдері туралы” деген тақырыпйен 1918 жылы жазылған мақаласынан үзінді келтірейік:

Дүниеде жұқанағы бар нэрсе тэрбиесі болса, жасалмақ, үл-раймак,, тэрбие болмағанда, нашарламақ, жоғалмақ. Адамда екі түрлі қуат бар; біреуі — ақыл қуаты. Ақыл қуатының тэрбиесі —

1 Ә. Бектемісов. Қереметтің кереметі. “Лениншіл жас”, 1. III, 1964.

2 Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері. Алматы, 1958, 14-бет.

3Ә Бектемісов. Кереметтің кереметі. “Лениншіл жас”, 1, III, 1964.

27

ғылым, тәжірибе. Екінші — дене қуатынық тэрбиесі — жүру, тұру, іске айналу (гимнастика). Осы екі тэрбиенің қапысыз болып орнына келуіне бір-ақ шарт бар, ол — еркіндік (свобода).

Адам баласы екі түрлі заттан щүралғанда (біреуі еркек, біреуі эйел болып), туысы бірдей болғанымен, тұрмысы. бірдей бола ал-май, өмір қатарында әйелден еркек әлдеқайда үздік жүр^.

... Қысқасы, қазақ эйелдері өздерін еркектің пайдасы үшін ғана жаратылған бір хайуан есебінде үғады. Сондықтач өздерінде осы тұрмыстарына наразыық жоқ. Жалғыз-ақ, олардыц шырқын күн-дестік қана бұзады^

^Сөйтіп, олардың жігері тұрмыстыц табанында езілген, мақсаты — “көйлегім көк, тамағым тоқ болса екен” ғана. Хат танитын эйел қазак, арасында жоққа есеп. Газет оқыған, заманнъщ жайынан хабары бар эйелді қазақ арасында көзің де көрмейді. Бірақ соншама мұң болып сезілсе де, соншама қараңғы надан болса да, басқа түрік эйелдеріне қарағанда артықшылық жерлері де жоқ емес. Мысалы, аса бір үлкен ақсақалдан, яки бөтен бір кісіден болмаса, жасырынып, қашқақ^ тұрмайды, Сөзге ашық, эзілге ұсталық, эдепті жайдарылық олардық ілгері басуына ыңғайлылығын көрсетеді”1.

Сол кездегі әдеби көркем публицистикада қоғамдық осындай тақырыпқа айрықша маңыз берілген. Мұндай шығармалардың қай-қайсысында болмасын азаттықтың, бостандықтың жалынды үні айрықша сезіледі. Ол уақыттағы шығармаларда ауызекі сөйлеу тілінің әсері басым болғаны байқалады, сөз қолданылуы қарапайым болып, сөйлемдері кысқа-қысқа келеді. Саяси-әлеуметтік термин сөздерді қолданғанда, олардың баламасы тек ана тілінен алынған болатын. Мысалы: революция — төңкеріс, совет — кеңес, режим — низам, помещик — алпауыт т. б. немесе интернационалды терминдер бұрмаланып қолданылған; көменес (коммунпст), пәлсепе (философия), пидал (феодал) т. б. Осы күні мұның бәрі бір қалыпқа түсті, әдеби нормаға сай қолданылады. Бұл публицистикалық шығарманың тілінің сапалылығын арттырып, мазмұнды болуына үлкен ықпал жасады. Сонымен қатар публицистиканың өзі әдеби тілімізді жаңа сөздер, жаңа сөз тіркестері және күрделі сөйлем құрылыстарымен байыта түсті. Тілімізге еніп жатқан жаңа ұғымдар мен терминдер төл . сөзімізге айналды>) Мысалы, “Қазақ әдебиеті” газетінде басылған мына бір мақаланы алайық:

АЗАМАТ

Бүгін, 5 декабрь, байтақ Отанымызда азамат мерекесі, СССР Конституциясыныц күні. Біздіқ Конституциямыз — бүкіл дүние жүзінде, адамзат тарихында түцғыш рет азамат басын ардақтаған, оған еркін тыныс, толық право, өміріне өріс ашқан Қонституция. “Мен Совет Одағыныц азаматымын!”— деп әрбір совет адамы өзін мақтанышпен таныстыра алады, ол өзінщ советтік ұлы

1 С. Дөнентаев Шығармалар, Алматы, 1957, 394—396-беттер. 28

Отанын, советтік ұлы мемлекетін, туысқан Коммунистік партиясын мақтаныш етеді.

Совет азаматының правосы үлкен де қасиетті. Ол сайлауға, сайлануға праволы, қоғамдық, мемлекеттік өмірге еркін ат салы-суына, оқып, білім алуына, еңбек етуіне, демалыс алуына, қар-тайғанда пенсия алып, тыныруына правосы бар. Совет азаматының Конституцияда баянды етілген праволарына ешқандай шек қойылмайды. Капиталистік мемлекеттерде басқаша: оларда азаматтар шынайы правомен пайдалана алмайды, дэулет салма-ғына, жыныстық, нэсілдік, үлттык, тағы сондай айырмашылықта-рына қарап, азамат правосына көптеген бөгесіндер, шек қойыла береді. Право деген оларда дэулетке, байлыққа бағынған, “аузы қисық болса да, байдыц ұлы сөйлесін” деген тағылық заң үстемдік алған.

Бейбітшілік, Ецбек, Бостандық, Теңдік, Туысқандық, Бақыт — біздіц советтік Конституциямыздың эрбір азаматқа ұсынар жемісі осындай. Бүкіл адамзат перзентінің бұл алты арманы. Совет Одағы Коммунистік партиясының Программасында жазылған.

Біздің мемлекетіміз, біздің Қоммунистік партиямыз халык, үшін қызмет етеді, халықтың игі армандарын өзіне мұрат тұтынады. Барлыгы адам үшін советтік заманның қасиетті ұраны. осындай.

Азамат тұлгасы — эдебиет пен өнеріміздің де негізгі пэні. Со-веттік замандас бейнесін мүсіндеу, оның өмірін, күресін, еңбегін көркем сөзбен кестелеу аса ардақты борышымыз,

Бүгін, СССР Конституциясыныц күнінде, азамат мерекесінің құшағында, біздер сөз өнерінің солдаттары — совет азаматы алдындағы ардақты борышымызды салмақтап, саралап түсінуге тиістіміз.

Азамат түлғасы — биік тұлға. Еңбегіміз, өміріміз сол биікке лайық болсын!

Қазіргі кезде публицистика зор қарқынмен даму үстінде. Пуб-лицистика — партияның әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ше-шуіне ат салысатын айбынды кұралы.Публицистикалық шығар-маларда^еліміздің ішкі-сыртқы саясаты және мәдениет пен мораль проблемалары сияқты актуальды мәселелері сөз болады.

Публицистикалық стильге қойылатын талап — қандай тақы-рыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелді, көңілге қонымды болуы қажет. Ол — тілдік кұралдарды қолдана білуден байқалады. Публццистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт-насихаттық сипат береді. Сондықтан публйцистикалық шы-ғарманың тақырыбьша, мазмұнына сай сөздер мен сөз тіркестерін сұрыптап қолдана білудің және қажетті синтаксистік құрылысты пайдалана білудің үлкен мәні бар.

Публицистикалық стильде тілдің эмоциональды элементтері және сөзді образды қолдану сияқты әдеби стильге тән құбылыстар да кездеседі. Бұл оның әдеби стильге жақындығын көрсетеді. Ал оның фактіні толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі жағы-нан ғылыми стильге жақын екені байқалады.

29

Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрлардың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл ерекшелігі болады. (Бас мақала, ин-формациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, памфлет, радио мен телевизордан берілетін хабарлар т. б.)

Публицистикалық стильдің ауызша түрі — шешендік сөз. Пуб-лицистиканың бұл түрі өте ерте дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі 335 жылы жазылған Аристотельдің “Риторикасында” шешендік сөздің құрылысына жан-жақты талдау жасалынады. 1748 жылы Ломоносовтың “Краткое руководство к красноречью” деген кітабы басылып шығады.

Қай халықтың болмасын шешендік өнері оның мәдениетінің бөлінбес бір саласы болған. Қазақ тілінде шешендік өнерінің тео-риясы болмаған. Бірақ, басқа халықтардай, қазақ халқы да ше-шендік өнерге айрықша мән берген. “Көне замандардағы шешен-дер, философтар сөзді бағалағанда, құдайға теңеп, “құдай текті жоғары” деп көтермелейді. Қазақтың халық арасынан шыққан шешендері “өнер алды — қызыл тіл” деп сөздің шын мәнін дұрыс аңғарып, адам баласына өмірінен өшпес орын тауып берді. Сөздің құдай да емес, жасырын текті нәрсе де емес, өнер екендігіне ақыл-дары жеткен”2.

Шешендік сөз бурын таптық көзқарасты білдіру үшін де жұм-салатын құрал саналған. Оны әр кездегі тарихтан жақсы аңғаруға болады. (Қазақтың ертедегі шешендік сөзінің тақырыптары: ру тартысы, барымта, жер дауы сияқты немесе тойларда айтылатын мақтау сөздер, ақыл, кеңес, біреу өлгенде көңіл айту т. б^

Осындай шешендік сөздердің үлгілерінің қай-қайсысын да

М. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясынан кездестіруге болады. Романда Тобықты мен Уақ руларының араздасу-жанжалдары былай берілген:

Осы елдің бәрінің аузында Оразбайдан тараған бір ғана желік пен пэле тілеген суық сөз жүр. Оны Әзімбай осында келе жатып Абай үйне соққанда, “Оразбай айтып жіберген сөз” демей өз сөзі қып айтып шыққан-ды.

Жау үлкені — елдіц жауы, дау үлкені — жердщ дауы” деп бір лаурайды. Соған ілесе Оразбай жэне айтқан: Уақпен менің алты алас, бес бересім жоқ. Өз басым үшін емес. Тобықты намысы.үшін, ел бағы үшін атқа мінемін! Уақ болса, елге жаулық етіп отыр деген сөзді жэне де көптіқ аузына таратып жатыр.

Уақ Тобықтының күз күзеуін, қыс отарын, көктемгі кең жайы-лысы өрісін алып жатыр. Кімдікін алып жатыр? Тобықты аруағына меншікті болған қоныс-өрісті алып жатыр. Ендеше намысын шабақтап өртеп жатыр. Осы көктем күзеу Қарақұдық, Төреқұдық,

1 Мысалы, В. Г. Белинский былай дейді: “Риторика получила свое начало у древних. Социализм и республиканская форма правлепие древних обществ сделали красноречие самым важным и необходимым искусством, ибо оно отворяло двери к власти и начальствованию. Удивительно что все и каждый хотели быть ораторами, хотели иметь влияние на толпу посредством искусства красно говорить?” (Полное собр. соч., т. 8, 506—509-беттер).

2 Қазақ әдебиетінің тарихы, Алматы, 1948, 277-бет.

30

Обалы, Қогалы, Шолақ, Еспе, Қанай, Қарағаны, Босжымба, Аяқ-жымба — бэрі-бэрі Оразбайдың экесі Аққұлы ғана меншіктеген жер ме еді? Құнанбай рана пайдаланып па? Байсал, Бөжей немесе Малдыбай, Бұрақан ғана өріс-қоныс етіп пе еді? Құдай кэні, тілесе Тобықтының бар атасының ұлы бірде кезек етіп, бірде қысқы жылқысына отар етіп, немесе осы бүгінгідей көктемде өріс етіп пай-даланып келмеп пе еді? Сол жерді алғалы отыр! Қазақ — қазақ болғалы іргелі дауының үлкені жер дауы емес пе? Сол жер үшін, желік үшін емес, өзім үшін емес, көбің үшін, міне, туын көтердім, алдыңа түстім! — дейді Оразбай.

Тағы бір орийда: Тартынған тартынып, бүщан бүғып қала бер-сін. Жер ашуы жан ашуы, салдым барымды. Арыңды жақтадым, Тобықты!деп те сілтеген.

Жиренше Оразбайға:

Ендігі, Тобықтының туы сеніц қолыңда! Намыс туы сол! Саған ермейтін Тобықты ез ел емес! Намыс үшін, жауға жігер та-нытып сен шыққанда, ұстаған жерде қолымыз, тістеген жерде ті-сіміз кетсін! Уатып алдымызға салып бер осы Уақты! деген.

Оразбай Уақтың аты аталғанда еліріп, сұрланып қатты қозғалып алды.

Шиқылдаған арбасына мэстегін жеккен өңшең егінші, ма-сақшы, күрек-шоттан керегін іздеген қу кедей! Аталы ел боп, іргелі жұрт боп белдессе бір сэрі. Қырық рудан қурылып, қырық жамау болған басымен “Көкен еліміз” деп көкиді дейді. Осы “Ұстасқанда кімісімен ұстасамын” десеқ де, көзге түсер құйқалы жері жок,. Өңшең “құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас” дейтін, сайда саны, құмда ізі жоқтар. Енді шапқанда солардың қырық руы бір араға жиылған қара қорда бір нөпірін бұздырайын деп отырмын. Өңшең тырмашы, балташы, орақшы, соқашы, диханшы дей ме ылғи ыцыршақ мінген ырымы жаман суырларды сойғызайын деп отырмын!”— дейді.

Бұл келтірілген мысалда шешен өз дәуірінің, өз заманының, өз руының жоғын жоқтайды, соған орай сөз саптайды. (^ Өз заманында өз руының билеп-төстеуші зорлықшыл тобымен “мыңмен жалғыз алысқан” данышпан Абайдың әр кезде айтқан сөздерін ақыл-кеңесші, адамгершілікке шақырған терең философиялық ой деуге болады. Мысалы, “Абай жолы” романында Әуезов Оразбай мен Абайдың айтысын былай құрған:

Тағы салдың ба өртіңді? Өртеп қал, Абай! Абай сасқан жоқ. Даусын Оразбай даусынан асыра, қатты көтерді де, мысқылдай сөйледі:

Өрт деймісің?! Өрттің бәрі жаман дегенді саған кім айтты?

Иэ, өрт жақсылық демексің ғой сонымен, э?

Өрттің жаманы да бар, жақсысы да бар. Шіріген шеңгел, қураған түп-түбір, кэрі тікенектерді әдейі өртейтін де кез болады. Оларды тамыр-түбірмен жойып, залалын құртады. “Орнына жаңа көк шықсын”, “жаңа жас өмір тусын”, “соған анау жол берсін” деп өрт салады, Бар пэлені білгенде соны білмей не қара басты? (128-бет),

31

“Абай” эпопеясының негізгі арқауы шешендік сөз десе де болады. Мұнда шешендік сөздің көптеген түрлері кездеседі. Сонымен бірге романда мағынасыз, бос, жаттанды болған кейбір шешендік сөздерге сын айтылады:

Бұрынғы қазақтың би мен бегі, алымпаз ақьшы жырласа немесе кейінгі заманда мусылманшылық, діншілдік үгітін көп таратқыш қожа-молда жоқтау жазса, татымал болған арзан шындықтар қаптаушы еді. Онда бос мылжыңдап, сөз қосарлап “Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ,” деп бір кетеді. Немесе көбінесе соңғы замандарда “Құдайдың досы пайғамбар да кеткен” деп сөз бастайды. “Мүғаммед досты шаһариар кеткен” дейді. “Қербалада Касен-Құсайын да өлген. Ақ пайғамбар достысы Қамза да қаза болған” дейді.

Осындай қайғыны айтамын деп қайдағыны кезетін қаңғыма сөздер көбейетін” (214-бет).

Қазіргі кезда шешендік өнерінің өрісі кеңейе түсіп, оның маз-мұны да өзгерді.)Коммунистік партияның идеологиялық күшті қа-руы болды. Коммунистік партияның алға қойып отырған міндеті — жарқын болашақ, коммунизм орнатудың ұлы міндеттерін ” совет адамдарына түсіндіріп, баяндап отырудың маңызы үлкен. Совет насихатшылары мен үгітшілері бұл зор міндетті абыроймен атқарып келеді. Саяси қайраткерлер мен ғалым, жазушылар, барлық идеология қызметкерлерінің армиясы сөз өнерін дамытып, жалпы тіл мәдениетін арттыруға өздерінің үлестерін қосуда. Мәселен, біз күнделікті өмірде өзіміз тыңдап, естіп жүрген насихатшылар мен үгітшілердің, лекторлар мен баяндамашылардың және митингіде, жиналыстарда сөйлеуші адамдардың ішінен сөз өнеріне айрықша мән беретін, шешен сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз.

§ 10. Ғылыми стиль



Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылымг шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшел'гі болады.

Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің не-

гізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образ-

ды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшелікте-

ріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл

білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б.

физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен

бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланыс-

ты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады.

Ғылым ылғи алга басьга дамып, отыратыны белгілі. Ғылымның да-

32

муымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Мысалы, социализм, коммунизм сөздерін алатын болсақ, бір кезде марксистік-ленивдік ғылыми-теориялық еңбектерде термин ретінде ғана қолданылса, қазір жалпы халықтық лексикаға айнальш отыр. Сол сияқт;ы космос, космосты игеру, жердіқ жасанды серігі, жеті жылдық сөздері де өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты.

Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күр-дёлі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негіз-делуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекше-лігіне қарай баяндау тэсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мы-салы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады1. Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция мо-ментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кең келген айна-лыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасы-ның сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квад-ратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады2.

Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер — осы мамандықтағы адамдарға- ғана таныс. Сонымен қа-тар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген. Әсіресе қоғамдық ғылымдарда тілдің еркін және мәнерлі қолданылатыны байқалады. Оны В. Г. Белинскийдің мына бір сөзінен аңғаруға болады. “Сана дегеніміз өмірдің рухы, оның жаны, поэзия дегеніміз — өмірдіқ күлімдегені; оныц тасқынды ай-қын жүзінің тез ауысып отыратын түйсігі. Жаратылыста сирек кездесетін эдемі эйелдер болады, бірақ оның сол сымбатты көр-кемдігінің жансыздығымен таң қалдырғанымен де, жүріс-тұрысын-да икемдігі, грация болмаса, мұндай әйелдер өзінше асқан көркем болғанымен, де жэне сізді таңырқатқанымен де, оның кездесуі еш-кімнің жүрегін тебіренте алмайды, оның көркемдігі махаббат туғы-за алмайды, сондықтан махаббатсыз сұлулық та, өмір де, поэзия да жоқ”3.

Екінші бір мысал, Мұқтар Әуезовтің зерттеу еңбектерінен: “...Абай лирикалық, эстетикалык тақырыптарының махаббатқа арналған жайына тағы да тыңнан жазған екі өлеңмен оралды. Бұлары: “Қызарып, сұрланып”, “Қөзімнің қарасы”. Бұрын да осы тақырыпқа әр алуан үлгіде оралып соғып отыратын ақын мы-

А Б і р і м ж а н о в. Жалпы химия, Алматы, 1962, 34-бет.

Э Ф р_и ш және А В. Т и м о р е в а Жалпы физика курсы, I том,

Алматы, 1962, 137-бет.

3В Г. Б е л и н с к и й Таңдамалы шығармалары, Алматы, 1948, 88-бет қазакша)

33

.нау екі өлеңінде және де екі алуан өзгешелік байқатады. “Қызарып, сұрланып” өлеңі Пушкин, Лермонтов шығармалары сияқты үлкен бір шындықпен, ы с т ы қ ж а л ы н м е н жырланған. Махаббатты табиғаттың к ө р к е м б е с і г і н е б ө л е п көрсетеді. Жасырын кеште алғаш кездесіп, сөз таба алмай, тек қана лүпіл қаққан жүрекпен, қ а б а қ п е н сыр танытқан жастар көрінеді. Өрепкіген қуаныш арасында а л а б ұ р т қ а н д а ғ д а р ы с та бар. Сәт сайын ауысқан сәл құбылыстар ол жастардың ақыл, сезімін билеген. Бар тынысы бусанып көрініп туған жанды махаббат жырланады.

Бұл өлең махаббат психологиясын аса нәзік сезінген шеберлікті танытады. Ақын осындай терең күйде жалындаған шындық пен табысқан жүректерді қүптап, қостайды. Шын махаббат сөзсіз, үнсіз-ақ танылсын, ыстық жалынды кеуденің тынысымен-ақ білінсін, айтылып болмастай ыммен, емеурінмен танылатын болсын дейді. Сондай ғашықтықты жастарға үлгі еткенде, бір жағынан, интимная лирика арқылы нәзік сырды тереңдетеді. Екіншіден, өзінің реалистігіне берік ақын аса конкретті жайларды суреттейді. Түстей тұманға, белгісізге батқан қиял жоқ. Абайдьщ махаббат жайындағы ең нәзік, еқ көркем терең сөздері осы өлеңнен көрінген”1.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет