Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік Тақырыбы:Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты:Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып,ұлт- жанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу. Наурыздың 22 - сінде күн мен түннің теңеле- тіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.
Репертуарда:
-Әндер:
1. «Шақырады көктем» 2.«Көктем»
3. «Наурызым мерекем»
4. «Наурыз тойы»
5.«Аяулы әжем»
6.«Дастархан» -Билер: 1."Домбыра" 2."Өзбек бишілері" 3."Әзірбайжандар" 4."Орыс биі"; -Күй: 1."Келіншек" -Тақпақтар:Мерекеге байланысты. -Ойындар: 1. "Қыз қуу" 2. "Шаңырақ " 3. "Теңге алу" 4. "Ақсүйек" 5. "Қол күрес"ата -аналармен Балалар қолдарында бәйшешек гүлін ұстап, әуенмен залға кіріп, билейді. Жүргізуші:Армысыздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні -деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілек- теріңіз қабыл болсын!Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы.Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі,сол себептенНаурызжылбасы болып саналады.
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық! Ән:"Шақырады көктем" Жүргізуші:"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық Ортамызға Наурыз айын шақырайық
Наурыз қыз, бір топ қыздарымен келеді.
Наурыз қыз:Мен «Наурыз –қызбын» , Қыздарым бар қасымда.
Ұлыс күнге жеттім міне, асыға,
Келген жылым жақсылыққа басташы,
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы! Жүргізуші: Қош келдің, Наурыз қыз.
Бүгінгі ән-думан өзіңе арналады.
Ән: "Наурызым мерекем" Тақпақтар:
1.Наурызды халқымыз,
Жыл басы сапайды.
Көнермей салтымыз, Нұрай
Көп еме тарайды. 2.Наурызбен құттықтап,
Алыс жақын қауышты.
Көктемдегі жарқын сәт, Ақсауле
Көңелдерге ауысты.
3.Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды. Никита
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды! Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен ән ,би өнерін тамашалаған қандай керемет. Кәне, балалардың арасында биші балалар бар ма екен? Болса, шықсын ортаға, өнерін тамашалайық. Би:"Домбыра"
Наурыз қыз: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? Балалар :Арқан тартыс,көкпар,аударыспақ,қыз қуу,ақсүйек,тақия тастамақ,теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай. Наурыз қыз: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «қыз қуу» ойынын ойнаймыз. «Қыз қуу» ойыны. Ойын шарты: Санамақ арқылы бір ұл мен қыз сайланып, екеуіне де ат орнына секіргіш доп беріледі. Балалар 1, 2, 3 деп ойынды бастап бергенде, қыз атына отыра сала ұлдан қашып кете барады, ал ұл болса қызды шауып жетіп бетінен сүю керек. Ұл мәреге дейін қызды қуып жете алмаса, қайта қайтарда қыз арқасынан қамшылап келуі тиіс. Ән:"Көктем" Жүргізуші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Әуенмен әже шашу шашып келеді.
Жүргізуші:Қош келдіңіз!
Әже: Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!
- Балалар «наурыз көже» туралы не білесіңдер? Жүргізуші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
1.Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, тағы бар,
Ішілетін, жейтінің, Бейбарыс
Бұл көжеде бәрі бар.
2.Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз. Назерке:
Тәтті болып жасаған,
Көжеден дәм татамыз.
3.Құт бауырсақ шашылып, Жанерке:
Наурыз тойы ашылсын.
Бір бірімен мына жұрт,
Көрімдігін асырсын.
Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. - Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен "Наурыз көжеден дәм татыңыздар!" Жүргізуші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті Дастархан әніне береміз.
Ән: «Дастархан» Әже:Жарайсыңдар!Балалар мен сендерге ойын ұсынғым келіп отыр.Шаңырақ- деп аталады. Ойын:"Шаңырақ" Шарты:Ортада 4 дөңгелек беріледі.Сол дөңгелекке 4 баладан бөлініп, ленталарды іліп шаңырақ шығару қажет. Би:"Өзбек бишілері" Ойын:Теңге алу. Ойын шарты: Ойынды ұлдар ойнағандықтан барлық ұлдарда секіргіш доп болады. Ортаға орамалға түйілген теңге тасталып, қыздар 1,2,3 деп ойынды бастағанда ұлдар аттарында шауып келіп кім бірінші «теңгені» алса сол ойын жеңімпазы болып аталады. Жүргізуші: Дәміңізге рақмет! Әже Тойды одан әрі тұсау кесу рәсімімен жалғастырсақ деген тілек бар. Бүгінгідей ұлы мерекеде аяқтарын апыл –тапыл басып, бақша есігін аттағалы отырған шөберелеріңіз де бар. Мына жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп тамашаласын.
Әже: Әлбетте, қарағым ! Ал, халайық менің шөберемнің тұсауын кесіп, жоралғысын алар қайсың бар?
- Мен бар, мен бар –деп біреу шығады. Осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына ала жіп байланып тұсау кесу рәсімі басталады.
Тұсау кесуші: Ала жіпті алайын
Әжеңе алып барайын
Ер жетті деп айтайын
Шашуын жеп қайтайын
Қаз, қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң мәз болам
Күрмеуіңді шешейін
Тұсауыңды кесейін
Қаз бол ғой қарағым
Құтты болсын қадамың
Өмірге аяқ баса бер!
Асулардан аса бер! Жүргізуші.: Ал ,әже-батаменен ел көгерер, Жаңбырменен жер көгерер -деген ақ батаңызды беріңіз немереңізге Әже бата береді: Жортқанда жолың болсын!
Арғымақтай жүйрік бол
Асқардай таудай биік бол
Әумин! Баланың тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді. Әже: Шөберемнің тұсауын кестің, орамал тон болмайды, жол болады.
Жүргізуші: - Көктем мезгілінде жер қарайып, күн жылынды, ауылға барғанда алдарыннан шығып маңдайларыңнан иіскейтін әжелеріңді сағынған боларсыңдар, ендеше, бәріміз « аяулы әжем » әнін орындайық. Ән:"Аяулы әжем" Жүргізуші :Наурыз қыз,әже бүгінгі біздің мерекеге арнайы орыс елінен бишілер келіпті солардың өнерлерін қарсы алайық. Би:"Орыс биі" ( Жанерке, Назерке,Нұрай,Ақсәуле) Күй:"Келіншек"(Орындайтын топ оркестрлері) (1-қатар:Сағи,Назерке,Досжан,Жанерке) (2-қатар:Нұрай,Ерасыл,Үміт,Ақсәуле) Наурыз қыз:Балалар мен осы орыс елінің бишілерімен ойын ойнағым келіп тұр,қанекей менің ойынымды қызықтырып ойнайтын кім бар ? «Ақ сүйек» ойыны Ойын шарты: Ойын залда ойналатындықтан барлық балалардың көздері орамалмен жабық немесе балалар бастаушыға қарамай теріс қарап тұрулары тиіс. Бастаушы ешкімге көрсетпестен «сүйекті» жақсылап қойып тығып қояды, ойын басталды дегенде ойыншылар сүйекті музыка әуенімен іздеп табулары керек. Музыка қаттырақ шыққанда сол жерді айналып іздеген дұрыс, музыка әуені жай, ақырын естілгенде олар ол жерде көп бөгелмегендері жөн. Жүргізуші: Біздің бүгінгі тойымызға Әзірбайжан елінен де қонақтар келіп қалыпты,қарсы алыңыздар. Би :Әзірбайжандар (Досжан,Сағи,Ролан,Арман) Ойын « Қол күрес»ата -аналармен
Ойын шарты:Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады.Олар бас бармақтар-ын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек. Ән:"Наурыз тойы" Жүргізуші: Наурыз құтты болсын Дендеріңіз сау мықты болсын Наурыз тойы келе берсін Барлық халық бақытты болсын.Қош сау болыңыздар халайық!Көріскенше күн жақсы болсын!Барлықтарыңызды наурыз дастарханына шақырамыз.Көжеден дәм татыңыздар.
Ортаңғы топқа арналған ертеңгілік Тақырыбы: «Жеңіс күнін тойлаймыз! » Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысының мазмұнын әңгімелеп, осы соғыста ерлік көрсеткен батырлардың ерлік-терін, жыл сайын Жеңіс күнінің мерейлі мерекесін бүкіл халық тойлап отыратынын айтып,жеңіс салта-натын көре алмай кеткен боздақтардың,бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие оты- рып, балаларды Отанды қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, ба-тыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Алдын -ала жұмыс: Балаларға тақпақтар жаттату.Залды безендіру.Мереке байланысты көріністер дайындау.
Көрнекілігі: Шарлар, қанатты сөздер,гүлдер, техникалық құрал. Репертуарда: -Ән: 1.«Жеңіс күнін тойлаймыз», 2.«Катюша», 3.«Достық» , 4.«Сарбаздар», 5.«Ақ көгершін». -Би: 1.«Қазақстан сарбаздары» , 2.«Катюша». -Ойын: «Мергендер». -Тақпақтар,Көрініс: Балалардың орындауында. Барысы: Жүргізуші: Отан үшін мерт болғанды танып, біл,
Оларды әсте ұмытпайды халық бұл
Ерлік даңқы ешқашанда өшпейді
Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр!- дей отырып, Жеңіс күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Әуен ойналып тұрады.Балалар қолдарына гүл шоқтарын, шарларды алып шығады.
Жүргізуші:Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан айырылып,бейбітшілік орнағанына 70- жыл.
Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,
Кеудесін отқа төсеп лаулағандар.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық
Жеңіс тойын бүгінде тойлағандар, деп сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1минут үнсіздікпен еске алайық.
Үнсіздік.
Айдар:Алақай, алақай,
Сүйінші, сүйінші.
Жеңіс келді далама,
Қуан, шаттан,
Құтты болсын бұл мейрам.
Балалар бірге: Ура! Жеңіс келді! – деп айтады.
Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз» Жүргізуші: «Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес!».Осынау сөздер соғыста қаза тапқандар ескерткіштеріне тастан қашалып жазылған.
Би:«Қазақстан сарбаздары» Жүргізуші:Иә,бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ.Қасым Қайсенов,Талғат Бигелдинов,Мұсабек Сеңгірбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен аталарымыз,әпкелеріміз бен апаларымыздың жасаған ерліктері мәңгі жадымызда қала-ды. Бейбіт күннің әрбір арайлап атқан таңы үшін біз майдангерлерге қарыздармыз. Осы апа - аталарына ұқсауды армандайтын балаларымыз, қазір сіздерге өз өнерлерін көрсетеді.
Тақпақтар: 1.Бар даланың даңқысың — Балауса гүл, балғын қыз. Жанын қиып халқы үшін, Рабиға Жанып түскен ақ жүлдыз. 2.Бірге соқсын дүрсілдеп, Туған жермен жүрегің. Атың жүрсін есте деп, Талғар Әнге қосып тұр елің. 3.Аямас ек асылды, Дильназ Не жасармыз біз артық. Сенің қыршын жасыңды Жүрміз солай ұзартып Жүргізуші: 1945жылы 30сәуірде сағат 6, 30 - да жеңіс туы тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қан төгіс аяқталды.
Көрініс:
Ортаға қолында қызыл туы бар Рақымжан Қошқарбаев шығады.
Рақымжан: «Отан үшін алға!», «Біздер жеңдік!» туды тігеді.
Салют, фанфары.
Үнтаспадан дауыс: 4жылға созылған ауыр соғыстан кейін совет әскері фашистік Германияны құлатып, Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті.
Жеңіс құтты болсын!
Ән :«Катюша»
Ойын: «Мергендер»
Жүргізуші: Балалар жер шары балаларының тілегі не?
Балалар бірге:- Бейбітшілік болсын!
- Соғыс болмасын!
- Достық болсын!
- Адамдар бір –бірімен тату, дос болсын!
- Дұрыс айтасыңдар, балалар барлық жер шарындағы балалардың тілегі осындай екен. Ендеше, балалардың тілегіне Достық әнін ұсынамыз.
Ән: «Достық»
Жүргізуші: Отаным еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болса көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басына қатер болды төнген күнге – дей отырып келесі өлең жырларына берейін.
Жүргізуші: Сұрапыл соғыста да жауынгерлеріміз жауға қарсы шығып, қайратты күштеріне сеніп, ән айтып би билеген.
Би:«Катюша»
Балалар ардагерлерге өздері дайындаған сыйлықты табыс етеді.
Жүргізуші:Елімізде жерімізде,
Бүгін үлкен мереке.
Болашақтың тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар бүгінде.
Жүргізуші:Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқанымыз, шаттана күлгеніміз, жайраңдап күлгеніміз - бәрі де сол Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жемісі. Әрине, соғыс болмасын! Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім алып, өз жеріміздің патриоттары болуға мүмкіндіктер бар.
Балалар, біздің шекараны кім қорғайды? Балалар бірге:Солдаттар.
Ермұхаммед:
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Ән: « Сарбаздар»
Жүргізуші: Ержүрек батыр ата - апаларымыз сыйлаған бақытты таңдар, бейбіт күндер үшін, ол кісілер-дің алдарында біздер әрқашан бас иеміз, ендігі жерде жыл сайын саны азайып бара жатқан батырлары-мыздың қалғандарына Алла тағала ұзақ ғұмыр берсін деп тілейміз.
Тақпақтар:
Асылым: Ағайын туған бар адам
Адамдық үшін жаралған
Бар елге қымбат туыстық
Баянды болсын тыныштық
Диана: Нұр тұнсын қырымыз
Құлпырсын гүліміз
Жайқалсын бағымыз
Жайнасын күніміз
Арсен: Ақ көгершін қалықтап
Аспанда ашық самғаған
Тыныштық болып елімде
Қанаты оның талмасын.
Ән: «Ақ көгершін» Жүргізуші: Осымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс күнін тойлаймыз!» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Аман сау болайық.Ертеңгілікті тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Әжелер арасындағы сайыс. Тақырыбы: «Ал, кәнекей ,Әжелер!»
Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Алдын -ала жұмыс:Балаларға әже туралы өлеңдер ,тақпақтар жаттату.Әжелерге сайыстың ережелерімен таныстыру.
Сайыстың жүру тәртібі;
1. Ұйымдастыру. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
2. Әже мен немерені таныстыру
3. Әділ қазылар алқасын таныстыру
4. Сайыстың шарттарымен таныстыру
5. Сайысты қорытындылау.
Жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Бүгін наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның, Анаға айтар лебізі - деп біздің балабақшаға қош келдіңіздер!
Балалар: Мерекелеріңізбен сүйікті аналар, ардақты әжелер, құрметті апайлар!
Жүргізуші:Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі - дей отырып,сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Сержан мен Сағидай ботақандарымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана Мария әжейді қарсы алыңыздар!
2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. Досжанның әжесі сүйкімді, балабақша қызметкерлерінің бәрі біледі, деп Досжан немересімен Ұлмекен әжейді қошеметпен қарсы алайық!
3. Әже біздің күніміз
Әжемнің біз гүліміз
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Нұрайдай ерке немересімен Алтынгүл әжейді ортаға шақырамыз.
4. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Үміттің күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Зейнегүл әжейді ортаға шақырамыз!
Жүргізуші:Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.
1. Ортаңғы «Қарлығаш » тобынан Ақсәуленің әжесі Алтынай әже.
2. Ересектер "Балдәурен "тобынан Саматтың әжесі Жұмагүл әже
3. Ортаңғы "Звездочка"тобынан Ксеннияның әжесі София әже.
4. "А-Айя"балабақша меңгерушісі Абилова Айман Сергейқызы.
Енді сайысымыздың шартымен танысайық:
1. Өзін, өз отбасын таныстыру.
2. Өнер сайысы қазақша ән немесе би.
3. Қол өнер сайысы. «Мен әжемнің баласымын»
4. Ою оя білесіз бе?
5. Ұлттық тағам көрмесі
6. «Сыр сандық»сұрақ - жауап сайысы.
Құрметті қонақтар кезекті Нұрайдың орындауында әжелерге арнаған құттықтау әніне берейік.
Ән: "Аяулы әже"
1 - Кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру» Жүргізуші:Әжем болса қасымда
Көтеріңкі көңілім
Алтын әжем тілекші
Немерелер өмірін.- деп әжелеріне арнап балалар тақпақтарын айтады.
2 - Кезең «Өнер сайысы» Жүргізуші:Әжелеріміздің өнерін тамашаладық.
Би билегім келеді,
Бірақ қалай бастаймыз - деп «Домбыра » биі орындайтын «Қарлығаш» тобының қыздары.
Жүргізуші:Мақтан етер анасын.- деп аналарға арналған өлең – тақпақтарын айтады.
3- кезең «Қолөнер сайысы» Өздерінің үйден дайындап келген қол өнерлерімен таныстырады. Би: Қарлығаш тобының ұлдары «Бабушки старушки»
4 - кезең. «Ою оя білесіз бе?»
Әжелерге қағаз қайшы беріледі. Ойған оюларын айтып түсіндіреді.
5-кезең. «Ұлттық тағам көрмесі»
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып таныстырайық 6 - кезең. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы. Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған. 1 - билет
1. «Тілашар» қай кезде жасалады.
2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады.
3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....
2 - Билет
1. Жеті ата қалай аталады?
2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....
3 - билет
1. Үш арсыз қалай аталады?
2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?
3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....
4 - Билет
1. Бес парыз қалай аталады?
2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен,
Теріп - теріп алайық.
Қалтамызға......
Жүргізуші: Жиналған халық таңғалсын
Өнерден күмбез жасайық!- деп "Балдәурен "тобының орындауында "Қара жорға биі".
Қорытынды бөлім.
Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,
Әжелерімізге сыйлар, атақ ,мадақтамалар беріледі.
1. «Білгір әже»
2. «Алтын оймақты шебер әже»
3. «Бұлбұл әнші әже»
4. «Балқаймақ әже»
Достарыңызбен бөлісу: |