Балабақша – бақыт мекені



бет7/10
Дата30.05.2017
өлшемі2,6 Mb.
#17219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Хайуанаттар бағында түрлі аңдарды көруге болатынын ;дене жаттығуларын жасағанда көңілді болатынын. Түсінеді:Гимнастикалық жаттығуларды орындай алу дағдыларын;ойын шартын; Қолданады:Гимнастикалық орындық үстінде еңбектеуді.




Білім беру саласы : "Әлеуметтік орта","Таным" Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі:Экология негіздері. Тақырыбы:«Бөлме гүлдері.Алоэ».
Мақсаты:
Дала гүлдері мен бөлме гүлдері мен оны күтудің ережелерімен таныстыру.Гүлдердің құры-лысын білу, гүлдердің отырғызылуын, тәжірибе жасау, өсуін бақылау. Бөлме гүлдеріне қамқорлық. Та-мырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету.Есте сақтау, қиялын, ойлау қабілетін дамыту.Бөлме гүлдері-не қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, әдептілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер, құрал-жабдықтар: дидактикалық ойын үлгілері,бөлме гүлдері,құм, тамырлан-ған гүл, таяқшалар, су құйғыш суымен, қалақтар, клёнкалар, алжапқыштар.Тағы басқа қажетті заттар.
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап. Үш тілділік: Алоэ-Алоэ-Aloe;Бөлме гүлдері-Комнатные цветы - Flowers;

Оқу қызметінің кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеттері


Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық -қозғаушылық


Шаттық шеңбер.

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті, кәнекей қонақтармен сәлемдесейік.



Біз кішкентай баламыз, Өсіп –өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық тілейміз. -Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning!



Ұйымдастырушылық -ізденістік

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын соны шешуге тырысыңдар, шешсеңдер біздің бүгінгі оқу қызметіміз сол туралы болмақ.

Жұмбақ : Адамдардың бәрі қызығады, Су құймасаң сәні бұзылады.

-Дұрыс .Жарайсыңдар,ендеше біз бөлме өсімдіктерімен танысамыз. (Сурет бойынша жұмыс )



Ғажайып сәт : Күз ханшайымы : Балалар мен бүгін топқа келе жатқанда дәлізден бір гүл тауып алдым, осы тамырланған гүлді топқа әкелдім.(Тамырланған гүлді көрсету)
-Сендер оның атын білесіңдер ме? - Бұл гүлдің аты Алоэ.
-Алоэ гүлі сендердің топта бар ма?


Жұмбақтың шешімі :Гүл

- Жоқ,танымаймыз.

-Біздің топта алоэ гүлі жоқ.






Ұйымдастырушылық -ізденістік

Балалар алоэ гүлін үстел үстіне қойып топтағы гүлдермен салыстырайықшы.
Көмектесер алдында есімізге түсірейікші:
- Гүл - өсімдік, ол қандай табиғатқа жатады?

- Балалар, гүлдер не үшін керек?

Гүлдер қайда өседі?

(бейнетаспадан, гүлдердің түрін,гүлдерді баптап өсіруді,ыдысқа отырғызуын көрсету)

Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді:дала гүлдері, бөлме гүлдері.
- Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?

Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.

- Жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін.

- Гүлді балшыққа отырғызуға болама?


- Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?.
- Тамыр не үшін керек?

- Кім гүлдің құрылымын пазламен жинап береді?


(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі)

- Балалар біздің топта қандай гүлдер бар?


- Традесканция,колеус, кактус, кливия, , пион, бальзамин.

Балалар гүлдер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?




Сергіту сәті «Біз гүлдерше өсеміз»
Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.

Балалар енді екі орталыққа бөлініп жұмыс жасаймыз:

1 -орталықта : Ал енді балалар біздің бөлмеде алоэ гүлі мен жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасайсыңдар. Ыдысқа әуелі тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Тастар арқылы гүл дем ала алады. Топырақты шамалы ғана қазып, гүлді тамырын отырғызамыз.



Балалар салыстырады, тамырланған гүлге көмек керек екенін айтады.

- Тірі табиғатқа жатады.

- Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.

- Далада, бөлмеде, алаңда, орманда

Топырақ, күннің көзі, су қажет.

- жоқ.


- Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді

- Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.

-Тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі.

Балалар гүлдерді атап айтады.



Алуа:Қызыл, жасыл гүл ектік,
Баптап күтіп түрленттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суғардық.
Гүлдендіріп бөлмені,
Бөлмеде гүл қаулады.
Айқан:Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып , қимылдар жасайды.

Балалар жұмысқа кіріседі





Ұйымдастырушылық -ізденістік

2-орталықта : бөлме гүлдерін сүртіп ,суарып , топырағын қопсытады Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Анда санда жапырақтарына су бүркіп тұрған жөн. Себебі гүл шаңды жақтырмайды. Топырағында қопсытып отыруымыз керек. Ол тамырларына өте пайдалы. Тамырына тигізіп алмау керек, зақымдануы мүмкін. Тамыр топырақтың астында болады. Олар көрінбейді. Өсімдіктің су ішуіне көмектеседі. Тамыр дем алу үшін қопсытып тұруымыз қажет.



Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
(Дала гүлдерін атағанда орындарынан тұрады, бөлме гүлдерін атағанда қол шапалақтайды).


.

Балалар гүлді ыдысқа отырғызып, су құяды


Балалар ыдысқа гүлдің көшетін отырғызады.

2-ші орталықтағы балалар бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртіп , топырағын қопсытып ,су құяды.




Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар ,сендерге бүгінгі ашық оқу қызметі ұнадыма ? -Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық? -Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? -Гүлдің сырт келбеті қандай? -Бүгінгі отырғызған гүліміздің аты қандай?

Сұрақтарға жауап береді.



Өз ойларын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет