Ұйымдастырушылық -ізденістік
|
Балалар алоэ гүлін үстел үстіне қойып топтағы гүлдермен салыстырайықшы.
Көмектесер алдында есімізге түсірейікші:
- Гүл - өсімдік, ол қандай табиғатқа жатады?
- Балалар, гүлдер не үшін керек?
Гүлдер қайда өседі?
(бейнетаспадан, гүлдердің түрін,гүлдерді баптап өсіруді,ыдысқа отырғызуын көрсету)
Дұрыс, балалар, гүлдер екіге бөлінеді:дала гүлдері, бөлме гүлдері.
- Гүлдер әдемі болып өсу үшін не қажет?
Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.
- Жазда көбірек, ал қыста сирек суарады. Оларды суқұйғышпен суарады.
- Жылына бір рет топырағымен, ыдысын ауыстырып тұру керек.
- Гүлдерді бөлме температурасындай сумен суару керек, өйткені гүлдер ауырып, өліп қалуы мүмкін.
- Гүлді балшыққа отырғызуға болама?
- Балалар, гүлдер қалай қоректенеді екен?.
- Тамыр не үшін керек?
- Кім гүлдің құрылымын пазламен жинап береді?
(тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі)
- Балалар біздің топта қандай гүлдер бар?
- Традесканция,колеус, кактус, кливия, , пион, бальзамин.
Балалар гүлдер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Сергіту сәті «Біз гүлдерше өсеміз»
Жапырағы жайқалған,
Сабақтары салалы,
Желге ырғалып шайқалған.
Балалар енді екі орталыққа бөлініп жұмыс жасаймыз:
1 -орталықта : Ал енді балалар біздің бөлмеде алоэ гүлі мен жоқ екен қазір біз сол тамырланған гүлді ыдысқа отырғызайық. Сендер бүгін табиғат бұрышында жұмыс жасайсыңдар. Ыдысқа әуелі тастарды саламыз. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Тастар арқылы гүл дем ала алады. Топырақты шамалы ғана қазып, гүлді тамырын отырғызамыз.
|
Балалар салыстырады, тамырланған гүлге көмек керек екенін айтады.
- Тірі табиғатқа жатады.
- Гүлдер әдемілік үшін керек гүл туған иесіне, мерекеде аналарға сыйлау үшін керек. Гүлдер ауаны тазартады.
- Далада, бөлмеде, алаңда, орманда
Топырақ, күннің көзі, су қажет.
- жоқ.
- Гүлдер тамыр арқылы қоректенеді
- Гүлдерді тамыр ұстап тұрады, тамыр арқылы су жібереді.
-Тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі.
Балалар гүлдерді атап айтады.
Алуа:Қызыл, жасыл гүл ектік,
Баптап күтіп түрленттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суғардық.
Гүлдендіріп бөлмені,
Бөлмеде гүл қаулады.
Айқан:Ұмытпай күнде,
Су құям гүлге.
Жайнайды гүлім,
Құлпыртып түрін.
Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып , қимылдар жасайды.
Балалар жұмысқа кіріседі
|
Ұйымдастырушылық -ізденістік
|
2-орталықта : бөлме гүлдерін сүртіп ,суарып , топырағын қопсытады Гүлге бірден суық су құюға болмайды. Суды ыдысқа бір күн бұрын құйып қою қажет. Содан соң ғана суаруға болады. Анда санда жапырақтарына су бүркіп тұрған жөн. Себебі гүл шаңды жақтырмайды. Топырағында қопсытып отыруымыз керек. Ол тамырларына өте пайдалы. Тамырына тигізіп алмау керек, зақымдануы мүмкін. Тамыр топырақтың астында болады. Олар көрінбейді. Өсімдіктің су ішуіне көмектеседі. Тамыр дем алу үшін қопсытып тұруымыз қажет.
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
(Дала гүлдерін атағанда орындарынан тұрады, бөлме гүлдерін атағанда қол шапалақтайды).
|
.
Балалар гүлді ыдысқа отырғызып, су құяды
Балалар ыдысқа гүлдің көшетін отырғызады.
2-ші орталықтағы балалар бөлме өсімдіктерінің жапырақтарын сүртіп , топырағын қопсытып ,су құяды.
|