Проблемалық сұрақ:
1.Неліктен күн жүйесіндегі планеталар орбитадан шығып кетпейді?
2.Бір - бірімізбен сөйлесіп тұрғанда арамыздағы тартылысты неге сезбейміз?
3.Адам неге құс сияқты ұшып кетпейді.
Олай болса осы сұрақтарға жауап беру үшін бейнебаянға қарайық:
https://www.youtube.com/watch?v=wQ_tDRSg72g
Денелердің ерекше қасиетттерінің бірі олардың бірін-бірі тіпті алыс қашықтықтан да тартуы жатады. Жердегі, ғарыштық кеңістіктегі барлық денелер бір-біріне тартылады. Күн жүйесінің планеталары Күнге тартылады. Мұндай өзара әрекеттесу гравитациялық өзара әрекеттесу деп аталады.
Ұлы ағылшын физигі Исаак Ньютон гравитациялық өзара әрекеттесуді зерттей отырып 1666 жылы Бүкіләлемдік тартылыс заңы, ашты және ол былай тұжырымдалады.
Анықтама; Бүкіләлемдік тартылыс күші өзара әрекеттесетін денелердің массаларына тура пропорционал және арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал.
Мұндағы - G - гравитациялық тұрақты деп аталатын әмбебап тұрақты шама.
Гравитациялық тұрақтының сан мәнін лабораториялық жағдайда бірінші рет 1798 жылы ағылшын ғалымы Генри Кавендиш сезгіштігі аса жоғары бұралатын таразылардың көмегімен анықталған болатын.
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/bukilalemdik-tartylys-tartylys-kushi
Формуласына енетін барлық шамалардың тәжірибеде анықталған мәндеріне сүйеніп, гравитациалық тұрақтының сан мәні анықталған:
Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс күшімен түсіндіріледі.
Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы,
Жердің жасанды серігінің қозғалыстары ,
Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы
Жерге жақын денелердің қозғалысы,
Денелердің жерге құлауы,
Тасу және қайту,
Сарқырамалар,
Қол сөмкесінің ауырлығы.
Жер атмосферасының болуы т.б құбылыстар динамика заңдарымен және бүкіләлемдік тартылыс заңы арқылы түсіндіріледі.
|