«Балажан» бөбекжайы мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Баяндама Тақырыбы: «Түрлі жастағы топ жағдайында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың заманауи технологиялары»



Дата04.07.2018
өлшемі48,24 Kb.
#46577
«Балажан» бөбекжайы

мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны

Баяндама

Тақырыбы: «Түрлі жастағы топ жағдайында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың заманауи технологиялары»


Орындаған: «Балажан» бөбекжайының

әдіскері: А. Абубакирова

Ақбұлақ 2017 жыл



«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев

Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі менің баяндамамның тақырыбы: «Түрлі жастағы топ жағдайында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың заманауи технологиялары»

Баяндамамның мақсаты: Әріптестеріме баяндама бойынша теориялық мағлұмат беру, кеңесу, әріптестердің жаңа әдіс-тәсілдерге көзқарастарын көру.

Балабақша – келешек ел басқарар жер, суына иелік етер, халқының мерейін өсіріп мәртебесін биіктетер жасампаз ұрпақты шыңдайтын киелі ұя. Сондай-ақ, балабақша – баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Қазіргі балабақша жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту тәрбиешіден, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға икемді және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол сала білетін шығармашыл педагог зерттеуші ойшыл болуды талап етеді. Осы пікірге орай, біздің бөбекжайда түрлі топ жағдайында балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудың заманауи технологияларын қолдану мақсатында 2017-2018 оқу жылының жылдық жұмыс жоспарына төмендегі вариативтік сағат сандарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі жастағы топ балаларына үйірме жұмыстарының бағдарламасын жоспарлап отырмыз.

Бұл бағдарлама бойынша вариативтік сағат санына қарай балаларды топтастырамыз.



Солнышко ересек тобы Жұлдыз ортаңғы топ Балауса ІІ кіші топ
Музыка Сурет Аппликация Музыка Сурет Аппликация Музыка Сурет Аппликация

Музыка (І апта)

Сурет (ІІ апта)
Аппликация ( ІІІ апта)

Бұл жоба негізінде біздің бөбекжайда үйірме жұмыстарын жүргізу негізінде шығармашылық білім саласы алынып отыр. Осы жерде қатысушылар арасында сұрақ туындауы мүмкін.

Мысалы: Бүгінгі таңға дейін балабақшада шығармашылық білім саласын вариативтік сағаттарда қолданып жүрміз. Бұл жобаның ерекшелігі неде? Мен бұл сауалға жауап беріп кетейін. Баяндаманың бастапқы барысында айтылғандай жылдық жоспар негізінде түрлі топ жасындағы балалардың бірігіп жұмыс жасауында, мысалы: біздің бөбекжайда «Солнышко» ересек тобының, «Жұлдыз» ортаңғы тобының және «Балауса» ІІ кіші топ тәрбиеленушілерінің шығармашылық білім саласы бойынша қызығушылықтарын анықтай отырып6 жас ерекшеліктеріне қарамай үйірме топтарына топтастырамыз. Аталған жоба бойынша оқу жылы басталғанға дейін бөбекжай пән мұғалімдері үйірме жұмыстарының бағдарламаларын әзірлеуде.

Түрлі жас тобындағы жүргізілген іс-әрекеттерді ұйымдастыруда жасалған көрнекіліктер тартымды болса балалар қызыға қатысады. Ол баланың суретке деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Бала ақпараттардың жинақталуы белгілі бір қабілеттерінің қосындысы, оны былай көрсетуге болады:



зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял.

Зейін - қажетті ақпаратты алу және артығын ығыстыру үдерісін сипаттайтын маңызды қасиет. Ол нақты қасиеттерге ие: көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы, таңдамалылығы, бөлінуі, алмасуы және ырықтылығы. Айтылған қасиеттердің әрбіреуі бұзылса, баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіне ауытқушылықтар болады. Зейін бөлу қабілеті нашар дамыған бала бір уақытта бірнеше жұмысты қатесіз орындай алмайды. Зейін ырықтылығы жеткіліксіз, тағы басқа ауытқулар.

     Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыстар қажет. Мұндай жұмыс екі бағыт бойынша жүруі тиіс:

1.      Зейіннің негізгі қасиеттерін жаттықтыратын арнайы жаттығуларды, ақпараттық технологияларды көптеп пайдаланып қолдану.

2.      Жеке тұлға қасиеті ретінде зейінділікті қалыптастыруда жеке тапсырмаларды ақпарат құралдарын пайдаланып отырып жүргізуіне мүмкіндік беру



Қабылдау. Қоршаған әлем туралы ақпараттың шамамен  80%-ын бала көру арқылы қабылдайды. Мектепалды даярлық жастағы балаларда көріп-түсіну және қабылдаудың рөлі зор. Балаларда барлық талдағыштардың түрлері едәуір қалыптасқан, олардың негізінде сезімталдық түрлері дами түседі. Қабылдаудың дамуы мектепалды даярлық жасына дейінгі балаларға объектінің қасиеттерін тануға, бір затты екіншісінен ажыратуға, олардың арасындағы байланыс және арақатынастың бар екенін анықтауға мүмкіндік береді.

Ес. Ес түрлі жастағы балаларда ырықты сипат түрінде болады. Балалар өз алдарына есте сақтау міндетін қоя алмайды және ересектер мұндай тапсырманы қайта жаңғыртпайды. Сондықтан жаңа білім бала үшін қандай да бір маңызы болуы керек – осы ақпарат оның қызығушылығын қаншалықты оята алса, оны соншалықты жақсы есте сақтайды. Есті дамыту және ынталандыру арнайы жаттығулар мен ойындар ықпал етеді.

Ойлау. Баланың ойлауы – ересектердің ойлануынан ерекшеленетін басты күрделі процесс. Балалардың ойлауы белгілі кезеңдерде қалыптасады:

1-Кезең. Әндер, билер – әрекетті ойлау. Бала өз іс-әрекетіне қарапайым әндерді билерді орындайды – Іс жүзінде ол себеп – салдар байланыстарды анықтайды, өзінше жасап көреді, қателеседі.

2-Кезең. Сурет – бейнелі (Нақты – заттық) ойлау. Бұл кезеңде балаға қолымен ойымен әрекет жасайды, ол егер қандай да бір әрекет жасаса, не болатынын бейнелі (көрнекілі) елестетуге қабілетті.

3-Кезең. Сөздік – логикалық (абстрактілі - логикалық)ойлау. Балалар үшін ең күрделі – ойлау процесі. Мұнда бала нақты бейнелермен емес, керісінше, күрделі анық түсініктермен, айтылған сөздермен әрекет жасайды.

Қиял түрлі жастағы топ кезеңде қиял функциялары аса белсенді дамуымен ерекшеленеді. Ол балаларға ақпараттық-коммуникациялық бейнелер мен оқиғаларды шынайы қабылдауға мүмкіндік береді. Психикалық бейненің кез-келген формасы сияқты фантазияны дамытудың позитивті бағыты болуы керек. Ол енжар арманшылдыққа ұласып кетпей, шындық өмірді қиялданумен ауыстырып алмай тұрғанда, қоршаған ортаны жақсы тануға, жеке тұлғаның өзіндік ашылуына және өзіндік жетілуіне көмектесуі керек. Осы негізде балалардың зейінін, қиял, ес, ойлау, қабылдауын индикаторлар арқылы мониторинг жасап отыруға болады.

Түрлі жастағы топ балалардың құзыреттілігінің білім-білік деңгейін бағалайтын индикатор  



р/с

Балалардың аты – жөні

Зейін

Қабылдау

Ес

Ойлау

Қиял

1

Аружан

3

4

3

4

3

2

Әли

5

4

5

4

5

3

Мадияр

4

4

5

4

5

4

Арайлым

4

4

5

4

5

5

Сұлтан

4

3

4

5

4

6

Жауқазын

4

5

4

5

4

7

Ерасыл

4

5

3

4

5

8

Ерсұлтан

5

4

4

3

4

9

Зарина

3

4

3

4

3

10

Аяулым

5

4

5

4

5

11

Аян

4

4

5

4

5

12

Нұрымжан

4

4

5

4

5

13

Асылзат

4

3

4

5

4

14

Айбол

4

5

4

5

4

15

Ұлан

4

5

3

4

5

16

Бейбарыс

5

4

4

3

4

17

Ақниет

4

5

3

4

5

18

Арай

5

4

4

3

4

19

Аяла

4

5

3

3

4

20

Ернар

3

5

4

4

5







4,1

4,5

4,7

4,8

4,9

 

   


  Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс-әрекетін дамытудағы ойындар, билер, әндер, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар қазіргі таңда ақпараттық коммуникациялық тұрғыда берілсе, балалардың бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамытамыз. Себебі жылдам өзгермелі ақпарат ғасырында бір сарынды дәстүрлі үрдістегі іс-әрекет балалардың жан-жақты дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан қазіргі таңда қарыштап бара жатқан ақпаратты тез игеретін балалардың жылдамдығына ілесіп, олардың қажеттіліктерін өтей алуымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет