Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет67/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73
Мейірбикелік араласудың жоспары

Мейірбикелік араласудың орындалуы

1.Анықталған вирусты гепатит ауруын керекті инстанцияларға хабарлау

  • СЭС – қа хабарлау

  • анықталған вирусты гепатит ауруы туралы бала бақшаға немесе мектепке хабарлау

2.Науқасты оқшаулау

  • Міндетті түрде науқасты ауруханаға жатқызады.

  • Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін ошақта қорытынды дезинфекция жасалады.

  • Науқасты сарғайғаннан бастап 21 күнге оқшаулайды. Вирусты гепатиттің сарғаюсыз дамитын түрінде – аурудың басталған уақытынан 30 күнге оқшаулайды.

3.Қатынаста болғандар арасындағы шараларды ұйымдастыру

  • Қатынаста болғандарды анықтау (учаскелік медбике үйдегі науқаспен қатынаста болғандардың тізімін жазады; Балалар ұйымының медбикесі балабақшадағы, мектептегі қатынаста болған балалардың тізімін жазады).

  • Карантин 35 күнге жарияланады. Карантин 36-күні ошақта тағы вирусты гепатит анықталмаса ғана алынады.

  • Қатынаста болғандар арасында жұқпаны анықтау үшін карантин кезінде күнде термометрия, тері және склераны тексереді, бауырдың мөлшерін, улану белгілерінің пайда болуын, несеп пен нәжістің түсін қадағалайды.

  • Барлық қатынаста болғандардың қанынан трансаминазаның мөлшерін анықтайды.

  • Бак. зерттеудің нәтижесіне байланысты мына шаралар өткізіледі:

  • теріс нәтиже - ұжымға жіберіледі;

  • оң нәтиже берсе – ауруханаға жатқызылады.

4.Жұқпаның таралуына жол бермеу:

а) нәжіс – ауыз жолы

б). Парентеральдық жол


  • Науқастың нәжісін заласыздандыру.

  • Қоршаған ортаның тазалығын сақтау

  • Тарақан, шыбындармен күрес.

  • Күнделікті тазалау жүргізу.

  • Жеке бас гигиенасын сақтауды қадағалау.

  • Жеке бас гигиеналық заттарды қолдану (тіс тазалағыш, сүлгі, сақал қырғыш т.б).

  • Іс – шараларды бір рет қолданылатын құрал – саймандармен жүргізу.

  • Көп рет қолданылатын құрал – саймандарды пайдаланғаннан кейін тыңғылықты тазалап, заласыздандыру, үнемі «жасырын қанға» тексеру қажет.

  • Қанмен және басқа биологиялық орталармен жұмыс істегенде резеңке қолғап кию.

5.Қатынаста болғандардардың иммунитетін көтеру

  • Витаминдерге бай тамақтармен қоректенуді қадағалау.

  • Салауатты өмір сүруді ұйымдастыру.

  • Әлсіз, жиі ауыратын балаларға дәрігердің нұсқауымен енжар иммунитет қалыптастыру мақсатында иммуноглобулин енгізу.

  • Дәрігердің нұсқауымен вирусты гепатитке қарсы иммунизация жүргізу.

Негізгі күтімі.

Вирусты гепатит ауруы кезіндегі күтімнің негізгі мақсаты:



  • жұқпаның таралуына жол бермеу;

  • ауру балаға жағдай жасау;

  • аурудан жазылып кетуіне жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет