Балалар аурулары Балалардың физикалық дамуы. Денсаулық топтары


Мейірбикелік араласудың жоспары



бет16/73
Дата24.12.2021
өлшемі1,23 Mb.
#104791
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Мейірбикелік араласудың жоспары

Негізделуі

1. Науқасты оқшаулау

  • Жұқпаның таралуына жол берілмейді

2. Науқасқа күтім көрсетуде бетперде тағу режимін ұйымдастыру

  • Туберкулездің ауа – тамшы жолы арқылы таралуына жол берілмейді

3. Үнемі бөлменің желдетілуін, күніне 2 рет ылғалды тазалау жұмысын жүргізуді қадағалау (науқастан 2 метр қашықтықтағы заттар мұқият залалсыздандырылу қажет.

  • Қоршаған ортадағы қоздырғыштардың саны азаяды

  • Ауаның тазаруы қамтамасыз етіледі, тыныс алуды жақсартады;

  • Туберкулез қоздырғышы аса ұшпалы емес, таралу радиусы 2 метрден аспайды;

4. Хлорлы режимді ұйымдастыру

  • Туберкулез микобактериясы қоршаған ортада төзімді, жұқпа заттар арқылы, үшінші адам арқылы жұқтырылуы мүмкін

5. Науқастың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру қажет. Тамақтың құрамы дәрумендерге, кальцийге (рационда жеміс, көкөністер, табиғи шырындар, қышқыл сүт өнімдері, сүзбе бай;

  • Дәрумендер ағзаның қорғаныстық қабілетін жақсартады;

  • кальций туберкулез ошақтарындағы кальцификациялануды жақсартады, ауру жазылады




6. Баланың тәбетін жақсартып, күніне 4 – 5 рет тамақтандыру керек

  • туберкулез кезінде тәбеті төмендейді, физикалық дамуы жағынан артта қалады

7. Науқасты «жөтелу тәртібіне» үйрету қажет

  • Жұқпаның ауа – тамшы жолы арқылы таралуының алдын алады;

  • қоршаған ортадағы ауаның тазалығы қамтамасыз етіледі

8. Бөлмедегі температура режимін сақтау керек (18 - 20˚С)

  • Салқын ауа тыныс алу тереңдігін сақтап, қақырықтың шығуын жақсартады;

  • Қоршаған ортадағы жоғарғы температура терлеуді күшейтеді, ал төменгі температура бала иммунитетінің әлсіз болуына байланысты тез салқын тиіп, ауырады

9. Күнделікті гигиеналық шараларды сақтап, тер сіңген іш киімдерін үнемі ауыстырып отыру қажет

  • Туберкулезбен ауыратын науқастар тершең болады

10. Балаға тыныштық жағдай жасалу керек

  • Туберкулезбен ауыратын науқастар мазасыз, әлсіз, тез шаршайды


Алдын алу. Туберкулез ауыруының негізгі алдын алу әдісі БЦЖ вакцинасын белсенді егу. 0,1 мл БЦЖ вакцинасын сол жақ иықтың жоғарғы бөлігіне тері ішіне егіледі. V- вакцинация туылғаннан кейін 1 - 4 күндері, RV - 6 жаста егіледі. Ревакцинация Манту сынамасы теріс нәтиже берген жағдайда ғана жасалады. БЦЖ егілгеннен кейін 4 - 6 айда жергілікті белгілері білінеді. 2 - 4 айлық жасында тыртық пайда болады. Қатынаста болған балаларға 12 айынан бастап Манту сынамасы жасалады.

Алдын алудың маңызды бөлігі – санитарлық – ағарту жұмыстарын жүргізу: балаларға «жөтелу тәртібін» үйрету, тұрмыста жеке бас гигиенасын сақтау, адамдар көп жиналған жерлерге баланы апармау, адамдардың үй - тұрмыс жағдайын жақсартуға көңіл бөлу. Балалардың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру, шынықтыру, салауатты өмір сүру арқылы олардың иммунитетін көтеру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет