Эпидемиялық паротит
Эпидемиялық паротит (мысқыл, шошқамойын) – бездердің (сілекей, ұйқы, жыныс бездерінің) және жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.
Аурудың қоздырғышы қоршаған ортада өте төзімді және аса ұшпалы емес. Аурудың таралу жолы – ауа – тамшы жолы. Алайда, қоршаған ортадағы төзімділігіне байланысты тұрмыстық заттар, «үшінші адам» арқылы, ойыншықтар арқылы, яғни қатынас арқылы да жұғады. Кейбір деректерде трансплацентарлық жолмен де жұғатыны айтылған.
Инкубациялық кезең әдетте 11 – 23 күнге созылады.
Достарыңызбен бөлісу: |