ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ Жаратылыстану-математика факультеті
Тақырыбы: Балалар бірлестігі оқушы тұлғасының тәрбиелік және әлеуметтендіру институты
Орындаған: Буентинова А.А.
Тексерген: Кулмышева Н.А.
Семей-2020
Балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері (БЖӨБ) тəрбиеленушілердің қызығулары мен қажеттерін қанағаттандыру негізінде олардың мүмкіндіктерін дамыту мен іске асыруда көмегін тигізеді. Мұндай бірлестіктер əр балаға өз қалағанымен айналысуға, өз мүдделерін қорғауға, өзіндік басқару жұмыстарына араласуға мүмкіндік береді. БЖӨБ-де тəрбиеленушілер қоғамдық қатынастар тəжірибесін игереді, сонымен бірге өздеріне жаңалық болған əлеуметтік рольдерді атқаруға үйренеді.
Тəрбиеленушілер əрқилы мақсаттар төңірегінде бірігеді. Ондай мақсаттар түрлері келесідей болуы мүмкін: өз құрбыларымен ресми емес қарым-қатынасқа түсу; қарым-қатынас шеңберін кеңейту; тұрмыстағы өз орны мен беделін анықтауда, құқықтары мен еркіндігін қорғауда, ересек өмірге дайындалуда жəрдем алу.
Балалар бірлестіктері жағдайындағы тұлғаның əлеуметтенуіне байланысты мəселелерді шешуге бағытталған тəрбиелік жұмыстар өз мақсаты, мазмұны жəне құрылымы бойынша сыныптан тыс жұмыстардан көптеген ерекшеліктерімен ажыралады. Мысалы, БЖӨБ мақсаты бір тараптан – тəрбиеленушінің өз алдына қойған мақсаты ретінде қарастырылса, екінші тараптан – бірлестік істеріне араласқан ересектердің де тəрбие мақсаты ретінде қабылданады.
БЖӨБ-де тəрбиеленушілер іс-əрекеттерінің əлеуметтік маңызы арта түседі. Бұған себепші болатын шарт – тұлғаның əлеуметтенуіне табыс беретін жағдайлардың жасалуы, осының нəтижесінде оқушыда қоғамдағы əлеуметтік қызметтерді орындауға деген ынта-ықыласы қалыптасады, сонымен бірге тəрбиеленушілердің қажеттері мен қызығуларын қанағаттандырудың көздері ашылып, баланың өзінің де , ол қатысқан ұжымның да іштей мазмұн- сапалық тұрғыдан дамып, байи түсуіне, жаңа ұмтылыстар бағытын алуға көмегін тигізеді, тұлғаның əрекет-қылық талаптары қоғамдық норма, құндылықтар, əлеуметтік бағдарламаларға сəйкес ретке келеді, баланың қорғану қызметтері орындалып барады.
Балалар мен жасөспірімдер бірлестігі төмендегідей белгілермен ажыралады:
- іс-əрекет мазмұны (еңбектік, бос уақыттарды толтыру, қоғамдық –саяси, діни, патриоттық, танымдық жəне т.б.)
- мерзімі (тұрақты - мектепте, қосымша білім беру мекемелерінде, балалар мекен жайында; уақытша- балалардың жазғы орталықтары, туристік топтар жəне т.б.; нақты жағдайларға орай - жəрдем қызметі қатысушылары, əрқилы жиындар, слеттер жəне т.б.);
- басқару формасы (ресми емес, үйірмелік, ұжымдасқан мейрам, кештер жəне т.б.).
БЖӨБ іс-əрекет, қызметтері өз мазмұны, формалары жəне əдістерімен ажыралып, тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне, олардың қызығулары мен қажеттеріне сəйкес іске асырылады. Балалар не жас өспірімдер бірлестіктерінің бірін таңдауы, бір ұжымнан екіншісіне ауысу құқығы оқушылардың өз еркінде. Мұндай баламалы бағыт мүдде, мұқтаждықтарға байланысты таңдау жасап, соған сəйкес өз ойын, бағдарламасын іске асыру мақсатында өзіндік жоспар түзуге, мерзімін белгілеп, орындау жөн-жосығын айқындауға мүмкіндік алады.
Бүгінгі таңдағы педагогикалық əдебиеттерде (Н.Г.Полянская жəне басқалар) балалар бірлестіктерінің қызмет атқару моделі берілген. Мұнда балалар бірлестіктеріндегі тəрбиеленушілер тұлғасын дамыту ерекшеліктеріне сəйкестендірілген іс-əрекеттерді ұйымдастырудың негізгі кезеңдері мен педагогикалық шарттары көрсетілген. Олар: алғашқы бейімделу, жаңа іс-əрекет түрлерін меңгеру, жаңа жағдайға орай өз мүмкіндіктерін іске асыруға үйрену, білімдері мен ептіліктерін тұрмыста пайдалануға дайындық жасау.
Бұл бірлестіктердегі іс-əрекеттер тобы үш принципке орай орындалып барады:
- балалар мен жас өспірімдердің бірлестіктері шеңберінде жалпы адамзаттық құндылықтарды жан-жақты үйлестіру;
- тəрбиеленушілерді адамның өмірлік ұстанымдары мен əлеуметтік ролдерінің дамуына ұтымды негіз қызметін атқаратын қоғамдық əрі тұлғалық мəнді қатынастарға араластыру;
- балалар бірлестіктерінде тəрбиеленушілердің өзіндік ұйымдасуына жəне бойындағы мүмкіндіктерін өзінше жүзеге асыруына жəрдем беретін ұжымның өзіндік басқаруы мен педагогикалық жетекшілікті өзара байланыстыра жүргізу.
Ерекше тəрбиелік мүмкіндіктерге ие уақытша бірлестіктер де (балалар лагерлері, жастардың ауыспалы топтары, нұсқау беру жиындары) маңызды істер атқаруда. Мұндай қысқа мерзімді ұжымдарда бала кең өрісті əрі жедел қатынастарға түсіп, құрбы-құрдастарымен тез тіл табысып, жан-жақты шығармашылық қабілеттерін іске асыруға қолайлы мүмкіндіктер алады. Уақытша бірлестіктерде жасөспірімдер өз тіршілігін өз бетінше ұйымдастыруға ұмтылып, бастапқы енжар бақылаушы қалпынан белсенді ұйымдастырушы тұлға дəрежесіне көтеріледі.
Бірлестіктегі ересектер мен құрбыларының ықпалынан тəрбиеленуші бойында орнығып, көрінетін əлеуметтік əрекет-қылық үлгілері балаға өзін белсенді субъект ретінде тануға, игерген тұрмыс, тəлімдік қалып, талаптарды орындауға жол ашады.
Бала дамуы нəтижесінде тұрақтанған сапалық өзгерістер - өзара нақты қатынастар барысындағы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілердің бірлікті, қызметтес іс-əрекеттерінің жемісі.
Достарыңызбен бөлісу: |