«Балалар әдебиеті және мәнерлеп оқу практикумы» пәнінен
емтиханға дайындалуға арналған сұрақтары
Бесік жыры, оның түрлері.
Санамақтар балалар ойындарын бастау
Тәжікелесу – балалардың күнделікті тірлігінде кең тараған ермек өлеңдердің бір түрі.
Жаңылтпаш бала тілін жаттықтыру құралы.
Өтірік өлңдер де қазақтың халық шығармаларында ертеден орын алған жанр.
Мәпелеу жырлары халықтың баланы бағып-қағуға арналған жанр
Уату-алдарқату жырлары(потешки).
Балалар өлеңдері(тақпақ, сұрамақ).
Қызықтама(прибаутки).
Мазақтама(дразнилки). Оның түрлері.
Ойынға шақыру(голосянки).
Қаламақ(жеребьевки).
Мақал-мәтелдер. Мақалдың мәтелден айырмашылығы.
Қазақ фольклорының бір саласы – жұмбақтар
Ертегілер-қазақ фольклорындағы қарасөзбен баяндалатын шығармалар. Түрлері.
Шешендік сөздер туралы ұғым. Түрлері.
Айтыс туралы жалпы түсінік. Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі.
Батырлар жыры туралы түсінік. Жырдың тақырыбы, азаттық және бостандық идеясы, қаһармандық сипаты, елжандылық мәні.
Ы.Алтынсарин балаларға арналған өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
Ыбырай әңгімелері.
Ы.Алтынсариннің «Мұсылманшылық тұтқасы» еңбегі.
Абай өлеңдері. Поэмалары мен аудармалары.
Абай ғақлиялары.
С.Көбеевтің қазақ аулындағы мектеп, оқушылар өмірі жайлы жазған шығармалары.
Байтұрсыновтың мысал өлеңдерінің мазмұны, астарлы ой-пікірлері.
Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі», «Елім-ай», «Насихат» шығармаларының ананың балаға деген махабаты, жас ұрпақты өнер-білімге шақыруы.
М.Жұмабаевтың балаларға арналған «Жүсіп хан» ертегісінің мазмұны.
С.Дөнентаевтың «Заман кімдікі?», «Менің халім», «Замандастар», «Қазақтың білгендеріне», «Боз торғай», «У жеген қасқырға», «Қиялым», «Балалықты сағыну», «Үміт», «Талап» т.б. өлеңдеріндегі теңдік, бақыт, бостандық жайындағы ойын, арманын суреттеуі, жастарды оқуға, мәдениетке, өнер-білімге үндеуі.
С. Сейфуллин жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
Б.Майлин шығармаларының педагогикалық (жақсы әдет, инабаттылықты дәріптеу т.б.) құндылығы.
І. Жансүгіровтің балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлес.
М. Әуезов және балалар әдебиеті.
С. Мұқановтың балалар әдебиеті саласындағы еңбектері.
А.Тоқмағмбетовтың жазушылық қызметі.
Жамбыл поэзиясының тәрбиелік ( «Шәкірт балаға», «Ананың әлдиі», «Балама хат» т.б. мәні.
Б.Момышұлының балаларға арналған «Менің әжем», «Жауынгердің тұлғасы», «Ұшқан ұя» шығармалығының құндылығы.
Ғ.Мүсірепов өмірі мен қызметі.
Ғабиден Мұстафиннің өмірі.
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы.
Мұқан Иманжанов жалынды батыр жазушы.
Әбу Сәрсенбаев өмірі мен қызметі.
С.Бегалин балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр түрлігі.
Қ.Мырза Әлі балалар әдебиетінің жанр, түр жағынан күрделенуі.
М.Иманжановтың балалар әдебиеті саласындағы еңбектері.
Т.Айбергеновтың балалар әдебиеті саласындағы еңбектері.
Х.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығы
А.Асылбеков т.б. шығармаларындағы ауыл адамдарының өнегелі өмірі, танымдық және тәрбиелік ойлары.
Ш.Айтматов, Д.Роддари, Х.Андерсен, Р.Киплинг, т.б. аударма балалар әдебиетінің ерекшеліктері.
А.С.Пушкин ертегілерінің тәрбиелік мәні.
Л.Толстой шығармаларының даналық ой-көріністері.
В.Жуковский, И.Тургенев, С.Маршак шығармаларының тәрбиелік мәні.
ЕСКЕРТУ: билеттің 3 сұрағы практикалық тапсырма: берілген сұрақтарға мысал келтіру және мәнерлеп оқу керек (өлең, жұмбақ, мақал-мәтел т.б) билетке байланысты
Оқытушы: Бисембаева Ж.К.
Достарыңызбен бөлісу: |