Балалар: Көкөністер мен жемістер



Дата08.02.2022
өлшемі38,78 Kb.
#123270
Байланысты:
Алтын күз мерекесі
Алтын күз мерекесі

«Алтын күз мерекесі!»
Кейіпкерлер:

Жүргізүші, Алтын күз, Тұмау


Балалар:

Көкөністер мен жемістер

Жүргізүші: Армысыздар, құрметті ата аналар.


Берекелі алтын күз құтты болсын.


Мерекесі халықтың алтын күзге арналған


Ертенгілігімізді бастайық.


Құтты болсын осы шаттық күніңіз,


Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.


Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,


Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.


Бүгінгі біздің «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.


Тақпақтар:


Жүргізүші: Балалар, Күз қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күз туралы ән айтайық, бізді естіп келіп қалар?

Ән «Күз »


Күздің музыкасы естіледі, балалар орындықтарға барып отырады. Залға Алтын күз кіреді.


Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын Күзбін! Ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!


Жүргізүші: Рахмет сізге Алтын Күз! Ал біздің балалар сізге күз туралы мақал мәтел айтқысы келіп отыр! Кәне тындап көріңізші!


Нұрбек

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Ахметова Малика
Жердің сәні егін

Ердің сәні білім


Давид
Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен


Айдар
Жері байдың – елі бай.


Алтын күз: Тақпақтарында,мақал мәтелдерінде қандай жақсы!


Алтын күз: Рахмет балалар! Сендер дұрыс айтасындар күз мезгілі тамаша. Ал мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Сиқырлайды.Қолшатырды айналдырам, қыздарды күзгі жапырақтарға айналдырам!


Жүргізуші: Би «Жапырақтар»


Алтын күз: Рахмет қыздар! Жақсы билейді екенсіңдер.


Музыка әуенімен залға Тұмау кіреді.


Тұмау: Бұл не?Ап чи!Ештеңені түсінбедім! Ап чи!Мында неге жиналып отырсындар? Неге шулайсындар? Мен қайда келдім?


Балалар: Балабақшаға!


Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таныдындар ма?


Жүргізүші: Жоқ! Танығанжоқпыз!


Тұмау: Күз келді, күн суытты.


Менсіз бола ма күндерін?


Жөтеліп, тамақ ауырып


Бұның бәрін сыйлайтын


Тұмау деген достарын! Ап чи!


Егер дендерін сау болса


Тез арада кетіндер!


Мерекені болғызбаймын


Кәне бұл жерден кетіндер!


Жүргізүші: Ешқайда біз кетпейміз!


Осында ойнап күлеміз!


Күзде бізге келіп тұр,


сыйлықтарын беріп тұр!


Тұмау: ХА-ХА-ХА! Ақмақтар!


Күз мезгілі көңілсіз,ызғарлы,


Ойнауға да ынғайсыз, сонда не істеп жүресіз?


Жүргізүші: Біз балабақшада әртүрлі ойындар ойнаймыз,денсаулыққа пайдалы жаттығулар жасаймыз. Мықты болып өсеміз!


Тұмау: Ал мен дүкенге барамын,


Кола чипсы сатып аламын.


Ең пайдалы, дәмді де, түскі асқа кешке де.


Жүргізүші: Кола чипсы дегенің


Зиян келтіретін тағамын


Тұмаудан құтқаратын


Витаминдер жеу керек


Жаттығу жасау керек.


Ойын: Жапырақтар


Тұмау: Иә жаттығуларын пайдалы екен!Витаминдер жеу керек пе? Жоқ олай жасамаймыз. Одан да достарымды микробтарды шақырайын! Жыл бойы жинап жүрдім!Сақтап жүрдім арнайы! қабын ашып қарайды.Кәне микробтар шығындар,балаларды тұмаумен ауыртып жіберіндер!.Қабынан микроп ойыншықты алып шығарады да балаларды қуады. Ал балалар орындықтарына қашып кетеді.


Алтын күз: Ал біз микробтардан қорқпаймыз, құтқарады біздерді, пияз деген көкөніс!


Ортаға пияз– бала шығады


Біржан пияз: Сәлеметсіңдер ме балалар!


Ең батылды, пайдалы


Көкөністін ішінде,


ем беретін пиязбын!


Тұмаудан да қорғаймын,


микробтарды жоямын!


Тұмау: Ой көмектесіңдер! Көзім ашып барады, қымбатты микробтарым, қапқа қашып кетіндер!микробтарды қапқа тығады. Енді не істеймін? А маған бір ой келді, сендерді тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып, жөтеліп ауырасындар. АП ЧИ.


Жаңбырдың дыбысы естіледі. Міне жаңбыр өзі келіп жетті!


Алтын күз: Ал біз жаңбырдан қорпаймыз, қолшатыр алып, ойнауға барамыз.


Ойын – эстафета «Қолшатырмен ойын»


Балалар екі топқа 5 баладан бөлінеді, әр топта бір қолшатырдан беріледі. Жерге шалшық(шеңбер) кетергі секілді қойылады Музыкамен бір- бірден қолшатырда алып шалшықтан өтіп айналып келіп келесі балаға қолшатырды беру тиіс. Кейін ойын жалғаса береді. Қай топ бірінші өтіп шықса сол жеңеді.


Ойынан кейін Тұмау чукіріп жүреді


Тұмау: Ап чи, маған не болды?


Жүргізүші: Денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану керек, және таңғы жаттығу жасау керек! Ал егер осындай пацдалы жемістер мен көкөністерді жесен, мүлде жазылып кетесін!


Ортаға көкөністер мен жемістер шығады тақпақтарын айтады


Тақпақтар:


Пияз Біржан


Асханадан шықпаймын,


Атым –пияз бұқпаймын.


Көзден жасты шығарып.


Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Даурен Өсіретін бойыңды,


Дамытатын ойынды.


Сәбіз Бекболат


Өсіретін бойыңды,


Дамытатын ойынды.


Қоянға да азықпыз-


Сәбіздерміз жазықсыз.


Қызылша Айбибі


Ақ түсім бар қант алар.


Қызыл түсім қанға-нәр.


Зияным жоқ,біліп қой-


Қызылшамын пайдам бар.


Асқабақ Арнур


Бақша төріндегі асқабақпын


Асханадағы дәмді тамақпын


Сап сары боп торсиып


Күтемсенітерсіндеп


Картоп Алмат


Картопбіздіңатамыз,


Жерастындажатырмыз.


Біртамырдантараған


Ағайынбызбәріміз


Алма Ажар


Пісіп тұрған алмамын,


Тамсандырар бал дәмім.


Жерге сілкіп түсірме,


Ісіп кетер маңдайың.


Алмұрт Дильназ


Тіл үйірген алмұртпын


Таңсығымын бар жұрттың.


Жақсы өсіре алмайды,


Қараса егер салғырт кім.


Өрік Сабина


Мен өрікпін, өрікпін


Табиғатқа көрікпін


Жүзім Ансарқызы Малика


Мен жүзіммін, жүзіммін


Моншақ болып тізілдім


Тұмау: Балалар мені кешіріндерші, сендермен қалуға рұқсат етіндерші. Мен енді жақсы болам спортпен шуғылданам, көкөністермен дос болам,сендемен қызықты ойын ойнаймын!


Жүргізүші: Балалар Тұмауды кешіреміз бе?


Онда баріміз бірге ұлдардың биін тамашалайық.


Би: Саңырауқұлақтар


Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер!


Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы жапырақтар.


Ортаға себетті қояды орамалмен жабады.


Тұмау: Қазыр біз алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер айтамыз! Сендер көздерінді жұмындар, бірақ ешкім қарамайды. Балалар көздерін жұмғанда, Тұмау себетті айырбастайды басқа алмалары бар себетке.


Алтын күз: Жапырақтар кәне кей, тәтті алма болындар! Ормалды алайын не боғаның көрейін!


Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып береді.Кәне балалар сыйлықтарды алындар!


Балалар сыйлықтарға риза болындар!


Тұмау: Қоштасатын кез келді!

Екеуі: Балалар сау болындар!


Шығып кетеді.


Ән: Күз келді


Жүргізүші: Балалар осымен бүгінгі Алтын күз мерекесі аяқталды, келесі кездескенше


сау болындар!


**************************************************************************


Топ бөлмесі күз мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен залға кіріп, орындарына отырады.

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балабақша ұстаздары мен ата-аналар.


«Алтын күз» мерекесіне қош келдіңіздер!


Береке бақ дарыған


Жомарт көңіл жарқын жаз


Сары алтынға малынған


Жетті міне алтын күз


Берекелі мерекелі «Алтын күз» құтты болсын! Ендеше күзге арналған балалардың тақпақтарын тыңдайық.


(Балалардың тақпағы)


Ән: «Күз»


Музыка әнімен «Сайқымазақ» кіреді.


Сайқымазақ: Сәлеметсіздерме балалар? Көңіл күйлерің қалай?


Балалар: Жақсы


Сайқымазақ: Балалар қазір жылдың қай мезгілі?


Балалар: Күз мезгілі


Сайқымазақ : Күзде қандай жемістер піседі?


Балалар: Алма, алмұрт, жүзім.


Сайқымазақ: Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?


Балалар: Күн салқын болады, аспан бұлтты болады, жаңбыр жауады. т.б.


Сайқымазақ: Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдарма?


Балалар: Ия


Сайқымазақ: Ендеше, мен сендермен қазір «Жапырақ жинау» ойынын ойнаймын.


Мақсаты: Балалар екі топқа бөлініп екі жерге екі себет қойылады, белгі берілген кезде балалар кезекпен келіп жапырақтарды салады, қай себетте жапырақтар көп болса, сол топ жеңіске жетеді.


Тәрбиеші: Ал енді балалар қонағымызға тақпағымызды айтып, әнімізді шырқап берейік.


«Жапырақтар» әнін айтып берейік.


Тәрбиеші :Балалар естисіңдерме? бізге біреу қонаққа келе жатырған сияқты. Ол кім екен?


(Залға сазды әуенмен күз кіреді.)


Күз. Амансыздар ма балалар.Мен сіздерге қонаққа келдім.


Ерінбестен еңбек етіп келетін


Еңбекшіге бар жемісін беретін


Мен «Алтын күз»


Ынтымақты еліме


Берекелі ырыс болып енетін


Тәрбиеші: Саламәтсізба? Күз ханшайымы! Балалар кәне бәріміз Күз ханшайымымен амандасайық.


(Балалар амандасады)


Тәрбиеші:Сіз отырып демалыңыз. Балалардың сізге арнаған өнерін тамашалаңыз.


Ән: «Көкөністер мен жемістер»


(Балалардың тақпағы)


Ойын: «Күн мен жаңбыр»


Күз: Би: «Жапырақтар»


Күз: Рахмет, балалар! Өздерің өнерлі екенсіңдер. Мен сіздерге арнап сыйлықтар әкелдім (топтарында таратылады). Мені басқа да балалар күтіп отырған болар, енді мен қайтайын. Сау болыңдар!


Балалар: Сау болыңыз


Тәрбиеші:


Құстар қайтты ән салып,


Бұлт торлады аспанды,


Қыс келеді жар салып.


Күзгі суық басталды.


Осымен «Алтын күз» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.


*****************************************************************************

Мақсаты:
1) Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;


2) Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту;

3) Балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


(Зал іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген, залға музыканың сүйемелдеуімен балалар кіреді).


Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін.

Күзге арналған тақпақтарын айтады.


Келді міне алтын күз,


Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен


Таңдандырып халқын күз.


(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі-түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді)


Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Мен – Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін.


Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!


Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,


Ойын ойнар түр-түрлі!
Тәрбиеші: Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып!

Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.


Жапырақ пен сиқырлы, биімізді тез бастайық. (би «Жапырақтар»).


Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Қалай керемет билейсіңдер. Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.


(кіші топтар балаларына жауабын өзі көрсетеді)


Үстіне тігіп көк шатыр, Ағайынды бәрі,


Астында қызыл дәу жатыр. Шықса-көк, түссе-сары.


(Қызылша) (Жапырақ)


Сырты жасыл қатты,


Іші қызыл тәтті.


(Қарбыз)

Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балаларымыздың сізге арнаған жемістер туралы тақпақтарын қабыл алыңыз.

Мен шиемін, шиемін,


Күннің көзін сүйемін.

Мен алмамын, алмамын,


Таңдай татар бал дәмі бар.

(Музыка сүйемелдеуімен залға жалқау қыз жүгіре кіреді, жан-жақты шаша бастайды)


Алтын күз: Балалар, бұл кім? Неге ол тентек болып жүр?


Жалқау қыз: Балалар, қараңдаршы, қандай күшті ойыншықтар, келіңдер, бірге шашып ойнайық.


Тәрбиеші: балалар ойыншықтарды шашуға бола ма? Сындыруға бола ма?


Балалар жауабы: Жоқ, ойыншықты ұқыптап ұстау керек.


Тәрбиеші: Сондықтан, жалқау қыз, ойыншықтарды жинау керек.


Жалқау қыз: (Аяғымен тоқылдатып) Жоқ, мен жинамаймын. (бұртияды).


Тәрбиеші: Егер сен жинайтын болсаң, балалар саған тақпақ айтып береді.


Жалқау қыз: (куана айтады) Ооо, онда жинаймын.


Балалар ортаға шығып тақпақтарын айтады.


Жалқау қыз: Керемет, жарайсыңдар, маған сендердің тақпақтарын ұнады. Ал сендер өлең айта аласыңдар ма?


Тәрбиеші: Әрине, балалар, қане бәріміз орнымыздан тұрып, ән салып берейік.


(қыздардың орындауында би «Қолшатыр»)


Жалқау қыз: Қандай керемет би! Енді бір ойын ойнап, көңілімізді көтерейік!


Алтын күз: Ал, балалар, сендер әнші де биші де екенсіндер, олай болса сендердің ептіліктеріңді бір көрейін.


Тәрбиеші: Балалар, біз ептілігімізді жарыста көрсетейік.


Ойын. «Жемістерді жинаймыз». Ойын шарты: Балалар екіге бөлініп, себетке жемістерді жинайды. Жалқау қыз бен Алтын күз де ойынға қатысады.


Жалқау қыз: Тәртіпті бала болған қандай күшті. Мен де сендер сияқты тәртіпті, ұқыпты қыз болуға тырысамын!


Тәрбиеші: Олай болса, жарайсың!


Жалқау қыз: Ал, енді мен үйіме барайын. Өз ойыншықтарымды жинайын. Сау болыңдар балалар!


Тәрбиеші: Алтын күз, біздің балаларымыздың сізге ұсынар тақпақтары бар (Балалар өз тақпақтарын айтады).


Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым келіп қалыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!


Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап, Алтын күз шығып кетеді).

Жүргізуші: Алтын күздің сыйы – жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға Сау болыңыздар!


Күз берекелі, астықты болсын демекпіз!


Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, ұстаздар және балалар. Біздің «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Бүгін «Балапан» тобының балалары күзгі баққа саяхатқа келіп отыр. Балалар бүгін бізге қонаққа күз патшайымы келіпті. Бәріміз қарсы алайық. (күз патшайымымен амандасу) Күз патшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен күз патшайымы боламын. Сендерге алыс жерден келдім. Мені күз патшасы жіберді. Бұған дейін көп ормандар мен жерлерге бардым, ол жақтан сендер сияқты балаларды кездестірдім. Олар өте ақылды балалар екен менің тапсырмаларымды орындаған соң сыйлыққа жеміс- жидектер бердім. Сендер менің тапысрамаларымды орындауға дайынсыңдар ма? -Олай болса бастайық. Тәрбиеші: Балалар біз күз ханшасын төрге отырығызайық. Күз ханшасы ең алдымен сендердің өнерлеріңді тамашалағысы келеді. Қане дайындаған көрінісімізді қойып берейік. Көрініс: «Көкөністер айтысы» Санжар мен Ақжүніс бақшаларына барып, көкөністер теруге сыртқа шықты. Кенет күбірлеген дыбыстар естілді, бұл ненің дыбысы екен десе, көкөністер адамға мен пайдалымын деп айтысып жатыр екен. Ең алдымен сөзді қияр бастады: Аида (қияр): Дәмім тілді үйірген, Мен тұздалған күймде. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі сүйсіне. Рауан (картоп): Мен ұялшық картоппын, Мен емесепін мақтанар, Мені жақсы көреді, Үлкендермен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық. Рашида: (Ас бұршағы): Кішкене түймедеймін мен, Ұнаймын және бәріне, Дәмді салаттарыммен , Сый жасаймын бәріңе. Айзере (пияз): Боламын мен демеуіш, Барлық- барлық тағамға. Көкөністер ішінен, Мен пайдалы адамға. Айрайлым (сәбіз): Кім бар сәбіз шырынын, Жастайынынан ішпеген. Мені жеген адамдар, Кем болмайды күшке де. Балнұр: (шалқан) Кім білмейді шалқанды, Дәмімді татып таң қалды. Бәріне сый боламын, Тауып көр менен дарқанды. Мәди (қырыққабат): Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда. Мені қосса самсаға. Жейді бәрі тамсана. Бекзат (қызанақ): Піскен кезде қызанақ, Көз тартар қызыл түсімен. Барма адам сүйсінбей, Томат шырынын ішпеген. Бекзада: (Қызылша) Мен де бір сөз айтайын, Мақтанайын сіздерге Менсіз борщ болмайды, Винегрет те үстелге. Бегімай (Асқабақ) Іші сары, сырты қатты, Дәні-дәрі, дәмі-тәтті. Пісіріп жесең ас тамақ, Мұның аты асқабақ. Санжар: Көкөністер бәрі де , Денсаулыққа пайдалы. Мұны жатқа біліңдер, Оларды жақсы көріңдер. Ақжүніс: Барлығың да дәмдісіңдер, Шырқап айтар әнімсіңдер. Көз тоймайтын кереметтер, Дастарханның сәнісіңдер. Ән: Ана тілі «Дәмін тат та, атын айт» ойыны. Тәрбиеші: Балалар күз патшайымының әкелген екінші тапсырамасы ойын екен, яғни ойын шарты: көздерің байланады, дәмін және иісін сезу арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар. Темірлан: Алма пісіп, алмұрт түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып, қош айтысып Қимас үнмен сайрайды. Інжу: Ой балалалар балалар, Қоңырқай күз келіпті. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты. Жанель: Жапырқтар сылдырлай, Алтын күз міне келіпті. Туған жерін қия алмай, Ұшып бар құстар кетіпті. Жұмбақ шешу ойыны. (Табиғатқа байланысты жұмбақтар) Махамбет: Алтын сары қызыл көк, Алуан- алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады жалтырап. Ақнұр: Күзде жайнап ашыла, Күннің нұры көшкендей. Алма ағаштың басына , Қызыл қарбыз өскендей. Мансұр: Алтынға бояп өңірді, Күзде келді көңілді. Бау- бақшада , орманда, Сары жапырақ төгілді. Диана: Қыркүйек қазан,қараша, Күздің бұлар айлары. Үлкендер қуанып балаша, Егіндерін жинайды. Ән:«Алтын күз» Орындайтын: хор «Дыбысты тап» ойыны Балалар сендерге табиғаттың әртүрлі құбылыстарын дауыстарынан танып ажыратайық. Би: «Жаңбыр» Орындайтын: Балнұр мен Аида. Балалар сендерге күз патшайымы рахметін айтып өз сыйлықтарын үлестіреді. Ән орындау. Осымен біздің күзгі баққа саяхатымыз аяқталды. Күз патшайымына алғыс айтайық, бізге тағы да келіп тұр. Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Алтын күз» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.
Дерек көзі: https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/altin-kuz-ertengilik/

Жүргізуші. Қарсалайық бәріміз Жасымызбен кәріміз Қырдан кепті қыдырып Алтын күзде нұр төгіп Тілегім аман болсын ел іргесі Алтын күз қайта келді ел іргесі Молшылықтың жаршысы бола білді Алтын күз -ырыс береке ала келді. Құрметті ата- аналар балалар. Сіздерді «Берекелі күз » атты ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз. Алтын күз мерекесіне балаларды қарсалайық. Тақпақтар Жанна. Шоғы толан гүлдей жайнап Жарқырайды Алтын күз. Сайрандап күліп ойнап, Келіп кетті қыркүйек. Томирис Д. Қазан айы молшылық Дәулет қорын қалаған Заңғар көкке қол соғып Құстар ұшып барады. Аяжан. Қыстың жақын қалғаның Жапырақтар сезгендей Желмен ұшып барады Жерге қонып үлгермей Жапырақтар жамырап Сайңға барып бекінді Анасынан ажырап қалған бала секілді. Томирис Е. Біреу астық түсірді Біреу астық ұ шырды Жатқан мезгіл күз екен Алдым соны түсініп. Лера. Қуандырып біздерді Мерекелі күз келді Кел жемісті Алтын күз Кемелденсін халқымыз. Бекзат.Сара ала тон жамылған Күз атамыз секілді Қойны толы дәмді нан Тәттісі көп не түрлі. Ажар.Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. Зере.Алтынға тимеймін танғала Судырап жапырақ түскенде Жыл сайын тосамын ұнатамын Ералы.Алтын сары қызы, қызыл , көк Алуан – алуан жапырақ Күзгі бақтар күлімдеп Көз тартады жалтырап. Ф.Малика. Жер берді жемісті Күз келді келісті Күз — байлық береке Алтын күз — мереке. Саян. Еңбек қызыл қырларда Бидай толды қырманда Алтын таулар секілді Сап — сары болып тұрғанда Назерке Құстар қайтты қыс болды Сұр бұлт жапты аспанды Жапырақ түсіп гүл солды Қараша ызғары басталды. Ән «Күз » Музыка. Жүргізуші; Балалар бұл не? Біреу жылап тұрған сияқты. Өйткені күн суытты ,құстар жылап жатыр. Құстар тонды, олар жылы жаққа ұшып кетеді ғой. Жүргізуші. Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар Балалар. Күн суытады, құстар жылы жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып жаңбыр жауады. Жүргізуші. Біз көңілімізді түсірмейік.Күз мезгілі тамаша бізге молшылық береке әкеледі. Жұмбақ жасырады Әкеміз ала баспақ асырады Күз келсе соямын деп асығады Баспағын бойын шөпке жасырады Еті қызыл, терісі жасыл әлі. Балалар. Қарбыз Жүргізуші: «Қарбыз» биі. Ойнаймыз күзде біз Достықты білеміз Айырып болмасың Туғандай боламыз. Күз мезгіліне сән көрсету үлгісін қабыл алыңыздар. Күзім –ау, күзім ау Мінезін бұзық — ау Жаңбырын сіркіреп тұрғанын қызық –ау. Ән. «Жаңбыр» Саңырауқұлақ кіреді. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма? Балалар.Иә таңыдық.Саңырауқұлақ Мен сендерді мейрамдарымен құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма? Балалар:Иә Саңырауқұлақ. Бірақ жаз қайта оралмайды Жүргізуші: Сарғайды тоғай Сап — сары маңай Соңғы әнін айтып Құс кетті қайтып Құстар биімен қыздарды қарсалайық Әуен; Күн күркірейді. Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не? Жүргізуші; Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады.Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көрем Жүргізуші: Жаңбырды жақсы көрсен ортаға Жаңбыр әнін тамашалайық.Балапан тобы.Бағбаншы: кіреді. Жүргізуші: Сен кімсін? Қайдан келдің? Бағбаншы: Мен орманшы Орманнан мен келемін Балаларды мейрамымен Құттықтауға келдім менАл сендер неге жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда? Саңырауқұлақ: Біз сенмен келеді деп ойладық. Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.Саңырауқұлақ: Келіп қалатын шығар тосайық Бағбан: Сіздерге көкөністер мен жемістерді алып келдім қазір олар өздерін таныстырады. Айзере Жинналыппыз бәріміз Қайсымыз ең дәмдіміз. Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз. Расим Мен ұялшақ картоппын мен емеспін мақтанар мені жақсы көреді үлкендер мен балалар Бос айтысты қояйық Дауласуды тоқтатайық Оркестр« Айгөлек »тобының орындауында Саңырауқұлақ: Бағбаншы мен бір ойын білемін. Ойыннын аты Жемістер мен көкөністерді ажырат. Балалар ажырата аламекен байқайық. Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы. Күз бен жел кіреді: Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер. Әуен: Сиқырлы Жел:Ақалай мақалай, ақалай мақалай Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтымен күзді жауып тастайды. Саңырауқұлақ пен Бағбаншы: Желдін артынан қуады. Саңырауқұлақ Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын.Саңырауқұлақ: Күз бізге керек оны балалар тосып отыр Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады,Мен барлығын ұшырып жіберемін. Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессін Жел: Жоқ мен мықтымын Саңырауқұлақ: Ондай болса мықтылығынды көрейік Ойын: Галош Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай мықты? Жел: Жоқ мен әлсіз емеспін, тағыда жарысып көрейік. Саңырауқұлақ: Сен женсен күзді бізге қайтарасын, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр. Күз оянады.Береке бақ дарыған Жомарт көңіл жарқын күз Сары алтынға малынған Алтын күз деген мен болам Қайда менің жапырақтарым Би «Жапырақтар» Жүргізуші:Қош келдің, берекелі күн Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашала. Ән: «Осень наступила» «Сонышко »тобының орындауында Жүргізуші: Күзде жаңбыр жауады Ойнатпайды біздерді Қолымызда қолшатыр мен Ойнауға біз барамыз «Қолшатыр»биі Күз: Күз мен сендердің өнерлерінді тамашаладым. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр Ойын: «Сылдырмақты кім бірінші алады» Жүргізуші: Күзде, күзде жаңбыр жауады. Ойнатпайды біздерді Күзде, күзде жапырақтар Желмен бірге ұшады. Күз: Мен ойын ойнағым келеді, бірақ ата — аналармен Ойын: Дәміне қарай ажырат Күз:Ал балалар мен сендерге көкөністер мен жемістер әкелдім , рахмет өнерлеріне енді сендермен қоштасайын. Сау болыңдар Жүргізуші: Балалар қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі мерекеде дейін сау болыңыздар!
Дерек көзі: https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/altin-kuz-balabakshada-ertengilik/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет