Балалар мен ата-аналарға арналған ойындар Балабақшаға келер жолдағы ойын



Дата26.01.2022
өлшемі35,66 Kb.
#129821
Байланысты:
Балалар мен ата-аналарға арналған ойындар


Балалар мен ата-аналарға арналған ойындар

Балабақшаға келер жолдағы ойын

Әдетте балалар таңертең ұйқысын қимай мінездерін көрсете бастайды. Ал оның ата-аналары ашуланып, араларында келіспеушілік туады. Оның соңы ұрыс-керіспен аяқталуы сөзсіз. Ата-ана жұмысқа асығып, баласын бақшаға апарудың амалын жасайды. Сөйтіп, таң атпай бәрінің көңіл күйі бұзылады. Мұндайда не істеуге болады? Баланың назарын әр түрлі ойынмен аударуға болады. Бала геометриялық пішіндерді біле ме?

Жолда келе жатып, кез келген дөңгелек заттардың атын баламен бірге атауға болады. Балаңызға қандай түстердің болатынын түсіндірдіңіз бе? Балаңызға айналасындағы заттар арасынан тек қызыл түсті табуын ұсыныңыз. Бірнеше түсті емес, тек бір түсті ғана табуын сұраңыз. Мысалы: қызыл түсті заттарды бірнеше күн қатарынан (немесе бірнеше апта) іздеуін сұраңыз. Сонда балаңыз қателеспей табатын болады, кейін қалған түстерге өтуге болады.

Дәл осылай қоршаған ортадағы, табиғаттағы болып жатқан құбылыстарды атап ойнауға болады.


Жуынатын бөлмедегі ойын

Желім шелекке су құйыңыз. Ол суды екінші шелекке стаканмен құйыңыз. Балаңыздың назарын шелекке қанша стакан су кеткеніне аударыңыз. Сосын ожаумен суға толы шелектегі суды бос шелекке құйыңыз. Бұл ойын арқылы балаңызды «көп-аз», «бос», «жарты», «жан-жағынан» деген ұғымдармен таныстыруға болады.

Кір жуғышқа су құйып, ішіне жеңіл резеңкелі шарларды жіберіңіз, балаңыздың қолына дәл осы шарлардың санындай шар беріңіз. Балаңыз 0,5 – 1 метр алшақ тұрып, қолындағы шарларымен, суда тұрған шарларға тигізулері керек. Егер шар тисе, онда ол судан алынады. Егер тимесе шарларсуда қалады. Ойын кір жуғышта шар қалмағанға дейін жалғасады.

Асханадағы ойын

Әдетте аналар көп уақыттарын асханада өткізеді. Асхана – ол әзіл, көңілді, сенімді әңгімелердің орнына айналады. Сонымен қатар, асхана –балаңыз тиісті заттар мен білім алатын өте жақсы мектеп деуге болады. Әрине мұндайда міндетті түрде балаңыздың қауіпсіздігін ойлайсыз, оттан, газ, электрден, ащы заттардан сақтайсыз. Егер сіз балаңызға асханада отырып, қауіпті заттардан сақтануды түсіндірсеңіз, онда сіздің уақытыңыз босқа кетпегені.

Асханада балаға қамырмен ойнаған ермек болады. Ол үшін қамыр тұзды болуы керек. (қамыр кепкен соң тас сияқты қатты болады). Одан жасалған заттар көпке дейін сақталады және онымен ойнауға да болады.

Қамырды дайындау тәсілі: 2 стақан ұн,

1 стақан су,

1 стақан тұз

2 шәй қасық өсімдік майы

бәрін араластырып, кішкене қыздырса, жұмсақ болады. Одан не жасағыңыз келсе, соны жасауға болады.

Балаңыз жалығып кетсе де, өзіңіз стақанды қасықпен араластырып, қазанның қақпағымен жауып қойыңыз.

Балаңызбен бірге ерекше тамақ дайындап көріңіз. Тамақтың атында «С» дыбысы бар болатын болсын. Не дайындауға болады. Мысалы: салат, сорпа. Басқа дыбыстан басталатын тамақ аттарын ойластырыңыз. Балаңызға «Ш» дыбысы бар ыдыстарды алып жууға көмектесуін сұраңыз. (Шәйнек, шөміш, шелек, пышақ), «А» дыбысы бар (қасық, қазан) және т.б.

Балаңызға түскі немесе кешкі тамақ дайындауға керекті азық-түлікті көрсетіңіз. Олардың арасынан «р» дыбысы бар көкөністі көрсетсін. Егер балаңыз қиналып тұрса, сұрақ қою арқылы көмектесіңіз. «кар-р-р-топ па пияз ба?», «қар-р-р-быз ба қауын ба?», «Орамжапыр-р-рақ па сәбіз бе?», «қияр-р-р немесе банан ба?».

Енді асханадағы сөздерді іздейік. Міне мына себетке (қапқа) жинаймыз. Асханада қандай заттар бар?

Бір-бірімізді «тәтті» сөздерді атап, сіздің алақаныңызға салып, бәрін жеп қойғаныңызға дейін айтады. Дәл осылдай «қышқыл», «тұзды», «ащы» сөздерімен де ойнауға болады.

Асханада отырып, жаңа дыбыстармен түрлі иістерді иісін иіскеп, дәмін татып, қолмен ұстап ажыратуға мүмкіндік бар. Барлығы бірге отырып, краннан судың қалай тамшылап жатқанын, шәйнектегі судың қайнаған дыбысын бақылауға болады. Шәй қасықтың әр ыдыста әр түрлі дыбыс шығаруын бақылау: Мысалы. Бос стақанда, суы бар кеседе, т.б. Осы дауыстарды балаңызға естіртіп ажырата білуін қадағалаңыз. Өзіңіздің қазір не істеп отырғаныңызды дыбысынан ажыратып айтуына көңіл аударыңыз.

«Көзіңді жұм – аузыңды аш» деген сөз әдетте әзіл ретінде көп қолданылады. Балаңыз көзін жұмып тұрып, сіздің не бергеніңізді дәмін ажыратып айтуын байқаңыз: алма бөлігін ба, банан ба, қияр ма, лимон, сарымсақ па?. Балаңыздың орнына өзіңіз ойнауға болады. Егер әдейі қателессеңіз балаңыз оған мәз болады және келесіде өзі оны есінде сақтайды.

Сіздің балаңыз өзінің шығармашылық қабілетін езілген картопта немесе ішінде қызанақ, көкөністер, сәбіз, қиярмен безендірілген ботқада сынап көруіне болады.

Көкөністер мен жемістерді пайдаланып, баланы ажырата білуге: сипап сезіп, дәмін татып тануға, үйретуге болады. Пакетке 4 немесе 5 жемістер салып, балаңызға ақырын қолымен ұстап әрқайсысының атын атауын сұраңыз. Көзін байлап жемістердің иісін иіскеп, атын атауын сұраңыз.

Егер бала «Үш аю» ертегісін білетін болса, онда баладан Үлкен аюдың, Ана аюдың және бала аюдың ыдыстарын қоюын сұраңыз. Егер бала бірнеше түстерді ажырата білсе, онда үстел үстіндегі тек қызыл заттарды таңдауын тапсырыңыз. Пішіндерді ажырата білетін баламен «өзінің дөңгелегіңді тап» ойынын ойнауға балау тиімді.



Осылайша асханада үлкендердің көмегімен түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Мысалы: Анасы баласынан тоңазытқышқа рет-ретімен: алдымен тек дөңгелек заттарды, сосын тек сары жемістерді қоюын тапсырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет