"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Акробатика» пәні бойынша білім беру бағдарламасы



бет14/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24

18-параграф. Балалар өнер мектептерінің «Акробатика» пәні
бойынша білім беру бағдарламасы

      898. Балалар өнер мектептерінің«Акробатика»пәні бойынша білім беру бағдарламасы пәннің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағдарламамалық талаптарды, оқыту жылдары бойынша оқу-тақырыптық жоспарды, бақылау нысанын, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемдерін анықтайды.


      899. Акробатика - цирк өнерінiң негiзгi жанрларының бiрi, өйткенi акробатика барлық цирк нөмiрлерiнiң құрылыс iргетасы, демек негiзгi пiшiнделген тәртiптердiң бiрi, цирк өнердiң зерттеуiнде болып көрiнедi. (аудармада грек «akrobateo» - аяқ ұшымен жүрiп, үстiне өрмелеймiн).
      900. Пәннің мақсаты: «Акробатика» пәні аясында білім алушылардың физикалық қасиеттерін, дара ерекшеліктері мен әртістік қабілеттерін анықтау.
      901. Пәннің мiндеттері:
      1) білім алушылардың физикалық аппаратын икемділігінің дамуы (барлық бұлшықет топтарымен жұмыс істеу);
      2) үйлесiмдiлiктiң қимыл-қозғалыс сезiмiн дамыту және кеңiстiкте бағдарлану;
      3) тепе-теңдiк аппараттын жетiлдiру;
      4) реакцияның жылдамдығын дамыту;
      5) адамгершiлiк-ерiк сапасын тәрбиелеу;
      6) салауатты өмiр салтын насихаттау;
      7) ұжымдық қызметтегі шығармашылық дағдыларын дамуы, ұжымның әр мүшесі өз жұмыс нәтижесіне жауапты болады.
      902. Бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі:
      1-3-сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат, оқыту курсының барлығы - 306 сағат;
      4-9-сыныптар – аптасына 2 сағат, жылында 68 сағат, оқыту курсының барлығы - 408 сағат.
      Концерттік нөмірлерді дайындауға арналған оқу сағаттары топтық формада, сондай-ақ жеке сабақтарда пайдаланылады.
      Оқу процесін жетілдіру мақсатында есептік концерттерді (спектакльдерді) дайындауға режиссер-қоюшы, балетмейстер, аталған тұлғалар үшін сағаттық жүктеме төлемімен шақырылады.
      903. Білім алушылар контингенті 6-дан 16-ға дейін (l-9-сыныптар):
      1-3-сыныптар – кіші топ;
      4-6-сыныптар – орта топ;
      7-9-сыныптар – жоғары топ.
      904. Бағдарламаны іске асыру үшін жағдайлар жасалады.
      1) Қажетті құрылғылары (шығыршық, қоссырық, трепециялар, швед қабырғасы және басқалары) бар арнайы жабдықтарған орын (спорт залы немесе манеж).
      2) Станоктары, айналары, рояль немесе пианиномен жабдықталған хореография залы.
      3) Концерттік рояль немесе пианино, пульттар және дыбыстық техникалық құрылғылармен жабдықталған концерт залы.
      4) Киім бөлмесі.
      5) мамандандырылған материалдармен жұмыс істеуге арналған бөлме.
      6) Фонотека, фидеотека, көретін видеозал.
      7) топтық, шағын топтық және жеке сабақтарға арналған оқу орындары.
      8) Арнайы жабылғымен, перделермен, дыбыстық және видеоаппаратурамен жабдықталған оқу аудиториялары.
      9) Реквизиттер: қарама-қарсы жастықтар, сымдар, желпуіштер және басқалары.
      905. Пәннің мазмұны. Оқыту жылдары бойынша оқу-тақырыптық жоспар. Әр оқыту жылының басында бір сабақ қауіпсіздік техникасына арналады. Қауіпсіздік техникасы – ережелер мен нұсқаулықтарының жинағы, қауіпсіз еңбек етуге және әрбір сабақ өткізуге бағытталған нұсқаулығын қамтамасыз етеді.
      906. Мақсаты: білім алушылардың қауіпсіздігін, денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Сабақтардың қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету келесі факторлармен анықталады:
      1) штаттан тыс жағдайлар туралы мәліметтерді ең төменгі көрсеткішке жеткізу;
      2) қызметтердің нәтижелерінің тиімділігін көтеру үшін жарақаттар туралы мәліметтерді ең төменгі көрсеткішке жеткізу.
      907. Сақтандыру түрлері:
      1) шылбыр көмегімен сақтандыру;
      2) ілмекті пайдалана отырып сақтандыру;
      3) пассировка.
      Сақтандыруға жататындар:
      1) трюк әрекеттердi орындаушылар, биiктiгiне қарамастан, күтпеген жағдайда құлау мүмкiндігі;
      2) барлық биiк, қатты және сенiмсiз еден, кiлемге немесе манежге «келу».
      908. Сақтандыру трюкты орындаудың нақты ша шарттарынан, қатысушылардың санды нөмiрдің нақты қауіпсіздік мүмкіндіктер (лонж, торлар, топса тағы басқалар) арнаулы құрылғылар көмегiмен жүзеге асуы керек.
      Білім алушыларөзін өзі сақтаудың негiзгi тәсiлдерiн игереді және iс жүзiнде оларды қолдана алады.
      909. Мойын мен арқа бұлшық еттерiн күшейту үшiн қосымша жаттығулар керек және ол жарақаттануға ұшырағандар дәрежесiн азайтады.
      Білім алушы тек педагог ұсынған жаттығуларды немесе педагог рұқсатымен жасайтын жаттығуларды ғана орындайды.
      910. Снарядтарында орындаған жаттығулар алдында педагог олардың күйiн тексеріп, мүмкiндігінше құлау аймақта матты төсеп қою керек.
      911. Жаттығудың орындауы немесе сақтандыру кезінде алаңдауға және басқаларды алаңдатуға тыйым салынады.
      912. Спорт киімдеріне қойылатын талаптар. Спорт киімі сыдырма ілгек, түймелер және басқа iлгексіз болуы керек немесе кедергi келтiретiн элементтер дененi жауып, кең қалта болмасын және қосымша бөлшектер; сыртқы киiм түрi таза және ұқыпты болуы керек. Футболка немесе майка шалбарға салынған болуы керек, сақтанатын уақытында бетке түсіп, орама жасалынады. Жаттығуды алдында сағаттар, шынжырша, сақина, бiлезiктер, сырғаны шешіп және басқа қатты немесе кедергi келтiретiн бұйымдарды шешеді.
      913. Зал, жабдықтары және залда жүріп-тұру тәртібі мен ережесі.
      1) Егер педагог залда жоқ болса, онда кіруге тыйым салынады.
      2) Топтың барлық мүшелерi, педагогтарына, залда жұмыс атқарғандармен сыпайы қатынаста болу керек.
      3) Педагогтың нұсқау жұмысын нақты және өз уақытында орындау жөн. Алдын ала жаттығуларды сапалы орындау қажет.
      4) Егер өзін нашар сезінсе, педагогке хабарлау керек.
      5) Топта жаттығуларды орындау жайында соқтығысып қалудың алдын алу үшін арақашықтық және интервал сақтау қажет (бастапқы орынға құлау, аялдама, қалпына қайтару және тағы басқалар) жаттығудың бұрыс орындауын жағдайда мүшелердiң қайсысы болса да.
      6) Күрделi жаттығуларды орындау үшiн мұғалiм сақтандыру қамтамасыз етуді сұрап, жерге қонудың аймағына гимнастикалық төсенiш салады.
      7) Жаттығушылар өртке қарсы қауiпсiздiктi ережесін және эвакуация жайында ғимараттан шығу жоспарын білу қажет. Электр жабдығындағы ақаудың табылу жағдайда, шапшаң мұғалiмге хабарлау керек.
      914. Реквизит және оны пайдалану ережелері.
      1) Залдағы спорт жабдығына ұқыпты қарау және киiм шешінетін және қосалқы бөлмелерде тазалық тәртiбін сақтау керек.
      2) Сабақ аяқталған кезде спорт жабдықтарын орынына апарып, жинап, жаттығулар орнын және киiм шешетiн бөлмеде орындарына қойып кету керек.
      915. Акробатика және акробатикалық кілемде сақтандыру мен пассировка.
      1) Сабақ кезінде бiр жерден басқа жерге жүгiрiп жүруге тыйым салынады.
      2) Күрделi акробатикалық жаттығуларды сақтандырусыз орындауға тыйым салынады.
      3) Жерге түсу аймағында немесе жаттығуды орындау кезінде құлаудың мүмкiндігі болатын жерде ойнауға тыйым салынады.
      4) Орта сызықтан жағалай шетке жетпей, екпінмен секіру бағытында орындау.
      5) Жаттығудың орындау алдында, аймақ екпінмен секіру кезде жер бос болатынына сену.
      6) Аймаққа акробаттық жол бойынша екпінмен секіріп қайтуына тыйым салынады.
      916. Снарядтар мен тренажерлерде жаттығуды бастамас бұрын, олардың техникалық жарамдылығын тексеру керек, ақаудың тапқан жағдайда педагогке хабарлау. Құлау мүмкіндігі бар аймақтарға сақтық маттарды қою керек.
      917. Жазатайым оқиғада, жарақат алғанда, зақымданған немесе болған оқиғаны көрген адам бiрiншi дәрiгерлiк көмек көрсетуге дейiн шұғыл шараларды қабылдауы үшiн педагогке дереу педагогке хабарлауға мiндетті.
      918. Сабақ аяқталған кейін керек-жарақ спорт жабдықтарын орнына жинау, киiм шешетiн бөлмені және жаттықтыру құралдарын тәртіпке келтіру қажет.
      919. Күтілетін нәтижелер. Оқу соңында кіші топтың білім алушылары (1-3-сыныптар) біледі:
      1) арнайы терминологияны;
      2) акробатикалық жаттығу техникаларының негiзiн;
      3) акробатикалық жаттығу орындаудың қауiпсiздiк техникасы ережесiн сақтау;
      4) гигиенаның негiзi және салауатты өмiр салтын;
      5) зиянды әдеттердiң алдын алуды.
      істей алады:
      1)  жалпы дене-күш жаттығулар, статикалық жаттығулар, икемдiлiк жаттығуды орындауы және созу, кульбит және құламалар, бағдарлама кiрушi қарқын жаттығуларды орындайды;
      2) сабақ үдерісінде қауiпсiздiк техникасы ережелерін дұрыс қолданады;
      3) салауатты өмiр салтының ұстанады.
      920. бағдарламалық талаптар. Оқудың бірінші жылы (жылында - 102 сағат, аптасында 3 сағат, 34 оқу аптасы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары. Тұла бойды әдемі ұстап кең еркін қамадармен жүру, қолдарды түрлі қалыпта ұстап жүру, қолдарды қозғалта отырып, аяқтың ұшымен жүру, жартылай отырып өкшемен және жартылай отырып жүру.
      Жүгірумен кезектестіре отырып жүгіру, түрлі бастапқы қалыптардан; жұппен, топпен жүгiру.Секіру бiр және екi аяқтардың секiрiсі; бiр орында секiру және жылжумен секіру.
      3) Статикалық жаттығулар. Бiр аяқтағы тепе-теңдiк (қарлығаш); арқаға қолдары жауырынға тұрып тiрелу; қабырғада қолға тұру; бiр аяқты сермеу, педагог көмегімен қолға тұру.
      4) Созылу мен икемділік жаттығулары. «Көпiр» арқада жату қалпы; жартылай шпагат және шпагат (оң аяқты, сол аяққа және көлденең); аяқтармен сермеу; еңкейіп және қадамын қарсы басу; сермеумен секiрiстер.
      5) Кульбиттер мен каскадтар. Кульбит: тiреуден алға отырып; қарқында алға; алға аяғын айқастыру; тiреуден кейiн отырып; қарқында артқа; артқа аяғын айқастыру; артқа секiріп жоғары, тiреуге құлау.
      6) Қарқынды жаттығулар. Бүйiр шеңбері: орыннан вальсетамен секіріс.
      921. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Жалпы дене шынықтыру дайындығы пәнімен таныстыру - 1 сағат.
      2) Әңгіме: «Балалық шақтан келген цирк» - 1 сағат.
      3) «Сақтандыру жабдығы». Қауіпсіздік техникасы – 2 сағат.
      4) Енкею және аяққа отыру – 3 сағат.
      5) Жүрістің әр түрлілігі – 4 сағат.
      6) Жүгірудің әр түрлілігі – 4 сағат.
      7) Секіру – 2 сағат.
      8) «Қарлығаш». Бір аяқта теңдік сақтау – 2 сағат.
      9) Жауырында тұру – 4 сағат.
      10) Қолда тіреліп тұру – 6 сағат.
      11) Арқада жатып көпір жасау – 4 сағат.
      12) Аяқты айналдыру – 3 сағат.
      13) Жартылай шпагат – 4 сағат.
      14) Шпагат – 7 сағат.
      15) Топтасу – 4 сағат.
      16) Топтасып домалау - 6 сағат.
      17) Кульбит алға отырып тірелу – 8 сағат.
      18) Кульбиты алға ырғақта – 8 сағат.
      19) Кульбит алға аяғын айқастыру – 2 сағат.
      20) Кульбит артқаотырып тірелу – 8 сағат.
      21) Кульбиты артқа ырғақта – 8 сағат.
      22) Кульбит артқа аяғын. Айқастыру – 2 сағат.
      23) Бүйірлік шеңбер – 7 сағат.
      24) Барлық сағат саны – 102 сағат.
      922. Бағдарламалық талаптар.Оқудың екінші жылы (жылында 102 сағат, аптасында 3 сағат, 34 оқу аптасы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары. Жүру, жүгiру, қозғалыста жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерден жаттығу; секiрiстер; бағыттың өзгеруiмен орын ауыстыру.
      3) Статикалық жаттығулар Қолға тұру; 1 аяқты сермеу қолға тұру; екі аяқтарды түрткi қолға тұру; 1 аяқты сермеудi бiлектерде табанды; баспен тұру; жауырынға тұру жартылай кульбитамен артқа.
      4) Созылу мен икемділік жаттығулары. «Көпiр» (оңға, сол аяқ және көлденең) сермеулер; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы басу; сермеу секiрiстер; қолға тұру көпiрі; алдыңғы асыра лақтыру шпагаты; қолға тұру шпагаты.
      5) Кульбиттер мен каскадтар. Жатып секіру; жүгіріп келіп кадкадтық кульбит жасау; кульбитпен алға қолға тұру; жүгіріп кульбит жасау; трамплиннан кульбиттер жасау.
      6) Қарқынды жаттығулар. Трамплиннен қарқынды секіру; курбет; «қарқын алдыңғы және трамплиннан артқа сальто.
      923. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Акробатика сабақтарда қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 2 сағат.
      3) Қозғалыс жаттығулары – 4 сағат.
      4) Қозғалысты үйлестіру жаттығулары – 4 сағат.
      5) Жалпы дамыту жаттығулары – 6 сағат.
      6) Секіріс – 4 сағат.
      7) Бағытты өзгерту үшін қозғалыс – 2 сағат.
      8) Қолында тұру – 8 сағат.
      9) Басында тұру – 4 сағат.
      10) Иықта тұру – 4 сағат.
      11) Әр қимылдан көпір – 6 сағат.
      12) Еңкейлерімен шабуылдар – 2 сағат.
      13) Шпагат – 4 сағат.
      14) Жатып тұру – 4 сағат.
      15) Курбет – 8 сағат.
      16) Кульбиттер мен каскадтар – 8 сағат.
      17) Трамплиннен секіру қарқыны – 10 сағат.
      18) Шеңбер (орнында, секіруден, жүгіру) – 8 сағат.
      19) Акробатикалық байламдары – 10 сағат.
      Барлығы: 102 сағат.
      924. Бағдарламалық талаптар. Оқытудың үшінші жылы(жылында 102 сағат, аптасында 3 сағат, 34 оқу аптасы).
      Бағдарламалық талаптар.
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шығықтыру жаттығулары.Жүру; жүгiру; жаттығу
      қозғалыстары; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; бағыттың өзгеруiмен орын ауыстыру.
      3) Статикалық жаттығулар. Жауырынға тұру; бүйiр арабеспен бiр аяқта тепе-теңдiк; түрткi баспен тұру топтау арқылы; түрткi қолға тұру топтау арқылы.
      4). Созылу мен икемділік жаттығулары.Көпiр; (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы шығулар; сермеу секiрiстер; баспен тұру мен түзету мен көпiр; басқа бұрышпен бiр аяққа қолдары көпiр тiректi.
      5) Кульбиттер мен каскадтар. Биіктіктен каскадты кульбиттер жасау; қолға тұрып алға қарай кульбит жасау.
      6) Қарқынды жаттығулар. Еркiн жаттығулар(педагогтың таңдауы бойынша алатын кешендер).
      925. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтағы қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 2 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар – 3 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысының жаттығулары - 6 сағат.
      5) Жалпы дене шынықтыру жаттығулар – 6 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Бағытын өзгерту жылжыма жаттығулар – 2 сағат.
      8) Жауырында тұру – 2 сағат.
      9) Бір аяқта теңдік сақтау – 4 сағат.
      10) Баста тұру – 6 сағат.
      11) Қолда тұру – 8 сағат.
      12) Әр қалпынан көпір – 4 сағат.
      13) Шпагаттар – 4 сағат.
      14) Аяқпен сермеу – 2 сағат.
      15) Енкейіп алға басу – 2 сағат.
      16) Биіктіктегі кульбит – 8 сағат.
      17) Қолда тұрып алға қарай кульбит жасау – 6 сағат.
      18) Акробатикалықбуындар – 8 сағат.
      19) Еркін жаттығулар кешені – 10 сағат.
      20) Шеңбер – 6 сағат.
      21) Курбет – 6 сағат.
      22) Жатып секіру – 4 сағат.
      Барлығы: 102 сағат.
      926. Күтілетін нәтижелер. Оқудың аяғында орта топтың білім алушылары (4-6-сыныптар) біледі:
      1) арнайы терминалогияны;
      2) акробатикалық жаттығулар техника негiздерін;
      3) қарапайым акробатикалық жаттығуларды біртұтас номерге (этюдке) біріктіру техникасын;
      4) акробатикалық жаттығуларды орындаудағы қауіпсіздік техникасының ережелері;
      5) гигиена негiздері және салауатты өмiр салты;
      6) зиянды әдеттердi алдын алу шаралары.
      істей алады:
      1) жалпы дене шынықтыру жаттығуларын, статикалық жаттығуларды, иілгіштік пен созылуға арналған жаттығуларды, кульбиттер мен каскадтарды, қарқынды жаттығуларды, бағдарламаға кіретіндерді орындау;
      2) жеке акробаттық элементтерді бір номерге (этюд) біріктіру;
      3) сабақ үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін дұрыс қолдану;
      4) салауатты өмір салтын ұстану.
      927. Бағдарламалық талаптар. Оқудың төртінші жылы (жылында 68 сағат, аптасында 2 сағат, 34 оқу аптасы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары.Акробаттық элементтердi Қолданумен эстафета; жүру; жүгiру; қозғалыстағы жаттығулар;қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне арналған жаттығулар; бір орында тұрып жаттығу жасау; секіру; сермеумен секіру.
      3) Статикалық жаттығулар. Отырып тiреуден қолға тұру, көпiр, (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу, еңкею және қарсы басу.
      4) Созылу мен икемділік жаттығулары. Көпiр жасау, (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы басу; көпiр бiр аяқты сермеу баяу артқа аунап түсу; сермеулік секiрiстер.
      5) Кульбиттер мен каскадтар. Биіктіктен каскадты кульбит, жүгіріп келіп биіктігі 20-30 сантиметрлен кульбит жасау; қолға тұрып алға қарай кульбит жасау; акробатикалық байланыстар мен комбинациялар; шеңбер ішінде каскадты кульбит жасау; жүгіріп келіп копфшпрунг жасау; алға аунау, трамплиннан шеңберге каскад жасау.
      6) Қарқынды жаттығулар. Қарқындысекiрiстерi; қарқындабүйiр шеңбер; рондадшапқылау; баспентұруларменаяқтыңкөпiрiнетүзетубөлек; сальтотоптауменқарқынсекiрiстерi; рондадшапқылау жәневальсета; келесiбұрылыспен курбет 180 гардусқа дейін.
      928. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтағы қауіпсіздік техникасы - 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 2 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар – 3 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысының жаттығулары – 6 сағат.
      5) Жалпы дене шынықтыру жаттығулар – 6 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Акробатикалық элементтерін қолдану жарысы – 4 сағат.
      8) Жауырында тұру - 2 сағат.
      9) Теңдік сақтау – 4 сағат.
      10) Баста тұру – 2 сағат.
      11) Қолда тұру – 4 сағат.
      12) Әр қалпынан көпір – 4 сағат.
      13) Шпагаттар – 4 сағат.
      14) Аяқпен сермеу – 2 сағат.
      15) Енкейіп алға басу – 2 сағат.
      16) Жоғарыдағы кульбит – 4 сағат.
      17) Кульбит алға отырып қолға тірелу – 4 сағат.
      18) Акробатикалық буындар – 6 сағат.
      19) Копфшпрунгтар, аударылым – 4 сағат.
      20) Барлығы: 68 сағат.
      929. Бағдарламалық талаптар. Оқытудың бесінші жылы(жылында 68 сағат, аптасында 2 сағат, 34 оқу аптасы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары. Жүру; жүгіру; қозғалыстағы жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiкке жаттығу; бір орында тұрып жаттығу жасау; секiрiстер.
      3) Статикалық жаттығулар. Екі аяқпен отыруға салмақ салып қолға тұру қолда тұрып аяқтарын семеу.
      4) Икемділік және созылу жаттығулары.Көпір; (оңға, солаяқжәнекөлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу, еңкею жәнеқарсы басу.
      5) Кульбиттер мен каскадтар. Бүйірмен домалау, баспен тұру, кульбит алға басу, кульбитпен жауырынға тұру.
      6) Қарқынды жаттығулар. Қарқынға 180 рондадқа, 2 рондад бұрыла секiру қарқынында араға лақтыру курбеті.
      930. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтағы қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 2 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар – 2 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысының жаттығулары – 4 сағат.
      5) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары – 3 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Отыру тірегімен қолда тұру – 4 сағат.
      8) Бір аяқпен сермеу жасап қолда тұру – 3 сағат.
      9) Бүйірмен домалау – 4 сағат.
      10) Жауырында тұрып алға кульбит – 4 сағат.
      11) Курбет – 4 сағат.
      12) Әр қалпынан көпір – 3 сағат.
      13) Шпагаттар – 4 сағат.
      14) Аяқпен сермеу – 2 сағат.
      15) Енкейіп алға басу – 2 сағат.
      16) Қыратын кульбиттер – 4 сағат.
      17) Кульбит алға отырып басқа тірелу - 6 сағат.
      18) Қарқынды 2 рондада. Акробатикалық байламдар – 8 сағат.
      19) Қарқынды лақтырыс – 6 сағат.
      20) Барлығы: 68 сағат.
      931. Бағдарламалық талаптар. Оқудың алтыншы жылы(жылында 68 сағат, аптасында 2 сағат, 34 оқу аптасы).
      1) Қауіпсіздік техникасы
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары.
      Жүру; жүгiру; қозғалыстағы жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; күшке арналған жаттығу.
      3) Статикалық жаттығулар.
      Жұпты жатығулар; жамбасқа сүйеніш; жатып сүйену; «жартылай колонна».
      4). Созылу мен икемділік жаттығулары.Көпiр; (оңға, сол аяқ және көлденең) шпагаттар; аяқтармен сермеу; көлбеу және қарсы басу.
      5) Кульбиттер мен каскадтар.Бүйiр шеңберіне (3 қарқынға); трамплиннен жасалатын кульбит; кульбит алға және бүгiлген аяқтарға копфшпрунг; трамплиннен созылған кульбитi.
      6) Қарқынға 3 рондад; рондад бүйiр шеңбері; (лонж) орыннан флик-фляк.
      932. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтағы қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 2 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар – 1 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысының жаттығулары – 3 сағат.
      5) Күш салу жаттығулар – 8 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Жұп жаттығулар – 6 сағат.
      8) Жамбасқа сүйену – 6 сағат.
      9) Жатып сүйену – 4 сағат.
      10) «Жартылай колонналар» - 4 сағат.
      11) Жүгіріп, келіп бүйір шеңбер (3 ырғақта) – 5 сағат.
      12) Әр қалпынан көпір – 2 сағат.
      13) Шпагаттар – 2 сағат.
      14) Аяқпен сермеу – 2 сағат.
      15) Енкейіп алға басу – 2 сағат.
      16) Трамплиннен кульбит – 4 сағат.
      17) Копфшпрунг – 4 сағат.
      18) Акробатикалық буындар – 4 сағат.
      19) Флик-фляк – 6 сағат.
      Барлығы: 68 сағат.
      933. Күтілетін нәтижелер. Оқудың аяғында орта топтың білім алушылары (7-9-сыныптар) біледі:
      1) арнайы терминалогияны;
      2) акробатикалық жаттығулардың техника негiздерін;
      3) күрделi акробатикалық жаттығулардың сипаттамасын;
      4) бiртұтас нөмiрге акробатикалық жаттығулардың қарапайым қимылдарды қосу техникасын (этюд);
      5) шығармашылық жобаны әзiрлеу технологиясын;
      6) күрделі акробатикалық жаттығуларды орындау кезінде жарақат алмау үшін алдын алудың және сақтандыру шаралары туралы ескертуді;
      7) салауатты өмiр салты және гигиена негiзiн;
      8) зиянды әдеттердi алдын алу шараларын.
      істей алады:
      1) күрделi акробатикалық жаттығулар, статикалық жаттығулар, икемдiлiк жаттығуларын орындау және созу, кульбит және құламалар, бағдарламаға кіретінi қарқындық жаттығуларды орыйндай алады;
      2) бiртұтас нөмiрге жеке акробаттық элементтерді (этюд) біріктіре алады;
      3) өз бетiмен шығармашылық жобаны әзірлейді және қорғайды;
      4) сабақ үдерісінде техникалық қауіпсіздік ережелерін жұрыс қолданады;
      5) салауатты өмiр салтын ұстанады.
      934. Бағдарламалық талаптар. Оқудың жетінші жылы (жылында 68 сағат, аптасында 2 сағат, 34 оқу аптысы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары.Жүру; жүгiру; қозғалыста жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлігіне жаттығу; бір орында тұрып жаттығу жасау; секiрiстер; күш жаттығуы.
      3) Статикалық жаттығулар.Топтық жаттығулар; пирамидалар.
      4) Созылу мен икемділік жаттығулары.Көпiр; (оңға және сол аяқ, көлденең), шпагаттар; аяқтармен сермеу; еңкейю және қарсы басу.
      5) Кульбиттер мен каскадтар. Трактор; бүгiлген аяқтарға копфшпрунги, (2 қарқынға) копфшпрунг кульбиталған.
      6) Қарқынды жаттығулар. Бiр қолға бүйiр шеңбері; (3-4) қарқынға рондад; (қолдаумен) орыннан флик-фляк; бiраяққа төңкерiс; артқа аунап түсу; фусамен (лонж) трамплиннен, қарқын алдыңғы сальто.
      935. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтардағы қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 1 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар – 1 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысы жаттығулары – 3 сағат.
      5) Жалпы дамыту жаттығулары – 2 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Күш салу жаттығулары – 5 сағат.
      8) Топтық жаттығулар – 8 сағат.
      9) Пирамидалар – 6 сағат.
      10) Кульбиттермен копфшпрунгтар – 5 сағат.
      11) «Трактор» - 6 сағат.
      12) Әр қалпынан көпір – 2 сағат.
      13) Шатқа отырыстар – 2 сағат.
      14) Аяқпен сермеу – 2 сағат.
      15) Енкейіп алға басу – 2 сағат.
      16) Бір қолында бүйір шеңбері – 4 сағат.
      17) Домалау (алға,артқа) – 6 сағат.
      18) Трамплиннен алдыңғы сальто – 6 сағат.
      19) «Фуса» қарқыны – 4 сағат.
      Барлығы: 68 сағат.
      936. Бағдарламалық талаптар. Оқудың сегізінші жылы(жылында 68 сағат, аптасында 2 сағат, 34 оқу аптысы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене шынықтыру жаттығулары. Жүру; жүгiру; қозғалыстағы жаттығу; қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгі жаттығуы; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; күш жаттығуы.
      3) Статикалық жаттығулар.Серiктесінің иығында тұру, жұптасып жаттығулар, пирамидадағы табан.
      4) Созылу мен икемділік жаттығулары Көпiр; (оңға және сол аяқ, көлденең)кендiрлер; аяқтармен сермеу; еңкейю және қарсы басу; қолға тұру көпiрі; қарқынмен алға аунап түсу.
      5) Кульбиттер мен каскадтар.Басқа акробаттық элементтермен әртүрлi жағдайлардан байламға кульбиталған; жөнсiз кульбиттер кедергiден кейiн.
      6) Қарқынды жаттығулар. Жатып секіру; серiктестiң арқасы, флик-флякпен жатып секіру трамплиннен сальто.
      937. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтардағы қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 1 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар - 1 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысының жаттығулары – 3 сағат.
      5) Жалпы дамыту жаттығулары – 2 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Күш салу жаттығулары – 4 сағат.
      8) Жұпты жаттығулар – 6 сағат.
      9) Пирамидалар – 6 сағат.
      10) Ойын серіктестің иығына тұру - 4 сағат.
      11) Қарқынды алға домалау – 6 сағат.
      12) Әр түрлі қалыптан көпірге тұру – 2 сағат.
      13) Шпагаттар – 2 сағат.
      14) Аяқпен сермеу - 2 сағат.
      15) Еңкейіп алға басу – 2 сағат.
      16) Акробатикалық элементтермен буынды кульбиттер – 5 сағат.
      17) Кедергілерден каскадты кульбиттер – 4 сағат.
      18) Жатып секіру, жұпта жатып секіру – 4 сағат.
      19) Рондад флик-фля - 6 сағат.
      20) Трамплиннен сальто – 5 сағат.
      Барлығы: 68 сағат.
      938. Бағдарламалық талаптар. Оқудың тоғызыншы жылы(жылында 68 сағат, аптасында 2 сағат, 34 оқу аптысы).
      1) Қауіпсіздікдік техникасы.
      2) Жалпы дене жаттығулары. Жүру; жүгiру; қозғалыста жаттығу; қимыл қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу; жергiлiктi жерлерде жаттығу; секiрiстер; күш жаттығуы.
      3) Статикалық жаттығулар. Қолға, иықта, тiзеде, сан қолдаумен жұптасып жасайтын жаттығулар.
      4) Созылу мен икемділік жаттығулары. Көпiр; (оңға және сол аяқ, көлденең)кендiрлер; аяқтармен сермеу, еңкею және қарсы басу.
      5) Кульбиттер мен каскадтар.Фордершпрунг бiр және қарқынға; копфшпрунги бiр және қарқынға, алдыңғы сальто шапқылаған, сығымдап көтерумен, жөнсiз кульбиттер қолға тұруда шығумен копфшпрунг, баспен тұрып алға кульбиттер.
      6) Қарқынды жаттығулар. Алдыңғысы сальто топтаудағы «көпiр»; (педагогтің қолдауы немесе лонж) көпiрден артқы сальто; кендiрге бiр аяққа төңкерiс, екi аяқта төңкерiс, артқа аунап түсу.
      939. Оқу-тақырыптық жоспар.
      1) Сабақтардағы қауіпсіздік техникасы – 1 сағат.
      2) Жүру, жүгіру – 1 сағат.
      3) Қозғалыстағы жаттығулар – 1 сағат.
      4) Үйлестіру қозғалысының жаттығулары - 3 сағат.
      5) Жалпы дамыту жаттығулары – 2 сағат.
      6) Секіріс – 2 сағат.
      7) Күш салу жаттығулар – 6 сағат.
      8) Жұпты жаттығулар – 10 сағат.
      9) Әр түрлі қалыптан көпірге тұру – 2 сағат.
      10) Шпагаттар – 2 сағат.
      11) Аяқпен сермеу – 2 сағат.
      12) Фордершпрунгтар – 5 сағат.
      13) Копфшпрунгтар – 5 сағат.
      14) Жүгіріп келіп алдыңғы сальто – 6 сағат.
      15) Каскад кульбиттер – 3 сағат.
      16) Баста тұру қалпынан қолда қысу қалпына шығу – 5 сағат.
      17) Артына домалап шпагатқа тұру – 4 сағат.
      18) Трамплиннен сальто(алдыңғы және артынғы) – 8 сағат.
      Барлығы: 68 сағат.
      940. Бақылау нысандары. Үлгерімді бақылай және бағалау өлшемдері.
      Акробатика пәні бойынша оқу–бақылау шаралар бақылау сабақтар түрінде жылына екi рет (бірінші жартыжылдықта және жылдың аяғында) жүргiзiледi және әр бөлімнің есеп беру концертiнде жылдың соңында, концерттiк нөмiр түрiнде өткізіледі.
      941. 9-сыныпта білім алушылар қорытынды аттестацияны өтедi. Қорытынды аттестация бағдарламасын, әр білім алушыға, педагог жеке-жеке құрып дайындайды.
      942. Бақылауға қойылатын педагогикалық талаптар:
      1) әр білім алушының жеке қасиеті (білім алушылардың әрқайсысының жұмысынн бақылау керек. Білім алушының қорытынды нәтижелерін топты жұмысының нәтижелерімен ауыстыруға болмайды және керісінше);
      2) жүйелік және үздіксіздік;
      3) бақылайдың сан алуан түрлері мен әдістері; білім алушылардың оны өткізуге және нәтижелеріне деген қызығушылықтарын арттыру;
      4) жан-жақтылық (бағдарламаның барлық бөлімдерін қамту; теориялық білімдері мен практикалық біліктері мен дағдыларын тексеру); объективтiлiк;
      6) дифференциялық қағидат (ерекшелiктердi есептеу әр білім алушының әр пән бөліміне);
      7) педагогтердің талаптары бiрыңғай болуы керек.
      943. Терминдерді, түсініктерді меңгергендіктерін тексеру мақсатында және психологиялық жүктемені азайту мақсатында ойында өткізіледі, арнайы сөзжұмбақтар жасалады, сөзбен айтатын және басқа ойындар пайдаланылады.
      944. Бағалау өлшемдері:
      1) акробатикалық элементтерді орындау техникасын игеру: орындаудың тазалығы, жақсы созылымның болуы, қимылдардың нақты үйлесімі, кеңістікте бағдарлану, жеке және топпен орындалатын элементтердің ырғағын және қарқынын сезіну.
      2) концерттік номерден (трюктен, этюдтен) алған жалпы әсері: білім алушының мүмкіндіктері (қабілеттері), оның жетістіктері, әртістігі.
      945. Цирк өнері сабақтарындағы нәтижелілікті бақылау мақсатында әр тоқсанда немесе жартыжылдықтың аяғында барлық сыныптарда бақылау сабақтары жүргізіледі, ол жерде берілген материалдарды меңгеру деңгейін 5 баллдық жүйемен бағалайды. Цирк өнеріндегі білім алушының жетістіктерін бағалай отырып, табиғи қабілетінің барын екендігін көрсетен жоғары деңгейін ғана есепке алмай, сонымен қатар нақты дара үйлесімділік және кондициялық қабілеттерінің алға жылжуына да қарау керек.
      946. Цирк өнеріне үйрету үдерісі дидактикалық қағидаттардан құрылады, цирк өнерінің ерекшеліктерінен шығатын өзіндік өзегшелігі бар. Шығу сызықтары қағидаттарына сүйенетін сабақтарды дұрыс ұйымдастыруға көп көңіл бөлінеді. Жаттығулардың түрлі болуына байланысты, ауырлық қысқа демалыстармен алмаып және дұрыс тыныс алуды сақтай отырып түрлі бұлшықет топтарына түседі.
      947. Дайындық-сабақтардыңнегізгі дидактикалық қағидаттары:
      1) қайталау қағидаттары – көп рет және үнемі түрде бір трюктерді қайталай беру;
      2) сатылы қағидаты – жалпыдан жекеге, негізден бөлшектерге, қарапайымнан күрделіге, білімнен дағдыға. Тапсырмалар орындау мүмкіндіктеріне қарай беріледі, бірақ оларды кейін да ғана сабақтар күрделендіреді;
      3) жан-жақтылық қағидаты – белгілі бір трюктарды орындауға ғана қажетті жаттығулармен шектелмеу керек. Денені жан-жақты жаттырырғанда ғана мамандық бойынша сабақтар жемісті болады. Күш салатын жаттығуларды созылу қимылдарымен біріктіру қажет. Ауырлықты жаттығуларды, қайталау сандарын және жұмыстағы үзіліктер арқылы өлшеуге болады. Жаттығулардың түрлі болуы және жан-жақтылық сабақтардың тиімділігін арттырады;
      4) даралық қағидаты – білім алушыларға олардың нақты ерекшеліктері түрғысанан келу. Осы қағидат негізінде жеке жүктеме, берілген жаттығуларды, трюктарды меңгеру және орындау қарғындары анықталады;
      5) түсіну қағидаты – орындалатын жаттығулардың ролі мен мәнін анық және нақты түсіну. Білім алушыларға өздеріне саралау жүргізуге, алда істелетін жаттығуды ойша жеке бөлшектеуге анық үйрету. Идимотролы дайындық жүргізіледі, олар күрделі үйлесімді қозғалыстарда өте қажет.
      948. Жаттығуды (трюкты) орындаудың алдында келесі қимылдардың компоненттерін ойша елестетеді:
      1) бастапқы қалып;
      2) қимылдың таы;
      3) орындау тәсілі (сілтеу арқылы, кушпен, иілуп);
      4) қимылдың бағыты (артқа, алға);
      5) қимылдың амплитудасы, жылдамдығы, күші;
      6) қалыпты, ырғағқыт ауыстыру;
      7) қайталау саны;
      8) сонғы қалпы, бет әлпеті.
      949. Цирктік айналымдағы сабақтарда педагог пен білім алушының өзара байланысы білім алушыларға жеке-дара бағдарлану педагогикалық технологияларды пайдалану негізінде жүзеге асады, бұл педагогтің білім алушыларға жаттығу жасауда және жалпы концерттік нөмердегі міндеттерді таңдауда, әр білім алушының жеке ерекшеліктерін және бұл қабілеттерінің деңгейін есепке алуында көрінеді.
      Көрсетілген қағидаттар негізінде жаттығулардың бағдарламасы жасалынады.
      950. Оқыту әдістеріт түрлі болуы керек – сөзбен жеткізу, көрнекіліктер және практикалар.
      951. Сабақтарды ұйымдастыру. Сабақты ұйымдастыру кезінде педагог жүктемені дұрыс өлшеген белгілі қарқынды, әр білім алушыға жеке дара иілгіш тәсілді ескереді. Бұндай жаттығулар жеке бұлшықет топтарын, буындарды бекітеді және дамытады және қозғалу қасиеттерін жетілдіреді, білім алушыға үйретіліп отырған акробатика жаттығуларының орындау техникасын жақсы және тезірек игеруге көмектеседі.
      952. Бағдарламаны үздіксіз игеру және сабақтардан қалмай қатысу оқытылатын материалдарды белгіленген уақыт аралығында игеруге мүмкіндік береді. Алғыр білім алушылар үшін қосымша трюктік диапазон қарастырылған.
      953. Акробатиканы оқытуға көшудің алдында түрлі дайындық жаттығуларын зерделейді, жалпы дамытушылық жаттығуларды үйренеді. бұндай жаттығулар жеке бұлшықет топтарын, буындарды бекітеді және жетілдіреді, білім алушыларға акробатикалық жаттығуларды орындау техникасын игеруге көмектеседі.
      954. Педагог қыздардың ағза ерекшеліктерін ескереді және соған сәйкес ұлдардың жүктемесіне қарағанда оларға жүктелетін жүктемені реттейді. Жаттығулар қозғалғыш қарқында орындалады және шеренгада және жеке де орындалады.
      955. Акробатикалық міндеттердің реті жүктемені сатылап ұлғайту арқылы жүргізіледі. Дененің немесе бұлшықет топтарының қандай да бір бөлігінің шаршауына жол берілмейді, соныдықтан жаттығуларды түрлі бұлшықет топтарына теңдей жүктеме түсіріп отырып жасатады. Мысалы, қолдардың және иық тұсына арналған жаттығулардан кейін аяққа арналған жаттығуларға ауысу керек. Егер екі жаттығу бір дене бөлшегіне арналған болса, екінші жаттығу міндетті түрде қарама-қарсы бұлшықет топтарына арналуы керек, мысалы, арқаның бұлшықеттеріне арналған жаттығулардан кейін келесі жаттығу іштің бұлшықеттеріне арналады, ал бұлшықеттердің статикалық қысылуды талап ететін жаттығулардан кейін динамикалық сипаттағы міндеттер зерттеледі.
      956. Бағдарламадағы жаттығулар кешенінің мазмұны жоғарыда көрсетілген барлық талаптарды ескеріп арнайы таңдалған, қалыптасқан тіртібі жоқ, білім алушылардың меңгеру деңгейіне қарай иүрлері өзгертіледі және күрделенеді. Акробатикалық жаттығуларды үйрену толық түсіндіруден басталады. Бастапқы орындаулар жеке үйретуден басталады.
      957. Жалпы дамыту жаттығулары анотомиялық белгi бойынша жiктеледi:
      1) қарын бұлшықеттерінің дамуына жаттығу;
      2) арқалық бұлшықеттерге арналған икемдiлiк жаттығулары;
      3) қол және аяқ қозғалысының жылдамдығына жаттығу;
      4) күш тәртiбіндегі жаттығу;
      5) аяқтардың бұлшықеттерi серпiмдiлiгіне жаттығу;
      6) қимыл-қозғалыс үйлесiмдiлiгіне жаттығу;
      7) икемдiлiкке жаттығу және созу;
      8) шпагат және жартылай шпагаттар;
      9) аяқтың, қол мен бастың, сосын бастың көмегінсіз арқада жатып көпір жасау;
      10) «бiр қол, бiр аяқты көтерумен шалқаю мен көпiр және тағы басқалар;
      11) асыра лақтыру, кульбиттер, шеңбер.
      958. Негізгі акробатикалық жаттығуларды үйренуге көшпес бұрын,алдын ала дайындық жаттығуларымен танысу қажет:
      1) отырып тұруда, арқада жату және секіріп тұру кезіндегі аяқтарды топтау;
      2) арқада жату қалпында топпен домалау;
      3) жатқан қалыпта тік аяқтарын 900-қа созу;
      4) жартылай шпагат;
      5) түзу аяқпен жартылай кульбит алға, жауырынға тұру;
      6) аяқтың, қолдың, бастың көмегімен арқада жату қалпында көпiр жасау;
      7) орында, жүгіріп келіп, трамплиннан қорқынды секіру;
      8) орында, жүгіріп келу және секірістен, биіктіктен вальсет жасау.

Каталог: userdata -> user-69 -> files
files -> Сабақтың тақырыбы : «Алаштың дара тұлғасы-Мәшһүр Жүсіп»
userdata -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
files -> Құрастырған: №26 мектеп-гимназиясы кітапхана меңгерушісі Сыздықова Әсима Қалауевна Кіріспе
files -> Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы
files -> Бауыржан Момышұлының рухани- адамгершілік және әскери мұрасы Бауыржан Момышұлының марапаттары
files -> Көрнекілігі: Кітап көрмесі, слайд Жүргізуші
files -> Балалар кітабы апталығы «Үздік оқырман» сайысы
files -> Қазақ Әдебиеті нұсқау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет