"Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан


-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Скрипка» пәні бойынша білім беру бағдарламасы



бет6/24
Дата30.11.2016
өлшемі5,53 Mb.
#2886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

9-параграф. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер
мектептері музыка бөлімдерінің «Скрипка» пәні бойынша білім
беру бағдарламасы

      288. Балалар музыка мектептерінің және балалар өнер мектептері музыка бөлімдерінің «Скрипка» пәні бойынша білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) балалар музыка мектептері мен өнер мектептерініңмақсатын, міндеттерін, мазмұнын, оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтайды.


      289. Бағдарламаның мақсаты: белсенді азаматтық көзқарасы бар, жоғары адамгершілік және басшылық қасиеттері бар, жоғары рухани мәдениет дәрежесі бар тұлғаны қалыптастыру, скрипканы сауатты меңгеру арқылы өзін өзі шығармашылықтық анықтайтын бала тұлғасын дамыту.
      290. Жалпы білімділік міндеттері:
      1) скрипкада музыкалық орындаушылыққа қажетті құрал ретінде музыкалық-теориялық пәндер топтамасын меңгеру;
      2) музыкалық қабілеттерін дамыту: есту, есте сақтау, ырғақ, эмоциялық орта, саздылық және әртістілік;
      3) скрипкада ойнау дағдыларын қалыптастыру және орындаушылық сапасын дамыту;
      4) жеке және ансамбльде музыкалық шығарманы сауатты орындауға мүмкіндік беретін негізгі дағдыларды меңгеру;
      5) музыкалық-эстетикалық талғамды, көру қабілетін, кереметтерді есту және түсінуді қалыптастыру;
      6) білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беру.
      291. Тәрбиелік міндеттер:
      1) музыка мәдениетіне араластыру;
      2) музыка сабақтарына деген тұрақты қызығушылықтарын тәрбиелеу және музыкалық нақыштарды ажырата білу;
      3) жақсы музыкалық талғамды тәрбиелеу;
      4) аспаптық шығармашылыққа деген қызығушылықты оятуға итермелеу;
      5) өз елінің патриотын, дәстүрлі және заманауи қазақ музыкасын таратушыны тәрбиелеу;
      6) балалардың шығармашылық қызмет және көпшілік алдына шығу тәжірибесін алуы.
      292. Дамытушылық міндеттер:
      1) білім алушылардың музыкалық қабілеттерінің болашағын және дамуын анықтау;
      2) білім алушылардың есту, орындаушылық және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту.
      293. «Скрипка мамандығы» пәнінің базалық білім беру мазмұны білім алушылардың аспапта ойнау арқылы, парақтан оқу арқылы, ансамбльде ойнау арқылы жекеленген музыкалық қабілеттерін анықтап, дамытуға бағытталған.
      294. Балаларға скрипкада ойнауды оқыту мерзімі бірінші сыныпқа 7 жас пен 12 жас аралығында келген балалар үшін 5 жылдан 7 жыл аралығын құрайды. Бағдарлама мен оқыту мерзімі білім алушылардың жасына, жалпы дайындығына, физикалық және музыкалық қабілеттеріне байланысты таңдалынады.
      295. Оқыту жеке, шағын топтық және топтық формада жүзеге асырылады.
      Даярлық сыныбындағы білім алушылардың сандық құрамы - 8-10 адам.
      Ұжымдық музыка ойнау пәні бойынша топтардың сандық құрамы: оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында - 6 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында - 2 адамнан бастап 4 адамға дейін.
      296. Бағдарламаны әдістемелік қамтамасыз ету. Білім беру үдерісінің тиімділігі оның мақсатының мазмұны мен тәрбиелеу міндеттеріне, балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, педагог пен білім алушының кәсіби құзіретті педагогикалық өзара байланыстарына байланысты.
      297. Музыка мектептерінінде музыкалық қабілеттері жақсы балалармен қатар, музыкалық-орындаушылық мүмкіндіктері шектеулі балалар оқиды. Сабақта педагог олармен жұмыс істегенде музыка ойнаудың түрлі нысандары мен шығармашылық дағдыларын дамытуға екпін жасай отырып, дамытуға бағытталған оқыту әдістеріне сүйенеді. Репертуарды таңдау барысында жеке жоспардың түрлі нұсқада болуына жол беріледі: 1 және 2-сыныптардың талаптарының (оның ішінде гаммалардың да) деңгейлерін төмендету.
      298. Даярлық, 1 және 2-сыныптарда сабақ өткізудің шағын топтық нысандары пайдаланылады: сабақ немесе оның бөлігі екі-үш білім алушымен қатар жүргізіледі. Жиналған уақыттың қоры нотаны парақтан оқып үйренуге, есту бойынша теру, тасымалау, ансамбль, жалпы музыкалық дүниетанымды кеңейтуге жұмсалады.
      299. Әр жартыжылдықтың басында жеке жоспарлар әзірленеді және білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Әр жартыжылдықтың соңында педагог алдында бекітілген тізімдердегітапсырмалардың орындауы мен өзгерістерінің сапасын белгілейді, ал жылдың соңында білім алушыныңмузыкалық және техникалық дамуына, үлгерімі мен еңбекке қабілеттілігіне сипаттама береді.
      300. Білім алушының жеке жоспарын құру барысында,жеке жұмыстың болашақ және ағымдағы міндеттері ескеріліп, оқу жылының басы мен соңындағы оның мінездемесіне сәйкес құрастырылады.
      301. Педагог өз бетінше репертуарлық тізімді қалыптастырады, шығармаларды жүйелендіреді, білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес репертуарды толықтырады.
      Білім алушының жылдық оқу жоспарының негізігі құрамдас бөлігі: ірі нысандағы туындылар, полифония, пъесалар, этюдтер, гаммалар және музыкалық шеберліктерін дамытатын жаттығулар, ансамбльдер, сүйемелдеулер, өзі оқып-үйренуі, қағаз бетінен оқуы және тасымалдауы, үйде музыкада ойнау үшін пъесалар.
      302. Білім алушылардың жеке жоспарлары қазақ ұлттық және кәсіби музыкасы, классикалық музыка, қазіргі заман музыкасы 20-21 ғасырдың сазгерлік музыка элементтерін пайдалана отырып кірістірудің арқасында кең репертуарлық үрдістерді, репертуардың жаңаруы және байытылуын қамтып көрсетіледі.
      303. Жеке жоспарда білім алушының жылдың аяғында оның жеке даму жақтарын көрсететін мінездемесі ұсынылады:
      1) музыкалық мағлұматтар деңгейі (есту, ырғақ, жады), білім алушының орындау аппаратының берілген аспапқа сәйкестігі, аспапқа икемделгішітік дәрежесі;
      2) жалпы даму, эмоциялық, сезінушілік, реакция жылдамдығы; музыкаға, музыкалық сабақтарға қатынасы;
      3) еңбекке қабілеттілік, жинақылық;
      4) өз бетінше оқып-үйрену икемділігі, мәтінді талғаудағы сауаттылық дәрежесі, музыкалық туындыларды меңгеру шапшаңдығы;
      5) жылдың аяғындағы табыстары;
      6) білім алушының дамуындағы кемшіліктер және оларды игеру бойынша міндеттер.
      304. Бірдей сыныпта бағдарламаны оқытудың жеке жоспарлары, концерттік және емтихандық бағдарламалар күрделілігінің деңгейі бойынша өзгеше болуы мүмкін.
      305. Репертуармен жұмыс жасауда педагог шығармалардың бір бөлігі көпшілік алдында немесе концертте (емтиханда) орындауға, ал қалған бөлігі – сынып жұмысына немесе танысуға арналатындығын ескереді. Педагог педагогикалық репертуармен жұмыстың аяқталу дәрежесін білім алушының жеке жоспарында оқу сатыларын белгілеу арқылы бекітеді.
      306. Педагог әрбір білім алушының жеке ыңғайын ескере отырып, жаңа репертуар есебінен репертуарлық тізімдерді толықтырады, бағдарламаның көлемі мен күрделілігін түрлендіреді.
      307. Аспапты сыныпта оқу және тәрбие беру жұмыстарының негізгі формасы – педагогтің білім алушымен өткіген жеке сабақтары табылады.
      308. Бағдарламаны игеруден күтілетін нәтижелер.
      1) білім алушылардың музыка өнеріне деген, өзбетінше музыкалық орындаушылыққа деген қызығушылықтарының болуы;
      2) авторлық мәтінді дәлелді түрде интерпретация жасау, өз бетінше түрлі заман, нақыш, бағыт, жанр мен формадағы музыкалық шығармалардың репертуарын толықтыру сияқты скрипканың түрлі мүмкіндіктерін пайдалануға болатын орындаушылық білім, білік пен дағдылардың қалыптасқан кешені;
      3) бағдарлама талаптарына сәйкес түрлі нақышпен жанрдағы (полифониялық шығармалар, сонаталар, концерттер, пьесалар, этюдтер, аспапаты миниатюралар) шығармалардан тұратын скрипкаға арналған репертуарларды білу;
      4) скрипканың көркемдік-орындаушылық мүмкіндіктерін білу;
      5) кәсіби терминологияны білу;
      6) жеңіл музыкалық шығармаларды парақтан оқу;
      7) есту қабілетін бақылауды тәрбиелеу бойынша дағдылардың болуы, музыкалық шығарманы орындау үрдісін басқара білу;
      8) музыкалық-орындаушылықтағы мәнерлілік құралын пайдалану, орындалып отырған шығармаларды талдай білу, түрлі орындаушылық техника түрлерін игеру, нақтыланған көркемдік техникалық тәсілдерді пайдалану дағдылары;
      9) шығармашылық ынтаның, музыкалық шығарманы жаттау әдістері туралы қалыптасқан көріністің және орындаушылық қиындықтармен жұмыс тәсілдерінің болуы;
      10) музыкалық есте сақтау жадының, әуендік, ладоүндестіктік, тембрлік естудің болуы;
      11) солист ретінде дайындықтық-концерттік жұмыс дағдыларының болуы.
      309. Жас музыкантты тәрбиелеу барысында педагог оқытылып отырған музыкалық шығарманың көркемдік мәнінің техникалық тұрғыдан дұрыс ашылуына назар аудара отырып, техникалық және көркемдік дағдылардың біркелкі үйлесімді дамуына көңіл аударуы қажет.
      Концерттерге бару, байқау, фестивальдерге қатысудан кейін оны талқылау білім алушының бойында аспаптық шығармашылыққа деген махаббатты тудырады, білім алушының музыкалық–эстетикалық талғамын қалыптастырады.
      310. Білім алушының жеке жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптар.
      Оқыту үдерісінде педагог оқытылып отырған музыкалық шығарманың көркемдік мәнінің техникалық тұрғыдан дұрыс ашылуына назар аудара отырып, техникалық және көркемдік дағдылардың біркелкі үйлесімді дамуына көңіл аударуы қажет.
      311. Педагог білім алушыларға авторлық мәтінді зеін қойып және нақты оқуға үйретеді, өзінің орындауын тыңдауға және оның сапасын арттыруды талап етуге оқытады.
      312. Педагог білім алушының мәнерлеп орындауы, дыбысты сезе білу, тыңдай білу, интонация, ритм мен динамика барлық оқу жылдарында педагогтың назарында болады.
      313. Табысты музыкалық–орындаушылықты дамыту үшін білім алушының бойында еркін және шынайы орындаушылық қабілетін (көркемдік-орындаушылық міндеттерге негізделген лайықты қозғалыстарды меңгеру) дамыту қажет.
      314. Оқудың барлық жылдарында білім алушының музыкалық-техникалық жағынан дамуына байланысты жұмыстар жоспарлы және үздіксіз жүргізіліп тұруы қажет. Техниканы дамыту сабақтары (саусақ жүгірістері, нақтылығы және тағы басқалары) гамма, арпеджиомен, этюд және жаттығулармен үнемі жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
      Оқу жылдарының барлық кезеңдерінде білім алушылардың осы музыкалық-техникалық дамытудың маңызды бөлімімен жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс жүргізілуі қажет.
      Білім алушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкес, педагог оларға нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын жүйелі түрде тексетіп отыруы қажет.
      315. Білім алушының репертуарлары стилі, мазмұны, түрі, жанры жағынан әр түрлі болуы керек. Білім алушының репертуарын үнемі өзгертіп және ұлғайтып тұру қажет, оған жақсы пьесаларды, отандық және шетел композиторларының шығармаларымен толықтырылады.
      316. Репертуар таңдау барысында педагог оқытудың бірізділігі мен бірыңғайлығына сүйенуі қажет
      317. Әрбір жартыжылдықта педагог әр білім алушыға жеке жоспар жасайды, оны оқу бөлімі бекітеді. Жартыжылдықтың соңында педагог енгізілген өзгертулерді көрсетіп, жоспардың орындалғанын жазады, ал жыл соңында білім алушының музыкалық дамуына, үлгеріміне мінездеме береді.
      318. Педагог бірінші оқу жылының аяғында бітіру бағдарламаларын ұсынып, олар бөлім кеңесінде бекітіледі.
      319. Баланың дамуы оқыту барысында ғана көруге болатындықтан, білім алушыларға деген педагогикалық талаптар дифференциалды болуы керек. Жеке жоспарға білім алушылардың музыкалық мүмкіндіктеріне, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.
      320. Білім алушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту үшін сыныпта түбегейлі оқытылатын шығармалармен қоса, жеке жоспарға таныстыру мақсатында әр түрлі мінездегі пьесалар енгізіледі, олардың түрлі аяқталған дәрежелеріне рұқсат беріледі.
      321. Даярлық сыныбына арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Аспаппен, оны баптау ережелерімен танысу. Дене мен қолды дұрыс қою жұмыстары. Дыбыс шығару. Парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру.
      2) Орындаушылық аппаратты қою.
      Скрипкашының денесінің, аяғының, басының, саусақтарының, сонымен қатар ойын барысындағы аспаптың дұрыс тұру ережелерін оқу. Скрипка тарихы туралы, олардың бөлімдері туралы, олардың ойын барысындағы өзара байланысы туралы материалдармен және скрипка мен ысқышты баптау ережелері. Қарапайым орындаушылық дағдыларын меңгеру.
      3) Техникалық дамуы.
      ойнау қимылдарының мақсатқа сәйкестілігін ұйымдастыру дағдылары, аспапта ойнаудың алғашқы дағдылары, ашық ішектерде ойнау барысында ысқыштың даусын шығара білу дағдылары, аспапты сол қолмен ойнай білуін ұйымдастыру, пиццикатоны қолдану арқылы дыбыс шығару, алғашқы дыбыс шығарудың, интонацияның, ритмнің сапасын бақылай білу дағдысы, музыканы ести, тыңдай білу дағдысы, ысқыштың алғашқы түрлерін қолдану, бір ішектен екіншісіне көшу, ысқыштың әр түрлі бөлшектеріндегі қимылдарды біртіндеп біріктіру.
      4) Музыкалық-көркемдік міндеттері.
      музыкалық образдық ойлай білу, музыкалық сөз тіркестері мен сөйлемдерді сезіну және жеткізе білу қабілеттерін дамыту және қалыптастыру. Музыкалық-ырғақтық сезімді дамыту, қарапайым ырғақтық топтар мен топтардың кезектілігін қабылдай және ойнай білу.
      322. 1-сыныпқа арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Аспаппен, оны баптау ережелерімен танысу. Дене мен қолды дұрыс қою жұмыстары. Дыбыс шығару. Парақтан оқудың алғашқы дағдыларын меңгеру. Оқу жылының ішінде білім алушы 2-3 мажорлы (минорлы) гаммалар, арпеджио (тоналдық үшдыбыстық) бір немесе екі октавада, 4-5 этюд, 5-6 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Скрипкашының денесінің, аяғының, басының, саусақтарының, сонымен қатар ойын барысындағы аспаптың дұрыс тұру ережелерін оқу. Скрипка тарихы туралы, олардың бөлімдері туралы, олардың ойын барысындағы өзара байланысы туралы материалдармен және скрипка мен ысқышты баптау ережелері. Қарапайым орындаушылық дағдыларын меңгеру.
      3) Техникалық дамуы Мейлінше жеңіл тональділікте бір октавада гаммалар мен үшдыбыстылықты орындай білу. Ойнау қимылдарының мақсатқа сәйкестілігін ұйымдастыру дағдылары, аспапта ойнаудың алғашқы дағдылары, ашық ішектерде ойнау барысында ысқыштың даусын шығара білу дағдылары, аспапты сол қолмен ойнай білуін ұйымдастыру, пиццикатоны қолдану арқылы дыбыс шығару, алғашқы дыбыс шығарудың, интонацияның, ритмнің сапасын бақылай білу дағдысы, музыканы ести, тыңдай білу дағдысы, бірінші позицияда орындау, орта ішектерді пайдалана отырып, жеңіл пьесалар мен халық әуендерін орындау, жеңіл штрих түрі «деташені» ысқыштың барлық бөлігін қолдану арқылы орындау, ысқышқа 4 нотаға дейінгі легато, ысқыштың алғашқы түрлерін қолдану, бір ішектен екіншісіне көшу, ысқыштың әр түрлі бөлшектеріндегі қимылдарды біртіндеп біріктіру.
      Жеңіл штрихтарды білу, оның динамикалық және аппликатуралық мағынасын білу, скрипканың, ысқыштың бөлшектерінің атауын, скрипка құрылымын білу., парақтан оқи білу.
      4) Музыкалық-көркемдік міндеттері. Музыкалық образдық ойлай білу, музыкалық сөз тіркестері мен сөйлемдерді сезіну және жеткізе білу қабілеттерін дамыту және қалыптастыру. Музыкалық-ырғақтық сезімді дамыту, қарапайым ырғақтық топтар мен топтардың кезектілігін қабылдай және ойнай білу. Алғашқы музыкалық есту дағдыларын, музыкалық – образдық ойлай білуі, мақсатқа сәйкес ойнау қимылдарын ұйымдастыру дағдысын игеру.
      323. 2-сыныпқа арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Қойылым, дыбыс, екпін, ырғақпен жұмысты жалғастыру. Аспапты күйге келтірумен танысады. Музыкалық терминалогияны дамытады. Парақтан оқу мен өз бетінше жұмыс жүргізу дағдыларына ие болады. Оқу жылының ішінде білім алушы 2-3 мажорлы (минорлы) гаммалар, арпеджио (тоналдық үшдыбыстық) бір немесе екі октавада, 4-5 этюд, 5-6 пьесаны, 2 ірі нысанды шығарманы үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Орындаушылық аппаратты ұйымдастыру бойынша алғашқы дағдыларды меңгереді. Техникалық әдістер мен орындаушылық аппаратты бекітуді әрі қарай дамытады.
      3) Техникалық дамуы. «Мартле» дыбыс шығару тәсілін, дыбысталу серпінділігі дағдыларын, бір уақытта екі ішекте ысқышты жүргізу дағдыларын, қарапайым флажолет түрлерін, қос ноталардың қарапайым түрлерін (негізінен ашық ішектерді пайдалану) орындау дағдыларын меңгереді. Мейлінше күрделі позицияларда (ІІ,ІІІ) орындаудың алғашқы дағдыларын, екі октавалы мажорлық және минорлы гаммалар мен үшдыбыстылықты (арпеджио), аспапты күйге келтіру дағдыларын, нотаны парақтан оқудың алғашқы дағдыларын біледі. Штирхтарды (detache, legato) жеке және бірге (legato и detache) пайдала отырып гаммалармен жұмыс істеу.
      4) Музыкалық-көркемдік міндеттері. білім алушының музыкалық орындаушылыққа деген қызығушылық қарым-қатынасын тәрбиелеу. Ноталық мәтінді ғана емес, музыкалық шығарманың көңіл-күйін жеткізуге тырысу. Тактағы күшті және әлсіз уақыттарды жеткізе білу, ойын үдерісінде талап етілетін дыбысталуды жатқа көрсету. Музыкалық есту дағдыларын, музыкалық – образдық ойлай білу дағдысын игеру.
      324. 3-сыныпқа арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Орындаушылық техникасы элементтерімен, дыбысты жүргізу және оның сапасын жақсарту бойынша жұмыстарын дамыту. Орындаушылық техниканы кешенді дамыту. Парақтан оқу мен өз бетінше жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту. Оқу жылының ішінде білім алушы 4-5 (мажорлы, минорлы) гаммалар, 1, 2, 3 позицияда алмасып келетін арпеджио, әр түрлі техникадағы 5-6 этюд, әр түрлі тахникадағы 5-6 пьеса,түрлі сипаттағы 2 ірі нысанды шығармаларды үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Орындаушылық аппаратты ұйымдастыру бойынша алғашқы дағдыларды меңгеру. Техникалық әдістер мен орындаушылық аппаратты бекітуді әрі қарай дамытады.
      3) Техникалық дамуы. «Деташе», «легато», «мартле» штрихтарын және олардың алмасып келуін, (1, 2, 3)зицияларды және олардың алмасуын білу керек. Қос нота мен I позициядағы жеңіл аккордтарды, жеке позициялардағы гаммалар мен үшдыбыстылық және олардың ауысуып пайдалану, хроматикалық жүйелілік дағдыларын білу. Трельдерді, вибрацияларды орындаудыі алғашқы дағдыларын игеру. Білім алушының қабілеттері мен техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес этюдтерді жаттау. Фортепианоның сүйемелдеуімен этюдтер мен шығармаларды орындайды.
      4. Музыкалық-көркемдік міндеттері. «Мінезде» (характер) орындау білімдері мен дағдыларын бекіту. Шығармамен жұмыс істеу барысындағы образдық ойлау қабілетін қалыптастыру. Музыкалық-ырғақты сезімді, музыкалық ойлауды әрі қарай дамыту. Ансамбльде фортепиано және басқа аспаптармен ойнау дағдыларын жетілдіреді. Түрлі концерттерде өзін ұстау ережелері мен сахнаға шығу ерекшеліктерін оқытады.
      325. 4-сыныпқа арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Ойын барысында қысылу және қатты күш жұмсаудан арылу. Дыбысты жүргізу және оның сапасын жақсарту бойынша жұмыс, екпін, серпінділік, дыбысталу, ырғақпен жұмыс. Орындаушылық штрихтарды жетілдіру. Парақтан оқу мен өз бетінше жұмыс жүргізу дағдыларын әрі қарай дамыту. Музыкалық терминогияны әрі қарай меңгеру.
      Оқу жылының ішінде білім алушы 4-5 (мажорлы, минорлы) гаммалар, позицияда алмасып келетін арпеджио үшдыбыстылығын, әр түрлі техникадағы 5-6 этюд, әр түрлі тахникадағы 6-8 пьеса, түрлі сипаттағы 2 ірі нысанды шығармаларды үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Негізгі оқыту-жаттығу материалын бекіту. Баяу күйде ән салу сипатындағы этюдтер мен пьесаларды орындау арқылы дыбыс, оның екпіні мен серпінділігімен жүйелі жұмыс.
      1) Техникалық дамуы. Гаммаларды күнде орындау дағдысын қалыптастыру. «стаккато» штрихын орындай білу дағдысы, алғашқы үш позицияны ойнай білу, олардың әр түрлі алмасып келуі, (4-5) жоғары позициядағы жеңіл жаттығуларды орындай білуі, қос ноталы техникадағы этюдтер мен жаттығулар, аккордтар, екі октавалы гамма мен үшдыбыстықты орындай білудің алғашқы дағдылары, діріл дағдысы, нотаны парақтан оқи білу.
      2) Музыкалық-көркемдік міндеттері. Музыкалық назарды бөлу және көңіл бөлу дағдыларын қалыптастыру. Музыкалық-ырғақтық сезімді, музыкалық ойлауды әрі қарай дамыту. Ансамбльде фортепиано ж»не басқа аспаптармен ойнау дағдыларын жетілдіру. Түрлі концерттерде өзін ұстау ережелері мен сахнаға шығу ерекшеліктерін оқыту.
      326. 5-сыныпқа арналған бағдарламлық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Орындаушылық техниканы, муызкалы есту қабілетін қалыптастыру және дамыту, мәнерлі ойнаудың маңызды шарттаырынң бірі аспаптың дыбысталуының сапалығын жетілдіру. Шығармашылық және физикалық шыдамдылықты үйрену. Оқу жылының ішінде білім алушы 4-5 екі-үш октавалы (мажорлы, минорлы) гаммаларды, үшдыбыстылығын, 5-7 этюд, 6-8 пьеса, 2 ірі нысанды шығармаларды үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Аспаптың дыбысталу сапасын жақсарту бойынша жұмыс. Орындаушылық аппарат бұлшық еттерінің қобалжу мен қысылудан толық арылу. Түзулік, тұрақтылығ, екпіндік тазалықпен жұмыс. Серпінділікпен жұмыс.
      3) Техникалық дамуы. «Деташе», «легато», «мартле», «стаккато», «сотийе», «спиккато» штрихтарын білу және олардың алмасып келуі, үш октавалы гамма, үшдыбыстықты білу. Алғашқы үш позицияда қос нотаны орындай білудің базалық дағдысын қалыптастыру, екі дауысты шығарма орындағанда позицияларды бір-бірімен үйлестіре, жалғай білу дағдысы, нотаны парақтан оқи білу дағдысын дамыту.
      Жоғары позицияларды орындай білу дағдысы, хроматикалық гаммаларды орындай білу, аппликатураның екі түрін орындай білу – сырғанай ойнау және саусақтарды алмастыра ойнау.негізгі жаттығу материалын өңдеу: дыбыс сапасын, тазалығын, екпінін, барлық регистрлердегі дыбысталу түзулігін, серпінділік түрлерін және басқа орындаушылық бөліктерді жетілдіру мақсатында барлық гамамалар мен арпеджиоларда ойнау. Әрі нысандармен жұмыс, концерттерді, сонаталарды орындау ерекшеліктері, концерттей ойнау дағдаларын игеру, түрлі концерттік репертуарларды толықтыру, орындаушылық шеберлікті көтеру.
      327. 6-сыныпқа арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Орындаушылық техниканы жетілдіру. Алдыңғы сыныптарда алған бардық негізгі техникалық және көркемдік дағдыларын пайдаланып музыкалық шығарманы орындауға деген тұлғалық қатынаспен жұмыс. Оқу жылының ішінде білім алушы 4-5 екі-үш октавалы (мажорлы, минорлы) гаммаларды, үшдыбыстылығын, 5-7 этюд, 6-8 пьеса, 2 ірі нысанды шығармаларды үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Аспаптың дыбысталу сапасын, оның түзулігін, тұрақтылығын, екпіндік тазалылығын, тембрді жақсарту бойынша жұмыс. Музыкалық-образдық ойлау дағдыларын, трельдерді, түрлі позициялық біріктірулерді, қос ноталарды орындаудағы сол қол техникасының дағдыларын игеру.
      3) Техникалық дамуы. «Деташе», «легато», «мартле»,«стаккато», «сотийе», «спиккато»штрихтарын білу. Музыкалық–образдық ойлау дағдысын ары қарай дамыту. Трелей орындау барысындағы сол сол техникасы дағдысын дамыту, әр түрлі позицияларды үйлестіре білу, қос ноталар. Парақтан оқи білудің тұрақты дағдысы, аккордтарды, флажолеттарды, үш октавалы гамма мен үшдыбыстықты, хроматикалық гамманы орындай білу, аппликатураның екі түрін орындай білу – сырғанай ойнау және саусақтарды алмастыра ойнау. Күрделілігі жоғарғы техникадағы шығармаларды орындай білу: секстаккорд, квартсекстаккорд, септаккорд, екі ноталы гамма- терции, сексты, октавалар (қабілеті жоғары білім алушылар үшін).
      4) Музыкалық-көркемдік міндеттері. Орындап отырған шығарманың мінезін көрсетуді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру. Композитордың көркемдік ойын аша білі және тыңдарманыны жеткізе білу.
      328. 7-сыныпқа арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Музыкалық шығармалардың көркемдік талаптарына сәйкес орындаушылық техникасын жетілдіру, мәнерлілік тәсілдерін меңгеру, шығармашылық және физикалық шыдамдылықты үйрену. Білім алушының шығармашалық перспективаларын анықтау. Концерттерде, байқауларда, фестивальдарда белсенді жеке қатысу. Музыкалық терминологияны білу. Оқу жылының ішінде білім алушы 5-6 мажорлы және минорлы гаммаларды, үшдыбыстылықты, екі ноталы гамма (терция, секта,октава), хроматикалық гаммаларды, 7-8 этюд, 6-8 пьеса, 2-3 ірі нысанды шығармаларды үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Дыбыс сапасымен, екпінділік тазалығымен, тембрмер, филировкамен, вибратомен жұмыс. Ойын барысында пайда болатын қобалжу, қысылудан толығымен арылу. Бірнеше шығармаларды қатарынан орындау қабілеттері мен шыдамдылықпен жұмыс жасайды.
      3) Техникалық дамуы. «Деташе», «легато», «мартле стаккато», «сотийе», «спиккато»штрихтарын білудің тұрақты дағдысы. Үш –төрт октавалы гамма мен үшдыбыстықты (жылдам қарқында: 24 ноталы легатоға дейінгі гамма, 9 ноталы легатоға дейінгі үшдыбыстық ) жоғары дәрежеде орындай білу дағдысы, хроматикалық гаммалар, әр түрлі штрихтағы екі ноталы гаммалар.
      4) Музыкалық-көркемдік міндеттері. Түрлі сипаттағы, нақыштағы және жанрдағы пьесалармен (оның ішінде ірі нысанды шығармалар да) жұмыс. Орындалып отырған шығарманың мазмұнын түсіну, техникалық тәсілдерін меңгеруге негіз болатынкөркемдік мақсат туралы анық түсінікті және саналы қатынасты дамыту. Орындалып отырған шығармаларға түлғалық қатынастың, жеке орындаушылық концепцияның қалыптасу.
      329. 8 және 9-сыныптарға арналған бағдарламалық талаптар. Пәннің мазмұны.
      1) Күрделі гаммаларды, жаттығуларды мен этюдтерді орындау техникасын жетілдіру, түрлі нақыштағы және жанрдағы шығармаларды жаттау, музыкалық-орындаушылық құралдарының кешенін меңгеру. Оқу жылының ішінде білім алушы 5-6 (мажорлы, минорлы) гамма, үшдыбыстық, екі ноталы гамма (терция, секта,октава), фингерирлық октава, хроматикалық гамма, 5-7 этюд, 6-8 пьеса, 2-3 ірі нысанды шығармаларды үйренеді.
      2) Орындаушылық аппаратты қою. Дыбыс сапасымен, екпінділік тазалығымен, тембрмер, филировкамен, вибратомен жұмыс. Ойын барысында пайда болатын қобалжу, қысылудан толығымен арылу. Бірнеше шығармаларды қатарынан орындау қабілеттері мен шыдамдылықпен жұмыс.
      3) Техникалық дамуы. «Деташе», «легато», «мартле стаккато», «сотийе», «спиккато»штрихтарын білудің тұрақты дағдысы. Үш –төрт октавалы гамма мен үшдыбыстықты (жылдам қарқында: 24 ноталы легатоға дейінгі гамма, 9 ноталы легатоға дейінгі үшдыбыстық) жоғары дәрежеде орындай білу дағдысы, хроматикалық гаммалар, әр түрлі штрихтағы екі ноталы гаммалар.
      4) Музыкалық-көркемдік міндеттер. Түрлі сипаттағы, және жанрдағы пьесалармен (оның ішінде ірі нысанды шығармалар да) жұмыс. Орындалып отырған шығарманың мазмұнын түсіну, техникалық тәсілдерін меңгеруге негіз болатынкөркемдік мақсат туралы анық түсінікті және саналы қатынасты дамыту. Орындалып отырған шығармаларға түлғалық қатынастың, жеке орындаушылық концепцияның қалыптасу.
      330. Үлгерімді есепке алу. Аспапты бөлімде оқитын білім алушылардың үлгерімі емтихандағы академиялық концерттердегі, техникалық сынақтардағы, бақылау, қорытынды сабақтарындағы бағасымен, сонымен қоса байқау, концерттердегі, тыңдалымдардағы көрсеткіштерімен есептеледі. Бітіру сыныптарының білім алушылары жыл бойына өз шығармаларын емтихан алдындағы тыңдалымдарда көрсетеді.
      331. Жыл бойына педагог емтиханға білім алушымен әр түрлі жанрдағы немесе күрделі 1-2 шығарма дайындайды, техникалық сынақтарда гамма және 2 этюд, музыкалық терминдер тапсырады. Жыл бойына дайындалған шығармалар арқылы білім алушы техникасын дамытып, жақсартады, гаммалармен, арпеджио, этюдтермен жаттығулар техниканы жақсартыпғ дамытуға көп көмегін тигізеді.
      332. Емтихандар (техникалық сынақтарыд) ұдайы, үздіксіз әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. Педагог репертуарды дайындауға арқылы білім алушының білімін көрсетеді. Концерттерге, тыңдалымдарға, байқауларға қатысу академиялық емтиханмен теңестіріледі. Білім алушының техникалық деңгейін бақылау үшін I сыныптан бастап қорытынды сабақтар өткізу керек.
      333. Жартыдылдықта 1 рет ансамбль сабағынан сынақ өткізіледі.«Ұжымдық музыка ойнау» пәнін оқитын білім алушылар ансамбль (оркестр) партиясын тапсырады. «Ұжымдық музыка ойнау» пәні бойынша сабақ оқымайтын білім алушылар дуэт немесе трио құрамында 1-2 пьесаны (түрлі сипаттағы) орындайды.
      334. Түлектердің мемлекеттік емтихан алдындағы қорытынды тыңдалымы жылына 3 рет өткізіліп, білім алушылардың қорытынды аттестацияға дайындығы тексеріліп отырады. Тыңдалымда комиссия мүшелері отырады және әдістемелік кеңестер беріледі. Мемлекеттік емтиханға жанры мен нысаны әр түрлі 6 шығарма дайындалады.
      335. Бітіру бағдарламасының нұсқасы
      1) Гамма (арпеджио).
      2) Этюд.
      3) Виртуозды сипаттағы пьеса.
      4) Кантиленттік мінездегі пьеса.
      5) Қазақстан композиторының пьесасы.
      6) Күрделі формадағы шығарма.
      336. Білім алушылардың репертуары стилі, жанры, түрі мазмұны жағынан әр түрлі болғаны жөн. Әр білім алушының жеке жоспарына сыныптар бойынша қазақ музыкасының шығармалары енгізілуі керек. Музыкадағы ұлттық ерекшелік ладе, метроритме, тембре түрінде келеді.Осы ерекшеліктерді ажырата білуді алғашқы күннен –ақ үйрету қажет.Бұл педагогтың негізгі міндеттерінің бірі. Сыныпта оқу барысында білім алушы шығарманың түрі мен мазмұны, орындалу ерекшелігі, техникалық мүмкіндіктерімен алдын ала танысады.
      337. Болжамды сынақ-емтихандық талаптар.
      1) 1-сынып.
      1-тоқсан – қорытынды сабақ. Өтілген тақырыптарды қорытындылап, бекіту.
      2 -тоқсан – қорытынды сабақ. 2 пьеса (пиццикато немесе ысқыш арқылы)
      3-тоқсан – академиялық концерт. Гамма, 2 этюд, пьеса
      4-тоқсан – сыныптан сыныпқа көшу емтиханы. Әр түрлі мінездегі үш пьеса немесекеңейтілген көлемдегі пьеса (вариация).
      2) 2-4-сыныптар.
      1-тоқсан – техникалық сынақ. Гамма. Арпеджио. Штрихтар. Түрлі сипаттағы 2 этюд. Пьеса.
      2-тоқсан – академиялық концерт. Этюд. Әр түрлі мінездегі екі пьеса немесе кеңейтілген көлемдегі пьеса (вариация).Ірі нысанды шығарма (Концерт 1-2 бөлім, немесе Соната 1-2 бөлім)
      3-тоқсан – техникалық сынақ. Гамма. Арпеджио. Штрихтар. Әр түрлі мінездегі 2 этюд. Академиялық концерт: екі пьеса.
      4-тоқсан – сыныптан сыныпқа көшу емтиханы: гамма. Арпеджио. Штрихтар. Пьеса. Күрделі формадағы шығарма(Концерт 1-2 бөл., немесе Соната 1-2 бөлім)
      3) 7-сынып.
      1-тоқсан – техникалық сынақ: Гамма. Арпеджио. Штрихтар. Әр түрлі мінездегі 2 этюд. Пьеса.
      2-тоқсан – мемлекеттік емтихан алдындағы тыңдалым: күрделі формадағы шығарма(Концерт 1-2 бөл., немесе Соната 1-2 бөлім). Әр түрлі мінездегі 2 пьеса.
      3-тоқсан – мемлекеттік емтихан алдындағы тыңдалым: күрделі формадағы шығарма(Концерт 1-2 бөл., немесе Соната 1-2 бөлім). Әр түрлі мінездегі 2 пьеса. Қазақстандық композиторлардың пьесасы
      4-тоқсан – мемлекеттік емтихан.
      338. 7-сыныпты бітіруші түлектерге арналған талаптар.
      1) Гамма (арпеджио).
      2) Этюд.
      3) Виртуозды сипаттағы пьеса.
      4) Кантиленндік мінездегі пьеса.
      5) Қазақстан композиторларының пьесасы
      6) Күрделі формадағы шығармалар
      339. 8, 9-сыныпты бітірушылірге арналған талаптар:
      1) Гамма. Арпеджио. Штрихтар.
      2) Этюд.
      3) Виртуозды пьеса
      4) Кантиленндік мінездегі пьеса.
      5) Қазақстан композиторларының пьесасы
      1) Концерт, 1 немесе 2-3 бөлім.
      340. Концерттік көрсетілімдер.
      1-сынып.
      Бірінші жартыжылдық - академиялық концерт.
      Екінші жартыжылдық – емтихан.
      2-сынып.
      Бірінші жартыжылдық - академиялық концерт.
      Екінші жартыжылдық – емтихан.
      3-сынып.
      Бірінші жартыжылдық - академиялық концерт.
      Екінші жартыжылдық – емтихан.
      4-сынып.
      Бірінші жартыжылдық - академиялық концерт.
      Екінші жартыжылдық – емтихан.
      5-сынып.
      Бірінші жжартыжылдық - академиялық концерт.
      Екінші жартыжылдық – емтихан.
      6-сынып.
      Бірінші жартыжылдық - академиялық концерт.
      Екінші жартыжылдық – емтихан.
      341. Бақылау нысандары мен әдістері, бағалау жүйесі.Скрипка мамандығы бойынша сапасын бағалау білім алушылардың үлгерімді ағымдық бақылауы, аралық бақылауы, қорытынды аттестациялау болып табылады.
      Үлгерімді ағымдық бақылау құралы ретінде бақылау сабақтары мүмкін. Бақылау сабақтарын қажеттілік бойынша ғана откізу ұсынылады.
      Білім алушылардың ағымдық үлгерімін бақылау оқу пәнінде қарастырылған аудиториялық сағат есебінде жүргізіледі.
      342. Аралық аттестаттау бақылау сабақтары, сынақтар және емтихандар түрінде өткізіледі. Бақылау сабақтары, сынақтар және емтихандар техникалық сынақтар, академиялық концерттер, концерттік бағдарламалар мен басқаларды орындау түрінде өткізіледі.
      Бақылау сабақтары мен сынақтары аралық аттестация аясында осы оқу пәнінде қарастырылған аудиториялық сабақтарға бөлінген сағаттар есебінен тоқсан аяқталғанда және жартыжылдықтың аяғында өткізіледі.
      343. Емтихандар сабақ өтетін аудиториядан тыс жерлерде өткізіледі.
      Бітіру емтихандары 7 жылдық оқу мерзімімен 7-сыныпты аяқтағанда, 9 жылдық оқу мерзімімен 9-сыныпты аяқтағанда өткізідеді.
      Басқа сыныптарды білім алушылары әр оқу жылының аяғында сыныптан сыныпқа көшу емтиханын тапсырады.
      344. Техникалық сынақты жүйелі түрде тоқсанда 1 рет өткізіледі.
      345. Тестілеу кез-келген уақыттата әр сынып пен дәрежелеріне қарай оқу жылында 1 рет тапсырылады.
      346. Орындау сапасын бағалау өлшемдері.
      Сынақта, академиялық тыңдауда немесе емтихандағы бағдарламаларды орындаудың нәтижесінде бес баллдық өлшеммен баға қойылады.
      5-тік бағасы («үздік»). Білім алушы осы кезеңдегі барлық кешенді музыкалық-орындаушылық жетістіктерін көрсетеді, өзінің бағдарламасын сауатты және мәнерлі түрде орындайды, жақсы екпіні бар, жақсы дыбыстай алады және аспапшылдығы жеткілікті дамыған.
      4-тік бағасы («жақсы»). Жоғарыда көрсетілгендерден музыкалық мәнерлілік жетіспейді немесе білім алушының техникалық дамуы біршама артта қалған.
      3-тік бағасы («қанағаттандырарлық»). Орындаушылық формальді сипатта, техникалық дамушылық пен осы бағдарламаны сапалы орындауға аспаптық дағдылары жетіспейді, орындалып отырған шығарманың стилін түсінбейді, дыбыстылуы мәнері төмен, екпін мәселелері бар.
      2-лік бағасы («қанағаттандырарлық емес»). Бағдарлама «мәтіні» бойынша «жеткізілмеді», аспаптық дағдылары жоқ, түсініксіз орындалды, екпін таза емес, аспапта ойнауды ары қарай жалғастырудың мәні жоқ.
      Сынақ (бағасыз). Орындауы осы кезеңнің қажетті дәрежесіне сәйкес.
      347. Түрлі оқыту кезеңдерінің бақылау талаптары. Бағалар тоқсанның және оқу жылындағы жартыжылдықтың аяғында қойылады. Оқу жылының аяғында қорытындылау (көшіру) бағасы қойылады.
      Оқу жылының ішінде білім алушы кемінде 4 рет сахнаға шығуы керек:
      Бірінші жартыжылдық.
      Қазан-қараша – техникалық сынақ (гамма мен этюд).
      Қараша-желтоқсан – пьесалар немесе ірі нысанды шығарма.
      Екінші жартыжылдық.
      Ақпан-наурыз - гамма, екі этюд немесе пьесалар.
      сәуір-мамыр – пьесалар немес ірі нысанды шығармалар.
      348. Орта және жоғарғы сыныптарды көшіру сынақтарындағы орындалатын материалдардың көлемін азайту үшін гаммаларды жеке сынақта ауыстырылады.
      1 және 2-сыныптың білім алушылар бір этюд пен бир пьесаны орындауларына болады, бұл білім алушылардың әр нақты жағдайдағы дайындық дәрежесіне байланысты.
      349. Скрипкада табысты ойнап үйренудің негізі шарты болып білім алушының бастапқы оқу кезеңінен бастап денесін, оң қолы мен сол қолын дұрыс қоюды қалыптастыру табылады.
      350. Техниканы дамытуға (жылдамдық, анықтылық, түзулік және басқалары) жаттығура, гаммалар, этюдтермен жүйелі жұмыс әстеу әсер етеді. Гаммаларды,жаттығуларды, этюдтерді және басқа қосымша материалдарды меңгеруде штирхтардың, серпінділік, ырғақтардың түрлі нұсқаларын қолдану ұсынылады.
      351. Техникамен жұмыс жасау кезінде нақты жеке тапсырмалар беріп, оларды үнемі тексеріп отыру қажет.
      Дыбыс сапасымен, ырғақтық суретпен, серпінділікпен жұмыс оқу жылдарында үнемі педагогтің назарында болуы керек.
      352. Музыкалық шығармалармен жұмыс жасау барысында оқытылып отырған шығарманың көркемдік және техникалық жақтары арасындағы байланысты үнемі қалыптастыру қажет.
      Білім алушылардың репертуарлары техникалық және көркемдік материалдардан тұрады. Репетура стилі, мазмұны, формасы, жанры, фактурасы түрлі болуы қажет.
      353. Сынақтық немесе емтихандық бағдарламаны дайындау барысында білім алушының дәл сол уақыттағы музыкалық дайындығын ескере отырып, шығармалар алу керек.
      Оқу материалын ойланып таңдау тәсілі – білім алушылардың жемісті дамуының маңызды факторы.
      354. Жеке жоспарды құру баррысында білім алушының жеке және тұлғалық ерекшеліктерін, сонымен қатар дайындығын ескеру керек.
      Жеке жоспардың маңызды бөлімі – этюдтермен, гаммалармен, жаттығулармен және басқа оқу-тәрбие материалдарымен жұмыс істеу құрайды. Этюдтерді таңдау барысында олардың көркемдік және техникалық мәнін ескеру қажет.
      355. Білім алушының дамығанын оқыту барысында көруге болады, сондықтан білім алушыға деген педагогикалық талаптар дифференциалды болуы керек. Жеке жоспарға білім алушының музыкалық мүмкіндіктеріне, жас ерекшелігіне сәйкес келмейтін шығармалар енгізілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет