Балалар ревматизмі (ревматикалық қызба) Ревматизм


Аорта қақпағының жарамсыздығы



бет10/15
Дата25.09.2023
өлшемі79,4 Kb.
#182316
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ревматикалық қызба
ГН и ПН каз ПДФ
Аорта қақпағының жарамсыздығы ер балаларда жиі байқалады және тек қана ревматизм тектес болмайды.
Гемодинамикасы: аорта қақпақтары толық жабылмағандықтан диастола кезінде қан аорта арқылы сол қарыншаға қайта құйылады. Осының салдарынан сол қарынша қабырғасы гипертрофияланып, дилатацияланып, сол жүрекше әлсіздігінің белгілері, кіші қан айналым шеңберінде қан тоқырау пайда болады. Содан кейін, оң қарынша декомпенсациясы қосылады. Аорта қақпақтарының жарамсыздығы жедел дамығанда сол қарынша гипертрофияланып үлгермейді де, оның қуысы дилатацияланып, қос жарма қақпақтарының салыстырмалы жарамсыздығы пайда болуына әсерін тигізеді. Осының әсерінен сол қарынша әлсіздігі дамиды. Созылмалы аорталық жарамсыздығында жүрек шамасыздығы кеш қалыптасады: жүрек шамасыздығының қалыптасуына миокардтың ревматикалық зақымдалуымен қатар, гипертрофиялық миокардпен жүректің тамыр торларының сәйкес келуіне байланысты пайда болатын коронарлық жарамсыздықтың және диастола кезінде қан аортадан сол қарыншаға ағып кететін болғандықтан, жүрек тамыр торына қан жеткілікті бармауының әсері тиеді. Аорталық жарамсыздықтың гемодинамикалық ерекшеліктерінің қалыптасуында жалпы шеткі қарсылық артуы керісінше әсер етеді. Бұл ақауда шеткі тамырларды кеңейтетін дәрілерді (вазодилататорларды) қолдану осыған негізделген.
Клиникалық белгілері аорта қақпақтарының зақымдалу дәрежелерімен анықталады. Шамалы зақымдалуларда шағымдары болмайды. Бұл жағдайда төстің сол жақ қыры бойында қабырға аралықта жақсы естілетін 2-ші тонмен байланысты протодиастолалық шу жалғыз ғана белгісі болып келеді. Содан кейін (2-3 сатысында) ентікпе, жүрек соғуы, жүректің шалыс соғуы, жүрек тұсының ауыруы (қан жетіспеушілігінің әсері), басы айналуы пайда болады. Баланың дене дамуы (көбіне салмағы) қалыс қалады. Каротидтер (ұйқы артерияларының биі) және тез пульс, пульстік қысымның артуы (систолалық қысым артып, диастолалық қысым сынап бағасымен 20-40 мм-ге дейін одан да төмен азаяды), капиллярлық пульс (тырнақ шетін сәл басқанда қызыл және ақ толқын тәрізді артериялардың патологиялық соғысы) сияқты өзіне тән шеткі белгілер пайда болады. Мюсси белгісі (басының тербелуі), қарашықтың кеңеюі және тарылуы (Ландольфия белгісі) балаларда сирек кездеседі. Жүрек ұшының серпінінің жайылып, биіктегені, жүрек шекарасының негізінен солға, кеңейгені анықталады. Аускультация жасағанда, екінші қабырға аралықтағы протодиастолалық шумен қатар, оң жақта (кейде қатқыл болып келеді) қолқаның салыстырмалы тарылуының систолалық шуы, жүрек ұшында митральды қақпақтық салыстырмалы (сол қарыншаның дилатациясы) систолалық шуы, Флинттің ирисистолалық шуы (митральдық салыстырмалы тарылу) анықталады. Бұның бәрі құрама немесе қосақ ақаулар бар деген жалған болжам жасауға әсерін тигізуі мүмкін. Үлкен тамырлар деңгейінде пистолеттің атылуы тәрізді. Траубенің қос тоны (артерияның қабырғасының систола және диатола кезендегі тербелісіне байланысты), артерияны фонендоскоппен басып, кішкене қысқанда әдеттегі систолық шу орнына, Дюрозье қос шуы (систолық және диастолық), қолқа деңгейінде 2 тонның әлсірегені анықталады.
Қолқа жарамсыздығында жүрек шамасыздығы, жиі қайталамаларда және қақпақтар айқын деформацияланғанда, көбіне сол қарынша әлсіздігі түрінде пайда болады.
ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясының белгілері болады. Қақпақтың кішкене ақауларында шу тыңдағанда жақсы естіледі, сол ФКГ-да ол өте айқын естіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет