Балалар ревматизмі (ревматикалық қызба) Ревматизм



бет12/15
Дата25.09.2023
өлшемі79,4 Kb.
#182316
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Ревматикалық қызба

Рентгенограммада жүрек пішіні қалыпты немесе етік тәрізденіп, мықын анықталады да, көк еттің үстінде ұшының көтерілуі байқалалды. Екінші қисық қалыпта аорта бағанасының тарылудан кейінгі кеңеюі анықталады, аорта қақпақтарының кальцинозы байқалуы мүмкін.
Эхокардиограммада аорталық қақпақтардың систолалық айырылуы азаяды.
Көптеген ғалымдар ақауы 5 сатыға бөлінеді: 1 сатысы – тек тарылу шуы естілетін толық компенсацияланған саты, 2 сатысы – ентікпе, шаршағыштық, басы айналу сияқты шағымдар пайда болатын жасырын қан айналу жетіспеушілігі сатысы (алғашқы белгілер сатысы), 3 сатысы – жүрек-қан айналу жетіспеушілігі: стенокардиялық ауру, есінен тану байқалады. 4 сатысы – сол қарынша жетіспеушілігі айқын білінеді (өкпеде іркілістік құбылыстар, өкпе шемені ұстамалары), 5 сатысы – жалпы декомпенсация сатысы. Жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылуы сияқты асқынулар болуы мүмкін. мүмкін.
9.2.6. Үш жармалы қақпақтың жарамсыздығы


Үш жармалы қақпақ шамасыздығы көбіне ревматимнің үздіксіз қайталама дамуында байқалады. Бұндай науқастарда трикуспидальды шамасыздық немесе тарылу бұрын пайда болған митральды немесе аортальды ақаулармен қосарланады. Митральды қақпақтардың тарылуында немесе шамасыздығында трикуспидальды қақпақтың салыстырмалы (шала) жарамсыздығы, балаларда жиі байқалады. Үш жармалы қақпақтың жекеленген жарамсыздығы, балаларда ұзақ уақыт бойы оң бұғана асты венасында катетер тұру нәтижесінен пайда болатын, бактериальды эндокардитте байқалуы мүмкін.
Клиникасы: беттің цианозы, акроцианоз, мойын көк тамырларының кеңеюі, оң веналық пульс, декомпенсация пайда болғанда, жүргізілген емге қарамастан, аяқта ісік, асцит байқалады. Аускультация жасағанда, төстің төменгі қырында немесе семсерше өскінінің үстінде жоғары және оңға тарайтын, терең тыныс алғанда күшейетін және дем шығарғанда әлсірейтін (Риверо-Корваль белгісі) систолалық шу естіледі. Бауырды пальпациялағанда, қарыншалар систоласымен синхронды, оның үлкеюі мен пульсациясы байқалады. Рентгенограммада жүрек көлеңкесі оң қарынша және жүрекшенің өсуі ретінен, ұшбұрышты пішінді болғаны, жоғарғы қуыс венасының кеңейгені байқалады. ЭКГ-да оң жүрекшенің шектен тыс салмақтану белгілері (биік ұштанған тісшелер) байқалады. ФКГ-да пансистолалық шудың ырғағын амплитудасының тыныс алғанда үлкейгені байқалады.
Жүре пайда болған ол атриовентрикулярлық тесіктің балалық шақта өте сирек кездеседі, ол көбіне туа болған ақауда (Эбштейн ауруында) болып келеді.
Соңғы 10-15 жыл ішінде, клиникалық белгілері бұрынғыдай болып қала берсе де, ревматизм көптеген клиникалық-морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қазіргі кездегі ерекшеліктері байқалатын болды:
Ревматизмнің ауыр дамулары сирек байқалатын болды.
Ревматизмнің жедел басталып дамитын түрлері азайып, көбіне жеделдеу, созылмалы және жасырын дамитын ревматизм жиі кездесетін болды.
Жүрек зақымдалуының ауыр түрлері сирек кездеседі.
Жиірек моноартриттер, полиартриттер сиректеу байқалатын болып отыр.
Көбіне полиартриттердің орнына артралгиялар жиі кездесіп жүр.
Хореяның жедел түрлері жоққа жақын болып, негізінде жеделдеу созылмалы хорея байқалатын болып жүр.
Ревматикалық түйіндер жоққа жақын болды.
Жүрек ақауларының пайда болуы азайды.
Ревматизмнен балалардың шетінеуі 11-12%-дан 0,7-0,8%-ға дейін төмендеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет